Жұмыс өндірісін ұйымдастыруды және жүргізуді жобалау туралы
Құрылысты және жұмыс өндірісін ұйымдастыруды жобалаудың құрамы, мазмұны және тәртібі СНиП 3.01.01 -85 "Құрылыс өндірісін ұйымдастырудың" негізгі ережелеріне сәйкес реттеліп отырылады. Құжаттар озат тәжірибе мен құрылыс және техниканың жаңа жетістіктеріне негізделуі, оларда еңбек өнімділігімен механикаландыру деңгейін арттыру және енбекті көп қажет ететін жұмыстар мен құрылыс құнын азайту жоспарларын орындаудың жолдарын қарастыруы керек. Мұндай құжаттар құрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыс өнідірісін ұйымдастыру жобаларынан (ЖӨЖ) тұрады.
Жаңа объектілер тұрғызу, жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту және жаңғырту құрылыстарын ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) құрылысты салудың мерзімдерін аныктауға, күрделі каржыны және құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін жылдарға және кезеңдерге бөлуге, құрылыстарды материалдық-техникалык жағынан камтамасыз ету мәселелерін шешуге қызмет етеді.
Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) осы жобаны бекітетін және толық жүзеге асыратын ұйыммен немесе бас жобалаушымен шартқа отырған мамандандырылған ұйыммен бірлесе отырып екі сатылы етіп жасалады.
Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) тапсырма берушіні, мердігерлер мен не каржыландыруды, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін ұйымдар үшін міндетті кұжат болып табылады.
ҚҰЖ-ның алғашқы негізгі материалдарына мыналар жатады: техникалык-экономикалык негізделулер (ТЭН) немесе техникалық-экономикалық есептеулер (ТЭЕ); инженерлік ізденістер; мердігерлермен келісілген материалдарды, құралымдарды және механикаландыру құралдарын пайдалану жөніндегі шешімдер; материалдар және жабдықтармен камтамасыз ету шарттары және оларды тасымалдау; объектілер құрылысының іске косылатын жиынтықтарын белгілеу; құрылысты электр куатымен және сумен қамтамасыз ететін кездер туралы деректер және тапсырма беруші мен мердігерлердің баска да талаптары (уакытша тұрғын үй, өндірістік үймереттер мен ғимараттар, тағы баскалар); құрылыстың нұсқаулы мерзімдері.
Жұмыс көлемдері мен материалдық және энергетика ресурстарына деген қажеттілік, үймереттер мен ғимараттардың ұксас жобаларының мәліметтері, қазір пайдаланылып жүрген анықтамалардағы ресурстардың ірілендірілген сметалық кұны мен каржыларды пайдалану керсеткіштері, үймереттер мен ғимараттар ұлғайтылған сметалык мөлшерлері, ресурстар және баска да материалдардың сметалық құны мен шығындарының көрсеткіштерін назарға ала отырып оңайлатылған әдістермен есептеліп шығарылады. Машиналарға, көлікке деген кажеттілік есептеу жолымен немесе 1 миллион теңгелік құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуге арналған нормативтер бойынша аныкталады. Құрылыста жұмыс істейтіндер саны шығарылатын орташа жылдық өнім негізінде белгіленеді.
ҚҰЖ-на: құрылыстың даярлык және негізгі кезеңдеріне арналған құрылыстың бас жоспары, құрылыстың мерзімдік жоспары және даярлык кезеңінің бөлек жоспары кіреді. Құрылыстың мерзімдік жоспары негізінде құрылыстағы құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің графигі, жұмыстарды орындаудың реттілігі көрсетілген объектілерді салудың ұйымдық-технологиялык нобайы, негізгі объектілер мен кешендерде және құрылыс кезеңдеріндегі жұмыстар көрсетілген Құрылыс -құрастыру және арнайы жұмыстар көлемінің ведомостісі, объектілерге және құрылыс кезендеріне бөлінетін құралымдарға, бұйымдарға және жабдықтарға деген қажеттілік ведомості, жалпы құрылыс бойынша негізгі құрылыс машиналары мен көлік кажеттілігінің графигі, құрылыс кадрларына деген кажеттілік графигі, құрылыс жағдайының қыска сипаттамасы бар түсініктеме және негізгі жұмыстар өндірісі әдістерінің сипаттамасы, қажетті есептер, негіздеме және техникалық-экономикалық көрсеткіштер кіреді. ҚҰЖ-ны жасау құрамы келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |