Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-құралымдық сипаттамасына қарап бағалау


Территориялық-шашылыңқы объектілер



бет3/37
Дата24.02.2022
өлшемі314,6 Kb.
#26275
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Территориялық-шашылыңқы объектілер бір-бірінен мақсаты жағынан байланыспаған, едәуір қашықтықта орналасқан, пайдалану мақсаты жағынан бір-біріне байланысты емес (Мәселен, ауылдық жерлердегі тұрғын үйлер және азаматтық ғимараттар, автомобиль және теміржол бойына орналасқан үймереттер мен ғимараттар).

Құрылыстық-технологиялық белгілері жағынан бұл объектілер біртекті және әртекті болып бөлінеді.



Біртекті объектілер - бірыңғай құралымдарды қолданумен ерекшеленеді. Сондықтан мұндай объектілер біртүрлі тұрақты технологиялар бойынша салына береді. Бұл объектілер біртүрлі және әртүрлі учаскелерден тұруы мүмкін. Оларда атқарылатын жұмыс көлемі мен мөлшері құралымдарды құрастыру реттілігі мен әдістеріне байланысты болады.

Біртекті объектілердің мөлшері мен көлемі бірдей және бірнеше рет қайталанатын типтік секциялардан құралатындығына байланысты оларды салуда ырғақты объектілік тасқын әдісін қолдану тиімді. Мұндай объектілерге жеңіл, аспаптар жасау, радиотехникалық және басқа да өнеркәсіп салаларының тұрғын үйлері, бірқатар азаматтық, бірқабатты және көпқабатты үймереттер, бойлап салынған ғимараттар (жолдар, құбыр жүйелері және басқалар) жатады.

Біртекті объектілер өз кезегінде біртүрлі және әртүрліге бөлінеді.

Учаскелері әртүрлі біртекті объектілерге орта және ауыр машина жасау өнеркәсібінің, автомобиль зауыттарының, тоқыма комбинаттарының, көпшілік бірқабатты үймереттері және басқалары жатады. Бұл объектілер тиісті типтік құралымдарды толық бірқалыпка келтірген күннің өзінде де жұмыс мөлшері мен көлемі бірдей учаскелерге бөлуге келмейді. Мәселен, көп өткінді бірқабатты үймереттердің ішкі учаскелерінде сыртқы қорғағыш қабырғалары болмайды, кейбір учаскелерде негізгі құралымдарды жинақтау жамылғы элементтерін құрастырумен шектелуі мүмкін, ал бағаналар мен кранасты арқалықтар шектес учаскелерге кран қатынай алатын болса алдын ала орнатылады. Әртүрлі учаскелері бар біртекті объектілерді салу кезінде жұмыс өндірісінің тұрақты технологиясы сақталады, алайда тасқындарды жүзеге асыру ұзақтығы түрліше болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет