Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет86/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   149
Қалташа. Бұл ақау, ертеректе шайырлы қалташа деп аталған, шайырмен 
толған қуыс іші немесе жылдық қабат аралығында болады. Мұндай шайыр 
қоймалары, ағашта шайыр жүрісі барлар, қылқан жапырақтыларда, әсіресе 
шыршада кездеседі. Бүйір жағында жазық беті бойынша діңнің центріне 
қараған, доға тәріздес – айшық, ал оның перифериіне дӛңес жарықтар кӛрінеді. 
(6.23-сурет). Тангенциалды бетте қалташалар талшық бойымен созылған, сопақ 
түрде тереңдеген түрде, радиалдық қимада олар қысқа саңылау түрінде болады. 
Кесілген ӛнімдерде сортименттің бір немесе екі кӛршілес жаққа шығатын 
біржақты, және екі қарама-қарсы бағытқа шығатын ӛтпелі болып бӛлінеді. 
Сібір шыршасында қалташасының ӛлшемі бірнеше миллиметрден 10...15 см-ге 
дейін ӛзгеруі мүмкін. Қалташалар аязды кездерде діңнің жеке бӛліктерінің күн 
сәулесімен қызып қабақ асты камбиялық зақымданулардан пайда болады.
Кіші қалташалар жәндікпен зақымданудан да пайда болуы мүмкін. 
Шыршада сағыз ӛндіруді жақсарту үшін, қалташаларды жасанды жолмен, 
арнайы құралдармен, ірі қабық асты камбиялық зақымданулар жасау арқылы 
алуға болады. 


145 
 
 
6.23-сурет. Қалташалар
Қалташаларды тереңдігі, ені және ұзындығы бойынша ӛлшейді, сонымен 
қатар, дана санын ескереді (кесілген ағаш материалдарында – сортименттің 1 м 
ұзындығына немесе барлығына шаққандағы, шпонда – қабаттың 1
немесе 
барлық ауданға шаққандағы). Қалташадан ӛңдеуге және деталь ӛнімдерін 
желімдеуге кедергі келтіреді. Ұсақ детальдарда қалташалар ағаш тӛзімділігін 
тӛмендетеді. 
Су қабат. Бұл ӛзек немесе жаңа кесілген жоғары ылғалды піскен ағаш 
аумағы. Ақау қылқан тұқымдастардағыдай (балқарағайда, самырсын және 
кӛбінесе шырша мен қарағайда) сондай-ақ жалпақ жапырақтағыдай (терек, 
шегіршін, кӛктеректе және т.б.) діңнің түбіртегінде кездеседі. 
Ағаш материалдарының бүйірінде 
кӛрсетілген ақау әртүрлі формадағы 
қара дақтар, ал талшық бойынша 
қимада жолақтар түрінде кӛрінеді. Су 
қабат дақтары кепкеннен соң бозарады 
және ағаштың осы аумақтарында кіші 
жарықтар пайда болады. Балқарағай 
мен шыршаның су қабат аймағында 
ылғалдылығы сау ағаштың ылғал-
дылығын 3-4 есе арттырады (ӛзек 
немесе піскен ағаш). 
Дӛңгелек ағаш материалдарында 
су қабат ӛзектік қиманың (тақтай) ең кіші қалыңдығы бойынша, яғни ол кіретін 
аумақтың ең кіші айналған диаметрі немесе аумақ ауданы бойынша ӛлшенеді. 
Кесілген ӛнімдерде ақаудың алып тұрған орнының ені мен ұзындығы немесе 
аумақ ауданы бойынша ӛлшенеді.
Су қабатының түзілу себебі анықталмаған. Кейбір зерттеушілер шегіршін, 
кӛктерек, қарағай және басқа кӛптеген тұқымдарда бактериялардың қызметінен 
пайда болады деп есептейді. Су қабаттың пайда болуының жұмыстар тізбегі 
ӛспей қалған бұтақшаларға жаңбыр суының кіруімен байланыстырылады. 
О.И.Полубояринов, механикалық қасиеті орташа 10% тӛмендеген (әсіресе 
соққыға тұтқырлығы), кӛктеректе су қабаттың саңырауқұлақ табиғаты туралы 
болжам жасайды. Су қабат сау қабаттан жоғары кебуі және ісінуі бойынша 
ерекшеленеді. Ылғал тартқыштық шегінің ӛсуі байқалады. Су қабаты ағаштың 
микробжойғыларды сіңіруін қиындатады. Су жұтудың жоғары қабілеттілігі 
қорытпалардың 
суға 
кетуіне 
әкеп 
соқтырады. 
ЦНИИМОДа-ның 
(В.Д. Дышловая мен А.П. Поцелуйко) зерттеулері бойынша, шырша мен 
қарағайда су қабаттың түзілуі топырақтың ылғалға толуымен байланыс-
тырылады. Кӛрсетілген ағаш тұқымдарында су қабаттың морттығы белгіленеді. 
Ӛскен ағаштардың су қабаттарының орталық бӛлігінде жарықтардың болуы 
және кесілген ағаштардың кебуі кезінде пайда болған жарықтар кесілген ағаш 
материалдарының жоғары сапалы болып шығуын тӛмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет