Рылыс академиясы


Ағаш сҥрегі мен қабығынан сығып алынатын заттектерді ӛндіру мен



Pdf көрінісі
бет24/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Ағаш сҥрегі мен қабығынан сығып алынатын заттектерді ӛндіру мен 
қолдану. Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының сүрегіне шайырды 
(сағыз) ӛмірлік бӛліп алу шырынын ағызу жолымен орындалады. Осы мақсатта 
қарағай немесе самырсын дің бетінің қатты қабықтан тазаланған аумағында 
күзде тік науашық кеседі. Кӛктемде әр бір 3...5 күн сайын науашыққа 30...45
0
бұрышпен тереңдігі 3...5 мм болатын жаңартулар енгізеді. Осылайша, жебенің 
ұшындағы жазық жерге ұқсайтын жарақат – карра қалыптасады. Кесілген 
шайыр жүрісінен оның ішінде 1..2МПа қысым астында тұрған сағыз конустық 
қабылдағышқа ағады. Қабылдағыштан сағызды жинау айына 1-2 рет ӛткізіледі. 
Шырынды ағызу маусымының мерзімі 4...6 айды құрайды. Орташа шамада бір 
қарағай ағашынан маусым ішінде 1,5 кг сағыз алынады. 
Шайырдың шығысын кӛбейту үшін жаңа тіліктерді майлайтын химиялық 
стимуляторларды қолданады. Шырынды шығару нәтижесінде алынған қарағай 
сағызы шамамен 75% канифоль және 20% жуық скипидарды құрайды, қалған 
бӛлігі су мен механикалық қоспалардан тұрады. Самырсын сағызы қарағай-
дікіне қарағанда айтарлықтай аз ӛндіріледі. 
Шырша мен балқарағай шырынын ағызып алу жұмыстары үлкен ӛндірістік 
масштабтарда әлі жүргізілмейді. Балқарағайдың сағызы сақтау кезінде 
кристалданбайды; ол ең жоғары сортты лактар мен бояуларды дайындау 
кезінде, медициналық мақсаттарда және т.б. үшін қолданылады. Сағызды май-
қарағай қабығындағы түйіндерден де ӛндіреді. Оларды теседі және сағызды 


46 
жылжымалы қабылдағыштарға сығып алады. Майқарағай сағызы (бальзам) 
шыныға жақын сыну коэффициентіне ие, мүлтіксіз мӛлдір пленка береді және 
оптикалық ӛндірісте, микроскопияда қолданылады. 
Сағызды ӛңдеу кезінде ұшқыш бӛлікті – скипидарды су буымен айдау 
және канифольді әбден пісіріп қайнату жүреді. Аталған ӛнімдерді аз шайырлы 
сүрек қабығының 8...15 және оданда кӛп жыл уақыт аралығында шіру 
нәтижесінде пайда болған салыстырмалы жоғары мӛлшердегі шайыры бар 
қарағай томарларының ядролық бӛлігі – пісіп жетілген түбір шайыры (ССТ 
13131) сығып ӛңдеу жолымен алуға болады. Шикізат ретінде шырынды сығып 
алудың ерекше түрін ӛткізу нәтижесінде қатты шайырланған сүрек – дің 
шайыры да болуы мүмкін. Мұндай сүректен шайырлы заттектерді шығару 
кезінде еріткіш ретінде кӛбінесе бензин қолданылады. 
Скипидар лак және бояу ӛндірісінде еріткіш ретінде, синтетикалық 
камфараларды ӛндіру үшін, хош иісті және биологиялық белсенді заттардың 
ӛндірісінде кең қолданылады. Камфара целлулоид, лак және кинопленка 
ӛндірісінде пайдаланылады. Скипидардан авиациялық қозғалтқыштар үшін 
жағармайлар, инсектицидтер және басқа да ӛнімдер алынады. Канифоль каучуг, 
қағаз, сабын, нитролактар, электроқшаулағыш және басқа да материалдардың 
ӛндірісінде қолданылады. 
Ӛсіп тұрған жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастарынның шырынын ағызу 
жолымен шырындар алынады. Құрамында глюкоза мен минералды заттар бар 
қайың шырыны ӛте танымал; ол салқындатқыш шырын ретінде, азықтық және 
фармацевтикалық ӛндіріс үшін шикізат ретінде қолданылады. 
Терілерді ӛңдеуде қолданылатын илік заттарды (танниндарды), кӛктал 
(танниндердің 8...12%), шырша (7...12%), балқарағай (10...15%), самырсын 
(7...15%) және басқа де кейбір ағаш тұқымдастықтарының қабығынан алуға 
болады, сонымен қатар, сәйкесінше құрамында 5 және 7% танниндер кездесетін 
емен мен каштан сүректерінен алынады. Иліктер ӛндірісі үшін кәсіпорындар 
МемСТ 6663 сәйкес дайындалатын балқарағайдың, шыршаның және кӛкталдың 
қабықтарын, сонымен қатар, емен мен каштаннан жасалатын сүрек шикізатан 
(МемСТ 4106) қолданылады. Илік заттардың шырынын ыстық сумен ағызып 
алады. Тауарлық ӛнімдер сұйық, қамыр тәріздес немесе қатты ұнтақ секілді 
илік заттар болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет