КӨНЕНІ КӨҢІЛ
ІЗДЕЙДІ
Киелі Торғай даласының қойнауы көне
ескерткіштер мен шежіреге толы. Өңірдегі
Амангелді, Жангелдин, Қамысты ауданда-
ры, Торғай кенті, Құмкешу, Үрпек, Екідің ау-
ылдары зерттеу жұмыстарының басты ны-
санасына айналуы тиіс еді. Өкінішке қарай,
тарихи байлығымызды қайта жаңғыртып,
оның жаңа қырларын ашу ұзақ жылдар
бойы тоқырауға ұшырап, сайын даладағы
осынау көненің көздері назардан тыс қалып
қойды.
Елеусіздеу «Екі дің»
Жер-су
аттарының
пайда
болу
себептеріне баса мəн беріп, əр атаудың астары-
на үңілсең, оның көбі төгіле жөнелетін шежіреге
бай. Мəселен, бір шеті кезінде қазақ елінің түп
кіндігі саналған Ұлытауға барып жалғасқан
Сарыторғай ауылы – Торғай даласындағы та-
рихи оқиғалардың алтын бесігі. Жергілікті
қарт Көшекбай Оспанұлының айтуынша, əйгілі
«Жібек жолының» қазақ даласындағы бір
тармағы сол жермен өткен көрінеді. Ондағы ХІІ
ғасырдан қалған «Екі дің» кешеніне Қостанай
облысындағы
мұражай
қызметкерлерінің
қызығушылығы енді артып отыр. Бастапқыда
бұл кешен белгілі археолог, академик Əлкей
Марғұлан бастаған ғылыми эспедиция тарапы-
нан 1959 жылы жоғары бағаланған болатын.
Кейін ауыл атына айналған, киіз үй
іспетті сол екі дің – биік дөңнің үстіне қызыл
тастан өрілген əскери мақсаттағы қарауыл
төбелер. Диаметрі – 6 метр, ал биіктігі – 3,80
метр. Əлкей Марғұлан оның ықылым заман-
нан бері келе жатқанын былай баяндайды: «Бұл
қасиетті «Діңдер» Ақсақ Темірдің Тоқтамыс
ханға жорығы кездерінде жау келер жақтағы
жойқын даланы бір шолып өту үшін қажет
болған. Кейіннен Абылай ханға, хан Кенеге
де, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дара-
боздары Əбдіғапар ханның, Амангелді, Кейкі
батырлардың шолғыншы сарбаздарына да игі
қызмет еткен».
Зерттелмеген зират
Сонымен қатар, Торғай жұртшылығын
таң қалдырған тағы бір нысан – Мақат қабірі.
Кесене жанында оның ХХ ғасырдың басында
салынғандығы жазылған тақтайша бар. Бірақ,
кей деректерде бұл сəулет құрылысының XVIII
ғасырға тəн екендігі расталған. Кесененің
сəулеті бойынша басқа қабірлерден ешқандай
айырмашылығы
болмағанымен,
ішіне
мəйітті жерлеу тəсілі ерекше. Тек Мақат руы
ұрпақтарының сүйегіне тиесілі. Мəйіт келесі
адам қойылғанша «сахана» деп аталатын ар-
найы тақтайшаның үстінде сақталады. Реті
келгенде қасындағы ұраға түсіріледі. Əзірге
сол кесенені салдырушының неліктен Ислам
дінінде қабылданғандай жерасты емес, бір ру
буындарын жерлеудің осы тəсілін таңдағаны
түсініксіз. Енді бір қызығы, дала тастарынан
мəнерлеп жасалған осы ұра ішіндегі Мақат
ұрпақтарының сүйектері қалыпты жағдайда
Алтын бесік
36
сақталуда.
Кесененің
жерасты
бөлігінің
желдеткіш жүйесі де жіті ойластырылып
салынған.
Кейкінің кесенесі қаңырап тұр
Заманында Патшалық Ресей саясаты-
мен де, кеңестік большевикпен де сыйыспаған
ержүрек азаматтың бірі – Кейкі батыр. Оның
əдебиеттегі
бейнесі
Ғабит
Мүсіреповтің
«Амангелді» пьесасында Кете батыр болып
бейнеленген. Ал Мақан Жұмағұловтың «Қыран
қазасы қияда» кітабында жұмбақталып айтыл-
ды. Қарасөзде жасалған көркем бейнесі – Ақан
Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы еді.
Алайда, Кеңес заманында шыққан онда да аты
анық айтылмаған. Есімін ауызға алып, өмір
тарихын насихаттауға Кеңес одағы кезінде
тыйым салынғанымен, халық арасында оның
ерліктері жайында аңыз əңгіме көп. Негізінен
Кейкі – Нұрмағамбет
Көкембайұлының
бейнесі өз атымен анық айтылып, қанық бояу
дерегімен түгелденіп шыққан шығарма – Серік
Тұрғынбекұлының 2001 жылы жарық көрген
«Кейкі батыр» тарихи дастаны. Одан өзге де-
ректер əлі де «сараң сөйлеп» тұр. Қазақтың
қатпары қалың тарихы Кеңестік уақытта үлкен
редакциялауға ұшырап, Кейкі де Кенесары
сияқты нақақтан «жауыз», «бұзақы», «банды»
атанған еді.
Сол бір қым-қуыт, аумалы-төкпелі за-
манда қазақ ауылдарын ақтар келіп бір шап-
са, артынша қызылдар қырып кетіп жатты.
Кейкінің ауылы да қырқысқан екі жақтың
осындай қиянатын көп көрді. Ақтар ауылдың
кəрі-жасын «Бізге қарсы бас көтерген Кейкіні
тауып беріңдер!» деп бір сабаса, қызылдар
жағы «Халық жауы Кейкі қайда?» деп екінші
соққыны жасап кете беретін болған. Көнекөз
қариялар ақтардан гөрі қызылдардың қырғыны
жаман болғанын айтып отыратын. Себебі, ақтар
тек малды ғана алса, қызылдардың мақсаты –
жерді малдан да, жаннан да тазарту еді. Олар бір
ауылды түгелдей жермен-жексен етіп кететін
көрінеді. Сондықтан Кейкі батыр «қызыл», «ақ»
деп бөле-жармай, қазаққа нəубет əкелген жауға
қарсы күресіп өтті. Туған өлкесі Торғай даласын
жетік білетін жазушы Сабыржан Шүкірұлы ол
туралы былай деп жазды: «Атыс өнеріне əбден
жаттыққан аңшы Кейкі «қолмерген» атанған.
Көздемей, оңы-солы, алды-арты демей, атүсті
айқаста «желкесімен де көріп», жауынан бұрын
қимылдап үлгереді екен. Қызыл комиссар
Əліби Жангелдиннің ықпалымен большевик-
тер жағына шыққан бас сардар Амангелдіге
ермей, «Ақ орысың не, қызыл орысың не, сары
орыстың бəрі – орыс» деп азаттық деген жолдан
таймай, партизандыққа, Кеңеске қарсылық жа-
саушы топтарға қосылып жүріп, соңында жеке
қалған».
Иə, содан кейін ақыры соңына түскен
Кеңес жазалаушылары 1923 жылы Кейкіні
қапыда атып, басын кесіп алып, айы-күні то-
лып отырған əйелінің ішін жарып өлтірді. Бұл
туралы ақын Серік Тұрғынбекұлы: «Дерек-
тер жинау мақсатында Орынбордағы тарихи
мұрағаттарды төрт рет барып ақтарып, сон-
да Кейкінің ашылмаған қырлары, өмірінің
айтылмаған тұстары жайында тың деректерді
тауып қайттым. Атап айтқанда, олар – оның
қалай ұсталғаны, кім өлтіргені, басын кесіп
алып, «халық қорқып, үріксін» деп Торғайдың
орталық алаңына бір апта іліп қойғаны, кейін
сол кездегі астанамыз Орынборға апарылып,
сосын Санкт-Петерборға жөнелтілгені, т.б.
мəліметтер. Алдағы уақытта бұл деректер жаңа
кітабыма енетін болады» деп отыр.
Деректі нақтылай кетсек, батыр баба
бассүйегінің
Санкт-Петерборда
сақталған
нөмірі – 3383. Кесіп алынғаннан тура 93 жыл-
дан кейін, яғни 2016 жылдың 6 қазанында Ре-
сейден Қазақстанға жеткізілді. Оны Петер-
бордан ҚР Мемлекеттік орталық музейінің
директоры Нұрсан Əлімбай қабылдап əкеліп,
Астанадан Алматыға, одан арнайы контейнер-
* «Үркер»* №1* 2017
37
мен Венгрияның антропологиялық сараптама-
сына алып кетті. Бассүйектің барлық бөліктері
бар. Алайда, қандықол қызыл əскерлер əбден
мыжғылап, өтпейтін кетпенмен бірнеше рет
шапқан.
Бүгінде бар қазақ 2007 жылы салынып,
қаңырап бос тұрған батырдың кесенесіне
бассүйегі жеткізіліп, басқа зираттағы денесімен
бірге ақ жуып, арулап қоюды күтіп отыр. Ол
кесене Торғай өңіріндегі Амангелді ауданының
Жалаулы деген жерінде орналасқан.
Айтылмаған үш анық:
Біріншіден, Кейкі батырдың діни
сенімінің күштілігі – қанша қуғын-сүргін көрсе
де өле-өлгенше бес уақыт намазын, ораза-
сын қаза қылмай, Құран оқып, салауат айтып
жүретіндігімен түсіндіріледі.
Екіншіден, атыс-шабыс кезінде үнемі
қасында жүрген əйелі Ақыжан да мықты мерген
болған. Қазір Қыпшақ тайпасы ішіндегі Құлан
руы қоныстанған Торғайдың шағын ауылында
екеуінің де туыс-туғандары бар.
Үшіншіден, батырды орыстар Родник елді
мекенінде, менің шешемнің туған нағашысы
– Сүтемгеннің Жəкенінің үйінде жасырынып
жатқан жерінен тұтқындаған. Шешемнің айту-
ынша, атыс кезінде жаудың бір оғы Жəкеннің
жалғыз қызы Бижамалға тиген. Оған торғайлық
қаламгер Бөгетбай Əлмағамбетке сұхбат бер-
ген тарихшы Бердіхан Құсайыновтың мына
сөзі де дəлел: «...Кейкіні іздеп Торғайдан
отряд шыққан. Осы отряд Жалаулының
Жыланшыққа құятын сағасындағы Жəкеннің
үйінде Кейкі отырғанын біліп, қоршап алған.
Оқиғаның ішінде Жəкеннің 14 жасар қызы
Бижамал да болған. Бертінде, 1976 жылы 19
желтоқсан күні жасы егделеп қалған Бижамал
апайға жолығып, өзі куə болған оқиғаны ау-
зынан жазып алдым. Оқиғаның сорабы былай:
үйді жау қоршап алғанын біліп Кейкі терезе-
ден атысқан. Үй ішінде 5 бала болған. Соның
бірі – Бижамал. Жəне тұтқында екі орыс сол-
даты болған. Бір əредікте тұтқындағы қазақша
білетін орысқа Кейкі айтқан: «Аналарға айт,
атысты тоқтатсын, сөйлесейік» деген. Сөйлеуге
рұқсат алған орыс жақтастарына айғайлап:
«Мынаны біз атысып жатқанда есіктен итеріп
жібереміз, сақ болыңдар!» деген. Оны орысша
білмегендіктен Кейкі түсінбеген. Дəл осылай
болған. Кейкі оққа ұшқан. Аяғы ауыр əйелі
Ақыжан да атылған. Бірге жүрген жолдаста-
ры да өлген. Бижамалдың қолына оқ тиіп, тірі
қалған».
Еркеғали БЕЙСЕНОВ,
«Ана тілі» газетінің меншікті тілшісі
АСТАНА
Айтулылар айтқан сөз
Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды
үйреткісі келетін кісі уақытты босқа шығындайды.
Демокрит
Еркеғали БЕЙСЕНОВ
. «Көнені көңіл іздейді»
38
Сені іздеп жїрмін
Екі сыныптасым дарға асылды. Он
тоғызыншы ғасырда декабристерді дарға
асса, олар өздерін өздері мерт қылды. Əуелі
Көркембай өмірге ерегісіп, əкесіне қырын
қарады. Өзі есепке жүйрік еді, арифметикадан
бастап, алгебраны жаңғақша шағатын. Бала-
шаға, қыз-қырқынның есебін түгел шығарып
беріп, ешкімнің көңілін қалдырмайтын. Ол
өлгеннен кейін, шешесі бізді көрсе солқылдап,
бетін басып қоя беретін болды. «Əкесі құртты,
əкесі құртты ғой» дейтін еңіреп. Мұрны пұшық,
бет-аузы бұжыр-бұжыр қотыр əйел көріксіз
кейпін алақанымен түгел сүртіп, көшеде бізді
көрсе Көркембайды көргендей егіліп тұрып ала-
тын.
Сəмбі талдың астында таң алдында тілі
салбырап асылып тұр, дейді.
Əкесі Əбдуəлі сақал-шашы тікірейген
қатал адам еді. Он бес жасқа дейін бала
досымның елжіреген бейнесін көрдім, бірақ
əкесінің күлгенін бірде-бір рет көрмеппін.
Үйіне барғанда темір қышқаш – «кемпір ау-
ызбен» он баласының əрқайсысына бір түйір
набат қанттан қытымырлана қарап отырып
бөліп беретін. Ол үйде темірдей тəртіп еді, бір
айтулы заң өзінен өзі орындалып отыратын.
«Бүйткенше бір жаққа кеткенім жақсы» деген
сөзін естіпті дейді соңғы сөзіне құлақ түріп, куə
болғандар. Ол өзге десе өзегін суырып беретін.
ДАР
Көркембай əкесінің қытымырлығына шы-
дамады. Шөп орғанда да жастығына қарамай
жалынан сипатпайтын орақшы еді. Тірлік істесе
таза істейтін. Жұртқа жəрдем беруге келгенде
алдына жан салмайтын. Қауын асар мен күріш
отаққа барғанда ересектердің өзі Көркембайды
алға салатын, айтқанын орындап, кім болса да
соның ығына жығылатын. Ол жоғары сыныпта
облыс орталығына барып оқығысы да келіпті,
бірақ əкесі: «Облыста не əкеңнің ақысы қалды,
үйіңнен су шықты ма?!» деп зекіпті дейді. Əкесі
сақал-мұрты тікірейіп, адамға тура қарамайтын
біртүрлі қатал кісі. Қантты «кемпір-ауыз»
қышқашпен балдарына бір түйірлеп шағып
беретін. Балдар Көркембайға «Басмашының ба-
ласы» деп ат қойып алды. Сол кезде клубта бас-
машылар туралы кино көп болушы еді. Осының
бəрі сыныптасымның жанын сергелдеңге са-
лып, жүйке тамырларына əсер етсе керек.
Өлер күні сондай көңілді жүрді. Үш
бала пионерлік белсенді отрядтың мүшесі боп,
жалғыз басты Күлəй əжейдің қора-қопсысын
жөндеп, малына шөп орып бердік. Өзі бас боп
ерте тұрып, орылған шөпті суындап, баулап,
əжейдің қорасын шөпке толтырды. Соны көрген
«басмашы əке» долырып, баласына барынша
шаптығып, көгала қойдай ғып сабапты. Күзде
барсам деп армандаған облыс орталығындағы
мектеп-интернат – ол да жоқ. Болмаса сегізінші
Қуандық ТҮМЕНБАЙ
39
сыныптан кейін аудан орталығындағы кəсіптік-
техникалық училищеге түсіп, трактордан
бастап, сосын инженер болсам ба деп, жүрегі
дүрсілдейтін. Бəрі артта қалды. Сол күні үйге
түнемей, бозала таңда он бестегі қыршын
бала сəмбі талда тілі салақтап, көзі төмен сал-
бырап асылып тұр, дейді. Сүйекке кіргендер
«арқасында сау тамтық жоқ, бəрі көкала
қойдай», деп қатыгездіктің алдында тіл қата ал-
мапты.
Қызыл тілдер кендір жіпті сəмбі талдан
шешіп ала алмай жатқанда сыбырласып, біраз
жерге барыпты. Он бестегі Көркембай өмірге
өкпелеп кетті. Анасы бізді көргенде біраз өксіп
алатын. Ол кісі өмірден бертінде өтті. «Əкесінен
болды, əкесінен» деген сөзді ашып айта ал-
май өксіп-өксіп қоятын. Сол сөз өмір бойы тіл
ұшында қалды. Қара ағаштың биігінен өмірге
он бес-ақ рет қарап кеткен сыныптастың суреті
де көп емес екен. Аз суретті көбейтіп алып, еске
алу кешін өткізсек деген де ойымыз бар.
Екіншісі – Нұрахан. Ол тарихқа жүйрік,
есепке шорқақ болатын. Ұлы Отан соғысы
қай жылы басталып, Сталинград қай жылы
қоршауға алынды, фашист Паулюс қай жылы
тұтқындалып, тың қай жылы игерілді – солар-
мен бірге жүргендей жатқа айтатын. Тарихты
аңыз ғып айтатын да біреу керек қой. Гитлердің
«Фельдмаршыл Паулюс пен Сталиннің бала-
сын айырбастайық» деген аңызға айналған
сөзін дəл бір көріп тұрғандай ауыл шалдары-
на рахаттанып сыр ғып шертетін. «Қатардағы
жауынгерді фельдмаршалға айырбастамай-
мын» деген Сталиннің қатулы қабақпен шалт
бұрылып айтқан сөзін шалдардың алдында
қайталаған кезде Сыздық қожа: «Бірге жүрген-
ау деймін» деп, кеңк-кеңк күлетін. Сонда
Көркембай: «Дəл бір құда түсіп келгендей айту-
ын қарашы», – деп келеке қылатын. «Бұл да ке-
рек нəрсе ғой. Түбі екеуміз тарихта қаламыз» –
деп Нұрахан кеңкілдеп күліп, нұр жүзі адалдық
пен адамдықтың бейнесін айшықтайтын.
Өзі күлегеш еді, Көркембай сөйлеген сайын
Нұрахан кеңкілдеп, он екі мүшесі ашылып, ар
жағы көрініп тұратын.
Нұрахан əскерге кетерде күріш екті,
алғашқы жылы мол өнім алды. «Осыны
Көркембай көргенде ғой» деп, бір рет өз-
өзінен көңілі босап, көз жасын сығып алды.
«Көрінде еміреніп жатқан шығар, түнде түсімде
көрдім», – деді біртүрлі күй кешіп. Айналасы-
на айналсоқтап қараған сағынышы бар сияқты.
Еміренген жігіт ештеңе дей қоймады.
Əскерге шығарып салдық. Үш айдан
кейін Ауғанстанға атаныпты. Оның саяси
алғырлығын сезсе керек, үш ай саяси жағынан
шыңдап, сосын Ауғанстанға жіберіпті. Жат
жерден жолдаған хаттарында былай депті:
«Бір жетіден кейін Ауғанның Кабул қаласына
түсеміз. Бұл бір тарих қой», – деп қысқа жазы-
лыпты. – «Тіс жармаңдар» деп еді, саған ғана ай-
тып отырмын», – деп, ақ қағазға сыздықтатып
сыр ақтарыпты. Сонан бір жарым жыл хабар-
ошарсыз кетіп, оң қол, оң аяғынан айрылып, өз
елі – өз жерінің төбесінен тастапты. Өгейдің
аты – өгей. Балдақ сүйенген жарымжан бала-
сына өз елі ала көзбен қарап, кеңес заңы тер-
геуге алып, тазалығына көздері жеткесін ғана
күмəнмен сырттай көз салып, мүгедек жігітке
болмашы зейнетақы тағайындапты. «Есіңде
болсын, біз сені мұсылман баласы болғасын
ғана жаныңды сақтап отырмыз, ендігəрі бұлай
жат жерде жаманатқа барма, осыны еліңе ай-
тып бар» деген сөзді аудармашылар сөзбе-сөз
аударып беріпті. Сонда ғана əшкере болған
бір əділетке көз жеткізді, саяси сауаттымын
десе де, алданып жүрген өзінің балаң көңілін
байқады. Қасындағы əскерилерді көзінше жер
жастандырыпты. Қатыгездікте де бір əділет
бар. Бұл да тасқа басылған тарих қой. Гитлер де,
Сталин де, Кеңестік дəуірлердегілер де осының
көрінісін жасаған жоқ па? Кешегі 86-жылдың
ақиқатын да ашып айтар күн келер. Ауғаннан
келгесін тергеп-тексеріп, қушиған кеудесіне
Қуандық ТҮМЕНБАЙ
. «Дар»
40
3-дəрежелі марапаты бар медаль тақты. Темір
медаль қолы мен аяғын қайтып əкеле қоймады.
Бірақ, əкесінің көңілі мəз, біреудің алдын-
да мерейі үстем. Бұл болса, жат жерде қалған
қолы мен аяғына жалтақтап қарай береді. Əкесі
болса, «қабағыңды кіржитпей, еңсеңді тіктеп
жүр», дейді. Темір балдақты да тікұшақтан
лақтырып кетті. «Қолым мен аяғымнан артық
емес шығарсың» деп, парашютпен тік шаншы-
лып секірді. Қол-аяғын жат жерде қалдырса да,
туған жерге табаны тигенше балаң жүрегі ты-
ным таппады. Ол болса баласының мерейі мен
марапатын сүйеніш етіп, перзентінің жақсы
атын жамылғысы келді.
Балдақ сүйенген Нұрахан қазақшылық
салтымен құда түсіп, келіншек алды, бірақ
бала сүйе алмады. Таң алдында Сырдың сəмбі
талына кендір жіпті байлап, бір қол, бір аяғы
жерге салбырап, тілі салақтап асылып тұр
екен. Қызыл тілде айтылмай кеткен қаншама
арман қалды. Тілдей қағазға еміреніп ештеңе
жаза алмапты. Жұбайына арнап аманат сөз
қалдырыпты. «Сенің өміріңді қор қылдым-ау.
Бұл да бір тарих боп қалсын. Айып етпе» деген
сөзді ауылдағылар əліге дейін айтып жүр.
Ауылдың фельдшеріне бақилық болар-
дан бір күн бұрын асығып-аптығып барыпты.
«Осылай жүре берем бе?!» депті бір түрлі күй
кешіп. «Не сұрап тұрғанын білмедім, – дейді
кеңк-кеңк етіп кемсеңдеген келіншек. – Дəрі
сұрап тұрған шығар деп ойладым».
Ертеңіне сол күйі қара ағаштың көркін
бұзып, қол-басы денесінен қашқақтап, тілі
салақтап, тұлабойы созылып тұр, дейді.
Екі сыныптасым да солай тірі тарих, өлі
бейне боп қалды.
Осы күндері өзім де ойланып жүрмін.
Елім бар, тілім жоқ. Басқаларда, тіпті, бұлай
емес.
Өзбекке бір барып қайтамын. Мəскеуде
бірге оқыған досым бар еді, Тəшкенге барған
сайын бетімнен отым шығады. Олар өз елі – өз
жерінде аяқтарын алшаң басып жүреді.
Біз болсақ біртүрліміз. Бəрінің алдында
жүреміз де, бəрінің артында қаламыз.
Тілсіз өмір өмір ме?!
Перзентсіз өмір онан да жаман.
Көзіме кендір жіп көлеңдей береді.
Керек болса, кендір жіпті қырық ту-
рап, ағашты қопарып тастаймын. Оған шамам
жетеді.
Бəріне кінəлі өзіміз дедім ғой.
... Дарда екі дене салбырап тұр.
Достарымның денесі.
*«Үркер»*№1* 2017
Айтулылар айтқан сөз
Шәкірт болып көрмеген, ұстаз
болып жарытпайды.
Боэций
41
МЕНІҢ ДЕ ЖҮРЕГІМДЕ
ТЕРБЕЛДІ ЛЕҢ
Біздер үшін қуанған да,шарқ ұрған,
біздер үшін бар өмірі -жан құрбан.
Ең аяулы адамдардың есімін,
Ұмыт қылсам мен болайын антұрған.
Тəртібімен түзу тартып ескегін,
Көз алдымнан көрдім жылдар көшкенін.
Қарсы алғанмен ең арайлы таңдарды,
Қайта оралмай кетті аяулы кештерім.
Махаббат па?
Көзі- шаттық, өзі -мұң...
Қаншама жыл тауыспастан төзімін,
Ең алғашқы сол бір жанның ұсынған,
сақтап келем ең аяулы сезімін.
Ең аяулы есте қалған күндерім-
Жүректегі солмайтұғын гүлдерім.
Ескірмейтін естеліктер сендермен,
есім ауып кеткенімше біргемін...
***
Мен
Тауға барсам да,
Бауға барсам да бəрі-бəрінде
жүретін жолдың...
Сезіммен тылсым
Бөліскен сырды,
Корғайтын менің
Періштем сынды,
Сол жағымда өмір сүретiн болдың.
Көңілімді де,
өмірімді де
Жайнатар сенсің гүл өпкен арман.
Əн-жырымды да,
Тағдырымды да
Жап-жарық етер бір шырақ сенсің,
Жүректе жанған.
Жалған мұңым ба,
Калған гұмырда,
Сендегі сертпен байланған едім?
Тағдырдың өзі əсiлi мұңлы,
Кешірсін Алла асылығымды,
Мен сүйген арман-
Күннен де сұлу,Айдан да Керім!
Сөйлейтін Гүл...
Мен бір гүлді сүйіп келем,
Тұлабойы -тұнық АР.
Жангелді НЕМЕРЕБАЙ
1978 жылы 8 мамырда
Алматы облысында туған.
І.Жансүгіров
атындағы
Талдықорған
Мемлекеттік
университетінің түлегі. Республикалық бірнеше жыр
мүшəйраларының жүлдегері.
Поэзия
42
Өзімді де биік көрем,
Оның да өз шыңы бар.
Құшақтаймын төзімменен,
Күйретпей еш күлтесін.
Тамызған соң сезімменен,
Жүрегімнің білтесін.
Жапырағы жасыл мəңгі,
Айдай мүсін қияқты.
Сұлулығын жасырғанды,
Қалайтын да сияқты.
Мен сол гүлді сүйіп жүрмін,
Гүл болса да ұғынар.
Кейіпкері киік жырдың,
Сөйлейтұғын тілі бар...
Достарыңызбен бөлісу: |