Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата15.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#9910
1   2   3   4   5   6

ҚАУІПСІЗ ҚАЗАҚСТАН 

ЖОЛЫНДАҒЫ 

СЫРТҚЫ  САЯСАТ 

Бүгінде 


Қазақстан 

халықаралық 

қатынастарға  ерекше  динамикалы  жəне  кең 

түрде  араласуда.  Көпжақты  жəне  екіжақты 

халықаралық  қатынастарымыз  қарқынды  да-

мып,  халықаралық  қызметіміздің  құқықтық 

негіздері 

қалыптастырылуда. 

Қазақстан 

əлемнің  барлық  прогрессивті  елдерімен  жəне 

күшті  орталықтарымен  байланысын  дамы-

тып  жатыр.  Ұлттық  мүддені  көрсетудің, 

азаматтарымыздың  құқықтарын  қорғаудың 

жəне  отандастарымызды  біріктірудің  барлық 

жақсы жағдайлары жасалып жатыр. 

Үнемі назарда болатын мəселелер:

–  Қауіпсіздіктің  сыртқы  компоненттерін 

күшейту;


–  Халықаралық саяси жəне экономикалық 

қатынастар шеңберін кеңейту;

–  Қазақстанның  Ресей  Федерациясымен 

одақтық стратегиялық серіктестігін дамыту;

– Америка Құрама Штаттарымен достық 

серіктестік қатынасты дамыту жəне кеңейту;

–  Еуроодақпен  серіктестік  саясатын 

жалғастыру  жəне  еуропалық  елдермен  қарым-

қатынастарды ары қарай нығайту;

– 

Көршілес 



елдер – Өзбекстан, 

Қытай,  Қырғызстан  жəне  Түркіменстанмен 

қатынастарымызды үздіксіз дамыту;

–  Иран,  Үндістан,  Жапония  жəне  басқа 

да  достық  қарым-қатынастағы  елдермен 

серіктестігімізді  кеңейту.  БҰҰ  кеңістігіндегі 

интеграциялық  үрдістерге  белсенді  қатысуды 

жалғастыру,  БҰҰ  елдерімен  дəстүрлі  қарым-

қатынас пен серіктестікті тереңдету;

– 

Араб 



елдерімен 

байланыстарды 

қамтамасыз ету.

Əлемнің 


барлық 

елдеріндегі 

ҚР 

азаматтарының  қорғалу  мəселелеріне  көп 



көңіл бөлінетін болады. Басты назарға сыртқы 

əлеммен 


байланыстыратын 

транспорттық 

маршруттар,  энергия  тасымалдаушы  транс-

портировка  құралдарының  эксплуатациясы, 

сыртқы  сауда  жағдайлары,  сыртқы  инвести-

цияларды,  жаңа  нарықтарды  іздеу  мен  осы 

нарықтарға  отандық  өнімді  тарту  мен  өткізу, 

жаңа технологиялар енгізу алынады.



ДИАСПОРАДАҒЫ 

БАУЫРЛАРЫМЫЗБЕН БІРГЕ 

ИГІ ҚАЗАҚСТАНҒА!

Соңғы 


жылдары 

Диаспорадағы 

серіктестік 

байланыстар 

жаңа 

деңгейге 



көтерілді.  Əлемдегі  барлық  қазақтардың 

бірлескен  потенциалы,  ынтымақтастығы  мен 

серіктестігінің  мыңдаған  мысалдары  біздің 

бəсекелік артықшылықтарымызды арттырды. 

  Жақын  арадағы  жылдары  Қазақстан 

мен  Диаспора  серіктестігінің  жаңа  фор-

маты 

жасалады. 



Оның 

басымдылығы 

– 

Диаспора 



жастарының 

шəкіртақысын 

жоғарылату,  Диаспора  оқу  орындарымен  бай-

ланыс  бағдарламаларын  кеңейту,  қазақтану 

облысындағы  біріккен  ғылыми  зерттеулерді 

жүргізу.


Қазақстанға  оралушы  отандастарымыз 

үшін барлық мүмкін жағдайлар жасалуы қажет.



ƏДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН

«Əділетті  мемлекет» - азаматтармен 

бірігіп  маңызды  мəселелерді  талқылау  жəне 

əділ  шешімдер  қабылдау.  Əділетті  мемлекет 

саяси,  экономикалық,  мəдени  өмірге  кепілдік 

бере  отырып,  бəсекені  қамтамасыз  етуге  жəне 

ынталандыруға,  осал  əлеуметтік  топтарды 

Рүстем ДОСЫМҚҰЛОВ. «Біз  – мемлекет құрушы ұрпақпыз 

 

 

 

          əрқайсымыз Қазақстанның тарихымыз»


10

қорғауға, жемқорлықты мақсатты жəне жүйелі 

əрекеттермен тоқтатуға міндетті.

Əділеттілікті  қамтамасыз  ету  барлық 

мемлекеттік басқару органдары жəне жергілікті 

басқару  органдарының  міндеті  ғана  емес, 

соттардың негізгі қызметі болып саналады. Сот-

тар  азаматтардың  мүдделерін  қорғай  отырып, 

осы  бағыттағы  басқа  органдардың  қызметін 

ынталандырады.  Сол  кезде  ғана  сот  əділдігіне 

сенім артады.

Əкімшілік  органдарда,  əкімшілік  өндіріс 

шеңберінде  адам  құқықтарын  қорғауға  үлкен 

мəн берілетін болады.

Мемлекеттік  жəне  жергілікті  басқару 

органдарының жүйесі өз бағытталуына сай бола 

отырып, құқықтардың қастандықтан қорғалуын 

қамтамасыз 

етуі 

қажет. 


Азаматтардың 

қауіпсіздігі  мен  еркіндігі  басымдылыққа  алы-

на отырып, мемлекеттік орргандардың қызметі 

қоғамда келісім мен əділеттілікті орнатуға əсер 

етуі керек.

Қылмыстық  сот  ісін  жүргізу  филосо-

фиясы  қайта  қаралатын  болады.  Азаматтар 

қылмыстық істер бойынша заңды құқықтарын 

қорғауға  жаңа  мүмкіндіктер  алып,  құқық 

қорғау  органдары  қылмыспен  күреске  қажетті 

заманауи құқықтық құралдарға ие болады.

ҚАМСЫЗ ОТБАСЫ – 

ЖҰМЫС ЖƏНЕ ЛАЙЫҚТЫ 

ТАБЫС

Қазақстанның  экономикалық  дамуы  са-

палы  жаңа  өндіріске,  отандық  өндіруші  мен 

экспортерге  қолайлы  жағдайды  қамтамасыз 

етуге, елде еркін экономикалық аймақ құруға, 

ықпалды  сыртқы  инвестицияларды  тартуға 

жəне  іскерлік  ортаны  жетілдірудің  саяси 

жүйесіне бет алды.

Бұл  жерде  саналы  нарықтық  реттеу 

мемлекеттің  нақты  секторға  тиімді  араласуы-

мен  бірігіп,  алғаш  рет  белсенді  экономикалық 

саясат  дамуға  бағытталған  негізгі  жұмыс 

стиліне айналады.

Даму  саясатының  басты  мақсаты  болып 

орта  жəне  жоғары  біліктілікті  талап  ететін 

жұмыс  орындарының  ашылуы,  экономикада 

өнімділіктің жоғарылауы саналады.

Өндірістік  саясат  белсенді  іске  асырылу 

сатысына аяқ басты. Елдің өндірістік дамуының 

өзегі – бəсекеге  қабілетті  технологиялар 

қолданатын  жəне  инновациялық  нəтижелерге 

жететін салалар.

Осы  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  өндіріс 

пен өткізудің жаһандық құндылық тізбегіндегі 

Қазақстанның  маңызын  арттыруға  əсер  ететін 

батыл  жобаларды  іске  асыруымыз  қажет. 

Отандық экспорттық бағытталған экономикаға 

əсер ететін бастапқы құралдар – беделді фирма-

ларды  тарту,  еркін  экономикалық  аймақтарды 

тиімді  пайдалану,  халықаралық  нарықтардағы 

қазақстандық тауарлардың танылуы мен беделін 

жоғарылату шараларын жүргізу. Бағдарламалар 

мен жобаларды іске асырудың барлық сатыла-

рында жеке секторды серіктесіміз ретінде санау 

принципін  негізге  алатын  боламыз.  Аталған 

шаралар  мен  бастамалардың  мақсаты – жаңа 

кепілдендірілген жұмыс орындарын ашу.

Əлемдік  нарықта  жоғары  өнімді  жəне 

бəсекеге 

қабілетті 

экономика 

құрудың 


алғышарттарының 

бірі – халықаралық 

экономикалық  интеграцияны  тереңдетуді  ын-

таландыратын механизмдерді қолдану. 

Бүгінгі 

таңда 


біздің 

еліміздің 

тағдыры  біздің  ұлттық  сана  сезімімізге, 

отаншылдығымызға,  болашаққа  сенімге  бай-

ланысты.  Біз  Отан  үшін  аянбай  еңбек  етуіміз 

керек  деп  білемін.  Сенбеушілікке  берілбей, 

керісінше  жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл  деген-

дей,  мүмкіндіктерімізді  біріктіріп  батыл  алға 

жылжуымыз керек. Сонда жеңіске жетеміз!

 *«Үркер»*№12017


11

Манарбек ҚЫДЫРБАЙ

Астана  қаласындағы  Қазақ 

ұлттық  өнер  университетінің 

3-курс  студенті.  Өлеңдері  жур-

налымызда  алғаш  жарияланып 

отыр. 


САРҚЫЛМАС САБЫР 

МЕН БАҚЫТ БЕР

Өзіңді ізде

Жасыл жаз - марқұм,

Сары күз -  алтын.

Теңдессіз тарту,

Əр минут, əр күн.

Көгілдір - аспан,

Ақ бұлттар – дастан.

Қыс келе жатыр,

Адымдап басқан.

Қоңыр көз - ару,

Қара сөз - қару.

Қураған гүлдер,

Сезімге зəру.

Аппақ қар -  көңіл,

Мамықтан жеңіл.

Қара жер үсті,

Қара дақ  - өмір.

Өледі күз де,

Өлесіз сіз де.

Сол кезде серік,

Жырлайды жїрек

Ақ кебін бізге.

Өзіңді өзің,

Өмірден ізде...

***

Тағы да бір жанып бітті шырпы күн,



Түн мен бояп күннің қызыл кірпігін.

Мен отырмын иек сүйеп іңірге,

Жамай алмай көңілімнің жыртығын.

Өзгелерден тұру үшін биік тым,

Ақ қағазға аппақ өлең ұйыттым.

Сынық айдың сəулесіне шомылып,

Қара түннің қабағынан күй ұқтым.

Жетелейді биіктерге өр екпін,

Кешегіден бүгін сəл-пəл бөлекпін.

Мен əлемге болсам-дағы керексіз,

Өлең маған, мен өлеңге керекпін...

САРЫ ҚЫЗ

Сары қыз!

Сарғалдақ сезімдей гүл атқан, 


12

 *«Үркер»*№12017

Күлгені аумайтын бұлақтан.

Сары қыз...

Не түйдік осынау шақтардан, 

Ниеттер ақ болсын ақ қардан.

Сары қыз...

Сөнбесін шаттығың санаңнан, 

Айналдым ақ жүрек анаңнан. 

Сары қыз....

Кірлемей жүре бер тұнығың,

Сəбиден аумайды қылығың.

Сары қыз...

Жамалың жұп- жұмсақ мақтадай,

Жырламай жүрмекпін, ах, қалай?

Сары қыз. ..

Бейкүнə сүйкімді балапан ,

Күлімдеп атса ғой жаңа таң.

Сары қыз...

Санамда сəн болып сақталдың, 

Сырымды тек саған ақтардым.

Сары қыз...

Бұл өмір өткінші елес қой,

Жұлдызда мəңгілік емес қой. 

Сары қыз...

Біздерде кетерміз келмеске, 

Ештеңе қалмайды- ау сонда есте.

Сары қыз...

Тек сонда қалады, бақта мұң, 

Сарғайған жапырақ хаттарым.

Сары қыз…

Мұңайып, қайтеміз қамығып, 

Қауышар күн тусын сағынып.

Сары қыз...

Өлеңмен кеттім ау кестелеп,

Негізі ағаңа ес керек!

Сары қыз...

Өмірдің мəні не білмедім, 

Əлемді тербейді күлгенің...

Күліп жүрші!

Түс көргім келеді...

Өзіңе қол созған үмітпен,

Періште сезімді жылаттың.

Жүрсеңде басқамен күліп сен, 

Мен сені сонда да ұнаттым.

Жүректің түндігін түріп кең,

Басқаның бағында гүл аттың.

Қайырылмай кетер деп біліп пе ем,

Орнатып көңілге бұлақ мұң.

Ып-ыстық жалындай сезіммен,

Бұрқанып теңіздей тасынам.

Құшқым кеп болаттай төзіммен,

Мың мəрте оқталып басылам.

Сыр ұғып қарақат көзіңнен,

Мен саған жетуге асығам.

Өңімде тілдеспей өзіңмен,

Түсімде мойныңа асылам.

Қиялдың көлінде табысып,

Аршын төс аққудай мүсінмен.

Тəп-тəтті ерніңнен бал ішіп,

Тек сені көремін түсімнен.

Таң ата тəтті түс ауысып,

Кететін құр елес пішінмен.

Тағы да мұңыммен қауышып,

Оянам сені аңсап ішімнен.

Түбі бір мен саған ұнармын,

Айым деп, күнім деп еркелеп.

Бүгін де көретін шығармын...

...Құрысын жатайын ертерек.

 ...Түс көргім келеді!

***

Сан күдікпен сарғайып сағынышым,



Мұң аймалап барады жанып ішім.

Қара түнге қауырсын малып алып,

Өлең жазып отырам бағым үшін.

Көңіл мұңлы, көз ояу сілкінеді,

Ұйқымды ұрлап алғандай түн түнегі.

Құлын бейнең келеді елес болып, 

Періште боп келерсің мүмкін енді...

***


Ешқандай жігітке қарама,

Көз тігіп жүрмесін көркіңе.

Мың қыздан өзіңді даралап,

Қоймады бір сезім еркіме.

Жырлаған жырларым күні-түн,


13

Манарбек ҚЫДЫРБАЙ. «Сарқылмас сабыр мен бақыт бер»

Өзіңмен тым асқақ еңселі.

О, менің үлпілдек үмітім,

Үркітіп алдым ба мен сені.

Мен үшін мəңгілік жұмбақсың,

Еш пенде шешімін таппаған.

Сезімім сен жайлы үн қатсын,

Таңдар да тағатсыз атпаған.

Жанарым жасынан гүл еккем,

Жадымда жайқалып тұрсын деп.

Мен сені сүйемін жүрекпен,

Тым жиі соғатын дүрсілдеп.

Еліктей елеңдеп тұр едің,

Соңғы рет көргенде жүзіңді. 

Жанарда жайқалған нұр едің, 

Ал бүгін шық болып үзілдің.

Мөп-мөлдір сəуледей шықтағы,

Келбетің елес боп жаңғырды.

Сол бір кез ойымнан шықпады,

Қайдасың періштем таң нұрлы?



Көктем түні

Көктем түні төбемде ай қарайды,

Балғын талды пəк самал аймалайды.

Саумал желге желпініп құшақ жайған,

Сыңғыр судан ақ сағым тайғанайды.

Көктем түні жұлдызбен сырласамын,

Түрлі-түрлі қиялмен қырды асамын.

Көркем мінез келбетті қызға деген,

Сағынышым мəңгілік тынбас əнім.

Көктем түні даламды тербетуде,

Гүлдер билеп шақ қалған ер жетуге.

Жалғызсырап отырмын қона алмаған,

Сыңар аққу секілді көл бетіне.

Көктем түні сыйлашы маған бақыт,

Ауыр ойлар кетпейді санамда түк.

Жырлар жазып кетейін аспаныма,

Өмірімді кетпе-ші тəмамдатып!

****


Қақ жарып қап -қара түнекті,

Ақ сəуле сезімім дір етті.

Кенеттен кездескен керім қыз,

Жүректің дүрсілін үдетті.

Қиғаш қас, кер марал қылықтым,

Сыйладың жаныма тұнық мұң.

Еріксіз еліткен бейнеден,

Сұлулық сиқырын шын ұқтым.

Қарақат көздері күлімдеп,

Жапырақ кеудемді тілімдеп.

Елесі келгенде еркелеп,

Тып -тыныш түн ұйқым бүлінбек.

Ажары ақ мамық, ай маңдай,

Көркіне кім шыдар байланбай.

Жүрсе екен аман-сау аппағым,

Мөп-мөлдір тұнығы лайланбай!

***

Арманым ақша бұлттай биік қашқан,



Жынды жел көктем қызды сүйіп қашқан.

Келер күн бұлдыр-бұлдыр сағым сынды,

Қос сызық ақ пен қара иықтасқан.

Ақ сызық адалдықты арқалаған,

Шер мұңым ақ қағазсыз тарқамаған.

Жамылып ақтың атын арамзалар,

Сыртынан жазықсыздың балталаған.

Түнерді қара түндей бар айналам,

Əн салып ақ түс көрсем арайланам.

Келемін қара жолмен сайран салып,

Ақпын деп АЛЛА алдына қалай барам?

Жайнамаз үстіндегі күбір

Тып-тыныш меңіреу қара Түн,

Аппақ қар.Сап-салқын дала тым.

Жайнамаз үстіне жайғастым,

Жол іздеп жəннəтқа баратын.

Тылсымға сіңемін түнектен,

Жүрекке иманнан гүл еккен.


14

Қауырсын қаламның ұшында,

Жапырақ жан тəнім дір еткен.

Мүбарак дұғаны тыныс қып,

Қорғасын көңілді күміс қып.

Алладан ақ тілек тіледім,

Нұрына бөленіп тым ыстық.

Азанмен аластап құлақты,

Армандап ақ үміт жұмақты.

Қол жайған пендеңе жаратқан,

Жеңіл ет бес күндік сынақты.

Кəлима басқарсын тілімді,

Шуақты ет күнім мен түнімді.

Құлшылық етейін шынайы,

Құраннан үйреніп ілімді.

Салауат айтайын сөзіммен,

Ғаламат қызғалдақ сезіммен.

Мінəжат үстінде арман жоқ

Жас тамса жазықты көзімнен.

Нəпсінің құлы боп тойғандар,

Түп-түзу жолынан тайғандар,

Жүрсін деп сап кеткен сара жол,

Ең соңғы Мұхамед пайғамбар.

Сол жолмен жүрейін сүрінбей,

Сырғуда сынап күн білінбей.

Құлшылық үстінде күбірлеп,

Əр таңым атса екен күлімдей.

Аулақ қыл арамнан ойымды,

Онсызда шайтаным тойынды.

Сахаба сияқты сабырлы,

Пəк мінез билесін бойымды.

Сақтағай əкем мен анамды,

Інім мен қарындас, ағамды.

Бар ғалам бас исін мойындап,

Өзіңдей ең ұлы қағанды.

Түсуден қорқамын тозаққа,

Малшынып шайтани мазаққа.

Сарқылмас сабыр мен бақыт бер,

Тəңірге табынған қазаққа!?

Үстінде жүргенде  жұмыр жер,

Өзіңе сиынар ғұмыр бер.

Бəрібір адасқан достарым...

...Жемейтін жемісті жұлып жер.

Олар да ағайын бауырым,

Артпағай азаптың ауырын.

...Дінсіздің салтынан сақтағай,

Үдеткен ғаламның дауылын?!

Жалғанның сағаты тықылдап,

Тұрғанда кім қашып құтылмақ.

Жарлығы келгенде тəңірдің,

Бəрі де бақиға жұтылмақ...

Жүректі жібітіп тоң қатқан,

Санамда кəусар үн толғатқан.

О, АЛЛАМ кеше көр біздерді,

Теңіздей күнаға мол батқан?!

***


Көмейіме кептеліп қысылды өлең,

Елең етіп ешкім де түсінбеген.

Қарашықтан қара өлең тамшылатып,

Ақ қағазбен қаламның ұшында өлем.

Мұң шерімді жауқазын дала тыңда, 

Шабыт төккен байтағым сан ақынға.

Жыр өлшемі өлмейтін өр мінезді,

Қалықтаған қыранның қанатында.

Жүрегімнің бір сыр бар дүрсілінде,

Көзім күліп көңілім күрсінуде.

Толғатады бір өлен əр күн сайын,

Ақ қайың мен жас талдың бүршігінде.

Бір өлеңім бозторғай шырылында,

Бір өлеңім теңіздің тұнығында.

Мен үшін мəңгі бақи бітпес өлең,

Айдай əсем арудың бұрымында.

Көңілімнің көркейтіп делебесін,

Елемесе ел мейлі, елемесін.

Алла жазса əкелем жасын сынды,

Өлкесіне өнердің бөлек есім!



 *«Үркер»*№12017

15

БАСҚАНЫҢ ТҮТІНІН 

ТҮТЕТКЕН 

ҚАРАКӨЗДЕР...

«Дүнгендер 

мұсылман 

болғанмен 

қытайға  қыз  беріп,  қыз  ала  беретін  ұлт.  Дəуір 

бір  аунаса,  мұсылмандығын  ұмытуға  да  шақ 

тұрған  халық.  Мына  қыз  енді  соның  етегінен 

ұстамақшы. 

Басқанаың 

түтінін 


түтетіп, 

ұрпағын  жалғастырмақ.  Не  істемек  керек?»,- 

дейді  Есболат Айдабосын өзінің «Тибет аруы» 

əңгімесінде.  Бірі қытаймен, бірі түрікпен, бірі 

орыспен, бірі американдықпен  отбасын құрып 

жатқан  қазақтың  қаракөз  қыздарының  қатары 

толығып  келеді,  бүгінде.  Қазақтың  апталдай 

азаматтарын  місе  тұтпайды  қазіргі  бойжет-

кендер. «Жиен  ел  болмас,  желке  ас  болмас».   

Алайда,  жігіттеріміздің  арасында  өзге  ұлттың 

қызын алу сəнге айналып тұрғанда, өзгесіне не 

дей  аласың?Аралас  неке  құру  кейінгі  кездері 

халықтың  арасына  талқыға  түсіп  жүрген  ба-

сты  мəселелердің  бірі.  Шариғат  бойынша  

мұсылман жігітіне християн мен яхудей (еврей) 

қыздарын ислам дінін қабылдатса жар ретінде 

алуға  рұқсат  етілген.  Ал,  мұсылман  қызына 

өзге ұлттың еріне тұрмысқа шығуына болмай-

ды.  Мəселен  Алаш  арыстарының    бірі  Ахмет 

Байтұрсынов – өзінің  жары  Бəдрисафа  (Лақап 

аты) жайында:

Сұрасаңыз  есімі Александра Иванова,

Ризамын құдайдың оны маған қиғанына. 

Бір  кəпірді  мұсылман  қылып  сауап  тап-

сам,

Тұрмай ма он молданың иманына.



-дейді.Осы  сияқты  өзге  ұлттан  əйел 

алған  зиялылар  қатарын – Мұхтар  Əуезов, 

Əлихан  Бөкейханов,  Жүсіпбек  Аймауытов, 

Қаныш  Сəтбаев  сынды    тұғырлы  тұлғалар 

толықтырады.Статистикалық 

мəліметтерге 

сүйенетін болсақ 2011 жылы 25669 нек тіркелсе 

2015  жылдың  ескптері  бойынша 27649 аралас 

отбасы  пайда  болған.   Біздің  мемлекетімізде 

некенің бұл түріне қарсы заң қарастырылмаған. 

Сондықтан  болар    аралас  некеден  туған 

балалардың саны да күрт өсіп келеді.Солардың 

бірі Алина Қожабекова есімді жасөспірім. Оның 

əкесі – қазақ, шешеші- кəріс. 

«Менің жасым он жетіден асты. Мектепті 

Айтарым бар



16

 *«Үркер»*№12017

қазақ тілінде бітірсем де, ес білгелі кəріс тілін 

қоса оқимын. Бірақ, біздің отбасымызда екі тілде 

де сөйлемейді, көбінше орыс тілін қолданамыз. 

Ата-анамның екі дін өкілі, екі түрлі ұлттың ада-

мы болғаны мені қатты қинайды. Бала күнімде 

оған аса мəн бере қоймайтынмын. Дегенмен, өсе 

келе ата-анамның менің болашағым жайындағы 

жанжалдары  осы  мəслеге  ойлантуға  мəжбүр 

еттті . Анам өзінің туған жеріне қайтадан көшіп 

кеткісі келеді, ал əкем оған мүлдем қарсы. Екеуі 

екі  жақтап  өз  салт-дəстүрлерін,  тіл,діндерін, 

сал-жоралғыларын үйретіп дал қылады. Біздің 

үйде  екі  ұлттың  да  екі  діннің  де  мерекелері 

тойланып,  ғұрыптары  орындалады.  Нақты 

біреуіне  көшейін  десем  əкемнің  де,  анамның 

да  көңілін  қимаймын.  Мен  балаларыма  не 

үйретемін  деп  көп  алаңдаймын?  Мен  кіммін 

өзі? Деген сұратқтарда жиі мазалап жүр.»,- деп 

назын  білдіріп  отыр.  Ал    Бауыржан    Егоров 

үшін  ата-анасының ұстанатын діні де, екеуінің 

ұлты да маңызды емес. Ол тіпті метис болғаны 

үшін қуанады. Өзінің айтуынша аралас некеден 

туған  балалар  сымбатты  əрі  өте  ақылды  бола-

ды. Алла біреу тек оған сенудің екі түрлі ағымы 

бар. Барлық адамдар бірдей, ал екі дін, екі ұлт 

деген бір мекемеге əртүрлі екі есіктен кіру ғана.

Алина  мен  Бауыржанның  мəселесінен 

бөлек,  қытайдағы  қандасымыздың  басы-

нан  өткен  мына  оқиғасы    тіптен  жаныңды 

түршіктіреді.  Қытай  қызын  өзіне  жар  етіп 

алған  қазақтың  азаматы  көп  ұзамай  одан 

бала  сүйеді.  Алайда,  тағдырдың  жазымышы 

шығар  ол  нəресте  көп  ұзамай  шетінеп  кет-

кен.  Қандасымыз  баласын  шариғатпен  жер 

қойнына тапсырмақшы болады, дегенмен əйелі 

оған  келіспей  баласын  өртеймін  деп  шешім 

қабылдаған.  Ерлі  –зайыптылардың  арасында 

туған  жан-жалдан  кейін  екеуі  сотқа  жүгініп, 

бала  анасына  тапсырылып , қазақтың    бала-

сын өртеп тастаған екен. Жалпы шетел азамат-

тарына  тұрмысқа  шыққан  қазақ    қыздарынан 

келетін  қауіп  жөнінде  Мұхтар  Шаханов  жер 

комиссиясының  отырысында  атап  өткен  бола-

тын.  Дəл  осы  тұрғыда  шетел  азаматшаларын 

жар  қып  алған  қазақ  жігіттері  де  ел  ертеңіне 

едəуір əсерін тигізері хақ.

Ата-ана – баланың  бас  ұстазы.  Олардың 

тəрбиесі – бала  мінезінің  іргетасы.  Себебі, 

əке-шеше – баланың  бағыт  алар  шамшырағы 

іспеттес.  Ал  екі    тілде  сөйлеп,  əртүрлі  дін 

ұстанатын,  екі  арнадағы  адамдар  балаларына 

бағыттаушы  бағдаршам  бола  ала    ма?  Қазақта 

«Текті»  деген  сөз  бар.  Кез  келген  адам  баласы 

тегіне қанына тартпай болмайды, ал қаны ара-

лас бала дүбəрə ұрпақ болмағанда кім болады?



Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

17

Жанар ОРАЗЫМБЕТ

1971  жылы  Алматы  облысы,  Райым-

бек  ауданында  туған.  Əл-Фараби  атындағы 

Қазақ  Ұлттық  университеті  Журналистика 

факультетінің түлегі. 

Бүгінде    Қазақ  радиосында  қызмет 

атқарады. 

ҚОНАЕВ БЕРГЕН 

ҚОС АЛМА

1992-ші  жылдың  желтоқсан  айының 

дəл  осындай  ызғарлы  күндері  болатын. 

Есімде  қалғаны 16-желтоқсанға  жақындап 

қалған кез еді.. Ол кезде студентпін. Онымен 

қоймай «АЗиЯ» деген апталық газетте жұмыс 

істеймін. Саясат пен экономика тақырыбы Ар-

ман  Сқабылұлы  ағамның  еншісінде,  əдебиет 

мəселесін со салаға бір табан жақын болғасын 

Əубəкір  аға  Смаилов  қаузап  жүретін.  Ал, 

əнші,  биші,  күйші,  емші  дегеннің  бəрі  ту-

ралы  жазу - менің  еншімдегі  тірлік  еді.  Бір 

күні  «Правданың»  Қазақстандағы  тілшісі 

Тілеужан  деген  кісі  «Сені  Дінмұхаммед 

Қонаев  ақсақалдың  жеке  дəрігерімен  таны-

стырсам, жазасың ба?» деді. Мен «Жазайын» 

дедім.  Межеленген  уақытта  бардым.  Таны-

стым.  Ұзын  бойлы,  еңгезердей  ұйғыр  кісі 

екен. 60-қа  келмесе  де  сол  кезде 50-дің  мол 

ішіндегі адам болатын. Шығыс медицинасын 

меңгерген  жан  екен.  Ол  Димаш  атамызбен 

əкелерінің  «тамыр»  болғанын,  Димекеңнің 

арқасында  Қытайдан  келіп,  медициналық 

оқу  орнын  Мəскеуде  тəмамдағанын  айт-

ты. (Дəл  қазір  аты-жөнінің  кім  екенін  есіме 

түсіре алмай отырмын. Бірақ ескі газеттердегі 

мақалаларым  үйде  бір  жерде  сақтаулы  тұр.) 

Қарап  отырмай  «Егер  Димаш  атамызбен 

кездесіп,  сіз  туралы  пікірін  жазып  алсам 

ғажап болар еді» деген тілегімді де жеткіздім. 

«Онда Димекеңе хабарласайын» деп телефон 

соғып еді, Ол кісі «Келсін» депті. Алдымыз-

дан қазақша тақия киген бір жас жігіт шығып, 

қарсы алды. Күзетші тұрмақ cол жерден өзге 

бөтен  адам  көргем  жоқ.  Ал  ол  кісінің  үйін 

қазіргі  жай  ғана  əкім-қаралардың  хан  сарай-

ымен мүлде салыстыруға келмес еді. Димаш 

атамыз  бізді  өзінің  жұмыс  бөлмесінде  күтіп 

алды.  Өзі  орнынан  тұрып  келіп,  қолымды 

Тірілермен тірімін 



18

алып амандасты. Не деген қарапайымдылық, 

не  деген  мəдениет  десеңізші?!  Əйтпесе  ол 

кісі өзі алдымнан шығып, қарсы алып, аман-

дасатындай  мен  кіммін?!  Қазір  жай  ғана  бір 

компанияның  басшысының  кабинетіне  кіріп 

көріңізші... Жарайды. Əңгіме ол жайлы емес. 

Қонаев атамыздың сол кейпі əлі күнге дейін 

көз алдымда. Үстінде тор-тор жейдесі, үлкен-

үлкен үш түймесі бар қоңыр жемпірі бар бо-

латын.  Сұңғақ  бойлы  кісі  екен.  Көзі  сондай 

нұрлы  көрінді.  Сұңғақ  бойлы  демекші  əлгі 

дəрігер  кісі  «Димекең  Малайзияға  барғанда 

ондағы  жұрт  «Қазақтар  сіз  сияқты  бойшаң 

халық  па?»  деп  сұрағанда  «Ең  кішкентайы 

менмін!»  деп  жауап  беріп,  таң-тамаша  ет-

кен  еді»  деп  айтқан  болатын.  Осыған  ұқсас 

əңгімені  Қаныш  Сəтпаев  ағамыз  айтыпты 

дегенді  кейін  естіп  жүрміз  ғой.  Ол  кісі  де 

еңселі адам болса керек. «Менің халқым ме-

нен де биік» депті ғой. Барған мəселем бойын-

ша  пікірін  айтты.  Мен  ақырын  сурытпақтап 

ананы-мынаны  сұрай  бастадым.  Кезек 

Желтоқсан оқиғасына да келіп тірелді. Бірақ 

Қонаев ақсақал ол туралы мардымды ештеңе 

айта  қойған  жоқ.  Бұл  тақырып  тұрғысында 

сөз қозғауға онша құлықты боп отырмағанын 

түсіне  қойдым.  Мүмкін  оның  белгілі  бір 

себептері  де  болған  шығар,  кім  білсін?!  Бір 

қызығы менің ол кісіге қойған сауалдарымнан 

гөрі ол кісінің өзінің маған қойған сұрақтары 

көп болды. Мынандай диалог əлі күнге дейін 

сөзбе-сөз есімде: 

 *«Үркер»*№12017


19

-Балам, қай ауылдың баласысың?

-Нарынқолданмын, ата.

-Аааа,  Албанның  қызы  болдың  ғой 

онда.

- Нарынқолдың қай жерінен?



-Сарыбастаудан

-Аааа, Ленин колхозынан, Əшімбаевтың 

аулынан екенсің ғой.

(Өзі 


хатшы 

боп 


тұрған 

кезде 


шаруашылықты басқарған Социалистік Еңбек 

Ері Нүсіпбек Əшімбаев деген кісі болған) 

-Айтсың 

ба, 


Құрмансың 

ба, 


Қызылбөріксің бе?

Мəссаған!  Мына  кісі  менің  алақандай 

ғана ауылымда қандай рулардың тұратынын 

да біледі екен! 

-Сендердің ауылдарыңда өзге еш өңірде 

жоқ  клуб  бар  еді  ғой.  Ол  драмтеатрдың 

үлгісімен  салынған  кезінде.  Ат  шаптырым 

аумағы  бар  стадион  бар  болатын,  дей  келе 

ауыл-аймақтың 

тұрмысын, 

ел-жұрттың 

жағдайын 

тəптіштеп 

сұрай 


бастады. 

Сүтпісірім  уақыт  өткенде  қызметші  жігіт 

кіріп: 

Еркеғали (Рахмадиев шығар деп түйдім 



өзім) аға хабарласып жатыр, -деді. 

Ар жақтағы дауыс «Қазір барсам» деді 

ғой деймін. «Бір журналист бала сұхбат алып 

жатыр еді. Қазір босап қалармын», -деп жат-

ты.  Мен  де  адам  келетінін  білген  соң,  кету-

ге  ыңғайлана  бердім.  Бөлмеден  шығып  бара 

жатқанда  «Балам  тоқта,  шай  ішіп,  дəм  ауыз 

тиіп  кет!»  деді.  Мен  ыңғайсызданып,  шəй 

ішуден  бас  тарттым.  Ал  əлгі  дəрігер  кісі 

болса  «Қой.  оның  не?  Димекеңнің  қолынан 

дəм татуды нəсіп еткен екен. Неге қарсылық 

білдіріп  тұрсың?  Шəй  ішпесең  де  нан  ауыз 

ти!»  деді.  Сөйтті  де  мені  ас  үйге  ертіп  бар-

ды.  Қызық!  Үстелдің  үстінде  тандыр  нан 

тұр  екен!  Сізге  өтірік,  маған  шын,  кəдімгі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет