Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата03.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#5610
1   2   3   4   5   6   7

Абзал:  Ұрмалы  аспаптарды  жасайтын 

шеберлер  баршылық,  негізінен  бұл  аспаптарды  

«Шертер»  ЖШС  жасап  шығаруда.  Осы  Ықылас 

атындағы халық аспаптары музейі «Шертер» фир-

масымен  тығыз  байланыста.  Сондағы  шеберлер-

мен кеңесіп, осы аспаптардың жасалу технология-

сын қайтадан жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 

Ал  жасалатын  материалдар  бұрынғыша – ағаш, 

тері, металл. Əрине, жаңа технологияны қолдану 

қажет, бірақ материалы мен түрін сақтау маңызды.



-  Қазақстандағы  ұрмалы  аспаптардың 

білім беру  саласындағы жағдайы қалай?

Абзал: 

Өкінішке 

орай, 

Қазақстанда 



музыкалық  оқу  орындарында  осы  аспаптарға 

арналған пəн де, сабақ та жоқ. Ұрмалы аспаптарда 

ойнауды  үйрететін  кəсіби  мамандар  мүлде  жоқ.  

Мен  өзім  Мақсат  Жүсіпəлі  деген  мультиинстру-

менталистен  үйрендім,  ол  ұлттық  аспаптардың 

барлығында дерлік ойнай алатын Қазақстандағы 

деңгейі  ең  жоғары  музыкант.  Ол  кісі  «Отырар 

сазы», «Əлқисса»  ансамбльдерінде  ойнаған. 

Мақсат аға кезінде ұрмалы аспаптарда ойнайтын 

жалғыз маман болған, сондай-ақ осы аспаптарды 

зерттеуге  көп  үлес  қосқан  кəсіби  музыкант.  Ал 

Қазақстанда ұрмалы аспаптарда ойнайтын кəсіби 

музыкант дайындайтын оқу орны жоқ. 

-  Ұрмалы  аспаптарды  кəсіби  деңгейде 

одан əрі жетілдіру үшін не істеу керек, келешегі 

қандай?

Абзал:  Ұрмалы  аспаптарды  одан  əрі 

жетілдіру жайы туралы айтсақ, біріншіден, білім 

беру  орындарында  осы  аспаптарды  қолданысқа 

енгізу  керек.  Ең  болмағанда,  факультативтік 

сабақтар  жүргізілсе.  Бұл  тек  кəсіби  музыкалық 

оқу  орындарына  ғана  қатысты  емес,  сонымен 

бірге  кез-келген  білім  мекемесінде,  мейлі  ол 

медициналық,  техникалық  оқу  орны  болсын, 

қосымша  сабақтарда  музыкалық  аспапта  ой-

науды  үйрету  керек.  Мысалы,  Корея,  Жапония 

елдерінде бүлдіршіндерге міндетті түрде қандай 

да  бір  музыкалық  аспапта  ойнауды  үйретеді. 

Бұл ұлттық мəдениетке баулумен бірге музыкаға 

жақын болып өскен баланың жан таза болатыны-

на мəн беруден туған үрдіс. Бұл көбінесе үрлемелі 

жəне  ұрмалы  аспаптарға  қатысты.  Өйткені, 

үрлемелі  аспапта  ойнау  адамның  өкпе  қызметі, 

тыныс  алуы  үшін  пайдалы,  сондай-ақ  өкпе, 

кеңірдек ауруларының алдын алады. 

Екіншіден, əрбір адамның өз ырғағы бола-



 *«Үркер»*№102015

21

ды,  сол  арқылы  жүйке  жүйесі,  координация  бір 

жүйеге  келеді.  Онымен  қоса,  шығармашылық 

қиялы  дамиды.  Сондықтан  корейлер  мен  жа-

пондар  осы  екі  аспапты  бірдей  оқу  үдерісінде 

қолданады.  Шет  елдерде  гастрольдік  сапарларда 

байқайтынымыз,  неше  түрлі  мамандық  иелері, 

финансист,  банкир  азаматтар  кем  дегенде  бір 

музыкалық  аспапта  ойнай  біледі.  Бізде  де  осы 

үрдісті қолға алу қажет.

Мысалы, қазір «Көкіл» мектебі Абдулхамит 

Райымбергеновтің басшылығымен ұлттық аспап-

та, оның ішінде домбырада ойнап үйренудің жаңа 

технологиясын  қолдануда.  Осы  «шəкірт-ұстаз» 

технологиясымен бала 45 минуттың ішінде дом-

бырада ойнап кетеді. 



Мақсат:  Бəлкім, «Drum Line” тəрізді  тек 

ұрмалы  аспаптардан  құралған  топ  құру  керек 

шығар. 

-  Көне дəуір аспаптары жаңа мыңжылдық 

тыңдаушыларына əсер ете ала ма?

Абзал: 

Қазір 


жаһандану 

заманын-


да    шетелдің  музыкасы  жаулап  алды  де-

ген  алаңдаушылықтар  басым,  дегенмен  бұл 

үрдістерден  қашпау  керек.  Музыка  бір  орында 

тұрмайды,  ол  үнемі  дамып,  өзгеріп  отырады, 

əрбір  музыканың  өз  кезеңі  болады.  Қазақтың 

ұлттық  музыкасы  ешқашан  ұмытылмайды. 

Бұл  əрбір  қазақтың  бойына  генетикалық  жол-

мен  берілетін  нəрсе.  Кейде  шетелде  өмір  сүріп 

жатқан, ана тілін, тарихын білмейтін қазақтардың 

өзі  қобызды,  ұрмалы  аспаптарды  тыңдаған  кез-

де  денелері  түршігіп,  өзімізді 8-9 ғасырларда 

жүргендей сезіндік деп айтып жатады. Яғни, бұл 

өнер ешқашан жоғалмайды, ұмытылмайды. 

Жаппай келіп жатқан бұқаралық мəдениет 

үлгілеріне қарсы тұра алатын да осы ұлттық му-

зыка. Бірақ ол үшін баланың құрсақтағы кезеңінен 

бастау керек. Қазақтың ұлттық музыкасын,  клас-

сиканы тыңдау керек. Жалпы классикалық музы-

ка  адамды  сабырлылыққа  үйретеді,  жан-жақты 

болуға  ықпал  етеді.  Ал  қазақтың  музыкасы  ең 

алдымен  философиялық  музыка  болып  табы-

лады,  бұл – бір,  ал  екіншіден,  ол – патриотизм. 

Байқасаңыз,  əр  ұлттың  музыкасы  сол  халықтың 

ұлттық  менталитетіне  сəйкес  келеді,  мыса-

лы  татардың  музыкасы  негізінен  көңілді,  биге 

жақын, өмірге құштарлыққа толы. Қазақ музыка-

сында терең ой басым, жауынгерлік рухқа толы. 

Бұл халқымыздың тарихына да байланысты бол-

са керек. Айталық, Махамбеттің, Құрманғазының 

күйлері адамға рух береді, жігерін жаниды. 



- Музыкадағы орындаушылық өнері арқылы 

«жақсы талғам» қалыптастыруға болады. Олай 

болса, сіздер насихаттап жүрген ұлттық музы-

ка  қазіргі  жастардың  музыкалық  қабылдауын 

өзгертуге қабылетті ме? 

Мақсат:  Музыканың  өз  тілі  бар,  оны 

кəдімгі сөздермен жеткізу қиын. Оны тек аспап-

тарда  ойнау  арқылы  сезінуге,  ұғынуға,  бойлауға 

болады.  Ал  көне  музыканы  түсініп  қабылдау 

ондағы  бүкіл  сезімдердің  бояуы  мен  ойлардың 

реңктерін  сол  аспаптарда  бере  білуге  байланыс-

ты. Жалпы əр адамның музыкалық талғамы бала 

кезден қалыптасады. Жастардың талғамын өсіру 

үшін  бала  кезден  дəстүрлі  музыканы  тыңдатса, 

ұлттық  оркестрдің  концерттеріне,  музейлерге 

жүйелі  түрде  барып  тұрса,  əрине  ол  бала  қазақ 

музыкасына  ерекше  көзқараспен  қарайды.  Бізде 

бір теріс түсінік бар, ол қандай да бір əнші немесе 

топ өз елімізде көтеріле алмай жүріп, Еуропадан 

жүлде алып келсе ғана оған ерекше ықылас таны-

тып, мойындайды. 

Дегенмен, 

кəзір 


ұлттық 

аспаптарға 

қызығушылық  танытып  жүргендер  көп.  Өзіміз 

де шəкірт тəрбиелеп жүрміз. Кез-келген жастағы 

адамдар, студенттер, қызметкерлер тілек білдіріп, 

үйренгісі келеді. 



- Ал осы аспаптарды тарихи шығу тегіне, 

мақсатына  қарай  пайдаланып  жүрген  адамдар 

бүгінгі күні бар ма екен?

Абзал:    Ұрмалы  аспаптарды  бақсылық 

мақсатта  пайдаланып  жүрген  адамдар  кездеседі. 

Бір  белгілі  халық  емшісі  өз  рəсімдеріне 

даңғыраны,  сылдырмақты  қолданады.  Міне, 

осындай  сонау  заманнан  келе  жатқан  дəстүрді 

жалғастырып жүрген бақсы-балгерлер əлі де бар. 



Абзал АРЫҚБАЕВ . «Музыка – сұлулық пен сезім үйлесімін жеткізудің тəсілі»

22

Мұндағы  ең  бастысы – дəстүрді  сақтау.  Бұл  ана 

тіл  мен  мəдениет  сияқты  ұлт  болып  қалу  үшін 

қажет ең басты құндылықтар.



Мақсат:  Табиғи  дыбыстардың  адамға 

емдік қасиеті де бар екені дəлелденген. Айталық, 

бақсылар  адам емдеген кезде трансқа кіріп, осы 

аспаптардың дыбыс күшін қолданған. Асатаяқ та, 

сылдырмақ та бақсылардың аспабы. Нарқобыздың 

тиегін  алып  тастап,  ұрмалы  аспап  ретінде 

пайдаланған.  Шыңдауыл  батырдың  дулығасына 

ұқсайды, оны мойынға іліп алады. Шартылдауық, 

сақпан  деген  аспаптарды  аңшылықта,  сондай-ақ 

ауыл шаруашылығында құстарды үркіту үшін де 

пайдаланған. 

-  Қазіргі  кезде  аса  дамыған,  əмбебап 

музыкалық  аспаптар  бар,  олар  кез-келген 

аспаптың  орнын  баса  алады.  Көне  музыкалық 

аспаптардың 

заманауи 

аспаптардан 

айырмашылықтары жайлы айтып кетсек. 

Мақсат:    Дыбыстар  арқылы  көркем  бейне 

туғызу,  оны  тыңдарманның  көз  алдына  келтіру 

əр  музыкант  үшін  арман,  оған  қол  жеткізу  оңай 

емес.  Мұндағы  ең  маңыздысы – сол  заманауи 

аспап  көне  музыкалық  туындының  дыбыстық 

ерекшелігін, бояуын, тембрін беруі тиіс. Алайда 

қазіргі  заманауи  аспаптар  көне  дəуірлердің  са-

зын толығымен бере алмайды. Көне аспаптардың 

қазіргі  заманғы  аналогтары  оларға  ілесе  ал-

майды,  сондықтан  оларды  қайта  жаңғыртудан 

дұрыс  жол  жоқ.  Біз  қазір  қазақтың  сонау  ежелгі 

тамырлары  бастау  алатын  дəуірлерге  бет  бұруға 

мүмкіндік  алдық,  кез-келген  тарихи  дəуірдегі 

музыкалық  стильдерге  назар  аударамыз.  Көне 

музыканы  түпнұсқалық  орындау  үшін  міндетті 

түрде сол заманның түпнұсқа аспаптарын немесе 

олардың  дəл  көшірмесін  қолдану  қажет,  сондай-

ақ оларда ойнау техникасын сақтамай болмайды. 

Бірақ, əрине,  дəл сол 2000-3000 жыл бұрынғыдай 

дəстүрде орындау мүмкін емес. 



-  Ғылыми  қызметпен  қатар  ұлттық 

музыканы 

насихаттаумен 

айналысып 

жүргендеріңіз  белгілі.  Осы  бағыттағы  жеке 

шығармашылықтарыңыз жөнінде білсек. 

Мақсат: 

«Тұран» 


этнофольклорлық 

тобының  мүшесі  ретінде  дəстүрлі  музыканы  за-

манауи  түрде  халыққа  ұсыну  ісіне  үлес  қосып 

жүрміз. Біздің мақсатымыз көне өнерді насихаттау 

арқылы жастарды ұлттық өнерге бұру, көзқарасын 

өзгерту, патриоттық сезімдерін ояту. Осы тұрғыда 

біз  көптеген  жаңалықтар  енгіздік.  Мысалы, 

даңғыра  аспабының  өзгеше  формаларын  тауып, 

қолданудамыз.  Асатаяқтың  бір  түрі – көптаяқты 

жасадық. Сол сияқты шартылдауық, дабыл, дау-

ылпаз аспаптарын ел ішінде жаңаша түрде наси-

хаттап  жүрміз.  Жалпы  бүгінгі  таңда  мəдениетті, 

өнерді  насихаттау  дұрыс  жолға  қойылып  келеді, 

шет  елдерге  гастрольдік  сапарларға  шығамыз, 

елдегі  концерттерімізге  де  халық  көп  келеді. 

Тыңдаушыларымыздың 80%-ы жастар. Осы күнге 

дейін «Тұран» тобының екі күйтабағы шықты. Ең 

бастысы, ұлттық музыканың ырғағын бұзбай, ды-

бысын, бояуын өзгертпей, заманауи түрде орын-

дау қажет деп санаймыз. 



Абзал:  Ұрмалы  аспапта  ойнаумен  қоса 

көмеймен  қайыру  өнерін  жаңғыртып  жүрмін, 

бұл  сонау  сақ  пен  түркі  заманынан  бері  келе 

жатқан  əн  айту  дəстүрі.  Өкінішке  орай,  біздің 

халқымызда көмеймен айту шамалы ұмытылып, 

кенже қалған өнер. Кəзіргі Қызылорда облысын-

да,  Қармақшы  өңірінде  көп  кездеседі.  Көмеймен 

қайыру да көне замандағы тəңіршілдікпен байла-

нысты ұғым. Түркілер əлемді үш бөлікке бөледі: 

жер  асты,  жер  үсті  жəне  аспан – Көк  Тəңірі. 

Көмейден осы үш əлемнің дыбысы бірдей шығып, 

үйлесім  табады:  қарқыра,  көмей,  күркіреу.  Ең 

жоғарғысы – күркіреу (аспан), төменгісі – қарқыра 

(жер  асты) , ал  ортасында – көмей,  яғни  адам. 

Көптеген эпикалық жыр-дастандар көмей арқылы 

орындалған  (Абзал  осы  дыбыстарды  көмеймен 

қайыруды көрсетті).

- Ұлттық музыканы, аспаптарды таныту, 

дəріптеу,  насихаттау  жағы  көңіл  көншітерлік 

пе?

Абзал:  Ұрмалы  аспаптарда  ойнауды 

əлемге  таныту  деңгейі  өте  жақсы.  Фольклорлық 

ансамбльдердің 

барлығында 

бұл 

аспаптар 



 *«Үркер»*№102015

23

қолданылады.  Түрлі  деңгейдегі  этнофестиваль-

дерге  қатысамыз,  осы  өнерді  дамытуға  талпы-

нысымыз  жоғары.  Əсіресе,  Еуропа  елдерінде 

гастрольдік  сапарға  барғанда  біздің  аспаптарға, 

ұлттық  музыкаға  үлкен  қызығушылықпен 

таңырқай қарайды. 

Ұрмалы аспаптарды насихаттау, оны қолдау 

мəселесіне келетін болсақ, əзірге бұл өнер тек же-

келеген  адамдардың  энтузиазмы  арқылы  өрістеп 

отыр,  мемлекет  тарапынан  қолдау  аз.  Дегенмен, 

нақты  жобалар  ұсынып,  мемлекет  тарапынан 

бөлінетін гранттарды ұтып алуға болады. Барлық 

мəселе адамның өзінде, өз қабылетін іске асыру-

ында, көрсетуінде жатыр деп білеміз.

-  Музыканттар  өздерінің  дүниетанымын, 

көзқарасын  өзі  орындайтын  аспапқа  қарай 

қалыптастыратыны  бар.  Сіздердің  қазақтың 

дəстүрлі 

өнерін 

лайықты 

жалғастырып 

жүргеніңіздің өзі отаншыл азамат екендеріңіздің 

бір көрінісі.

Мақсат:  Адам  ақпаратты  түрлі  жолмен 

алады. Музыка  да адамға бір нəрсені, жай нəрсе 

емес,  сұлулық  пен  сезім  үйлесімін  жеткізудің 

тəсілі. Кез-келген нəрсені жақсы жасау үшін оны 

сүю, бар ынтаңмен берілу, нəтижесінен рахат алу 

қажет. Бұл əсіресе музыка өнеріне ерекше қатысы 

бар, өйткені музыка – рухани дүние.

Музыканттың табысқа жету оның дарыны-

на, қабылетіне, еңбекқорлығына, табандылығына, 

өз ісіне берілгендігіне тікелей байланысты екенін 

білеміз,  оның  шығармашылық  қиялы  ұшқыр 

боған сайын алдынан кездескен қиыншылықтарға 

төтеп беру қасиеті күшейіп, бұл оған дем береді, 

қалайда көздеген мақсатына жетуге ұмтылады. 



Абзал:  Саз  ырғағын  бүкіл  жан-жүйеңмен 

сезініп, бір сəт тəн ырқынан босап шығу, кеңістікте 

қалықтату саз өнерінің ғажап құбылысы. Ал осы 

тыңдаушылардың  музыканы  сезінуі,  əсерленуі 

орындаушыға  тікелей  байланысты.  Егер  орын-

даушы  музыкамен  тұтасып,  саз  сиқырының 

тұңғиығына бойлата білсе ғана ол нағыз орында-

ушы.


-  Көне  де  жаңа  музыканы  насихаттау 

жағы  қалай  қалыптасуда?  Арнайы  фестиваль-

дер, концерттер ұйымдастырыла ма?

Абзал: Концерттер, музыкалық фестиваль-

дер – музыканың өмір сүруінің бірден бір кепілі. 

Ұлттық  музыканы  орындаушылар  да  қазіргі 

заманғы  қазақстандық  мəдениеттің  бір  бөлшегі. 

Үнемі  шығармашылық  ізденісте  болу,  тың  жол-

дарды  табу  бəсекеден  қалмауға  көмектеседі. 

Əйтпесе  бір  орында  тұрып  қалу  артқа  кету  де-

ген  сөз.  Əсіресе,  көне  саз  аспаптарымен  айна-

лыса  жүріп,  ежелгі  музыка  өнерінің  тарихына 

бойлау, заманауи талаптармен үйлестіру арқылы 

түпнұсқа  аспаптардың  ерекшелігі  мен  қасиетін 

жеткізу – біздің басты міндетіміз. 

Ықылас  атындағы  халық  аспаптары 

музейі  тарапынан  балабақша,  мектеп,  колледж 

сияқты түрлі оқу орындарында дəріс-концерттер 

ұйымдастырылады, мұнда əр аспаптың жеке ды-

бысы, олардың үндестігін көрсетуге басты назар 

аударылады.



Мақсат:  Жалпы  музыка  ескі  не  жаңа  деп 

бөлінбейді,  тек  жақсы  немесе  нашар  музыка 

ғана  бар.  Қазір  эстрадалық  жеңіл-желпі  əуендер 

көбейгенмен де, бұл уақытша құбылыс. Тек нағыз 

таза  өнер  ғана  мəңгілік,  ешқашан  ескірмейді, 

жаңғыра  береді. 

Немістер  Моцарттың  музыкасына  қандай 

ұқыптылықпен қараса, біздің ұлттық мұрамызға 

да сондай көзқарас қажет. 

-  Иə,  бардың  берекесін  келтіріп,  жоқтың 

ізін  індетіп  зерттейтін  зерделі  жастар,  оны 

қолданысқа  енгізіп,  қазіргі  ұрпақтың  санасы-

на  құятын,  немқұрайдылықты  жойып,  рух-

жігерді  оятатын  зерек  ұландар  барда  қазақ 

өнері  ешқашан  өлмейді.  Салмақты  да  салиқалы 

əңгімелеріңіз  үшін  алғыс  айтамыз.  Қазақтың 

дəстүрлі  өнерінің  əлеуетін  таныту  жолындағы 

еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

Əңгімелескен 

Дина ИМАМБАЕВА

Абзал АРЫҚБАЕВ . «Музыка – сұлулық пен сезім үйлесімін жеткізудің тəсілі»


24

Поэзия


Жанұзақ ОРАЗБАЙ

Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Төле  би  ау-

даны, Алғабас ауылында туған. Абай атындағы 

ҚазҰПУ  филология  факультетінің  студенті. 

Журналымызда алғаш рет жарияланып отыр. 

МЕН СА АН СЫРЫМДЫ 

А ТАРАМ...

Əке,


Айбыныңды асқақ етер нар ұлың,

Жеңіле қап жер қаппайды жауырын.

Қамшы басып арман-аттың жонына,

Терге малып, сабындатам сауырын.

Əке,

Үмітіңді ақтаймын ғой əлі мен,



Сенімсіздік танытпашы, ғаріп өң.

Ақсақалдың алдын кесіп жүргем жоқ,

Жастан жасып, қашқаным жоқ кəріден.

Əке,


Уайымдама, бақыттымын, сорлы емен,

Жасымай-ақ жортып келем жолды ерен.

Күркіреген күрсінісі көңілдің,

Шаттығы да шат көңілдің болды өлең.



25

Жанұзақ ОРАЗБАЙ. «Мен саған сырымды ақтарам...»

Əке,


Уайымдама, жалғыз емен, досым көп,

Тасаланар жасын атса тосын көк.

Өлеңшіл боп өмір сүріп жүр ұлың,

Қағазы мен қаламы боп қос ілгек.

Əке,

Кітап болып жақыныма жоралғым. 



Өзіңдей-ақ кітапқұмар боп алдым.

Əке,


Түгесілмей кір көңілдің кірбіңі,

Жалғасуда «тірі адамның» тірлігі.

Ұлыңның да бір кітабын оқырсың,

Сөз өнері төр ұсынса бір күні.

***

Жүрегім-ау,



Мұң жұтып, жалын ішті,

Сезімімнен болғасын арым үсті.

«Арым үсті» деймін-ау, жалған айтам,

Арым жыға қоймады сағынышты.

Бала сəуір, 

Сенде бір күш бар мықты,

Мың сабылып өзіңді құстар күтті.

Қайта əкепті...Кетерде күзді қиып,

Қанатына байлап-ақ жіберіп ем,

Саған деген мендегі құштарлықты.

Құштар болып жүргенмін, құшқым келіп:

Құшқанымды түсімде үш түн көріп,

Үш күн болып «есалаң», аласұрдым,

Жанарларың кеткесін ұшқын төгіп.

Ұшқын төгіп кеткесін мен өртендім,

Сонда да сый етпедің сен еркем мұң.

«Əй, бір күні құшармын» деген үміт,

Есіктерін қағады кеп ертеңнің.

Теңіздей тебірендім, толқып ішім,

Үміт жығып күдіктің қорқынышын.

Көз алдымда көлбеңдер сол мүсінің,

Құлағымда жаңғырып сол күміс үн.

Сезімге құлдық ұрды бұла жүрек,

Махаббаттан іздемей шын əділет.

«Кездесуге жазсын» деп тілек етім,

Қажытса да Тəңірдің сынағы ерек.

***

15  сəуір.  Кеш.  Ажарыңды  нөсер 



өбіп,  сəуірдің  сызды  самалы  бауырыңды 

солқылдатып  жатқанда  құшағыма  қысып, 

аймалағым  келіп  еді.  Ол  да  болды.  Бірақ,  сол 

кеште  «Жыртылған  қағаздың»  иесін  сүйген 

жыртық жүректі жанның дəптерінің қағаздары 

жыртылып  қоқысқа  тасталынды.  Сол  тасада 

қалған тастанды жырдан үзік сыр... 

Итересің кеудемнен, тартынасың,

Болған соң ар-ұяттың шарты басым.

«Махаббатым» демедің, болдым бірақ,

Махаббатың болсам да, «жартыбасың». 

Көк қызығып, тым көп-ақ бақыладым,

Басқан сайын қуандым жақын адым.

Бейтаныс боп жүргеннен жақсы екен-ау,

Болғаным, жаным, сенің «ақымағың».

Жанарыңа жүрмесін толып кек,мұң,

Сезім деген аққу ғой, соны ұқ, тектім.

Мəжнүн емен сен Лəйлə болмағасын,

Жынды қыз, «жындың» сенің 

болып кеттім.

Жықпасы анық өзіңе жақынды жау,

Сезгендіктен сезімнің хақын мынау.

Менен гөрі өлеңшіл болғаның ба?

«Малғұның» да боп алдым ақылдым-ау.

Күніне сан ойланып, толғанамын,

Кетпе жырақ, мен үшін сол ғана мұң.

Бір мені ұнатқаның болса керек,

Оңған емес, боп алдым «оңбағаның».



26

 *«Үркер»*№102015

Жырыңмен жүрек кірін жудың дəйім,

Маған бола көгімде тудың ба айым?

Жүзіңнің күлгенін шын қалап едім,

Амал не, боп та алдым «қуғынбайың».

Гүл боп өстің кеудемде көгімді елеп,

«Кетші бар» дегенің тым көңілдірек.

«Кел жаным» демесең де қабылдаймын,

Сезімің осылай-ақ төгілді деп.

Жүк арттым салмақ салып желкеме тең,

Маған сен бар күніңді ертегі етем.

Демеймін махаббатым сен секілді,

Жай ғана «Бүжайым» деп еркелетем.

***


Өлең деген...

Елеңдеген көңілдің,

Өксігі екен, өлең жазам, төгіл мұң.

Жанарымнан жалқы моншақ сырғанап,

Өлең сенсіз өгей мұңға көмілдім.

Өлең,өлең,

Сырды ұғыншы мендегі,

Өзегіме шоғың түскен пендемін.

Көкіректі тепкілеген жұмыр ет,

Жасын төгер, сағынышым, сен деп үн.

Өлең, өлең,

Не сыйларың бар маған?

Не күтейін, еншің бар ма арнаған?

Тек сенемін, қазір жазып таңданам,

Оқи алсам түн елесін таңда аман.

Өлең, өлең,

Не айтайын, не дейсің?

Сырға теңіз, өгейлікке өгейсің.

Төсіңді емген мендей бейбақ ұлыңнан,

Ақын дерлік азаматың көбейсін.

Өлең,өлең,

Əр тыныстан естілетін үнсің сен,

Əн салатын күңіреніп күрсінсем.

Өлең, өлең,

Сені сүйем, демен сезім себепсіз,

Сүйгеніме айқынырақ себеп күз.

Бір күні

Мен саған сырымды ақтарам, 

Жете алсам сол ізгі шаққа аман.

Жүректен жүрекке жетеді,

Жүректі қозғаған мақпал əн.

Бір күні


Мен саған сырымды ақтарам.

Сезімдік сырларды пəк те адал,

Сендегі жүрекке жазамын,

Өшіріп мендегі тақтадан.

Жанымды сезімнің тілді үні,

Күдіктің күл болды кіл мұңы.

Мен саған сырымды ақтарам,

Бір күні...бір күні. ..

***


27

Жанұзақ ОРАЗБАЙ. «Мен саған сырымды ақтарам...»

Ойымда сен, 

Сенің мөлдір көздерің,

Көздеріне түспесінші өзгенің.

Сенің демің

Сенің демің болмаса

Тұншықтырып бара жатыр өз демім.

Ойымда сен,

Сенің қара бұрымың,

Жүрегімнің айталмаған сыры мың.

Саған салып сезімімнің құрығын,

Бүтіндедім сенімімнің сынығын.

Ойымда сен,

Сенің айтар сырларың,

Ұмытамын көкейімде мұң барын.

Сөздеріңмен, сөздеріңмен мендегі

Жүректі жүз, сананы мың шырмадың.

Ойымда сен,

Сен ғанасың,алтыным,

Сенсіз жолдың,

Алды – қайғы,арты – мұң.

Кездесейік,

Кездесейік, өтінем,

Өткеннен соң ертеңгіден алты күн...

Тəубе

Жаныма жалау етіп хақтың дінін,



Тəубеге келдім, Алла, кешір мені.

Өткенім қайта түрмес ақ түндігін,

Уақыттың қайтара алман көшін кері.

Өткенге өкініш бар өзекте көп,

Қайнаған жанартаудың лавасындай.

Сынаққа сырқырадым, тез өкпелеп,

Уақыттың білдім екен бағасын қай?

Нəпсінің орындаппын көп қалауын,

Өмірде бақыт сыры осы ма деп?

Тозақтың ойламаппын отты алауын,

Болыппын мініме мін қосып əлек.

Күнімнің бос өткіздім көп сағатын,

Түнімнің тыныштығын текке бұзып.

Бақыттың қаққан ізгі көк қанатын,

Білмеппін бағасын да кеткен ұшып.

Ең қиыны сұмдық бар арыма сын, 

Сөгетін намысымды, бақытты анық.

Ұғынбай мен шындықтың мағынасын,

Өзімше өлең жаздым шабыттанып.

Шемен жыр, шегелендің шер боп тұнық,

Өзгеге ризық болып татымадың.

Білмедім, білімімді жерлеп тұрып,

Ақынның пайғамбардай хақы барын.

Жаратқан, жарылқадың сый ғып беріп,

Ақын деп маңдайыма мөрді басып.

Өзге ақын жауһарларын жидық келіп,

Көңілдің жадыраттық көркін ашып.

Рухыма ризық етіп, Аллам ұлы,

Сый бердің берілмеген елге бөтен.

Малынған тұнығыма қаламымды,

Мұсаның асасындай сермеп өтем.

Сенделіп себепсізден жүргізбейтін,

Пайғамбар салып кеткен жол тамаша.

Дінімнің дестелетіп құндыз кейпін,

Өлең жазам,

Пайғамбар хадисіндей болмаса да.

Өлеңім бақытын əз сезінеді,

Танытсам əуезімен көпке реңін.

О, Алла.


28



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет