Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата03.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#5610
  1   2   3   4   5   6   7

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Өмірəлі Қопабаев

Əбiш Кекiлбайұлы

Нұрлан Оразалин

Динар Нөкетаева

Серік Сиқымбаев

Бектұр Төлеуғалиев

 Сағатбек Медеубекұлы

Мереке Құлкенов

Əлішер Пірметов

Дүрия Даниярова

Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№10 (86)

2015


БІЗ – ҰЛЫ ДАЛА 

ҰРПАҚТАРЫМЫЗ

Құрметті ханымдар мен 

мырзалар! 

Мəртебелі меймандар! 

Қазақ 


хандығының 550 

жылдығына 

жиналған 

барша 


қауымды  бүгінгі  торқалы    тоймен 

шын жүректен құттықтаймын! 

Бүкіл 

əлемді 


дағдарыс 

жайлап,  дамыған  елдердің  өздері 

үлкен  экономикалық  күйзеліске 

ұшыраған 

мынау 

алмағайып 



заманда  алыс-жақын  ағайынның 

басын қосып, Қазақ хандығының 550 

жылдық ұлан-асыр тойын өткізудің 

өзінің ерекше себептері бар. Бүгінгі 



Нұрсұлтан  

НАЗАРБАЕВ:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты 

жиналыста сөйлеген сөзі

2

 *«Үркер»*№102015

той,  ең  алдымен,  батыр  бабаларымыздың  биік 

рухына  тағзым  ету  жəне  тағдырдың  сан  алуан 

қиындықтарынан  сүрінбей  өткен  ата  тарихынан 

тағылым алу үшін өткізіліп отыр. 

Кеңес 


Одағы 

заманында 

Қазақстан 

мектептерінде  оқушылар  «КСРО  тарихы»  атты 

ортақ  оқулықтан  білім  алды.  Сондықтан,  жас 

ұрпақ  ата  тарихынан  мүлде  алшақтап  қалды. 

Оның  үстіне  Қазақ  хандығының  шаңырағын 

көтеріп,  айбынын  асырған  ұлы  хандарымыз  бен 

даңқты  батырларымыздың  есімдері  біртіндеп  ел 

жадынан  өшіріле  бастады.  Өз  ішімізден  шыққан 

оларды жамандағыштар құрметке бөленді. Елімізде 

ханның,  не  батырдың  ескерткіші  тұрмақ,  олардың 

атында  білім  мен  мəдениет  нысандары,  керек 

десеңіз,  жалғыз-жарым  көше  де  болған  жоқ.  Қазақ 

хандарының  аты  атала  қалған  жағдайда  оларға 

үстем  тап  өкілі  ретінде  келеңсіз  баға  беріліп, 

қисынсыз  айып  тағылды.  Бұл  туралы  ақын  Ғафу 

Қайырбеков  кезінде: «Басқаның  патшасының  бəрі 

жақсы. Неліктен біздің хандар жаман болған?» деп 

ашына  жазған  болатын.  Ұлт  жадының  тамырына 

балта  шабуға  арналған  осындай  сұрқай  саясаттың 

небəрі ширек ғасыр бұрын орын алғанына сенудің 

өзі қиын. Бірақ кеңес заманының ащы шындығы дəл 

осындай болатын. 

Тəуелсіздік 

қазақ 


халқының 

өшкенін 


жандырып, өлгенін тірілтті. Алматы мен Астанада, 

облыс  орталықтары  мен  ірі  елді  мекендерде  Керей 

мен Жəнібек, Абылай мен Əбілқайыр сияқты əйгілі 

хандарымыздың,  Қабанбай,  Бөгенбай,  Наурызбай 

батырлардың  еңселі  ескерткіштері  бой  көтеріп, 

олардың  есімдері  елді  мекендерге,  жоғары  оқу 

орындары  мен  мектептерге  берілді.  Бабалардың 

ерлік  пен  күреске  толы  өнегелі  өмір  жолдары 

жайлы  том-том  ғылыми  еңбектер  мен  əдеби 

шығармалар жазылды. Тəуелсіздікпен бірге оралып, 

ұрпағына  ұлан-ғайыр  қоныс  қалдырған  батыр 

бабаларымыздың  биік  рухы  қазақтардың,  əсіресе, 

жаңа буынның арасында аса зор патриоттық өрлеу 

туғызып,  ұлт  тарихына  деген  мақтаныш  сезімін 

ұялатты. 

Қазақ,  Жұбан  ақын  айтқандай, «мың  өліп, 

мың  тірілген»  халық.  Бірлігі  жарасқанда  даңқы 

асып, билікке таласқанда берекесі қашқан. Баршаға 

белгілі,  байырғы  бабаларымыз  бөрілі  байрақ 

ұстап,  Байкалдан  Балқанға  дейінгі  алқапты  еркін 

жайлаған. Көгімізде желбіреген алтын Күн астында 

қыраны  қалықтаған  Туымыз  мемлекеттілігіміздің 

үзілмей жалғасып жатқандығының айғағы. 

Қазақ  хандығы  бұдан  бес  жарым  ғасыр 

бұрын  ғана  шаңырақ  көтерсе  де,  Еуразияның 

ұлы  даласында  орнаған  арғы  дəуірдегі  сақ,  ғұн, 

үйсін  мемлекеттерінің,  бергі  замандағы  Ұлы 

түрік  қағандығы,  Дешті  Қыпшақ  пен  Алтын  Орда 

мемлекеттерінің  заңды  мұрагері  болды.  Арғы 

дəуірлерге  бармай-ақ,  таза  түркілік  заманымызға 

зер  салар  болсақ,  əйгілі  Рим  империясы  құлап, 

Еуропадағы  осы  күнгі  мемлекеттердің  нобайы  да 

əлі қалыптаса қоймаған, ал Қытайда үш патшалық 

пен алуан əулет өзара қырқысып жатқан VI ғасырда 

– 552 жылы  Алтайда  Ұлы  түрік  қағанаты  атты 

қуатты,  күшті  мемлекет  дүниеге  келді.  Ол  небəрі 

жарты ғасыр ішінде Алтай мен Кавказ арасындағы 

алып  далада  жеке-дара  билік  жүргізді.  Дəуірлеп 

тұрған  кезінде  Византия  мен  Ираннан,  Қытайдың 

екі патшалығынан алым алған ер түріктің берекесі 

кетіп,  өз  ішінде  билікке  талас  басталғанда,  əуелі 

Батыс  жəне  Шығыс  болып  ажырап,  кейін  оғыз, 

қарлұқ,  қыпшақ  болып  бөлініп,  жауларына  жем 

болды.


 VIII ғасырда  тасқа  қашалған  Күлтегін 

жазуында: «Алдау  мен  арбауға  арандаған  түркі 

халқы  бірлігінен  айырылды.  Табғаштарға  қайсар 

ұлдары  құл,  көрікті  қыздары  күң  болды», – 

деп  жазылған.  Қай  заманда  болса  да,  барлық 

жеңістеріміздің  бастауы  береке-бірлік  екенін  жас 

ұрпақ  ешқашан  ұмытпай,  өткеннен  сабақ  алуы 

үшін  Күлтегін  жазуының  көшірмесін  жасатып, 

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  университетінің 

атриумына  қойғыздым.  Бүгінгі  тəуелсіз  түркі 

мемлекеттері – Түркия,  Қазақстан,  Өзбекстан, 

Əзербайжан, 

Түрікменстан 

мен 


Қырғызстан 

жəне  дүниенің  əр  түкпіріне  тарыдай  шашылған 

жалпы  саны 200 миллионнан  асатын 30-дан  астам 

түркітілдес  ұлттар  мен  ұлыстардың  ұлы  бабасы 

ер  түрік  аталарымыз  болатын. «Түрік»  сөзінің  бір 

мағынасын  əйгілі  түрколог  академик  А.Н.Кононов 

«берік»,  яғни  «бірігу», «бірлік»  сөзінен  шығарады.  

Ендеше, түркі халықтары жаратылысында əрдайым 

бірге,  береке-бірлікте  болу  үшін  жаратылған. 

Бабаларымыз да бізге осыны мирас еткен. 

Бірлік – біздің барлық жеңістеріміздің алтын 

қайнары, ел қорғағанда күш-қуат берер асқақ айбары. 



3

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Біз – Ұлы Дала ұрпақтарымыз»

Осыны  əрдайым  жадымызда  ұстауымыз  керек. 

Жаһандану  заманында  тағдыр  талайымен  бөлініп 

кеткен, тілі, ділі, діні мен тегі бір түркі халықтары 

ХХІ  ғасырда  ынтымақ  жарастыруы  қажет.  Сөйтіп, 

саясатта,  экономикада,  ғылым  мен  технологияда 

өзара  ықпалдастық  пен  байланыстарды  күшейте 

беруіміз керек. Ата тарихы бізді осыған шақырады.

 Бүгінгі той – ең алдымен, Қазақ хандығының 

550  жылдық  тойы.  Атақты  Мұхаммед  Хайдар 

Дулатидің деректері бойынша, 1465 жылы Қозыбасы 

тауының етегінде тарихи оқиға болды. Бұл – біздің 

елдігіміздің  тамыры  тереңде  жатқанын  танытатын 

аса маңызды тарихи дерек. Керей мен Жəнібек хандар 

Əбілқайыр  ұлысынан  бөлініп,  Шу  мен  Таластың 

арасында  Қазақ  хандығының  шаңырағын  көтерді. 

Алты Алаш анттасып, айырылмасқа сөз байласып, 

Ұлытауға  таңбаларын  қашап  жазды.  Осылайша, 

тарих  сахнасына  Қазақ  деген  халық  шығып,  ұлан-

ғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады. Одан соң 

қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, 

керегесін керді. Хақназар хан ел шекарасын Еділдің 

бойына  дейін  кеңейтсе,  Тəуекел  хан  Түркістан 

өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей 

бойлы  ер  Есім  елдің  іргесін  бекіту  жолындағы 

күресте 


қолбасшылығымен 

танымал 


болды. 

Салқам  Жəңгір  хан  Орбұлақ  түбіндегі  шайқаста 

жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Əз Тəуке «Жеті 

Жарғыны» енгізді. 

Қазақ  хандығы  кезеңі – ат  жалында  күн 

кешкен  алаш  жұртының  қаһармандық  дəуірі.  Ел 

билеген  хандардың  өмірі  майдан  шебінде  өтті. 

Қазақтың алғашқы он төрт ханының жетеуі жорық 

жолында қаза тапты. 

Осынау ұлы бабалардың биік рухына барлық 

ұрпақ  айрықша    құрметпен  бас  иіп,  ризашылығын 

білдіреді.  Олардың  ұлтқа  сіңірген  ұшан-теңіз 

еңбегі  əрдайым  ел  есінде  сақталады.  Қазақтардың 

талай буыны қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған 

мамыражай заман орнатқан хан ретінде қадірлейтін 

Əз Тəуке биліктен кеткен соң халқымыздың береке-

бірлігі əлсіреп, жүзге жəне руға бөлінушілік белең 

алды.


Орталық  Азиядағы    аса  қуатты  əскери 

мемлекет  саналатын  Қазақ  хандығының  осы 

осалдығын  оңтайлы  пайдаланған  жоңғарлар 

тұтқиылдан  соғыс  ашып,  ел  тарихына  «Ақтабан 

шұбырынды,  Алқакөл  сұлама»  деген  атпен  енген 

трагедияға  ұшыратты.  Дəл  осы  тұста  тарих 

сахнасына  қол  бастаған  Қабанбай,  Бөгенбай, 

Наурызбай,  Малайсары  сияқты    батырлар,  сөз 

бастаған  Төле,  Қазыбек,  Əйтекедей  дуалы  ауыз 

билер,  ел  бастаған  Абылай,  Əбілқайырдай  хандар 

шықты. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, 

береке-бірлігі  асқан  қазақ  қолы 1730 жылы 

Аңырақай  түбінде  жоңғарларға  күйрете  соққы 

беріп, ата қонысын жаудан біржолата азат етті. 

Қаз дауысты Қазыбек би: 

Біз қазақ деген мал баққан елміз, 

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, 

Елімізден құт-береке қашпасын деп, 

Жеріміздің шетін жау баспасын деп, 

Найзаға үкі таққан елміз. 

Ешбір дұшпан басынбаған елміз, 

Басымыздан сөз асырмаған елміз. 

Достықты сақтай білген елміз, 

Дəм-тұзды ақтай білген елміз, – деген  екен.

 Бірліктің қадірін біліп, білекке білек қосқандар 

атамекенді  жаудан  азат  етті.  Алайда,  ағайынның 

араздығынан,  ынтымақтың  аздығынан  көп  ұзамай 

хандық  жойылды.  Данышпан  Абай  айтқандай, 

«Бас-басына  би  болған  өңкей  қиқым»  елдің  сиқын 

кетірді.  Сол  кезде  бүкіл  дүниежүзін  жайлаған, 

«бөліп  ал  да,  билей  бер»  деген  отаршылдыққа 

негізделген  сұрқия  саясат  Қазақ  елін  біржолата 

Ресей  патшалығының  отарына  айналдырды.  Бұдан 

кейінгі  Қазан  төңкерісінен,  Азамат  соғысынан, 

халқымыздың тең жартысын жалмаған отыз екінші 

жылғы  ашаршылықтан  ер  азаматқа  да,  елге  де 

сын  болған  Ұлы  Отан  соғысынан  қазақ  қаншама 

қансырап  шықса  да,  азаттық  аңсаған  өршіл  рухы 

мен ұлттық келбетін жоғалтқан емес. 

Ел  арасында  айтылатын  тəмсіл  бар.  Абылай 

хан: «Үш арманым бар еді. Біріншісі – елімді бейбіт 

өмірге жеткізсем деп едім, қан көп төгілді. Екіншісі 

– халқым қала, кент сала алмады. Үшіншісі – елдің 

басын біріктіре алмадым», – деген екен. Абылайдың 

асыл  армандары  тəуелсіздік  тұсында  түгелдей 

орындалды. Қазақстанның қай түкпіріне барсақ та, 

қалаларымыз бен ауылдарымыз жарқырап, жайнап 

тұр.  Даламыз  жайқалған  егінге  толып,  еліміз 

жасыл баққа айналды. Алтын Күн шуағын шашқан 

Көк  байрағымыздың  астында  қазақ  қана  емес, 130 

ұлттың  өкілдері  береке-бірлікпен  тату-тəтті  өмір 

сүруде. Мен бұдан бұрынырақ «Қазақ тарихында біз 



4

ұялатын ештеңе жоқ» деген едім. Бүгін сол сөзімнің 

жалғасы  ретінде: «Бізге  бабалар  тұлпарларының 

тұяғымен  жазылған  ата  тарихының  əр  парағы 

ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі жəне болашақ 

буыны оны əрдайым орынды мақтан ететін болады», 

дегім келеді. 

Тек өткен тарихымен ғана мақтанатын елдің 

болашағы  бұлыңғыр.  Əр  буын  өкілдері  ата-баба 

даңқына  даңқ  қосып,  абыройын  арттырып,  бүкіл 

дүниежүзі  алдында  беделін  биіктете  білген  елдің 

ғана болашағы жарқын, мерейі үстем болады. Осы 

тұрғыдан  келгенде,  тəуелсіз  Қазақстанның  бүгінгі 

буыны  бабалар  аманатына  адалдық  танытып, 

еліміздің  абырой-беделін  бұрын-соңды  болмаған 

биікке көтерді деп айта аламыз. 

Ең  алдымен,  бабаларымыз  егемен  еліміз 

тəуелсіздік  алғанда  еншімізде  ұлан-байтақ  жер 

қалды.  Бірақ  əлемдегі  тоғызыншы  территория 

саналатын  қазақ  даласы  ешбір  халықаралық 

құжатпен  ресімделмей,  ашық-шашық  жатқан 

еді.  Біз  осы  бір  аса  күрделі  əрі  шетін  мəселені 

сəтімен  шешіп,  Ресей  мен  Қытай  бастаған  барлық 

көршілерімізбен арадағы жалпы ұзындығы 14 мың 

шақырымнан  асатын  шекарамызды  халықаралық 

құжаттармен рəсімдеп, болашақ ұрпақтың алаңсыз 

болуы үшін біржолата əрі мəңгілікке шегендедік. 

Екіншіден, 

бізге 

мұраға 


қалған 

ата 


қонысымыз    жылдар  бойы  халқымызға  қасірет 

əкелген  ажал  полигондары    мен  жаппай  қырып-

жоюға  арналған  ядролық  оқтұмсықтарға  толы 

болды.  Біз  соның  бəрінен  елімізді  де,  жерімізді 

де  азат  етіп,  əлемдік  ядролық  қарусыздану  көшін 

бастадық.  Ақыл  мен  парасаттың  кез  келген 

қарудан қуаттырақ болатынын дəлелдеп, жаһандық 

қауіпсіздікке зор үлесімізді қостық. 

Үшіншіден, екі жарым ғасыр патшалық Ресей 

мен 70 жылдан  астам  Кеңес  Одағы  құрамында 

болғанда  қазақ  халқы  өз  жерінде  отырып-ақ 

азшылыққа,  ал  Қазақстан  өз  еркінен  тыс 130 ұлт 

пен  ұлыстың  мекеніне  айналды.  Əлем  тарихына 

көз тігер болсақ, соғыс атаулы не жер дауы, не ұлт 

артықшылығы,  не  дін  үстемдігі  үшін  болатынын 

байқау  қиын  емес.  Біз  елімізді  мекендеген  сан 

алуан  ұлт  пен  ұлыс,  дін  өкілдерін  Көк  тудың 

астына  жинап,  ел  тыныштығын,  береке-бірлігін 

сақтадық.  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  əлемдегі  талай 

мемлекетке  үлгі-өнеге  ретінде  ұсынған  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясын  құрып,  бес  рет  қатарынан 

Əлемдік  жəне  дəстүрлі  діндер 

көшбасшыларының  съездерін 

зор 


табыспен 

өткіздік. 

Бабаларымыз 

мирас 


еткен 

«Кең болсаң – кем  болмайсың» 

деген  қағиданы  басшылыққа 

ала отырып, əлі талай биіктерге 

жетеріміз анық. 

Төртіншіден, 

біз 

іргемізді  бекітіп,  бірлігімізді 



бекемдеген  соң  əлемдегі  ең 

дамыған  елдердің  тəжірибесін 

зерттеп, 

дамудың 


өзіміз 

жасаған 


жаңа 

моделі – 

«Қазақстан  жолын»  ұсындық.  Дамудың  ең 

жарқын  болашағын  айқындаған  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясын  түздік.  Дəл  осы  құжаттың  негізінде 

алға  қойған  мақсаттарымызды  рет-ретімен  жүзеге 

асырып,  қуатты  да  табысты  мемлекет  орнаттық. 

Соның  нəтижесінде  экономикамыз  аз  ғана  жылда 

ешқашан,  ешкімде  болмаған  қарқынмен  алға 

басты. 2014 жылы  еліміздің  ішкі  жалпы  өнімі 

1993  жылғы  көрсеткіштен 19 есеге  көбейді.  Ол 

жан  басына  шаққанда 696 доллардан 13 мың 

долларға,  яғни 18 есеге  артты. 1993-2013 жылдар 

аралығында 200 миллиард доллардан астам тікелей 

шетел  инвестициясын  тарттық.  Елдің  əл-ауқатын 

барынша жақсартып, өркениетті елдердің деңгейіне 

жеткіздік.

Бесіншіден,  бабалар  мирас  еткен  жеріміз 

қаншалықты  кең  болса  да,  бізде  ұлы  мұхитқа 

шығатын  жол  болған  емес.  Теміржол  атаулы 



 *«Үркер»*№102015

5

Қазақстанның байлығын тасу үшін тек солтүстікке 

қарай  салынды.  Тəуелсіздік  жылдары  біз  жалпы 

ұзындығы 2500 шақырымдық  теміржол  салып, 

еліміздің 

барлық 


облыстарын 

бір-бірімен 

жалғастырдық.  Нəтижесінде  Қазақстанның  болат 

жолдары Қытай арқылы Тынық мұхитқа, түрікмен 

жері,  Парсы  шығанағы  арқылы  Үнді  мұхитына, 

Ресей  арқылы  Батыс  Еуропаға,  одан  əрі  Атлант 

мұхитына  жететін  болды.  Бұған  қосымша, «Батыс 

Қытай – Батыс Еуропа» еуразиялық автомагистралі 

де  пайдалануға  берілді.  Ал  «Нұрлы  Жол» 

бағдарламасымен елімізде жаңа 7 мың километрден 

астам автокөлік жолы салынып, барлық өңірлермен 

байланыс  екі  есеге  жақын  болады.  ХХІ  ғасырдың 

нағыз Жібек жолы деп осыны айтуымыз керек. 

Алтыншыдан, 

қазақты 

өзге 


ұлттан 

даралайтын  оның  тілі  мен  мəдениеті,  руханияты. 

Еліміз  егемендігін  алғаннан  кейін,  жағдайдың 

қиындығына  қарамастан,  тағдырдың  жазуымен 

дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен 

миллионнан  астам  қандасымызды  атамекенге 

қайтарып  алып  келдік.  Бабалар  тарихына  қатысты 

дүниежүзінің  архивтерінде  шаң  басқан  тарихи 

құжаттарды  алдырып,  том-том  кітаптар  мен 

оқулықтар  шығарып,  ата  тарихтың  ақиқатын 

түгендедік.  Тəуелсіздік  жылдарында 1300-ге  жуық 

мектеп, 1250-ге  жуық  денсаулық  сақтау  нысанын, 

тағы 4 мыңнан астам балабақша салдық. Халықтың 

орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жетті. 

Азаттықтың 

алғашқы 


жылдарында 

«Болашақ»  бағдарламасын  əзірлеп,  он  мыңнан 

астам  талантты  жастарымызды  шетелдердің 

ең  беделді  университеттерінде  оқыттық.  Қазір 

«Болашақ» түлектері басқару ісіне араласып, өздері 

ел  болашағына  қызмет  істеуде.  Кемелімізге  келген 

соң  еліміздегі  барша  орта  білім  ошақтарына  үлгі 

болсын  деп,  республикамыздың  əрбір  өңірінде 

дүниежүзіндегі ең биік талаптарға сай «Зияткерлік 

мектептерді»  аштық.  Ал,  күллі  жоғары  білім 

ордалары  биыл  алғашқы  түлектерін  ұшырып, 

əлемдік  деңгейде  танылып  үлгерген  «Назарбаев 

Университетке» қарап бой түзейді. «Мəдени мұра» 

бағдарламасы  бойынша  ата-бабамыздың  асыл 

мұрасын  жинақтаған  соң  əлемдегі  ең  жаңашыл 

өнер ордалары саналатын Бейбітшілік жəне келісім 

сарайы, Орталық концерт залы, Астана опера жəне 

балет  театры,  Ұлттық  музей  ғимараттарын  салып, 

ұлт мəдениетінің əлемдік өркениет биігінде дамуы 

үшін барлық жағдайды жасадық. Мұндай мəдениет 

ошақтары еліміздің əр өңірінде бой көтерді. 

Жас ұрпақтың жаны сұлу, дені сау болуымен 

қатар,  күш-қайраты  мол  болуы  үшін  зəулім  спорт 

сарайларын тұрғызып, қысқы Азия ойындарын зор 

табыспен  өткіздік.  Лондон  Олимпиадасында  ұлы 

жеңіске  ие  болдық,  отандық  спортшылар  жарқын 

жетістіктерімен ел мерейін өсірді. 

Жетіншіден,  іргесі  берік  үйдің  шаңырағы 

шайқалмайды. Жақында ғана біз Ата Заңымыздың 

20  жылдығын  атап  өттік.  Біздің  Конституциямыз 

ұлттық  заңнама  жүйесіне  берік  іргетас  болып 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Біз – Ұлы Дала ұрпақтарымыз»


6

қаланды.  Заң  шығарушы,  атқарушы  билік  пен 

тəуелсіз  сот  жүйесінің  негізін  құрды.  Қазақстан 

Парламенті  ең  жоғары  өкілетті  орган  ретінде  өз 

міндетін абыроймен атқаруда. 

Сегізіншіден,  бабалар  даңқына  мақтанумен 

шектелмей,  үздіксіз  алға  жылжыған  ел  ғана 

озады.  Осыдан  ширек  ғасыр  бұрын  ғана  əлем 

картасында  болмаған  Қазақстан  дүниежүзінің 

56  елінің  басын  қосатын  Еуропадағы  қауіпсіздік 

жəне  ынтымақтастық    ұйымына, 57  мемлекетті 

біріктіретін  Ислам  ынтымақтастығы  ұйымына 

абыроймен  төрағалық  етіп,  ұлтымыздың  рухын 

көтеріп, 

жұртымыздың 

еңсесін 


биіктеттік. 

Қазақстан алып құрлықтағы ең түйінді мəселелерді 

шешетін 30-ға  жуық  мемлекеттің  басын  қосып, 

Азиядағы  өзара  іс-қимыл  жəне  сенім  шаралары 

жөніндегі  кеңес  құрып,  оны  əлемдегі  беделді 

ұйымдардың қатарына қосты. Əлемдегі ең ықпалды 

халықаралық 

ұйымдардың 

біріне 

айналған 



Шанхай  ынтымақтастық  ұйымын  құрудың  басты 

бастамашыларының  бірі  болып,  бірнеше  рет  биік 

деңгейдегі саммит өткіздік. 

Біздің бабаларымыз – ғұндар да, түркілер де, 

қыпшақтар  да  өткен  замандарда  Еуразиядай  алып 

материктің  басты  интеграторы  болған.  Олар  Ұлы 

Даладағы  алуан  тайпалардың  басын  талай  мəрте 

қосып,  берекесі  қашқан  кезде  сан  рет  жауларына 

жем  болған.  Біз  де 20 жылдан  астам  уақыт 

бойы  Еуразиялық  одақ  құру  туралы  бастаманы 

табандылықпен  ілгері  жылжытып,  оны  бүгінде 

бес  мемлекеттің  басын  қосатын  посткеңестік 

елдер  ішіндегі  ең  үлкен  экономикалық  ұйымға 

айналдырдық. 

Тоғызыншыдан, 

Астананың 

төрінде 

тұрып,  бүгінде  бар  қазақтың  ортақ  мақтанышына 

айналған  елордамыз  туралы  айтпау  мүмкін  емес. 

Астанамыз – жаһанға  танылған  жұртымыздың 

жарқыраған  жақұты,  Азаттығымыздың    алтын 

қыраны! Елорданы салу тəуелсіз Қазақстанның өте 

күрделі мақсат қойып, оны табандылықпен орындай 

алатынын  күллі  əлемге  айқын  дəлелдеп  берді.  Бас 

қаламыз  қазақтың  абыройын  асырып,  мерейін 

тасытты.  Еңселі  елордаға  айналды.  Астанамен 

бірге  қалың  қазақтың  да  даңқы  артты.  Еліміздің 

əр  өңіріндегі  басқа  қалалар  мен  елді  мекендер  де 

елордаға қарап бой түзеп, жарқырай бастады. Бүгінгі 

торқалы  тойымыз  өтіп  жатқан  Тəуелсіздік  сарайы 

жəне  жаңа  салынған  Спорт  кешені  де    осындай 

еңселі ғимараттардың бірі болмақ. 

Оныншыдан,  бəсекеге  қабілетті  елу  елдің 

қатарынан  берік  орын  алып,  əлемдегі  үздік 

отыздықтың  қатарына  кіруді  басты  стратегиялық 

мақсат етіп қойдық. Алда Астанада əлемдегі ғылым 

мен техниканың, өнеркəсіптің, жаңалық атаулының 

жетістіктерін насихаттайтын ЭКСПО-2017 көрмесін 

өткізу  міндеті  тұр.  Қазір  адамзат  қоғамы  жаңа 

индустриялық революциямен бетпе-бет келіп отыр. 

Оған  Қазақстанның  экономикасы  мен  өнеркəсібі 

дайын  болуы  үшін  біз  «Үдемелі  индустриялық-

инновациялық даму бағдарламасын» əзірлеп, жүзеге 

асырудамыз.  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  кірдік. 

Баршаға  бірдей  кəсіби,  осы  заманғы  мемлекетіміз 

одан  əрі  табысты  болуы  үшін  бес  институттық 

реформа жүргізуді қолға алдық. Тиісті мемлекеттік 

органдар оны рет-ретімен жүзеге асыруға кірісіп те 

кетті. Бұл реформа бізді жаңа биіктерге бастайды.

«Егемен  болмай  ел  болмас»  дегендей,  біз 

азаттық  жылдарында  шын  мəнінде  ұлы  жолдан 

өттік.  Тəуелсіздік  кезеңі – біз  үшін  ғасырлар 

жүгін  арқалаған  ғаламат  кезең.  Кезінде  Керей  мен 

Жəнібекке ілесіп шыққан халықтың ұзын саны 200 

мың  шамасында  екен.  Бүгінгі  күні  сол  қазақтың 

қатары жер жүзінде 15 миллионнан асып жығылды. 

Ал  егер  қазақ  өткен  ғасырдың  ашаршылығына 

ұшырамаса, өткен соғыста қырылмаса қанша болар 

еді? 

Қазақтың  өз  ішіндегі  береке-бірлігі  күшті 



болуы  керек.  Данышпан  Абайдың: «Біріңді,  қазақ, 

бірің  дос,  Көрмесең  істің  бəрі  бос»,  деген  өсиетін 

əрдайым естен шығармайық, ардақты ағайын. Алда 

қандай  сын-қатерлер  күтіп  тұрса  да  бірлігіміздің 

арқасында  біздің  болашағымыз  бүгінгіден  де 

жарқын деп кəміл сеніммен айта аламын. 

Бəріміздің  киелі  атамекеніміз  бар,  ол – 

қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі 

аманатын  орындау  жолында  біз  құрған  қасиетті 

Отанымыз бар. Ол – Тəуелсіз Қазақстан. Тəуелсіздік 

–  біздің  маңдайға  басқан  бағымыз,  мəңгі  сақтауға 

тиіс  аманатымыз.  Қасиетті  Отанымызда  қандай 

қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл 

рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар. Ол – ержүрек 

қазақ халқы, барша қазақстандықтар. Сол қаһарман 

халықтың  алға  қойған  ізгі  мұраты  бар.  Ол – Ұлы 

Дала  төсінде  өзі  құрған  мемлекетті  Мəңгілік  Ел 

 *«Үркер»*№102015


7

жасау.  Ендеше,  əрқашан  еліміз  аман,  бауырымыз 

бүтін  болсын.  Сіздер  мен  біздер  құрған  Тəуелсіз 

Қазақстанымыз  Мəңгілік  Елге  айналсын!  Ұлы 

мақсаттарға жету жолында бізге батыр бабалардың 

аруағы жар болсын! 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет