24
1.9-сурет. Қарағай сүрегінің микроскопиялық құрылымының сұлбасы
(В.Е. Вихров бойынша):
1 – жылдық қабаттар; 2 – кӛлденең шайыр жүрісті кӛпқатарлы сәулелер; 3 – жиектелген
қуыстар; 4 – ӛзек
сәулелері; 5 – ерте трахеидтер; 6 – сәулелік трахеид; 7 – тік шайыр
жүрістері; 8 – соңғы трахеид
Трахеидтер. Барлық қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының
трахеидтері (грек тілінен аударғанда
trachéia – демалу тамағы және
éidos – түр)
сүректенген қабырғалары мен қисық кесілген ұштары бар қатты созылған
талшық пішініне ие. Кӛпшілік ағаш тұқымдастарының кӛлденең
қимасында
олар пішіні бойынша тіктӛртбұрышқа (кейде шаршыға), ал балқарағайда бес-
немесе алтыбұрыштыға жақын болады. Трахеидтер радиал қатарларға жинақ-
талған. Әрбір қатарда салыстырмалы жіңішке қабырғалары болатын іріжолақты
трахеидтер кіші жолақтылығымен және қалың қабырғалылығымен ерекше-
ленетін трахеидтермен ауыстырылады. Аталған торлардың біріншісі вегетация-
лық периодтың басында қалыптасады және
ерте трахеидтер деп аталады.
Олар негізінен ӛткізгіш қызметін атқарады. Екіншілері – соңғы трахеидтер –
негізінен механикалық элемент рӛлін атқарады. Балқарағайда ерте трахеид-
тердің радиал ӛлшемі орташа шамада 52 мкм, соңғыларында 22 мкм; қарағайда
сәйкесінше 40 және 20 мкм. Бұл ағаш түрлерінің
трахеидтердің тангенциал
ӛлшемдері шамамен 30 мкм. Балқарағай трахеидінің ұзындығы орташа шамада
2,6 мм, қарағайда 2,8 мм, ал шыршада 2,6-дан бастап 5 мм дейін.
Ерте трахеидтерде (1.10,
а-сурет) радиал қабырғаларда, әсіресе ұштарында,
кӛптеген (70...90) дӛңгелектенген тесіктері бар ірі жиектелген қуыстар
орналасқан. Соңғы трахеидтерде (1.10,
б-сурет) қуыстар тек радиал қабырға-
25
ларда емес, сонымен қатар, тангенциал қабырғаларда да орналасқан. Жиектел-
ген қуыстардың диаметрі әртүрлі ағаш тұқымдастарында 8-ден 31мкм-ге дейін
ауытқиды, ал тесік диаметрі 4-тен 8мкм-ге дейін болады [14].
Кейде жиектелген қуыстарда мембрана орталық орнынан ауытқыған
болады және тарус қуыс тесігін жауып тұрады. Мұндай сұйықтардың ӛтуі
қиындатылған, жабық қуыстардың саны ӛсіп тұрған ағаштарда ядроның ерте
трахеидтерінде (ӛсіп жетілген ағашта) соңғы трахеидтерге қарағанда кӛп.
В.А.Баженов, В.Е. Москалев, Е.В. Харук құрғақ сүректе тарустың ядро трахеиді
мен сүрек қабығында орналасуында айтарлықтай айырмашылық байқалмай-
тындығын орнатты.
Паренхимді жасушалар. Бұл жасушалар
қылқан жапырақты ағаш
тұқымдастарының сүрегінде негізінен ӛзек сәулелерінің (сәулелік сүрек
паренхимасы) құрамына кіреді, сонымен қатар, шайыр жүрістерімен ілеседі
және осьтік сүрек паренхимасының түрінде болады. Трахеидтерге қарағанда
паренхимді жасушалар ағашта тірі болады.
Қылқан жапырақты ағаштарда ӛзек сәулелері, жоғарыда айтылғандай,
орташа шамада сүректің барлық кӛлемінің 5...8%, ал қыста қылқанын түсіретін
балқарағайда 10% құрайды. Кӛлденең қимада ӛзек
сәулелері паренхимді
жасушалардың бір қатарынан тұрады, яғни құралсыз кӛзбен кӛрінбейтін ӛте
жіңішке сәулелілер тобына жатады.
Радиал қимада ӛзек сәулелері биіктігі бойынша қарапайым қуысты
паренхимді жасушалардың бірнеше қатарларынан тұрады. Балқарағайды, қара-
ғайда, самырсын мен шыршада ӛзек сәулелері біркелкі емес: олардың жоғарғы
және тӛменгі жиектері бойынша ұсақ жиектелген қуыстары бар кӛлденең
(сәулелік) трахеидтер орналасқан (1.10,
г-сурет). Ӛсіп тұрған ағаштағы кӛл-
денең және тік трахеидтер ӛлі элемент болып табылады. Майқарағай, арша мен
тисте сәулелер біркелкі, олар тек паренхимді жасушалардан ғана тұрады.
Қарағайдың ӛзек сәулелерінің паренхимді жасушалары бір, ал самырсын
екі ірі қарапайым (терезе пішіндес) қуыстарға ие. Мұндай қуыстардың трахеиді
ені бойынша сәйкес шамасы олардың ӛзек сәулелерімен айқасу аймақтарында
анықталады (1.10,
а-сурет). Қарағайда, самырсында, балқарағай
мен шыршада
тангенциал қиманың ортаңғы бӛлігінде ені бойынша бірнеше паренхимді
жасушаларға ие болатын ӛзек сәулелері жиі кездеседі. Мұндай ӛзек сәулелері
арқылы кӛлденең шайыр жүрістері ӛтеді.
26
1.10-сурет. Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының (қарағайдың)
анатомиялық элементтері:
а – ерте трахеид (радиал қима); б – соңғы трахеид (радиал қима); в – шайыр жүрісі (кӛлденең
қима); г – ӛзек сәулесі (радиал қима); д – ӛзек сәулесі (тангенциал қима); 1 – ірі жиектелген
қуыстар; 2 – ұсақ жиектелген қуыстар; 3 – ӛзек сәулелерімен байланысу орнындағы
қарапайым (терезе пішіндес) қуыстар; 4 – паренхималарды ілестіретін жасуша; 5 – ӛлі бос
жасуша; 6 – жабынды жасуша (эпителий); 7 – ӛзек сәулелері; 8 –
сәулелік трахеидтер;
9 – паренхимді жасушалар; 10 – кӛлденең шайыр жолы
Ӛсіп тұрған ағаштағы ӛзек сәулелері тыныштық периодында құнарлы
азықтарды сақтап қана қоймай, сонымен қатар ерітінділерді де ӛткізеді.
Шайыр жүрістері ӛзара қиылысатын кӛлденең және тік жолдардан
тұратын бірыңғай шайыр жүйесін құрайды. Тік шайыр жүрісінде ішкі қабат
шайырды бӛліп шағаратын эпителий жасушаларынан тұрады. Жол қуысын
жабатын осы жасушалардан кейін бос ӛлі жасушалар қабаты орналасады, ал
сыртында паренхималарды ілестіретін тірі жасушалардың қабаты болады (1.10,
в-сурет). Кӛлденең шайыр жүрістері ӛзек сәулелерінен ӛтеді және сол себепті
тек эпителий жасушалары мен ӛлі жасушалардың қабатынан тұрады. Эпителий
жасушалары жіңішке қабықшаға ие және
шайыр жолының каналына қысы-
латын кӛбікше сияқты кӛрінеді. Егер жол шайырмен толтырылған болса,
жабынды жасушалар үлкен қысымның нәтижесінде тегістеледі және каналдың
қабырғаларына қысылады.
27
Тік жол қуысының ӛлшемі тангенциал бағытта шамамен рағанда 2,5...3 есе
кіші болатын кӛлденең шайыр жүрістерінде эпителийдің айтарлықтай ұсақ
жасушалары орналасқан.
Осьтік сүрек паренхимасы ӛте аз мӛлшерде барлық қылқан жапырақты
ағаш тұқымдастарында (қарағай мен титтан басқа) бірлік жасуша түрінде
немесе дің ӛсінің бойымен созылған паренхимді жасушалардың желегі ретінде
кездеседі. Сүрек паренхимасының бойлық қимасындағы жасушалар
тіктӛртбұрыш пішініне ие, олардың ұзындықтары еніне қарғанда 3...4 есе
артық.
Достарыңызбен бөлісу: