Рылыс академиясы


Бӛрене кӛлемін ӛлшеудің топтық әдістері



Pdf көрінісі
бет119/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   149
Бӛрене кӛлемін ӛлшеудің топтық әдістері. Қатар әдісі бӛренелерді 
жерде, сондай-ақ вагонда, автокӛлікте, кеменің үстінгі және астыңғы бӛлімінде, 
олардың жиынтығы үшін пайдаланылады. Қатардың жиынтық кӛлемін «толық 
қорап» әдісін пайдалану арқылы анықтайды. Шартты «қораптың» тік және 
кӛлденең қабырғаларын «қорап» қабырғаларынан шығыңқы бӛренелер немесе 
олардың бӛліктері «қорап» ішіндегі оның қабырғалары және қатардың басқа 
бӛренелері арасындағы қуыстарда визуалды түрде жайғастыруға мүмкін 
болатындай етіп орналастырады. Демек, дұрыс емес пішіндегі қатардың кӛле-
мін анықтаудың орнына оның кӛлеміне тең болатын тікбұрышты 
параллелепипед кӛлемін ӛлшейді. Ұзындығы 3 м және одан да артық болатын 
қатарды теңдей секцияларға (ұзындығы 3 м артық емес) тік сызықтармен 
бӛледі. Әрбір секцияның биіктігін «толық қораптың» тік қабырғасы бойынша 
ӛлшейді және қатардың биіктігін барлық секциялардың биіктіктерінің орташа 
арифметикалық мәні ретінде анықтайды. Қатарда орналасқан бӛрененің 
кӛлемін анықтау үшін, тығыз шамадағы жиынтық кӛлемді, яғни оның 
ұзындығының, енінің және биіктігінің кӛбейтіндісін полнодревесность 
коэффициентіне кӛбейтеді. Бұл кӛрсеткішті алдын-ала қатардағы бӛренелердің 
таңдамасын ӛлшеу нәтижесі бойынша табады. Полнодревесность коэффициенті 
0,4 бастап 0,7 дейінгі аралықта болуы мүмкін; ол ағыш тұқымдастығына, 
бӛренелердің диаметріне, ұзындығына және қисықтығына, қабықтың 
қалыңдығына, бұтанақтарды кесу сапасына, тӛсеу тығыздығына және басқа да 
факторларға тәуелді. 
Салмақтық әдісті бӛренелердің вагондық, кемелік немесе автокӛліктік 
партиялары үшін пайдаланады. Толық партияның немесе қатардың барлық 
құрамдастарының, пакеттердің, грейферлі қаптардың салмағын ӛлшеу арқылы 
бӛренелердің массасын брутто массасы мен ыдыс массасының (вагонның, 
грейфердің және т.б.) арасындағы айырмашылық ретінде анықтайды. 
Кемелермен тасымалданатын бӛренелердің массасын кеменің суға батып 
тұратын жерінің биіктігі бойынша ӛлшеуге рұқсат етіледі. Партиядағы 
бӛренелер кӛлемін массаны ӛлшемдік тығыздық коэффициентіне бӛлу арқылы 
есептейді. Егер бӛренелердің массасын қабығымен қоса ӛлшенген, ал олардың 
кӛлемі қабықсыз болса, бұл коэффициент тығыздық мәнімен сәйкес келмейді. 
Тығыздық коэффициентін берілген таңдамадағы бӛрене массасының оның 
кӛлеміне қатынасы ретінде партиядан алынған таңдама бойынша алдын-ала 
анықтайды. Оның мәні 0,45 бастап 1,2 т/м
3
дейінгі шек аралығында болуы 
мүмкін; ол ағаш тұқымдастығына, яғни абсолютті құрғақ сүрек тығыздығына, 
бӛренелер ылғалдылығына және олардың қабықтарының массасына тәуелді 
болады. 
Гидростатикалық әдісті бӛренелер пакетінің кӛлемін ӛлшеу үшін 
қолданады. Бұл әдіс Архимед заңына негізделген. Алдымен ыдысты (мысалы, 
грейфер) ауада және суда ӛлшейді. Одан кейін бӛренелер пакетін қармаумен 
суға батырғанға дейін және одан кейін ӛлшейді. Таразы кӛрсеткішіндегі 


196 
айырмашылық ығыстырушы күшке тең (пакетпен ығыстырылған су 
салмағына). Одан ыдысқа сай келетін ығыстырушы күш шамасын алып тастау 
арқылы және су тығыздығын 1,0 т/м
3
деп қабылдау арқылы, пакеттегі 
бӛренелер кӛлемін алады. 
Есептік әдіс бӛрененің немесе пакеттің орташа кӛлемін алдын-ала 
анықтауға (таңдама бойынша) және олардың партиядағы санын есептеуге 
негізделген. Ең аз кӛлемдегі таңдама 50 бӛренеден немесе 10 пакеттен тұруы 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет