Тақтай жәшіктер. Жәшіктердің келесі түрлерн дайындайды: 500кг дейінгі
және одан артық жүктер үшін, бір реттік қолданыстағы (МемСТ 2991 – 85 және
МемСТ 10198 – 91) және кӛпреттік қолданыстағы (МемСТ 9396 – 88). Үй
шаруашылығында тақтай жәшіктерді кӛкӛністер, жемістер мен жидектер үшін
қолданады (МемСТ 20463 – 75); азық-түлік ӛндірісінің кӛпреттік қолданыстағы
жәшіктерін МемСТ 11354 – 93 бойынша, консервілер мен пресерверлер үшін –
МемСТ 13358 – 84 бойынша дайындайды.
Тақтай жәшік екі бүйірлік және екі жиектік қабырғалардан тұрады,
сонымен қтар түбі мен қақпағы бар (14.3-сурет). Бүйірлік қалқандар екі жұқа
тақтайшадан және бірнеше тақтайлардан тұрады Жәшіктің әрбір типтік
ӛлшемі үшін ӛлшемдер мен бӛл-
шектер саны сәйкес тандарттарда
келтірілген.
500 кг дейінгі жүктерге ар-
налған жәшіктер келесідей ӛлшем-
дерге ие: жиектік қабырға, түп
және қақпақ тақтайшаларының қа-
лыңдығы 4, 6, 8, 10, 13, 16, 19, 22,
25мм және торлы себет тәрізді
жәшік үшін 32 мм; бүйірлік қабыр-
ғалар тақтайшаларының қалыңды-
ғы 13, 16, 19, 22, 25, 32 мм; тақтай-
лардың ені 320дан 1300 мм-ге
дейін;
жұқа
тақтайшалардың
кӛлденең қимасы, сонымен қатар,
тіректер
мен
ұстағыштардың
ӛлшемдері
14.3-сурет. Себет тәрізді жәшіктің
элементтері:
1 – жұқа тақтайшалар; 2 – бүйірлік
қабырғалар; 3 – тақтайдан жасалған
жәшік түбі мен қақпағы; 4 – жиектік
қабырға
13×40; 16×50; 19×50; 22×60; 25×60; 32×60мм.
Бӛлшектерді кӛптеген ағаш тұқымдастарының сүректерінен дайындайды,
қатты жапырақты ағаш тұқымдастарының кесілген материалдарының қалдық-
тарын пайдалануға рұқсат етілген. Жәшіктердің бӛлшектірінң ылғалдылығы
олардың тағайындалуына байланысты және бӛлшектірдің сапасына қойылатын
басқа да талаптар стандарттарда кӛрсетілген.