Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет83/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   149
Созылып ӛскен ағаш. Жалпақ жапырақты тұқымның ағаш құрамындағы 
бұл ақау пайда болуына байланысты қисаю ақауына ұқсас, бірақ қисаюдан 
айырмашылығы ол қисаған жердің жоғарғы жағында (созылған) немесе діңнің 
кӛлбеу жағында , ал кейбір тұқымдарда бұтақтарда пайда болады (шамшат, 
терек және т.б.).
Шамшатта ағашты біліктегеннен кейін созылып ӛскен ағаш күміс немесе 
құлпырған пішінді жарық түске айналуы мүмкін. Жарық, ауаның әсерінен
сонымен қатар, кептіру кезінде ылғалдылықты жою нәтижесінде созылып 
ӛскен ағаш қара қоңыр түске боялады.
Ағаш материалының кӛлденең бетінде созылып ӛскен ағаштың түсі мен 
құрылымы жағынан (түкті-барқыт тәрізі бетте) қалыпты ағаштан ерекшеленетін 
доға тәріздес аумағы болады. Ағаштың радиальды бет пен шпоннан жақсы 
кӛрінетін жылдық қабатпен (шетен, емен) ол жіңішке созылған сызық ретінде 
байқалады. Ағаш материалында нашар кӛрінетін жылдық қабатпен (үйеңкі мен 
қайыңнан) ақауларды айыра білу қиын. Созылып ӛскен ағашты ӛлшеу әдісі 
қисайған ағашты ӛлшегенмен бірдей.
Созылып ӛскен ағаштың либриформа талшығының құрамы артады, олар-
дың диаметр кішкентай болады, бірақ ұзындығы жағынан ұзын және айтар-
лықтай қалың қабырғасы болады. Қабырғада либриформа талшығында ішкі 
бетке тӛсейтін қалың желатинді қаббатары болады (қуыс жағынан). Бұл қабат 


139 
целлюлозаларға бай және ол сүректенбейді. Созылып ӛскен ағашта қалыпты 
ағашпен салыстырғанда целлюлозамен күлдің жалпы құрамы жоғары, ал 
лигнин мен гемицеллюлозаның құрамы тӛмен. 
Қалыпты ағашпен салыстырғанда созылып ӛскен ағаштың тығыздығы 
шамамен 10...30%-ға жоғары және талшықты бойлай кептіру 2 есе кӛп, бірақ 
талшықтың бойлай кебуінің тӛмендеуі қисық ағашпен салыстырғанда аз. 
Талшықты бойлай қысу кезінде қалыпты ағашпен салыстырғанда созылып 
ӛскен ағаштың беріктілігі тӛмен, созу кезінде беріктілігі мен соғу тұтқырлығы 
жоғары болады. 
Созылып ӛскен ағаш мүктілік пен түктілік беттің жасалуына алып келетін 
кесілген материалдың механикалық ӛңдеуін күрделендіреді. Талшықты бӛліп 
кесу кезінде араның қуысы бітеледі және аралау процесі баяулайды. 
3. Тұрақсыз анатомиялық құрылым. 
Жалған ядро. Жалпақ жапырақты тұқымдағы ағаштың күңгірт боялған 
ішкі аумағы осылай аталады (қайың, емен, үйеңкі, қандыағаш және т.б.). Әдетте 
жалған ядроның шегі жылдық сақинамен жараспайды. Шел қабықтан ол жиі 
қараңғы, әрі сирек жарық (мысалы, қайыңда) әдіппен бӛлініп тұрады.
Жалған ядро қоңыр немесе қызғылт қоңыр түспен кейде қызғылт, күлгін 
және қошқыл-жасыл түрде боялатын дӛңгелекті (доғал), жұлдызшалы және 
қалақты ядроға бӛлінеді. Ядро бӛліктерге бӛлетін күңгірт әдіп кездеседі. 
Бойлық қимада бір немесе бірнеше түстердің кең сызықтары кӛрінеді.
Ақаудың пайда болу себебі саңырауқұлақтардың ықпалынан, ағаштың 
жара реакциясынан, қатты аяздың әсерінен, болуы мүмкін. 
Дӛңгелек ағаш материалында жалған ядро шеңбердің ең аз диаметрі 
бойынша ӛлшенеді; фанерлік шикізатта (кесіндеде) ақаудан перифериялық 
аумаққа дейін ең аз еркін енімен ӛлшейді. Кесілген ӛнімде және шпонда 
ақаулары бар аумақтың ӛлшемдері ӛлшенбейді. 
6.16-сурет. Жалған ядроның түрлері: 
а – дӛңгелекті; б – қалақты; в – жұлдызшалы 


140 
Жалған ядро ағаштың сыртқы бейнесін 
нашарлатады. Бұл аралықтың ӛткізгіші тӛмен, 
талшық бойымен созылуы қатты, соққыға 
тұтқыр. Жалған ядросы бар ағаштың иілуге 
қабілеті нашарлайды. Қайыңның жалған ядросы 
оңай жарылады. Әдетте жалған ядроның шіруге 
тӛзімділігі шел қабықтан асып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет