47
үшін пайдалануға болады. Сүрек кӛгінен, сонымен қатар, медицинада,
парфюмерияда, азықтық ӛндірісте қолданылатын
эфир майы мен басқа да
ӛнімдер алынады.
Осыған дейін айтылып кеткендей, қабық одан шырынды заттарды ағызып
алу үшін, азықтық ұнтақты дайындау, ірі азықтарды,
азықтық жартылай
фабрикаттарды (кӛктерек қабығынан) дайындау кезінде қолданылады. Қабықты
құрамында аммоний және фосфоры бар қоспалармен компостирлеу арқылы
оны құнды тыңайтқышқа айналдыруға болады. Қабықты құрылыс
материалдары,
негізінен, жылуоқшаулағыш, плиталық материалдарын алу
үшін, ал ӛңдеу мүмкін болмаған кезде – жанармай ретінде қолдануға болады.
Бақылау сҧрақтары
1. Сүрек қандай негізгі химиялық элементтерден тұрады?
2. Сүрек құрамына қандай негізгі органикалық элементтер кіреді?
3. Целлюлозаны алу жолдарын атаңыз.
4. Сүрек гидролизі дегеніміз не?
5. Сүрек пиролизі кезінде қандай негізгі ӛнімдер алынады?
6. Сүрек жанармай ретінде қандай кӛрсеткіштермен сипатталады?
7. Сығып алынған шырын дегеніміз не және сағыздан қандай ӛнімдер
алынады?
8. Тинниндер дегеніміз не және оларды сүрек шикізатынан қалай ӛндіреді?
9. Сүрек кӛгінің қолданылатын салаларын атаңыз.
10. Ағаш қабығын қалай пайдаланады?
Достарыңызбен бөлісу: