Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет142/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   149
Бақылау сҧрақтары
 
1. Желімделген сүректің едәуір кең таралған түрлерін атаңыз. 
2. Жалпы тағайындалудағы фанер сұрыбы мен маркасын атаңыз. 
3. Фанерлік плиталар беттік плиталардан несімен ерекшеленеді? 
4. Сүректік-қабықтық пластиктер дегеніміз не? 
5. Шебер плиталарының маркаларын атаңыз. 
6. Сүректік-жоңқалық 
плиталардың 
сүректік-талшықтық 
плиталардан 
айырмашылығы қандай? 
7. ДСтП шартты белгіленуін келтіріңіз және символдардың мазмұнын 
түсіндіріңіз. 
8. ДВП ӛндірісінің екі әдісін атаңыз. Олардың айырмашылықтары қандай? 
9. Арболит пен фибролит дегеніміз не? 
10. Сүректі модификациялаудың мақсаты мен әдістерін атаңыз. 
14 т а р а у 
ТҦТЫНУШЫЛЫҚ ТАУАРЛАР 
 
Кесілген және ӛсіп тұрған ағаштан алынатын тұтынушылық тауар-ларды 
бір топқа бӛліп қарастырады. Бұл айтарлықтай әртүрлі болып келетін топ ӛзіне 
орман шаруашылығы мен орман дайындамаларының ӛндірісінде жасауға және 
сатып алуға болатын ӛнімдерді, бұйымдарды және құрылымдарды енгізеді. 
Кӛптеген тауарларды алу үшін ұсақ ағаш материалдары мен қалдықтарды 
пайдаланады. 
14.1 Шаруашылық тағайындалудағы бҧйымдар, 
материалдар және ӛнімдер 
 
Шаналар. 
Тағайындалуына 
байланысты 
шаналарды 
табандары 
құрсауланған және құрсауланбаған болып келетін отын шана, платформасы бар 
және табыны құрсауланған отын шана және табандары құрсауланған және 
құрсауланбаған болып келетін жайдақ шана деп ажыратады. 
Жайдақ шаналар (14.1-сурет) қарағайлар, жан ағашынан, жақтау, табан 
бастарынан, кергіш шабақтардан, жақтау кергіштерінен, отырғыш қаусырма-
ларынан, тілікшеден және жетектен тұрады. Отын шаналар қаусырмалардың, 
кергіш шабақтардың және жақтаудың жоқ болуымен ерекшеленеді. Шана-
лардың жүккӛтергіштігі 600-ден бастап 1000 кг дейін жетеді; табандарының 


230 
арасындағы ені 520дан бастап 720 мм дейін; жалпы биіктік 760...1000 мм; 
платформа ұзындығы 1200...1300 мм. 
Шана табаны цельногнутый, гнутостыкованный, иіліп желімделген басы 
бар тұтас, иіліп желімделген болуы мүмкін. Дайыдамалардың қима пішіні 
жартылай дӛңгелек, тік тӛртбұрыш немесе трапециялы. Дайындамаларды 
жонып, жарып немесе жіңішке кряждарға арамен кесу арқылы алады. Табанның 
ӛлшемдері: ұзындығы 2200...2600 мм, ені 60...130 мм, жұмыстық бӛлігінің 
қалыңдығы 80...110 мм, ұшындағы басныңы қалыңдығы 50 мм кем емес, 
бастың табан ұшынан биіктігі 660...900 мм. 
Табанды қайың, үйеңкі, емен, шаған, шегіршін, қарағаш сүректерінен 
дайындайды; иіліп желімделген табан үшін кӛктерек пен қарағай сүректерін 
пайдалануға болады. Шаналардың басқа бӛлшектері кӛбінесе қатты ағаш 
тұқымдастарының сүректерінен дайындайды; кейбір бӛлшектер үшін қарағай, 
шырша, балқарағай қолданылады; ал ат жегу үшін қайыңның, мойылдың, 
кӛкталдың, шегіршіннің шыбықтарын пайдалануға болады. Рұқсат етілген 
ақаулардың нормасы және басқа да мәліметтері РСТ РСФСР 138 – 81 
келтірілген. 
14.1-сурет. Жайдақ шаналар: 
1 – жақтау; 2 – қараға; 3 – тілікше; 4 – жақтау; 5 –табан басы; 6 – отырғыш қаусармасы; 
7 – жетек; 8 – кргіш шабақтары, 9 – жақтау кергіштері; Н – шаналардың биіктігі; Н
1
– 
платформа биіктігі; L – шаналардың ұзындығы; В – табандардың арасындағы ені 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет