51
3.1-сурет. Сүрек текстурасы:
а – балқарағай (тангенциал қима);
б – самырсын (радиал қима);
в – карел қайыңы;
г – маньчжур шағаны (толқындық)
Соңғы сүрек құрамы соңғы сүрек аймағының суммалық ені мен
қабаттардың толық санын қамтитын, ӛлшеу аумағының жалпы ұзындығының
(радиал бағыт бойынша) арасындағы пайыздық қатынас бойынша анықталады.
МемСТ 16483.18 сәйкес үлгінің бүйіржағынан
қаламмен радиал бағытта
сызық жүргізеді, аумақтағы шеткі толық жылдық сақиналардың шекараларын
белгілейді, шамамен 2 см-ге тең етіп, және сақиналар санын
N санайды.
Белгілердің
арасындағы арақашықтықты l қателігі 0,5 мм-ден артық
болмайтындай масштабты сызғышпен ӛлшейді. 1 см-дегі жылдық сақиналар
санын формула бойынша сақинаның жартысына дейінгі қателікпен есептейді
(3.1)
Осыдан кейін, қателігі 0,1 мм-ден артық болмайтын ӛлшегіш
лупамен
әрбір жылдық сақинадағы (белгілердің арасындағы) соңғы аймақтың енін
ӛлшейді. Алынған мәндерді қосады және соңғы сүрек құрамын 1%-ға дейінгі
қателікпен келесі формула бойынша есептейді
(3.2)
мұндағы
–
соңғы аймақтың жалпы ені;
l – соңғы аймақтың енін
ӛлшеген жылдық сақиналардың жалпы ұзындығы.
Әр алуан ағаш тұқымдастарында жылдық сақиналардың ені мен соңғы
сүрек құрамы әртүрлі, олар дің радиусы мен биіктігі бойынша ӛзгеріп отырады,
ӛсіп жетілу шарттарына тәуелді болады.
Сүректің
бірыңғай тығыздығы сүрек затының жылдық қабат ені бойынша
таралуының бірқалыптылығын сипаттайды. Аз бірыңғай тығыздылыққа
52
алғашқы және соңғы жылдық қабат аймағының құрылымында күрт ӛзгеріс
байқалатын ағаш тұқымдастарының сүрегі (балқарағай, қарағай, емен,
шаған
және т.б.) ие. Жоғары бірыңғай тығыздылықпен шамшат, алмұрт, қызылқайың,
үйеңкі, бүк ағашы, қандыағаш, кӛктерек, жӛке және т.б. ағаш тұқымдас-
тарының тобы ерекшеленеді. Сүректің бірыңғай тығыздылығы үшін сандық
кӛрсеткіш әлі де жоқ.
Сүрек беті, кескіш құралмен қаншалықты мұқият ӛңделгендігіне
қарамастан, бәрібір анатомиялық қуыс элементтерді
кесіп тастаудың нәтиже-
сінде пайда болған қандай да бір болмасын кедір-бұдырлыққа ие болады.
Сүректің бойлық қимасының беті емен, шаған, жаңғақ ағашы, самырсын
сияқты және басқада әрлеу үшін жиі пайдаланылатын
ағаш тұқымдастары
200мкм және одан да кӛп анатомиялық кедір-бұдырлыққа ие.
Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының кедір-бұдырлығының биіктігі
8-ден 60мкм-дейін, ал шашыраңқы-түтікшелі жапырақты ағаш тұқымдас-
тарының кӛпшілігінде – 30...100 мкм құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: