Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет32/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   149
Сҥректің кебуі. Кебу кезінде сортименттің (тақтайдың, бӛрененің, 
білеудің) ішкі аймағы перифериялық аймақтарға қарағанда жоғары ылғал-
дылыққа ие болады. Ылғалдылықтың сортименттің қалыңдығы, ені және ұзын-
дығы бойымен таралуын кӛрсететін кӛлбеу қисық бұрышының тангенсі 
ылғалдылық градиенті деп аталады. 
кіші ылғалдылық кезінде байланысқан судың орын ауыстыру 
жылдамдығы ылғалдылық градиентіне және ылғал ӛткізгіштік коэффициентіне 
пропорционал. Ылғал ӛткізгіштік сүректің байланысқан суды ӛткізу қабілетін 
анықтайды. Су сүректегі ауамен толтырылған макрокапиллярлар және тор 
қабырғаларындағы 
микрокапиллярлар 
жүйесімен 
қозғалады. 
Макро-
капиллярлар бойынша ылғал бу түрінде, ал микрокапиллярлар бойынша кӛбіне 
сұйық күйінде қозғалады. 
жоғары ылғалдылық кезінде ылғалдылық градиенті П.С. Серго-
вскийдің зерттеулері бойынша судың орын ауыстыру жылдамдығын 
анықтамайды. Егер сүрек құрамында сортименттің барлық кӛлемі бойынша 
еркін су болатын болса, онда тек сұйықтық күйіндегі еркін судың сыртқы 
күштерінің әсерінен қозғалысы ғана мүмкін болады (мысалы, гидростатикалық 
немесе артық қысымның айырмашылығы). Бұл жағдайда еркін судың 
қозғалысы сүректің су ӛткізгіштігімен (немесе капиллярлы ӛткізгіштігімен) 
анықталатын болады. 
Сүрек тығыздығының азаюымен ылғал ӛткізгіштік коэффициенті 
жоғарылайды. 20
0
С температура кезіндегі қарағайдың талшық енімен ылғал 
ӛткізгіштік коэффициенті 2,5 10
-10 
м
2
/с тең, ал балқарағайда – 1 10
-10 
м
2
/с. 
Ядролы сүректің (ӛсіп жетілген) ылғал ӛткізгіштігінің бірдей тығыздық кезінде 
сүрек қабатымен салыстырғанда аз болуы тор қабырғаларының әр түрлі 
ӛткізгіштігімен түсіндіріледі. 
Радиал бағытта ылғал ӛткізгіштік тангенциалдыға қарағанда біраз жоғары. 
Жуан ӛзекті ағаш тұқымдастарында (шамшат, емен) кӛрсетілген бағыттардағы 
ылғал ӛткізгіштік коэффициенті сәйкесінше 1,7 және 1,5, ал ӛте жіңішке ӛзекті 
қарағайда 1,15 ғананы құрайды. 
Сүректің талшық бойымен ылғал ӛткізгіштік коэффициенті тангенциалды 
бағыттағы талшық ені бойымен ылғал ӛткізгіштігіне қарағанда 15...20 есе 
жоғары. 
Ылғал ӛткізгіштік температураның артуы кезінде бу диффузиясы 
коэффициентінің ӛсуі және су тұтқырлығының азаюы нәтижесінде едәуір 
жоғарылайды. 
Кептірудің ӛндірістік тәсілдерінің ішінде атмосфералық және камералық 
түрі кең қолданысқа ие. Кесілген материалдардың ашық ауада қатарларда 


59 
атмосфералық кептірілуі кезінде кептіру ұзақтығы айлармен есептеледі. 
Жоғары температуралы камераларда кесілген материалдарды едәуір тӛмен 
ылғалдылыққа дейін және айтарлықтай тез уақытта кептіруге болады. 40 мм 
қалыңдықтағы тақтайларды 60% ылғалдылықтан 12% дейін кептіру ұзақтығы 
3...4 тәул. құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет