Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет18/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   149
 
 
 
 
 


36 
Бақылау сҧрақтары 
1. Діңнің негізгі бӛліктерін атаңыз. 
2. Сүректің құрылымы мен қасиеттерін қандай қималарда зерттейді? 
3. Сүректің макроскопиялық құрылымының элементтерін атаңыз. 
4. Сүректің 
макроскопиялық құрылымының қандай ерекшеліктерін 
тұқымдастықты анықтау үшін пайдаланады? 
5. Негізгі құрылымдық элементтерді және олардың тор қабырғасында 
орналасуын атаңыз. 
6. Сүрек тіні дегініміз не? 
7. Қылқан жапырақты тұқымдастарда және жапырақты ағаш түрлерінде 
ӛткізгіштік, механикалық және қор жинағыштық функцияларын орындаушы 
анатомиялық элементтерді сипаттаңыз. 
8. Жалпақ жапырықты ағаш сүрегінің микроқұрылымы қылқан жапырақты 
ағаш сүрегінен айырмашылығы қандай? 
9. Ағаш қабығының микроқұрылымының ерекшеліктерін атаңыз. 
10. Дің мен тамыр сүрегінінің құрылымындағы айырмашылықтар мен 
ұқсастықтарды кӛрсетіңіз. 
2 АҒАШ СҤРЕГІ МЕН ҚАБЫҒЫНЫҢ 
ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ 
2.1 Ағаш сҥрегі мен қабығының химиялық қҧрамы. 
Органикалық заттардың сипаттамасы 
Сүрек негізінен, құрамына кӛміртек (С), сутек (Н), оттек (О) және аз 
мӛлшерде азот (N) кіретін органикалық заттардан тұрады (жалпы массаның 
99%). Әртүрлі ағаш тұқымдастары сүрегінің элементар химиялық құрамы 
шамамен бірдей. Абсолютті құрғақ ағаш орташа есеппен 49...50% кӛміртектен, 
43...44% оттектен, 6% сутектен және небары 0,1...0,3% азоттан тұрады. Дің 
сүрегі мен бұтақтардың элементтар химиялық құрамының айырмашылығы аз. 
Сүректі жағу кезінде оның бейорганикалық бӛлігі – күлі (0,1...1%) қалады. 
Күлдің құрамына кальций, калий, натрий, магний; аз мӛлшерде фосфор, күкірт 
және басқа да элементтер кіреді. Олардан туындаған минералды заттардың 
кӛпшілік бӛлігі (75...90%) суда ерімейді. Еритін заттардың арасында калий 
және натрий карбонаттары, ал ерімейтіндердің ішінде кальций тұздары басым. 
Ағаш қабығы кӛп күл береді. Сонымен, еменнің дің сүрегі жану кезінде 
0,35%, ал қабығы 7,2% күл қалыптастырған. Бұтақтардың сүрегі дің сүрегімен 
салыстырғанда кӛп күл шығарады: жану кезінде қайың бұтақтары 0,64% күл 
береді, ал дің сүрегі – 0,16%. Діңнің жоғарғы бӛлігі тӛменгі бӛлімен 
салыстырғанда кӛп күл береді. 
Сүректің негізгі органикалық элементтері, осыған дейін айтылып 
кеткендей, қабырға жасушаларының құрамына кіретін, целлюлоза, лигнин және 
гемицеллюлоза болып табылады. Аталған заттардың құрамы ағаш тұқым-


37 
дастығына тәуелді болып келеді. А.В. Буров пен А.В. Обосленконың мәлімет-
тері бойынша, қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының құрамында 35...52% 
целлюлоза, 25...30% лигнин, 22...30% гемицелюлоза кездеседі (соның ішінде, 
пентазондар 5...11% және гексозандар 9...13%). Жалпақ жапырақты ағаш 
тұқымдастарының сүректерінде целлюлоза (31...50%) мен лигнин (20...28%) 
біршама аз, алайда гемицеллюлоза (19...35%) кӛп болады, сонымен қатар
гемицеллюлозалардың ішінде пентозандар (16...29%) кӛп кездеседі және 
гексозандар (6% дейін) аз болады.
Целлюлоза – сызықтық полимер, ұзын иілгіш тізбекті молекуласы бар 
полисахарид. Целлюлозаның формуласы (С
6
Н
10
О
5
)
n
, мұндағы n – 5000...10000 
құрайтын полимеризация дәрежесі. Бұл ӛте тұрақты зат, суда және қарапайым 
органикалық еріткіштерде (спирт, эфир және т.б.) ерімейді, ақ түсті, тығыздығы 
1,54...1,58 г/см
3

Гемицеллюлоза – элементар буынында кӛміртектің бес атомынан тұратын 
пентозандар (С
5
Н
8
О
4
)
n
, және целлюлоза сияқты буынында кӛміртектің алты 
атомынан тұратын гексозандар (С
6
Н
10
О
5
)
n
, кіретін полисахаридтер тобы. 
Алайда барлық гемицеллюлозаларда полимеризация дәрежесі айтарлықтай аз 
(60...200), бұл целлюлозамен салыстырғанда тізбекті молекулалары едәуір 
қысқа екендігін дәлелдейді. 
Лигнин – күрделі құрылымды табиғаты хош иісті (полифенол) аморфты 
полимер; құрамында целлюлозамен салыстырғанда кӛміртегі кӛп және оттегі аз 
болады. Лигнин химиялық тұрғыдан біршама тұрақсыздау, жеңіл тотығады
хлормен әрекеттеседі, қыздыру кезінде қышқылдарда, күкірт қышқылының 
сулы ерітінділерін және оның қышқыл тұздарында ериді. Лигниннің түсі (ашық 
сарыдан қою қоңырға дейін) оның сүректен бӛліну тәсіліне байланысты 
болады; тығыздығы 1,25...1,45 г/см
3

Сүректе негізгі органикалық заттардан басқа суда, спиртте немесе эфирде 
еритін экстрактивті заттардың (танниндер, шайыр, тұтқыр шайыр, 
пектиндер, майлар және т.б.) салыстырмалы аз мӛлшері кездеседі.
Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының ядросына қарағанда (қарағай, 
балқарағай) сүрек қабығында целлюлоза мен лигнен кӛп болады. Кейбір жалпақ 
жапырақты ағаш тұқымдастарының (шаған, емен, үйеңкі) целлюлозасы ядрода 
бірнешесе есе кӛп болып келеді. Балқарағай (ядро) мен емен (ядро мен сүрек 
қабығы) сүрегі құрамында суда еритін экстрактілі заттардың кӛп мӛлшерінің 
болуымен ерекшеленеді. Қарағай мен балқарағайдың соңғы сүректерінде 
целлюлоза алдыңғы сүрекке қарағанда едеуір кӛп. 
Қабықтың қарапайым химиялық құрамының сүрек құрамынан айырма-
шылығы ӛте аз, алайда қабықта целлюлоза мӛлшері айтарлықтай аз және 
экстрактілі және минералді заттар мӛлшері едәуір кӛп. Жоғарыда айтылып 
кеткендей, қабықта тіпті сүректе кездеспейтін суберин болады. Қайыңның 
қабығында – тозында – субериннен басқа оған ӛзіндік ақ түс беріп тұратын 
бетулин де болады. 


38 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет