Рылыс академиясы


-сурет. Ядролық-қабықтық мраморлы (а) және сыртқы (б) шіріктер



Pdf көрінісі
бет93/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   149
 
6.25-сурет. Ядролық-қабықтық мраморлы (а) және сыртқы (б) шіріктер 
 
Зақымдалған сүрек күрт тӛмендеген механикалық қасиеттерге ие және 
ағаш ғимараттары мен құрылыстары үшін саңырауқұлақ инфекциясының 
қауіпті кӛзі болып табылады. Ғимараттар мен құрылыстардың ағаш элемент-
теріндегі шіріктің қалыптасуы үй, бағана, шпал және саңырауқұлақтың басқа да 
түрлерінің әсерінен болады. Ғимараттарда периодты түрде ауаның су буының 
конденсациялануының есебінен ылғалданып отыратын ағаш элементтерде үй 
саңырауқұлақтары дамып жетіледі.
Үй саңырауқұлақтары сүректі целлюлозаның ыдырауы кезінде бӛлінетін 
судың есебінен қатты суландыру қасиетіне ие. Егер бұл су буланбаса, ол 
саңырауқұлақтың қажетіліктерін толықтай қанағаттандыра алады, сондықтан 
үй саңырауқұлақтары ғимараттың жабық немесе нашар желдетілетін бӛлік-
терінде құрғақ сүректе ылғалдануы мен бұзылуына ықпал ете отырып баяу 
түрде ӛтуі мүмкін.
Нағыз үй саңырауқұлағы Serpula lacrimans (Wulf. ex Fr. Bond) 
құрылыстардағы сүректің ең қауіпті бұзушысы болып табылады. Ол қабырға-
ларда, едендерде және бӛлме ішіндегі қоршауларда таралады. Оның дамуы 
үшін тиімді ылғалдылық 25...30%, алайда саңырауқұлақ одан да кӛп 


153 
ылғалдылық кезінде де дами алады (150% дейін); ол үшін тиімді температура – 
18...20
0
С. Сонымен қатар, саңырауқұлақтар 2-ден 35
0
С дейінгі температура 
кезінде де жетілуі мүмкін. Нағыз үй саңырауқұлағы жаңа құрылысты 1...2 жыл 
ішінде бұза алады.
 
6.6 Сҥректің биологиялық және механикалық 
зақымданулары, басқа да ақаулары 
 
Сҥректің биологиялық зақымданулары. Жәндіктермен зақымданулар – 
құрт жеген қуыстар. Мұндай зақымданулар жаңадан дайындалған ағаш 
материалдарында, сонымен қатар, ормандағы қураған және әлсізденген ағаш-
тарда кезедеседі. Ағаш материалдарының беттерінде бұл кезде ірі немесе сопақ 
тесіктер, бороздкалар немесе жырашықтар кӛрінеді. Негізінен бұзылуларды 
ересек жәндіктер емес, ал сүрек пен қабықты ӛздерінің азықтары үшін пайда-
ланатын олардың дернәсілдері туындатады. Сүректі әртүрлі жәндіктер зақым-
дайды: қоңыздар (усачтар, зерқоңыз, қабық құрты, бізтұмсық, үңгіқоңыз), 
мүйізтұмсықтар (сүрек соналары), кӛбелектер (ағаш құрты және стеклянница), 
термиттер және т.б. Кӛпшілік жағдайда орман жәндіктері ылғал сүректе даму 
циклын аяқтағаннан кейін, кебуден кейін екінші рет оны мекендейді. Сүректі 
сақтау кезінде жәндіктер кӛбіне қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарынан 
жасалған материалдарды зақымдайды. Жәндіктердің қалыпты ӛмір сүруі үшін 
тиімді температура 18...24
0
С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 60...80%. 
Беттік құртпен зақымдалған орын деп 3 мм-ден артық емес тереңдікке 
таралатын бұзылуы түрін айтады. Бұзылудың бұл түрін негізінен қабық құрт-
тары туындатады. Сүректің бетінде сипатты сурет қалыптастыратын (6.26, а-
сурет) ұсақ тесіктер немесе жолдар кӛрінеді. Терең емес құртпен зақымдалған 
жер деп дӛңгелек ағаш материалдарында 15 мм, ал пилоӛнімдерде – 5 мм 
дейінгі тереңдікте таралған зақымдану аймақтарын айтады. Мұндай 
зақымдануларды кейбір усачтар мен зерқоңыздардың дернәсілдері туындатады. 
Терең құртпен зақымдалған жерлер деп ағаш материалдарын 15 мм артық 
тереңдікке (6.26, б-сурет), ал кесілген ӛнімдерді 5 мм (6.26, в-сурет) артық 
тереңдікке дейін тесуші жолдар түріндегі зақымданған аймақтарды айтады. 
Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарында құртпен зақымданған аудандарды 
қара қылқан усачтары, ағаш қоңыздары және мүйізтұмсықтар, жапырақты ағаш 
тұқымдастарында – әртүрлі усачтар мен басқа да жәндіктер туандатады. Терең 
құртпен зақымдалған аймақтар сәйкесінше диаметрлері 3 мм артық немесе кем 
болатын ірі және ірі емес деп бӛлінеді. Ӛтпелі деп сортименттің екі қарама-
қарсы жағы бойынша шығып тұратын құртпен зақымдалған аймағын айтады. 
Дӛңгелек ағаш материалдарында жаппай терең және терең емес құртпен 
зақымдалған аймақтардың кездесуі кезінде зақымдалған аймақтың ұзындығын 
ӛлшейді, бірлік кездесулер кезінде – олардың 1 м сортимент ұзындығына 
санын, ал кесілген материалдар мен шпонда – сәйкесінше олардың 1 м 
ұзындығына және 1 м

ауданына немесе тұтас сортиментке сай келетін санын 
ӛлшейді.


154 
6.26-сурет. Құртпен зақымдалған қуыстардың түрлері: 
а – беттік, б – дӛңгелек ағаш материалдарындағы тереңдік; 
в – кесілген ӛнімдердегі тереңдік 
Беттік құртпен зақымдалған орындар сүректің физика-механикалық 
қасиеттеріне айтарлықтай әсерін тигізбейді. Дӛңгелек ағаш материалдарын 
арамен кесу және қабығын аршу кезінде ол әдетте қалдық болып қалады: 
кесінділер, тақтайлар және т.б. Алайда қабық құрттары саңырауқұлақ спора-
ларын тараушы болып қызмет етеді, судың булануы мен ауаның таралу мүмкін-
дігін жеңілдетеді, ал бұл жағдай саңырауқұлақтардың дамуы үшін оңтайлы 
шарт болып табылады. Құртпен зақымдалған терең емес және терең қуыстар, 
әсіресе жолдардың үлкен мӛлшерінде, сүректің механикалық қасиеттерін күрт 
тӛмендетеді. 
МемСТ 2140 сәйкес кӛрсетілген құртпен зақымдалған қуыстардан бӛлек, 
құрғақ сүректе кӛбеюге қауқарлы (жиһаздық және үйлік үңқоңыздар, үйлік 
усачтар, термиттер және т.б.) үйлік зиянкес жәндіктердің тобының әсерінен 
туындайтын шірік қуыстарда болады. Құртпен зақымдалған шірік қуыстар 
кезінде терең жолдардың саны соншалықты кӛп болады, тіпті сүрек ішкі жағы-
нан бұрғы ұнтағының ӛте кӛп мӛлшері болатын шірік массаға айналады, ал осы 
уақытта оның сыртқы жағында тек кіріс және жаздық тесіктерден басқа ақаулар 
болмайды. 
Құртпен зақымдалған шірік қуыстарға теңіз ағашбұрғышысы-ұлуларының 
(кеме құрттары) және кемежай ғимараттары мен кемелердің сүректеріндегі 
шаяндардың зақымдаған орындарын да жатқызады [14]. Діңгектер мен бағана-
лардағы кеме құрттарының жолдары жазықтыққа перпендикуляр 10...30 мм 


155 
тереңдікке жүреді, содан кейін бұрылады және жылдық қабаттар бойынша 
жоғары тӛмен жүріп отырады, бұл кезде бӛлек жолдар ешқашан қиылыспайды 
және бірікпейді. 
Паразитті ӛсімдіктермен зақымдану. Мұндай зақым-данулар паразитті 
ӛсімдіктердің тіршілік әрекетінен кейін қалдырылған кесілген ӛнімдердегі 
тесіктер түрінде болады. Мәңгілік жасыл ӛсімдіктер (омела) немесе қыста 
жапырақтарын түсіретін ӛсімдіктер (ремнецветник) ие-ӛсімдіктен негізінен су 
мен суда еріген минералды тұздар ерітіндісін сүректің тұтастығын бұза отырып 
оған енетін сорғыштар арқылы алады. Паразиттердің тұқымдары құстармен 
таратылады. Омела – кӛптеген қылқан жапырақты және жапырақты ағаш 
тұқымдастарында, ремнецветник – емен мен каштанда кездеседі. Ақауды 
құртпен зақымдалған қуыстарда қолданылатын әдістермен ӛлшейді. 
Құстармен зақымдалу. Дӛңгелек ағаш материалдарында кейде, құстармен 
шұқырланған (мысалы, тоқылдауық) қуыстар түрінде болатын, қатарлармен 
орналасқан кішігірім тесіктер байқалады. Құстармен зақымдалған орындарды 
тереңдігі, ені және ұзындығы бойынша ӛлшейді. Ақау сүректің тұтастығын 
бұза отырып, оны арамен кесу және аршу кезінде шығатын қалдықтардың 
мӛлшерін арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет