Пайдаланылған əдебиеттер :
1.2011-2020
жж
арналған
Білім
бағдарламасы
2.2011-2016 жж арналған Ұлттық жоспар
3.Интернет саиты (http: //www.unesco/)
4.«Қазақстан
Республикасының
2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы // Білім жəне ғылым хабар-
шысы, 2004, № 1, 3-18 б.
5.Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру
жағдайындағы даму болашағы. Əдістемелік
құрал.Астана (2013)
6.Əлемдік педагогикалық ой – сана
(2012ж)Алматы
7. К.Құдайбергенова «Құзырлылық-тұлға
дамуының сапалық критерийі» 2008
17
Қорқынышты көрінді ме мұғалім,
Деп айтқанша: «Айналайын,шырағым!».
Көз алдымда бəріңнің де жəудіреп,
Мені сəл-пəл бөтенсініп тұрғаның.
Сонан кейін қол созып қалам-дəптерге,
Алғашқы айбақ, сызық салдық беттерге.
Кейде гулеп,кейде билеп əн салып,
Ұқсаушы едік ақар-шақар кептерге.
Бəрі енді еске түсіп тұр бүгін,
Қимастықтың тұманына тұнды үнім.
Шындығым сол жүректегі шəкірттер,
Көрсем деймін болашақтың жұлдызын.
Шəкірттеріме
тілек!
Жақсы істерің болып жатса құптадым,
Дей алмаймын ағатқа қабақ шытпадым.
Енді сендер елдің сенген ертеңі,
Жазылмасын ақ сапарда жұптарың.
Ашасыңдар болашақтың беттерін,
Бойларыңда оралымды ой, дөп сенім.
Жақсылықпен қуантыңдар біздерді,
Ұмытпаңдар Қызылтудың мектебін.
Алыс-алыс армандарға беттедің,
Қандай ғажап ойға алғанға жеткенің!
Ақ жол менен сəтті сапар тілейді,
Барлық ұстаз, алтын ұя мектебің!
Лəззат ТҮМЕНБАЕВА,
қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі
18
ЗАМАН ТАЛАБЫ –
БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ
Неміс философы Зиммельдің айтуынша,
«білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан табуға
болатынын білетін адам». Кез келген кəсіп иесі
өз шаруасын тың тəсілмен, жаңа əдіспен істеуге
ұмтылса ғана ешкім жетпеген табысқа жете
алады.
Əлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында
еліміздің білім беру ісінде соңғы жылда-
ры түбірлі өзгерістер болып жатқаны мəлім.
Соның ішінде ең бастысы, білім стандартының
жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформа-
лар күрделі, қиын, қарама-қайшы белестерді
ақырын-ақырын артқа сап, жылжып келеді.
Бұл қасиетті істерде мұғалімге қойылар талап
та ерекше. Мемлекеттік білім саясаты да осы
мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда
мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – ру-
хани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды
тұлға қалыптастыру.
Елбасымыз алға міндет етіп қойғандай
өзіндік өмір өрнегін жасай алатын, өзіндік даму
арнасын белгілеп, өмірдің қиыр көкжиегіне
батыл қадам басатын бүгінгі бəсекенің қатал
заңына икемді ұрпақтың тұғыры мектептен
басталады. Оның алғы шарты оқушы бойын-
да өмірлік бейімділіктерді қалыптастырумен
орындалады.
Бүгінгі таңдағы əлеуметтік-экономика-
лық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар
ағымының
қарқындауы,
бəсекелестіктің
артуы
сияқты
жағдаяттар
білім
беру
ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары
талаптарды жүктейді. Бұл жағдайда жалпы
білім беру мақсаты көп міндетті құзырлармен,
шығармашылық іс- əрекет тəжірибесімен
қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларда
бағдарлана алуға дайын адамды дамыту болып
табылады.
Қазақстан
Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту
Айнакүл ЖАРҚЫМБЕКОВА,
директордың бағдарлы оқыту
жөніндегі орынбасары
19
тұжырымдамасында «Білім берудің мақ-
саты - жылдам өзгеріп отыратын дүние
жағдайларында алған терең білімнің, кəсіби
дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге,
өзін- өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға жəне
өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан
жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті
жеке
тұлғаны
қалыптастыру»
делінген.
Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып
Қазақстанда ұлттық жəне жалпы адамзаттық
құндылықтарды, тарихи тəжірибелерді, сан
ғасырлық мəдени ұлттық дəстүрлерді ескере
отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда
жаңа талаптар қоя отырып, ұлттық рухта
болашақ ұрпаққа бейіндік оқыту мен тəрбие
беру əрі оны психологиялық тұрғыдан алдын-
ала анықтау қажет деп санаймын.
Бейіндік
оқыту - оқушылардың
өздерінің танымдық қызығушылықтарына,
қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне
жəне кəсіби ниеттеріне байланысты олардың
оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға
негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір то-
бына қатысты даралық тұрғыдан қарауды
жүзеге асыруға бағытталған. Əр топтағы оқыту
үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен
ерекшеленеді, оған қандай да бір оқыту
əдістерінің, түрлерінің жəне формаларының
басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің
өзара қарым- қатынас стилі өзгереді.
Бейіндік оқыту - білім беру процесінің
құрылымы, мазмұны жəне ұйымдастырылуына
өзгерістер
енгізу
арқылы
оқушылардың
қызығушылығы, бейімі мен қабілеттерін
толық есепке алуға, оқушыларға олардың
кəсіптік сұраныстары мен білім алуды одан əрі
жалғастыру мүмкіндіктеріне сəйкес оқытуға
жағдай жасауға мүмкіндік беретін оқытуды са-
ралау мен даралау құралы болып табылады.
Еліміздің даму деңгейі осы арқылы
бағаланатын
əрбір
мемлекеттің
мəдени-
экономикалық
дамуы
қайсібір
тарихи
кезеңдерде болмасын ондағы кəсіптік білім
жүйесінің
деңгейіне
байланыстылығы
дəлелденді. Сондықтан да қазіргі таңда кəсіптік
білімге орай бейімдеп оқыту көзқарасы да,
сұранысы да əлемдік деңгейде бетбұрыс алуда.
Осыған орай білім берудің мақсаты бұрынғыдай
жастарды əмбебап біліммен қаруландыру емес,
оларға аз-аздан барлық сала жайлы білім емес,
терең бір ғана сала бойынша білім беру. Осы-
ны жүзеге асыру үшін елімізде бейіндік оқыту
ұйымдастырылуда. Бала болашағы оның
жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай
білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір
бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе
білу қабілетіне байланысты болмақ. Мұндай
тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты
талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік,
əлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік,
кəсіби сауаттылық.
Бейіндік оқыту білім беру сапасын
көтеру, мемлекеттің жəне қоғамның, тұлғалық
өзекті жəне келешектегі қажеттіліктерді жүзеге
асыру əдістерінің бірі ретінде ұсынылып
отыр.Жоғары сынып оқушыларының кəсіптік
өзін-өзі анықтауы негіздері П.П.Блонский,
С.И.Вершинин, В.И.Журавлев, Е.А.Климов,
Н.Н.Чистяков, С.Т.Щацкий т.б. еңбектерінде
көрсетілген.
Соңғы жылдары оқушылардың кəсіби
өзін-өзі анықтауына деген көзқарас біршама
өзгерді, əйтсе де бұл өзгерістер ең алдымен
білім беруді жетілдіру тұжырымдамаларына
бейін алды əзірліктің жəне жалпы білім берудің
жоғары сатысында оқушыларға бейіндік
оқытуды енгізумен байланысты.
12 жылдық білім берудегі бейіндік мек-
тепке ауысу оқушылардың кəсіби анықталуын
көп кезеңді етеді: бейіндік бағыт - мамандық
таңдау. Оқушылардың түрлі дəрежеде олардың
қажеттіліктері мен қабілеттілігіне сай толықтай
білім алуларына себептесу арқылы бейіндік
оқытуды енгізу оқушыларды болашақ кəсіптік
бағдарлаудың іс-əрекет ортасына жəне олардың
кəсіби өзін-өзі анықтауына оң əсерін тигізеді.
Айнакүл ЖАРҚЫМБЕКОВА. «Заман талабы – бейіндік оқытуды жетілдіру»
20
Сонымен
қазіргі
жаңа
қоғамның
сұранысына
сəйкес
кəсіптік
білімге
орай бейімдеп оқытуды жүзеге асыру
қажеттіліктері оқушыларды бейіналды дай-
ындау мəселелерінің толық зерттелмеуі,
оқушылардың мамандық таңдау қажеттілігі
мен оларда мамандық, кəсіптік еңбек əлемі
жөнінде қажетті білімдердің жоқтығы ара-
сында, оқушылардың тұлғалық мүмкіндіктері
мен мамандықтың адамға қояр талаптары ара-
сында, оқушылардың кəсіби өзін-өзі анықтауы
мен қазіргі еңбек нарығында олардың таңдаған
мамандығының жеткілікті деңгейде жетілмеуі
арасындағы
қарама-қайшылықтың
орын
алғандығы байқалады. Мектепте бейіналды
дайындықты ұйымдастыру жүйелі жүргізілсе,
оқушыларды кəсіптік əлемі жөнінде қажетті
біліммен қаруландырып,олардың танымдық
мүмкіндіктері, қызығушылықтары, қабілеттері,
бейімділіктері,шығармашылық
белсенділігі
дұрыс қалыптастырылып, бейіндік бағыт
таңдауда қателеспес еді.
Оқушылардың іскерлік қызығушылығын
зерттеу мен бейінін байқау, бейін бойынша
оқытудың негізгі бөлігі болып есептеледі, ал
бұл психологиялық əдістемеге сүйенуді талап
етеді. Əрбір бейін бойынша оқыту сыныпта-
рында ашық түрде жəне нақты таңдаудың түрі
жүріп жатуы керек. Қазіргі көзқарас бойынша
кəсіптік жетістік ол адамның қалай туғанына
емес еңбек іс-əрекетінде қалыптасады. Кəсіптік
шеберліктің тууына қалыпты кəсіби түрткі əсер
етуі керек,қысқаша айтсақ жұмыс істеуге ниеті,
сонымен бірге соған сəйкес қабілеті, негізге
сүйене дағдысы қалыптасуы керек. Бейін
таңдау оқытуда сыныптарды іріктеу мамандық
таңдау бойынша жүйелі жұмысты емес, оны
толықтыруды, қайта қарауды талап етеді.
Қазіргі жас жеткіншектердің қабылдау
ерекшеліктері, жаңа əлеуметтік-экономикалық
міндет, бейіндік оқыту міндеті қанша тап-
сырма
берілгенге
емес,
əдістемелердің
құрылымы түрлеріне байланысты. Нəтижелі
əдістемелерден соң интеллектінің дамуы
көтеріледі, эрудициясы өседі, өмірлік құндылық
пен приоритеті өзгереді.
Қорыта келгенде, оқушыларды бейіналды
дайындауды жүйелі ұйымдастыру қабілеттері
мен
бейімділіктеріне
қарай
ғылымның,
өндірістің, өнердің белгілі бір саласында озық
нəтижеге қол жеткізе алатын мамандықты
таңдауға бағыттайды деп есептеймін. Осы
орайда ауыл тарихында өзіндік орны бар
№149 «Қызылту» орта мектебінің түлектері
жайлы айтып өтуге болады. Мектептен сон
қоғамнан өз орындарын ойып тұрып алып өз
мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра білген
түлектеріміз қаншама? Оқушының оқудағы,
шығармашылық, əлеуметтік, коммуникативтік
қызмет саласындағы құзіреттілігін айқындай
отырып,
жеке
жетістіктерінің
негізінде
өз бейінін айқындау мен шыңдай түсуде
оқытудың жаңа формалары мен психологиялық
қызметті құру əрі оның жан -жақты жұмыс
жасауы көптеген тиімділіктерді береді деген
сенімдемін.
*«Үркер»*№8* 2016
21
АСЫЛ ДІНІМ –
ҚАСИЕТІМ
Адам баласының болмысы өте жұмбақ.
Өмір атты аласапыран тіршілікте басы-
нан сан қилы тағдыр соқпақтарын өткереді.
Жақсылықтың дəмін татса, кеудесі нұрға тола
шаттанады. Жаманшылыққа тап болса, жаны
күйзеліп, көкірегі қарс айырылады. Айналасының
барлығын қараңғылық басқандай күй кешіп,
жарыққа шығар жол іздей бастайды. Сол кезде са-
насында пайда болған сəуле оны алға жетелейді.
Ол сəуле- Жаратушы Аллаға, оның құдіретіне
деген риясыз сенім. Пендесі болып жатқан
жақсылық та, жамандық та тек Алланың қалауы
екендігін түйсінеді. Адам баласы Жаратушыдан
əрбір болған істің қайырын сұрап, келер күнді
жақсылықпен жарылқауын тілейді. Сөйтіп шын
мұсылман құдіреті күшті Алланың қалауымен
болып жатқан əрбір іске терең түсіністік таны-
тып, салиқалы сабыр қылады. Аллаға шүкір!
Бұл- бүгінгі мұсылманның бейнесі. Бұл- ел
тəуелсіздігімен бірге қайта оралған ділді діттеген,
дінді діңгек еткен, жүрегіне иман ұялаған
қазақтың, исі мұсылманның тұлғасы.Кешегі
кеңестік империя кезіндегі ислам дінінің аяққа
тапталғаны соншалықты одан кейінгі бірнеше
ұрпақтың Алланың барлығына, бірлігіне сенбей
имансыз күй кешуіне əкеп соқты. Жетпіс жыл
бойы Кеңестер Одағының құрамында болған
қазақ елі отаршыл пиғылдағы саясаттың салда-
рынан ұлттық құндылықтарынан қол үзіп, ата
діннен аластаған еді.Ел ішінде атеистік тəрбие
кең етек алды. Молдалар қудаланып, мешіттер
мал қораға айналды. Жүрегіне берік сенім ұялаған
үлкен кісілер «діншіл» деген айыпталудан қорқып
ел көзінше намаз оқымай, тасада ғибадат етуге
мəжбүр болды. Алланың атын ауызға алуға тыйым
салынды. Мəселен, кеңес үкіметі кезінде Əліппе
кіріспесіне үнемі жазылатын Ы.Алтынсариннің
«Кел, балалар, оқылық» өлеңіндегі «Бір Аллаға
сыйынып...» деген алғашқы тармағы əдейі алы-
нып тасталды. Осындай сұрқия саясаттың сал-
дарынан ұлттық болмысы бұлыңғыр, жүрегінде
иманы жоқ жастар «Тағдырды өзіміз жасай-
мыз, болашақтың кілті –əрқайсысымыздың
қолымызда» деп тек өзіне ғана сенетін ұрпақ
қалыптасты. Тығырыққа тірелген туған еліме
Тəңірдің өзі Тəуелсіздікті сыйға берді.Кейде маған
Кеңестер одағы тұсындағы имансыздықтың
салқын салдарынан дендеген дерттің жарасы күні
Гүлмира БАЙДАРБЕКОВА,
қазақ тілі жəне əдебиеті пəні мұғалімі
Оян, қазақ, өз дініңді ұмытпа!
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа!
М.Дулатұлы
Ойтолєам
22
бүгінге дейін жазылмағандай сезіледі. Үлкенді
сыйламайтын кіші, ерін қадірлемейтін əйел,
жолы сұйық ұл, жартылай жалаңаш киінетін
қыздарды көргенде қатты қынжыламын. Қазақ
халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаевтың «Адам
баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман бол-
са, оған замандастарының бəрі кінəлі» деген
ұлағатты сөзі бар.Замандастарымыздың бойы-
нан көретін жағымсыз қылықтардың көбеюіне
əрқайсымыз бейжай қарамауымыз керек. Абай-
ша «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» екенін алды-
мен өзіміз терең ұғынып, сосын басқа мұсылман
бауырларымыздың
санасына
сіңіре
алсақ
Алланың нұры жауар еді. Өйткені ислам діні- ақ
пен қараның ара жігін анық ажыратып, адал жол-
ды нұсқаған асыл дін. Ислам діні- мұсылманның
жүрегінен орын алып, оны харам істермен
кірлетпей таза сақтауға үйрететін ізгі дін. Ислам
діні жаманшылықтан тыйылмаған жанның барар
жері тозақ екенін ескертетін хақ дін.Ислам діні-
таудай күнəсі болса да тəубеге келсе күнə атаулы-
сын кешіретін өте мейірімді, құдіретті дін.Хазреті
Əли «Радиаллаһуанһ» сүресінде айтқандай: «Дін-
адамдарды мəңгілік бақытқа жетелейтін, Аллаһу
да Алла тарапынан көрсетілген жол».
Дін- бейне бір тұңғиық терең теңіз. Ислам
дінінде Алла нұсқаған шариғатты бұрмаламай
орындаушылар сол теңіздің мөлдір суына шо-
мылып, күнəдан тазарып, су түбінде жатқан
гауһар тастарды тергендей қанағат тауып, жаны
жайланады. Алайда бүгінде ислам дінінің
тұңғиық теңізінде адасып, басқа бағытқа бет
түзеген мұсылмандар көбейіп кетті.Қазақсан
Республикасының территориясында 250-ге жуық
шетел миссионерлері жұмыс жасайды екен.
Олардың ішінде исламды немесе басқа дінді жа-
мылып, өзінің жеке басының материалдық, саяси,
басқа да мақсаттарына жетуге тырысатындар бар.
Мұндай ұйымдардың жақтаушылары өздерінің
қатарларына үгіт қағаздарын, ақша, кейде
есірткі тарата отырып ,жастарды сол ұйымға
тартады.Жат пиғылды мұндай экстремистік
ұйымдар жастардың санасын улайды.Экстремизм
діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып айтып,
халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады.
Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп,
солардың қармағына ілінген қаракөз бауырлары-
мызды ойлағанда, өзекке өрт түскендей өкінішті
сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни
сауатсыздықтың салдарынан осы теріс пиғылды
адамдардың қолшоқпары болып, солардың жыр-
тысын жыртып, сойылын соғып жүр.Осы діни
ұйымдардың қай-қайсысын алсаңыз да негізгі
мақсаты теракт ұйымдастыру, мемлекеттік
төңкеріс жасау , террористер дайындау, хали-
фат құру.Осындай арам ниетті ұйымдар кейбір
мемлекеттерде мыңдаған адамның өмірін қиюға
себепкер болып отыр. Əсіресе Сирия жеріндегі
болып жатқан қанды оқиғаларды жатқызуымызға
болады. Ел тыныштығын сақтау, мемлекет
қауіпсіздігін қамтамасыз ету- əрбір азаматтың
міндеті. Қазақстан Президентінің халыққа Жол-
дауында айтылғандай, «Ұлттық қауіпсіздік
Тəуелсіз мемлекетіміздің өмір сүруінің басты
кепілдігі, оны қорғау- əрбір қазақстандықтың
қасиетті борышы».. Елбасы өзінің «Сындарлы он
жыл» кітабында: «Екі нəрседен- діни дүмшелік
пен фанатизмнен сақтану керек» деп атап кеткен
болатын. ҚР-ның Ата Заңының 5-бабында діни
ұйымдар мен діндер жөнінде былай делінген:
«Мақсаты- конституциялық құрылысты күштеп
өзгертуге, республиканың біртұтастығын бұзуға,
мемлекеттің қауіпсіздігіне зиянын тигізуге,
əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни, қауымдастық
жəне туыстық араздықты таратуға, сонымен
бірге заңмен қарастырылмаған əскери құрамалар
құруға бағытталған қоғамдық ұйымдарды құруға,
əрекет етуіне тыйым салынады».
Күллі мақұлық өзгерер, Алла өзгермес,
Əһли кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нəпсі, өзімшіл мінезбенен
Бос сөзбенен қастаспай түзу келмес,-деп
Абай толғағандай, адамгершілікті, ізгілікті
жаңғырту жолында санамыз сан-саққа сергелдең
болмай, ниетіміз ақ, иманымыз мықты ,ойы-
мыз орнықты болу керек.Рух кемелденуі үшін
адам ибалы, қоғам иманды болу керек. Алла
барлығымыздың бойымызға иман, елімізге
амандық, жерімізге тыыныштықты нəсіп еткей.
*«Үркер»*№8* 2016
23
МЕНІҢ
АРМАНЫМ
Оќушы жїрегініѕ лїпілі
Қараша айының бірде ызғарымен
тоңдырып, бірде арайлы шуағымен жылы-
тып тұрған күндерінің бірі еді. Көзді ашып-
жұмғанша демалыс аяқталып, сабақ басталып
кеткен.
Мен сүйіп оқитын, асыға күтетін қазақ
əдебиеті сабағы.Бүгін біз бар өмірі мен
шығармашылығын бір ғана қасиетті ұлы
мұратқа, ұлы арманға - халқының бостандығына
арнаған жалынды ақын, наркескен батыр
Махамбеттің өлеңдерімен таныстық.
Бүкіл ғұмырын күрес, арпалыс үстінде
өткізген ақынның жырлары кек пен жалынға,
арман мен үмітке, өр рухқа толы екеніне тағы
да бір көз жеткіздік.
Сол күні бізге ұстазымыз «Менің алға
қойған арманым» тақырыбында эссе жазу ту-
ралы тапсырма берді.
Мына сəйкестікке қараңызшы?! Жалын-
ды ақынның ұлы арманы мен «Өмір» кемесіне
енді ғана қадам басқан менің болашаққа де-
ген асқақ армандарым қалай тоғысуы мүмкін?
Өзімнің болашағымды, арман- мұратымды
халқымның өткенімен байланыстыра беремін.
Көп үшін жаралған күн нұрын халық
басынан қағып алып, ат төбеліндей ғана
үстем қауымға түсірмек болғандарға қарсы
шығып, сол өмір нұрындай күн нұрын қалың
елдің басына түсіруді мұрат еткен ата-
бабаларымыздың арманы орындалды.
ХХ ғасырдың соңында қазақ елі аңсаған
азаттығына қол жеткізді, тəуелсіз ел болдық.
Бұл тəуелсіздік бізге оңай келген жоқ.
Ата-бабамыздың арманы еді:
Тізгінін ұстап елдіктің,
Тұтқасын тауып теңдіктің,
Тəуелсіз ел боп танылу!
Бұл – ғасырлар бойы төгілген мұхиттай
телегей теңіз қызыл қан мен мұңға толы
көздерден аққан кермек жас, халқымыз шеккен
қасірет пен тауқымет,тағдырдың талқысы еді.
Ия,
Тəуелсіздіктің
жұлдызын
жарқырататын жəне ата-бабаларымыз аңсаған
арманды ақиқатқа айналдыратын да - бүгінгі
жас ұрпақ.
Сол жас ұрпақтың бірі - менмін. Мен күн
сайын «Нағыз өмір» туралы армандаймын...
Егер терең ойлайтын болсақ, шындығында
адамға арман керек-ақ, арман бізге бағыт,
күш-қуат береді, болашаққа үмітімізді жалғап
отырады.
Арман - алға жетелейтін жарық жұлдыз.
Кім нені армандайды?Бір сəт өзімше толғанып
көрейін:
Елбасы - елдің елдігін, жұртының
амандығын, ел тəуелсіздігінің баянды болуын;
Нұрайым АЙБЕКҚЫЗЫ
10 сынып оқушысы
24
* «Үркер»* №8* 2016
Данышпан- мол мұрасының адамзат
игілігіне жұмсалуын;
Дəрігер - жанның саулығын;
Мұғалім – шəкіртінің озық ойлы болуын,
өмір сырын тануын;
Дихан – егінінің бітік болуын;
Құрылысшы- зəулім ғимараттардың бой
көтеруін;
Бағбан- қоршаған ортаның жасыл желек-
ке бөленуін;
Балықшы- күн райының бұзылмауын;
Жүргізуші - жол сапасының дұрыстығын;
Кəсіпкер – табысының мол болуын;
Науқас жан- дертінен айығуды;
Жасөспірім – тезірек ержетуді;
Қарт кісі- артына аталы сөз қалдыруды;
Шешен кісі –сөз бастауды армандайды.
« ...Адамды санай берсең, көп арман да,
«Мінсіз бақ, сансыз дəулет» деп арман-
да...
Мергенге түзу мылтық, оқ арманда,
Тамақсыз табысы жоқ кəріптерге,
Жалғыз күнгі тамақтың тоғы
арманда»,-деп талантты ақын Ж.Нəжімеденов
жырлағандай, əр жанның, əрбір мамандық
иесінің жүрек түкпірінде өзіндік тілегі, арма-
ны бар.
«Армансыз адам – қанатсыз құспен
тең» деп бекер айтпаса керек дана халқымыз.
Адам адал еңбек етіп, қиындыққа мойымай,
қажырлылық танытқанда ғана өз мұратына
жетеді, яғни арманы орындалады.Əйтпесе, ар-
ман қиялға айналып, келешектің қамы болмай,
ақиқат өмірден алыс, тек ойлап қана ұғатын
адам санасындағы əлемге айналады.
Ал менің жан-дүниемдегі, ішкі
əлемімдегі дауысым не деп үн қатады, нені ар-
мандайды?
«- Менде де бар бір арман,
Маздап жанып, қол бұлғайтын шынар-
дан.
Ұлы баба, бірақ менің арманым
Парыз бенен махаббаттан құралған.
Шамын жақсам, ғылым менен өнердің,
Елімді зор мерекеге бөлермін.
Бұл сапарым азапты да шығар-ау,
Не де болса пешенемнен көрермін.
Мейлі мəңгі жарымайын киімге,
Мейлі түйір нан қалмасын үйімде,
Мейлі ұлының еңбек етіп арымен
Қарлы боран қыран жолын бөгер ме?!
Өнеріммен тасып толам кемерге.
Мен өзіме риза емеспін, елімнің
Мақтанышы бола алмасам егер де»- деп,
заңғар ақынымыз М.Шахановтың кейіпкері
Əбудің арманы менің арманыммен қанаттас
болғанына тағы да таң қалмасқа амалым
қалмады.
Менің де арманым – мұғалім болу.
Мұғалім – мəртебелі мамандық. Қиындығы
мен қызығы қатар жүретін бұл мамандықты
қалауыма
анам
мен
əжемнің
ұстаз
болғандықтары əсер етті деп ойлаймын. Менің
көз алдыма мынадай сурет елестейді: Түн.
Айнала жым – жырт. Аспанда жымыңдаған
жұлдыздар. Ел түгел ұйқыда, бірақ, ояу бір
кісі бар. Ол – мұғалім. Ол -түнімен қисық жол-
ды түзетіп, таңертең шəкірттеріне тəлім беріп,
болашаққа қыран етіп түлетуді алдына мақсат
етіп қойған бала жанының бағбаны.
Мені қатты қынжылтатын – бүгінде өзім
секілді оқушылардың, жас жеткіншектердің
тіл мəдениетіне жүрдім-бардым қарауы.
Қазірде кейбір жасөспірімдер көшеде жүргенде
былапыт сөздерді жиі қолданып, сөз арасын
мəдениетсіз сөздермен тұздықтай сөйлеуі етек
алып бара жатыр.Аялдамада, көшеде, көпшілік
орындарда əсіресе, ер балалардың былапыт
сөздерге үйірлігін аңғару қиын емес. Бөгде
тілден енген сөздерді жөн- жосықсыз пайдалану
да көп байқалады. Ғасырлар бойы жасап келе
жатқан, ойға азық, жүрекке оты мол нұрлы
тілдің тазалығын сақтау – бүгінгі ұрпақтың
міндеті, тіл мүддесі – халықтық ең жоғарғы
мүдде.
Ендеше, тіл мүддесі – менің мүддем,
25
менің тіл маманы болғым келеді.
Арманға жету үшін адам бойында
қандай қасиеттер болуы керек деген ойымды
сараптайын. Жақсы ниет, темірдей төзімділік,
уақытты бағалау, білімді болу, табандылық,
қайырымдылық, ақыл- парасат, тынымсыз
еңбектену қажет.
«Арманы адамзат игілігіне бағытталған
адамда ұлы даналық бар»,- дейді француз
жазушысы А.Франс. Ендеше адам тек жеке
басының қамын күйттемей, болашағын өз ор-
тасымен, елімен байланыста армандайтын бол-
са, ел азаматы болғаны.
Елбасымыз Н.Назарбаев: «Білім беру
ісі біздің мемлекетімізде басты басымдық,
дамуымыздың
шешуші
факторы
екенін
ескертемін.Бұл сала ұлттық қауіпсіздігіміздің
құрамдас бір бөлігі»,- деп атап көрсеткендей
Қазақстанның болашағы білімді жастардың
қолында.Оның
негізін
қалап,
білімге
бейімдейтін ұстаз. «Ұстаздық бақытқа бөлену
–нағыз бақыттың өзі» екеніне көзім жетеді.
Еліміздің ең таңдаулы жоғарғы оқу орнында
білім алып, арманыма жетсем, менен бақытты
адам болмас еді!
«Білімді қара суға қарсы жүзер» деген-
дей, озық ойлы ел білімін биікке көтерер,
еліме елеулі, халқыма қалаулы азамат болу,
елге қызмет ету – менің басты арманым.
Осы шығармашылық жұмысты жазуға
отырғанымда сағат кешкі сегіз-тоғыздар ша-
масы еді, жұмысты аяқтағанда уақыт түн ор-
тасынан ауып қалғанын байқадым. Түннің
тыныштығымен бірге ақ қанатты періштелер
адамдардың тілектерін, армандарын биіктерге
ұшырып алып кететін көрінеді. Ендеше, менің
де армандарым ақ қанатты періштелермен
бірге биіктерге шырқап, орындалатынына
сенімдімін.
АУЫЛЫМ
Мен ауылда туып өстім. Ауыл деген жақсы
ғой, шіркін! Таза ауа, жасыл желек. Қора толы
төрт түлік малын айтсаңшы, Жылқы баптасаң,
дертке дауа саумалы мен қымызы, түйе ұстасаң,
қымыран мен шұбаты, сиырдың қаймақты сүті
мен қою, майлы қатығы, шөліңді басар айраны
мен құмарыңды қандырар құрт – майы. Егін
егіп, қамба астыққа толса, бақшадан жинаған
қауын – қарбызың өз алдына. Көлде шоршыған
балық пен жағалай жүзген жабайы қаздар епті
болса екінің бірінің қолы жететін дайын ас.
Бақтағы майысып, басын көтере алмай тұрған
түрлі жемістерді айтсаңызшы! Табиғаттың
барлық таусылмас сыйы ауылда. Еңбек етуді
сүйетін кез келген ауыл азаматының қолында
осының бəрі бар. «Еңбектің көзін тапқан,
байлықтың озін табады», - деген Ыбырай ата
Жақаевтың ғибратты сөзі дəл бүгінгі еңбек
арқылы молшылық пен бақытқа кенелген біздің
ауыл адамдары үшін айтылғандай. Диқан
атамыз Ыбырай əлемге атын диқандықпен
шығарса, мен спортпен ауылымның даңқын
көкке көтерсем деймін.Ол үшін қазіргі күннен
бастап спортпен шұғылдана бастадым, жет-
кен жетістіктерім де біршама. Ұстаздарым,
достарым,ата-анам менің жетістіктеріммен
мақтанса, мен қажырлы, еңбеккор, мейірбан
жандары бар ауылыммен мақтанамын!
Достарыңызбен бөлісу: |