Рылыс академиясы


Ағаш сҥрегі мен қабығының микроқҧрылымы



Pdf көрінісі
бет16/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Ағаш сҥрегі мен қабығының микроқҧрылымы. Ағаш діңінің барлық 
бӛліктерінің құрылымын ӛркен сабағының кӛлденең қимасын кӛру арқылы 
жобалап болжауға болады. Орталықта орналасқан ӛзекше тӛбелік ӛсіп кеткен 
жасауыш тіннен қалыптасады және үлкен қарапайым тесіктерге ие, ірі 


32 
қуыстары мен жіңішке қабырғалары бар жұмырланған немесе кӛпқырлы 
пішіндегі паренхимді жасушалардан тұрады. Ӛзекшенің айналасында ӛзектің 
бірінші жылында қалыптасқан, қалың қабырғалы, бір-біріне қатты тығыз 
орналасқан, ұсақ жасушалардан тұратын біріншілік сүрек орналасады. Қылқан 
жапырақты ағаш тұқымдастарының ӛзектерінің жасушаларында, жас шағында, 
крахмал мен шайыр болады; кәрі ағаштардың діңінде ӛзек ауамен толтырылған, 
ӛлі жасушалардан тұрады. Жапырақты ағаш тұқымдастарында паренхимді 
жасушалардың арасында жекелеп немесе топтармен қоңырқай затпен 
толтырылған ұсақ жасушалар орналасқан. Ӛзекпен оның айналасында 
орналасқан біріншілік сүрегін кейде ӛзекшелі түтік деп атайды.
Екіншілік сүрек, жоғарыда микроқұрылымы қарастырылып кеткен 
болатын, сүректің ғана жасушаларын жинақтап қоймай (ксилемалар), сонымен 
қатар, ағаш қабықшағының да жасушаларын (флоемаларды) жинақтайтын 
камбий іс-әрекетінің ӛнімі ретінде болады. Қабықша – бұл қабықтың ішкі 
бӛлігі. Қабықшаны сыртынан араларында тік шайыр жүрісі орналасқан, ірі 
паренхимді жасушалардан тұратын, біріншілік қабық қоршап тұр. 
Әдетте ӛркен сабағы перидермамен (грек тілінен аударғанда peri – 
жанында және derma – тері) қапталған. Бұл жұқа қабықшаның орнын 
ауыстыратын жабынды тін ӛзіне бағыты бойынша сабақтың беті бойынша 
тығыншық жасушаларды бӛлетін тығыншық камбийді қосады, ал ішіне (кейде) 
– паренхимді жасушаларды. 
Осыған дейін айтылып кеткендей, кәрі ағашта қабық айқын бӛлінетін екі 
аймаққа ие: қабықша және қабыршақ. 
Қабықша, екіншілік сүрек сияқты, ӛзінің құрамында ӛткізгіштік, меха-
никалық және қор жинағыштық функцияларын орындайтын анатомиялық 
элементтерді қамтиды. Қабықшадағы ӛткізгіштік функциясын елек пішінді 
анатомиялық элементтер орындайды. Елек пішінді жасушалар қылқан 
жапырақты ағаш тұқымдастары үшін тән. Олар трахеидтерге ұқсас келетін, 
ұштары жіңішке, кесілген, ұзын жасушалар түрінде болады. Ұштары мен бүйір 
қабырғаларында електерге ұқсас эллипстер түріндегі кӛптеген ұсақ тесіктерден 
тұратын аймақтар орналасқан. Елек тәрізді жасушалар, бойлық қатарларды 
қалыптастыра отырып бір бірімен ұштары бойынша «үсті-үстіне» қабысады. 
Жалпақ жапырақты ағаш тұқымдастары қабықшасының ӛткізгіш тіні 
ретінде болатын, елек тәрізді түтікшелер түтікшелерға ұқсас болады. Елек 
тәрізді түтікшелердің буындары біртұтас таралған немесе топтарға біріктірілген 
кӛптеген ұсақ тесіктері болатын кӛлденең қалқалармен бӛлінген (кейде бірнеше 
кӛлбеуліктермен). Елек тәрізді түтікшелерге бүйір жағынан паренхимді серік-
жасушалар келіп байланысады; кейде әрбір буынға ұзындығы қысқарақ болып 
келетін, осындай жасушалардың бірнешеуі сәйкес келеді. 
Қабықшаның елек тәрізді анатомиялық элементтерінің екі типі де (елек 
тәрізді жасушалар және елек тәрізді түтікшелер) сүректің трахеидтері мен 
түтікшелеріне қарағанда лигнифицирленбеген целлюлоза қабыршағына және 
тірі протопластқа ие. Елек тәрізді элементтер кӛптеген ағаш тұқымдастарында 
бір маусым ішінде ғана жұмыс істейді, ал содан кейін қурап қалады, сонымен 


33 
қатар, жапырақты ағаш тұқымдастарында елек тәрізді түтікшелермен бір 
уақытта олардың серік – жасушаларыда қурайды. 
Қарағайдың елек тәрізді жасушаларының ені (И.С. Гелестің мәліметтері 
бойынша) 29...50 мкм, ұзындығы 2,5...5,9 мм. Елек тәрізді түтікшелердің 
диаметрі 20...30 мкм, буындардың ұзындығы – бірнеше ондаған миллиметр. 
Қабықшадағы механикалық функцияны қабықша талшықтары және тастақ 
жасушалар орындайды. Қабықша талшықтары олардың арасында орналасқан 
елек тәрізді элементтерің қысылуынан сақтайды. Талшықтар либриформа 
талшықтарына ұқсас болады, сол сияқты қарапайым тесіктері және ӛте кіші 
қуыстары болатын қалың сүректелген қабырғаларға ие. Қылқан жапырақты 
ағаш тұқымдастарында қабықша талшықтары салыстырмалы түрде аз, ал 
қарағайда олар тіптен жоқ. Олар жӛке ағашында, сүмбіл теректе, кӛктеректе 
және басқа да жапырақты ағаш тұқымдастарында кӛп болады. Жӛке ағашының, 
қалыңдығы 30...250 мкм, ал ұзындығы 0,88...1,26 мм болатын қабықша 
талшықтары, діңды жасуша түрінде қармайтын, ӛзара шырмалып-ӛрілетін 
желекдерді қалыптастырады. 
Кӛпжақтылық түріне ие, тасты торлар айтарлықтай қысқа, бірақ әдетте 
қабықша талшықтарына қарағанда ендірек болады, кейде бұтақты пішінге ие 
болады (самырсында). Ӛздерінің атауларын олар қатты жуан-датылған және 
лигнинмен дымқылданған қабырғаларының қаттылығына байланысты алған. 
Қабырғадағы кӛптеген тесіктер қарапайым. 
Кейбір ағаш тұқымдастарында қабықшадағы механикалық функцияны 
бірыңғай тастақ жасушалар атқарады (шырша, балқарағай, қайың, шамшат, 
шынар), басқа ағаш тұқымдастарында олар бұл жұмыста қабықша талшық-
тарына кӛмектеседі (емен, кӛктал, қандыағаш, үйеңкі, шаған). 
Қор жинаушы функциясын қабықшада, сүректегі сияқты екі жүйені 
қалыптастыратын: кӛлденең (қабықша сәулелері) және тік (қабықша парен-
химасы) паренхимді жасушалар орындайды. Қабықшаны радиал бағытта кесіп 
ӛтетін қабықша сәулелері ӛзекше сәулелерінің жалғасы болып табылады. Кейде, 
мысалы қарағайда, ұзындығы (жатық қалыптағы) және биіктігі (тік қалыптағы) 
бойынша созылған паренхимді жасушалардан тұратын әртүрлі қабықша 
сәулелері кездеседі. Сәуленің ортасында жатық қалыптағы жасушалар, ал жиегі 
бойынша тік қалыптағы жасушалар орналасқан (1.14-сурет). Қабықша 
сәулелері сүректенбеген қабырғаға ие. Сәулелердің кейбіреулері қабықшаны 
толықтай түйреп ӛтеді, камбийден бастап қабыққа дейін жетпейді. 
Қабықша паренхимасы ұршық тәрізді жасушалар немесе желекдер түрінде 
болуы мүмкін. Жылдың белгілі бір уақытында олар крахмал жинақтайды; 
әсіресе шайыр немесе илік заттармен толтырылғанда жақсы кӛрінеді. Кейбір 
ағаш тұқымдастарында (қарағай) олар бӛлек топтармен орналасады, келесі-
лерінде (жӛке ағашы) елек тәрізді түтікшелермен бірге тангенциал 
қатпарлықтар (кӛлденең қимады) құрады. 
Қабыршақ тығыншық жасушалардың қатпарларынан және қабықшаның 
қураған ауданынан тұрады. Тығыншық торлар сабақ ӛсінің бойымен біршама 
созылған және радиал бағытта жалпиған кӛпқырлы пішінге ие. Олар радиал 


34 
қатарлармен ӛте тығыз орналасады (жасуша аралықтарсыз), қалыптасқаннан 
кейін жақын арада құрайды. Бұл олардың қабырғасында ерекше органикалық 
зат – субериннің жинақталуымен байланысты. Суберин қатпары ең алдымен тор 
қабырғаларының (олардың тесіктері болмайды) су мен газ үшін 
ӛткізбеушілікпен қамтамасыз ететін балауыз қатпарларымен алма-кезек 
орналасады. Ауамен толтырылған, қалың қабырғалы тығыншық торлары жақсы 
жылуоқшаулағыш қасиетке ие. Ӛсіп тұрған ағаштағы қабыршақтың 
қорғағыштық функциясы негізінен оның құрамында тығыншық торлардың 
кездесуімен түсіндіріледі. 
1.14-сурет. Қабықша (сол жақтағы) және сүрек шекарасындағы (оң жақтағы) 
қарағай діңінің радиал қимасы: 
1 – елек тәрізді тор; 2 – қабық ӛзекшесінің тік қалыптағы паренхимді торы; 3 – ӛзек сәуленің 
жатық қалыптағы паренхимді торы; 4 – кӛлденең трахеидтер; 5 – ӛзек сәулелерінің 
паренхимді торы; 6 – жиектелген тесік; 7 – трахеид; 8 – камбий
Кейбір ағаш тұқымдастарында (қайың, шамшат) қабыршақ тек тығыншық 
торлар түрінде кездеседі. Мұндай ағаш тұқымдастары қабықтың тегіс бетімен 
ерекшеленеді. Сыртқы ортамен және діңнің ішкі бӛліктерімен газ алмасу тығыз 
емес орналасқан торлардан құралған құрылымдар – жасымықтар арқылы іске 
асырылады. Ұзындығы 10...15 см болатын қаралтым жіңішке кӛлденең 
сызықтар түріндегі жасымықтар қайың діңының беткі жазықтығында жақсы 
кӛрінеді. 
Қабыршақтың қалың қабаты діңды орман ішіндегі ӛрт кезінде жанудан 
сақтайды. Әсіресе, негізінен тығыншық торлардан тұратын қалың қабыршақ, 
тығын еменінде және барқыт ағашында. Мұндай ағаштардың қабыршағын 
(тығын қабыршағын) периодты түрде кесіп отырады және техникалық мақсат-
тарда пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет