-Əңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Нұрлан ҚҰМАР
Айтулылар айтқан сөз
Балалар – біздің болашағымыз. Олар
біздің мұраттарымыз жолындағы күрес
үшін жақсы қаруланған болуы керек.
Н.Н.Крупская
35
Оќушы жїрегініѕ лїпілі
Елдос МҰҚАТАЙ
19 наурыз 1998 жылы Қостанай
облысында дүниеге келді. Арқалық
қаласындағы Ы.Алтынсарин атын-
дағы
гимназияның 11-сынып
оқушысы. Оқу үздігі.
ШЫ А БЕРСIН ОТАНЫМ
БИIК ШЫ А
Шабытты ұл
Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Елдос Мұқатай
– сегіз қырлы, бір сырлы, талантты, дарынды оқушы. Облыстық, республикалық
қазақ тілі мен əдебиеті пəні олимпиадасының жүлдегері, шығармалар, ғылыми
жоба байқауларының, дəстүрлі түрде өткізілетін мектепішілік, қалалық “Абай
оқуларының” жеңімпазы.
Елдос ұлы ақын болуды армандайды, халқына қара сөзбен жыр арнауды
мақсат тұтады.
Кемеңгер, ойшыл, дана, асыл тұлға,
Бөлеймін бір өзіңді өлең-жырға.
Арманымұлы Абайдай ақын болу,
Бір Аллам шабыт берді мендей ұлға,-деп өзінің бойындағы ерекше қасиетін
«Алланың сыйы» деп ұғады. Абай атамызды үлгі етеді. Жастайынан жалындап
тұрған жас ақынның алар асуы əлі алда деп ойлаймыз.
Ұлы Абайдың сара жолын өзіне бағдар етіп ұстаған Елдостың болашағынан
зор үміт күтеміз.
Сəуле БАДАЕВА,
қазақ тілі мен əдебиет пəнінің мұғалімі,
Арқалық қалалық білім бөлімінің əдіскері.
36
* «Үркер»* №10* 2015
Ұлы абызға арнау
Кемеңгер, ойшыл, дана, асыл тұлға,
Бөлеймін бір өзіңді өлең-жырға.
Арманым - ұлы Абайдай ақын болу,
Бір Аллам шабыт берді мендей ұлға.
Қара сөзді қиыстырған ер данасың,
Өлең -сөздің патшасы сөз сарасын.
Ақындық пен сазгерліктей қос өнерді,
Бойыңа жиып келген сен ғанасың.
Ұлылардың біртуар көсемісің,
Ақындардың ішіндегі шешенісің.
Мерейтойы абыздың құтты болсын,
Ұмытпасын жас ұрпақ кешегісін.
Артына үлкен мұра, із қалдырған.
Тілінен жас ұрпақтың бал тамдырған.
Ұлағатты сөзіңді ұран етем,
Қашан да оқырманды жандандырған.
Тарихта мəңгі қалар ерен ақын,
Жырлары жүрегіме аса жақын.
Өлсе өлер табиғат, сен өлмессің
Елің барда өшпейді сенің атың!
Қазақстан-туған өлкем!
Қазақстан-Отаным, туған өлкем,
Жер жоқ қой бұл əлемде сендей көркем.
Жасыл жайлау, ну орман сəнді неткен,
Арғы атам қалдырған Атамекен.
Қымбат маған тау-тасың, өзен, бұлақ,
Сағынамын бəрін де кетсем жырақ.
Бір уыс топырағың ыстық маған,
Өскенмін сол құмда мен аунап-қунап.
Табиғатыңды көргендер таңданады,
Əсерлерін білдіруге қамданады.
Суретшілер шеберлікпен сурет салса,
Əншілерден əуезді əн арналады.
Асқар тау, терең көл мен қалың орман,
Бұларды көргендерде болмас арман.
Табиғат кереметі естен кетпес,
Баянауыл, Бурабай, Оқжетпес.
Сарыағаш кеселіме ем болады,
Жұпар ауаң əл берер дем болады.
Астанадай елордасы бар Отаным,
Жер шарында қай елден кем болады.
Туған жер, сені қорғау бір парызым,
Мойнымда жинақталды мол қарызым.
Өзгелер түсіне ме, əлде жоқ па,
Сенде өткен өмірінің бар маңызын.
Өтіп бара жатыр ғой əрбір күнім,
Жеңілдетем жырменен көңіл жүгін.
Лəззат берер еске алам əр мезгілін,
Самал желі соғып тұрған айлы түнін.
Туған жерім-бабамнан қалған мұра,
Шыға берсін Отаным биік шыңға.
Сол жеңісті көру үшін шет елдегі,
Қандастарым оралсын қайта мұнда.
Көркейе бер, Қазақстаным, шарықта,
Қыран құстай көк аспанда қалықта.
Зор беделге ие бол басқа елде,
Бірінші боп тұрудан еш жалықпа.
Тəуелсіз Қазақстаным-туған мекен,
Сеніміңді мен мəңгі ақтап өтем.
Өзіңде туғанымды бақыт көріп,
Кеуде керіп өзгеге мақтан етем!
Ұстазға
Əр шəкіртке бола білген жанашыр,
Бүгін от боп əр жүректе жанасың.
37
Елдос МҰҚАТАЙ. «Балапан» қанат қақты»
Сен бергенсің алғашқыда айырып,
Жақсылық пен жамандықтың арасын.
Менің балғын қиялымды тербеткен,
Құшағымды алыстарға серметкен.
Білім нəрін сусындатқан санама,
О, мұғалім, өмірің өтті еңбекпен.
Аралатқан ғылымдардың мол бағын,
Əлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.
Көрген сайын жанарыңнан оқимын,
Ізгілік пен парасаттың жолдарын.
Домбыра
Жырлаған қазағымның қасіретін,
Жеткізген кейінгіге үлкен мұра.
Көрсеткен қазағымның қасиетін,
Қорғасын құйылған да бұл домбыра.
Қорғасын құйылса да бұл аспапқа,
Тарихымды жырлаудан ол тынды ма.
Қазағымның азабын күймен шерткен,
Рухани біздің мұра, ол-домбыра.
Осы ұрпақ қастерлесін домбыраны,
Қазақты нағыз қазақ сол қылады.
Домбыраның үнінен өзге халық,
Қазақтың əдет-салтын мол ұғады.
Айдағы тіршілік
(Өтірік өлең)
Өзім жалғыз тұрам ба,
Мініп алдым жыланға.
Айға ұшып бардым мен,
Сағат екі болғанда.
Аспаннан мен кетпедім,
Айды толық зерттедім.
Кезіккенде жабайы аң,
Шаруама ерттедім.
Айда қасқыр бар екен,
Қуды мені қасекең.
Қолымдағы қаламмен,
Бір-ақ ұрдым оны мен.
Кейін досым жолбарыс,
Шақырды мені үйіне.
Қонақ болып екі жыл,
Жаттым соның үйінде.
Айтулылар айтқан сөз
Тарих – бұдан әрі түзетуге болмайтын
саясат. Саясат – әлі де болса түзетуге
келетін тарих.
Зигмунд ГРАФФ
38
Əдебиет əлемі
«Ар» мен ақын
Осыдан жетпіс жыл бұрын қазақ поэзиясы-
на өзгеше құбылыс болып «Ар» өлеңдер жинағы
қосылған еді. Кітаптың авторы жиырма жастағы
Қуандық Шаңғытбаев, ал жас ақынның алғаш
тұсауын кесіп, батасын берген ұлы жазушы
Мұхтар Əуезов болатын. Өкінішке орай тарих
парақтары «Ар» жинағының солақай саясаттың
құрбаны болып үлкен сынға ұшырап, өртелгенін,
автордың қудаланып, біраз қиындық көргенін
айтады. Алайда, кітап өртеліп, жойылғанымен
өнерді, соның ішінде сөз өнерін ешқандай күш
көміп, өшіре алмасы анық. Бұған дəлел бүгінгі
ұрпақтың Қуандық Шаңғытбаевты іздеп оқып,
мақтан тұтуы. Өз заманында тағдырдың бар
сынағын сабырмен жеңе білген, қайталанбас
талантымен қазақ өлеңінің шайыры биігіне
дейін көтерілген ақынның туғанына 90 жыл,
тырнақалды жинағы «Ар» кітабының жарық
көргеніне 70 жыл толып отыр.
Осы мерейтойлар аясында С.Бəйішев
атындағы Ақтөбе облыстық əмбебап-ғылыми
кітапханасының «Қаламгер» əдеби-қонақжайында
«Ақын мен «Ардың» мерекесі» атты əдеби кеш
өткізілді. Ақын Қ.Шаңғытбаевтың өмір жолдары
мен шығармашылығы туралы фото - слайд пен
«Жыр зергері» кітап көрмесі көрермендер назар-
ына ұсынылды.
Əдеби кешке Ақтөбе қаласының əдебиет
саласының өкілдері, ақын-жазушылары мен
жас ақындар, қаламыздағы мəдениет жəне өнер
мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Кешті
ақын, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының
лауреаты Ертай Ашықбаев жүргізді. Сөз
кезегінде ақын, аудармашы, көсемсөз шебері
Мейірхан Ақдəулетұлы жəне ақын, Қазақстан
Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты Ертай
Ашықбаев Қ.Шаңғытбаевтың қиындыққа толы
өмірі мен шығармашылығы, адамдық қасиеттері,
ешкімге ұқсамайтын табиғаты туралы жəне «Ар»
жинағының шығу тарихын əңгімеледі.
Ақын, Қазақстан Жазушылары одағының
мүшесі Кəрім Айнабеков өзіне ұстаз санай-
тын ақынды ең алғаш көрген сəті туралы ба-
яндап, сатирик - жазушы Төрежан Мəндібай
Қ.Шаңғытбаевтың аударма саласында Омар Хай-
ямнан аударған өзгеше өрнегі бар өлеңдерінен
мысалдар келтірді. ҚР Мəдениет қайраткері,
əдебиет жанашыры Еркін Құрманбек ақынның
қарапайым болмысы туралы естелігімен бөлісіп,
ақынның сөзіне жазылған əндердің шығу тари-
хын айтып өтті. Осы орайда Қ.Шаңғытбаевтың
сөзіне жазылған І.Жақановтың «Ойыл толқыны»
əні шырқалды. Жас ақындар Гүлжайнар Қалдина,
Балагүл Бакиева, Индира Кереева, Гүлжахан
Төреханова
Қ.Шаңғытбаевтың
өлеңдерін
мəнерлеп оқыды.
Қорытынды сөз алған Ақтөбе облысының
мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы
басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұқан
қазақ поэзиясының шайыры Қ.Шаңғытбаевтың
мерейтойы жыл соңына дейін жалғасын тауып,
ақын өлеңдері көпшілікке кеңінен насихатталуы
үшін түрлі шаралар өткізілетінін айтты.
Ақынның мерейтойы қарсаңында «Оқитын
өлке» облыстық акциясы аясында ақын Қуандық
Шаңғытбаевтың 5 томдық «Шайыр» шығармалар
жинағы таңдалып алынды. Оқырман қауым үшін
қазақ əдебиетінің поэзия, драматургия, аударма
саласында өшпес мұра қалдырған қаламгердің
шығармаларын оқуға қашан да жол ашық.
Балагүл БАКИЕВА,
С.Бəйішев атындағы Ақтөбе облыстық
əмбебап-ғылыми кітапханасының
қызметкері.
Ақтөбе қаласы
39
Ўлы Жеѕіс– 70
Алдыңғы толқын ақтаулықтар Салиха
Каженқызы Ыдырысованы жақсы біледі де-
сек, тым асыра айтылғандық емес. Осынау бір
көркем кескінді, сыры кетсе де сыны кетпеген,
əрдайым күлімсіреп отырып сөздің шырайын
келтіріп, шуағын төгіп сөйлейтін ақ шашты
қарт ана көзге ыстық шалынады. Ол 1926 жылы
Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданының
«Сармантөбе» деген ауылда дүниеге келген
екен. Ол не бəрі 15 жасқа келгенде тып-тыныш
елдің қаймағы бұзылып, аласапыран болып
жатты. Ел басына күн туып, қаралы күндер
дүниені тұмашалады. Бас көтерер ер-азаматтар
майданға аттанды. Салиха орталау мектепті
бітіріп, 16 жасында өзі оқыған Индер кентінде
бастауыш сыныптарда мұғалім болды. Деген-
мен мектепте де жөнді жағдай болған жоқ. Оқу
құралдары жетіспеді. Жазу дəптері жоққа тəн,
оқушылар ескі-құсқы газет қиындысын пайда-
ланды. Қыста класс іші суық, бір тартар саулама
пеш жылу ұстамайды. Пеш өзін-өзі жылытып
қана тұратын. Əр сыныпта 8-10 баладан келетін.
Салиха да, өзге мұғалім қыз-келіншектер
де, шəкірттер де сабақтан тыс мезгілдерде
өздерінің «Социализм» атты колхозында
үлкендермен бірдей еңбек етті. Салиха да жаз-
да шөп шауып, көктемде жер жыртуға қатысып,
соқамен түрен салды. Қой төлдету науқанына
қатысып, сақманшылық қызмет те атқарды.
Сонда олар түске дейін мектепте болып, бұдан
соң колхоздың бітпейтін күйбең жұмысында
жүретін. Тылдағылар аш-жалаңаш жүріп,
«Бəрі де майдан үшін, бəрі де Жеңіс үшін» деп
жанқиярлықпен маңдай терін бес төкті. Күндіз
күлкі, түн баласы ұйқы болған жоқ. Ақиқат та,
аңыз да осылай. Бар қиындықты ауылдағы ана-
лар мен қариялар, буыны бекіп, кіндігі қатпаған
бала-шаға көтерді. «Қара қағаз» қарша жауып,
тылдың да көз жасы көл боп ақты. Салиха қолы
қалт еткенде майданнан келген үшбұрышты
хаттарды қарияларға оқып беретін. Ел ішінде
жесірлер мен жетімдер көбейді. Шайқалмаған
шаңырақ, тозбаған табалдырық жоқ-ты. Сөйтіп
жүргенде Салиханын үлкен ағасы Салих тура-
лы «хабарсыз» кетті деген тілдей қағаз келді.
Соғыс аяқтала оның əкесі мен кіші ағасы түрлі
жарақаттар алып елге оралды. Сол бір кез-
де жастық шақ қарттыққа айырбасталған еді.
«Мылтықсыз
майдан»
жауынгері
40
* «Үркер»* №10* 2015
Арада жылдар жылжып өте берді. Салиха 1948
жылы Гурьев педучилищесін үздік бітірді.
1959 жылы Салиха өз отбасымен бірге
Ақтау қаласына көшіп келді. Ол кезде Ақтау
«Гурьев-20» деп аталатын. 1960-1961 оқу жы-
лында Ақтауда тұңғыш рет екі қатарлы мектеп
үйі салынды. Салиха осында ұстаздық еңбегін
жалғастырды. Қаладағы мектептерде мұғалім
болып жүрді. Ол ұстаздық қызметінен қол үзбей
№ 4 мектеп негізінде құрылған ұлттық гимна-
зия мектебін басқаруға жіберіледі. Екі-үш жыл-
да гимназия мектебі аяғынан тік тұрып, үлгілі
оқу орнына айналды. Міне осылайша Салиха 57
жыл бойы ұстаздық етті.
Оның ақ-адал еңбегі, болашақ барлау-
шыларын тəрбиелеудегі қалтқысыз қызметі
ескерусіз қалған жоқ. «СССР жəне қазақ ССР
халық ағарту ісінің озаты» төсбелгелерімен
жəне осы министрліктердің Құрмет грамота-
ларымен марапатталды. 1996 жылы «Ақтау
қаласының тұңғыш мұғалімі» деген атағы
Ақтау қалалық білім бөлімінің «Құрмет
кітабына» жазылды. 1983 жылы «Ақтау
қаласының Құрметті Азаматы» деген атақтың
да иегері болды. Сондай-ақ омырауында «1941-
1945» жылдардағы ерлік еңбегі үшін» медалы,
тоғыз бала тəрбиелеп, өсіргені үшін Салихаға
бірінші дəрежелі «Ана даңқы» ордені де омы-
рауына тағылды. Басқа да марапаттары аз емес.
Салиха ана бұл күндері: «Бізде жастық шақ де-
ген болған жоқ». Мылтықсыз майданда» ғұмыр
кештік. Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» деген
сөз тылда да қара түнегін тұмашалап алған деп
өткен шақты көңілі жүдеп отырып есіне алаты-
ны жасырын емес.
Аллаберген ҚОНАРБАЕВ
Қазақстан Журналистер одағының
мүшесі.
Маңғыстау облысы,
Айтулылар айтқан сөз
Елдің тілі бұзылуына ең алдымен
оқығандары себеп болады. Бұлар жат
әсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін
өзгертуге жол басшы болады.
Халел ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ
41
«Їркердіѕ» əзіл-оспаќ отауы
«Алпыс үштің» әлегі
немесе
«Ы» дан шыққан
ылаң
Кейіпкерлер:
Бейсен қырт - зейнеткер.
Тəкен - ауыл əкімі, зейнетке таяп
отырған адам.
Аманғали - Тəкеннің «алаяқ» құрдасы.
Зиябек - мамандығы мұғалім, əдебиетші,
жасы
қырықтар
шамасында.
Заржақ,
Қылмойын деген қосымша аттары да бар.
«Директор» деген жазуы бар есікті
жұлқи ашып, екпіндей басып кіріп келген Бей-
сен шал қолындағы жұмарлап ұстаған газетін
шырпыдай боп шыртиып төрде отырған қара
жігіттің тұмсығына таяп əкеп, алдына тастай
салды да:
- Не? – деді.
- Не?... Не?
- Не, нең не ей, бəтшағар. Қылмойын... –
деп Бейсен шалдың езуі көпіріңкіреп келе жа-
тыр еді. Бір көпірсе анау-мынау шампуныңды
жолда қалдыратынын Қылмойын бек жақсы
білсе керек.
- Түсіндіріп айтпаймысыз енді? – деді.
- Ей, шөжебас, тауық ми! Көзіңді ашып
қара, сығыраймай, – деді орта буынынан
қиылып сынық сүйем, молақ боп қалған сұқ
саусағымен газетті меңзеп. Қу сығыр, бəрін
бүлдіріп, енді кеп мысық сияқты мүлəйімсіп,
мүлгіп отырысын қарашы. Ашсаңшы! - деді.
Ашты. «Аякөз ақпары» деген аудандық
газет екен.
- Ортасын!
Бейсен шал ашу үстінде қаттырақ қысып
жіберген екен. Газет мыжылып қалыпты.
Жыртылыңқырап барып айқара беті де
ашылды-ау, əйтеуір.
«Қазына қарт» деген Қылмойынның өз
қолымен Бейсен шал туралы жазған көлемді
мақаласы. Суретімен қосып жіберген еді.
Шығыпты. Бармағын сорып, бар нəрін сығып,
шатақ шалды жер-көкке сығызбай əуелете оты-
рып мақтаған болатын. «Осы қазаққа мақтасаң
да жақпайсың, қақшаңдаған қақпас-ау, қай
бетіңмен кейіп тұрсың» дегісі келіп тұрса
да, демеді. Қылмойынның мойыны қылдай
болғанмен, пейілі көлдей ғой.
- Не бүлдіріп қойыппыз... – деді, сəл ғана
сызданып.
(Əзіл əңгіме)
42
* «Үркер»* №10* 2015
- Ей, есектің миын жеген, əңгүдік,
суреттің астын оқы, астын.
Қылмойынның қысық көзі алдымен су-
ретке түсті. Бейсен шалдың басында қара шля-
па, үстінде тік жаға костөм, омырауы толған
салпыншақ, шікірейіп-ақ отыр, əжептеуір кісі
болып. Астына «Бүкіл Аякөз өңіріне танымал,
шежіресі-қырт Бейсен Артықбаев ақсақал» деп
жазыпты, бадырайтып тұрып, майлы шрифт-
пен. Қылмойынның бағанадан бері бұртиып
отырған ұрты жайыла жөнелді. Жайылғанда
терісі мұнша кең болар ма, езуіне сыймай
екі көзінің құйрық тұсына барып жиыры-
лып тұра қалды. Темекінің түтіні сарғайтып
жіберген тістері, тістерінің түбі, қызыл иегіне
дейін, несін айтасың аузындағы бар қазынасы
əшкере болды. Қылмойынның дəл осылай
жайылып күлетін жөні де бар еді. Себебі Бей-
сен шалды бүкіл ауыл «Бейсен қырт» деп атай-
тын. Шалыңыз екі езуін көпіртем деп жүріп
азан шақыртып қойған ныспысының артына
«қырт» деген төрт əріпті əлдеқашан қостырып
алған. Оны шалдың өзі де талай естіген. Бірақ
газетке шығып кеткені сəл нелеу болған екен,
қанша дегенмен офисиальный басылым ғой.
Бүкіл Аякөз ауданы бетіне қарап отырған
жалғыз газет.
- Неменеңе жетісесің ей, жайын ауыз.
Өзі күйіп тұрған адамның жынын одан сай-
ын қоздырып. Ана көкқұтанның мойнын-
дай қылқиып тұрған мойныңды бұрап,
кеңірдегіңмен қосып жұлып алайын ба,
осы? – деді, еті қашып, қу сүйегі қалған,
бірақ тегеурінін əлі жоя қоймаған, арық
саусақтарымен ауаны қармай.
Бейсен шалды қанша жерден қырт
десеңіз де көбіне тауып айтады. Тек бір
əдеті: біреуді мақтаса аспанға шығарып,
жер-көкке сиғызбай айға бірақ қондырады,
даттаса түптұқияныңмен түбіңді қазып,
бүкіл мініңді түгендеп тұқыртпай тынбай-
ды. Қылмойынның мойыны шынында да
көкккұтанның мойынындай сорайып тұрады.
Сонысын байқатпас үшін, қысы-жазы қылша
мойынын галустуктан бір босатпай, қашан
көрсең қарғы бау таққан тазыдай қылқынады
да жүреді. Бұл кісінің жейдесінің жаға жақ
түймесі өмірі болып көрген емес. Жеңгеміз
жейде сатып алған сайын, «ақыры пайда-
ланып қызығын көріп жатқан сен жоқсың,
оданда, бақа сисе көлге сеп, бір түйме болса
да олжа!» деп əдейілеп тұрып қиып алады.
Себебі түймесін салып галстукпен қысқан
кезде көйлегінің жағасы жиырылып, галстугы
иегіне тиіп, сақал сияқты салақтап қалады. Ал
түймесін тақпай екі жағасын бір-біріне төрт
елідей ғана айқастырып жіберіп галстукпен
қысыңқырап қойса, галстугы бір жағына қарай
сəл-сəл ауыңқырап кеткені болмаса жалпы бы-
лай жаман көрінбейді. Өзі ұқыпты, айдалада
мал кезегін бағып жүрсе де, жоқ қарап жүрсе
де, атпен жүрсе де, жаяу жүрсе де, отын шау-
ып, шөп тиеп жүрсе де галстугын үйде ұмытып
көрген емес. Тек Қылмойынның қылдай мой-
ыны сорайып жалаңаш қалатын бір ғана
жер – монша. Онда да ылғи тыржалаңаштың
арасындағы Қылмойынның бір жалаңаш
мойыны жұрттың назарын өзіне көп ауда-
ра бермейді. Келіндері Қылмойынды «Аққу
мойын қайынаға» деп атайды. Қылмойынның
өзі өз болғалы, үстіндегі үнемі бір түймесі
болмайтын жейдесі бөз болғалы, жақсы атқа
жарытып, жарылқаған осылар ғана. Қанша
дегенмен нəзік жанды əйел заты емес пе, əр
нəрседен сұлулық іздеп, сұқтанып тұратын.
Сол келіндері де «Осы біздің Аққу мой-
ын қайынағамыз түнде галустыгын шешіп
ұйықтай ма екен өзі?» деп қоятын көрінеді.
Қылмойынның түнде несін шешіп, несін
шешпейтінін қойнындағы Кенжеш жеңешеміз
білмесе, басқалардың аузынан əзірше көрдім,
білдім деген сыбыс шыға қойған жоқ. Дегенмен
ауылдастарының көзі Қылмойынның галусту-
гына əбден үйреніп алған. Олар Қылмойын
43
ішкиімсіз жүрсе назар аудара қоймас, ал гал-
стуксыз жүрсе бірден беттерінің оты шыға
келері анық. Қылмойынның тағы да бір аты
бар – «Заржақ» деген. Оны Бейсен қырт ашу
үстінде ұмытып отыр. Кейінірек сабасына
түскенде есіне түсетін шығар. Əдейі айтпай
отыруы да мүмкін. Себебі, Заржақ екенін есіне
салса, Бейсен қырт оның жанында жіп есе ал-
май қалатынын жақсы біледі. Бейсен қырттан
қулық асқан ба, нағыз саясаткер, ысқыаяқ
адам ғой. Саясат демекші... Осы Бейсен қырт
əлі қырт атана қоймаған, əскерден енді келген
жастау кезі болса керек. Сары шалбардың буы
деген болады, ел көріп, жер көріп келді деген
атағы тағы бар. Бір жиналыста қайта-қайта
үлкендердің құйысқанына қыстырылып, орыс-
ша сөздерді оқша боратып, оңды-солды шаша
беріпті. Сөз болғанда да қайбір оңған ауыздан
шыққан жібі түзу, жөн сөз, кілең бейпіл ауыз,
балағат сөздер. «Мал құлағы саңырау» деп
отырғандардың құлағы политика дегенді ша-
лып қалады. Дəл осы жерде, бағанадан бері
əліптің артын бағып ішінен тынып отырған
совхоз директоры: - Ей, қарағым, Бейсен, по-
литика деген не? – депті. Ондайда сасатын
Бейсен бе: - Политика деген – саясат? – дейді.
Жауапқа онша-мұнша көңілі тола қоймаған
директор: - Жарайды, ал саясат деген не, өзі?
– дейді ғой. Сонда Бекең: - Саясат деген менің
сасық қулығым емес пе, – депті, деген сөз елдің
аузында əлі жүр.
Қылмойынның ел түгілі өзінің де есінен
шығып, əлдеқашан ұмыт боп кеткен негізгі
ныспысы - Зиябек. Мəдениет үйінің директо-
ры. Жоғары білімді. Қазақ тілі мен əдебиетінің
маманы. Бірақ өмірі мектеп табалдырығын ат-
тап ұстаздық қылып көрген емес. Қатардағы
мұғалімдіктен гөрі директорлықты мəртебе
көретін адам. «Алпыс күн атан болғанша, алты
күн бура бол!». Қылмойынның өмірлік кредо-
сы – осы. Қол астында екі қызметкері бар. Бірі
– кітапханашы, бірі – күзетші. Əзірге соған
разы. Кейін тағы да маңдайға бұйырғанын көре
жатар. Өзі ептеп əн салатын, өлең жазатын да
өнерден құралақан емес. Ал мақала жазудың
нағыз майталманы. Осы ауылда болып жатқан
ірілі-уақты оқиғалардың бəрі Қылмойынның
назарынан тыс қалмайды. Ел іші болған соң
уақиғасыз бола ма. Жерлестерінің өлісін
жоқтайтын да, тірісін түгендейтін де осы
Қылмойын.
Сондықтан
Қылмойынның
қаламы суып көрген емес. Жазғандарын
аудандық газеттер апта құрғатпай басып жа-
тады. Айына, жылына обылыстық газетер-
ден де шаң беріп қалатыны бар. Кейінгі кезде
көлемдірек бірдеңе жазсам ба деп те ойланып
жүр. Қылмойынның тағыда «қылмойнына»
алған аса жауапты міндетінің бірі – асабалық.
Онсыз осы ауылдың келінінің беті ашусыз,
тойының шашуы шашусыз қалады. Асаба бол-
са өзінің де арқасы қозып, аруағы көтеріліп
кетеді. Қу мойынын созып ап сұңқылдағанда,
тұп-тура «қу дауысты Құттыбайдан» айны-
май қалады. Əгəрəки, зəуімен бір тығыз ша-
руа шығып, Қылмойын біржаққа сапар шегіп
кетсе, онда осы ауылда той біткеннің бəрінің
мерзімі өзгеріп, Қылмойын келгенше шегеріле
тұрады. Қылмойын да ақымақ адам емес,
барған жерінде омалып жатып ап, ел-жұртын
зарықтырып қоятын. Баруынан қайтуы тез.
Іп-лез. Жып-жылдам. Бір басына осынша көп
міндеттерді артып алған ер-азаматтың мойы-
ны қайтып жуандасын, жуандайтын жөні де
жоқ қой енді.
Бейсен қыртты Қылмойынның көп
суқаны сүйе бермейтін. Тойда болсын, жи-
ында болсын бойын аулақ ұстауға, жанына
жоламауға, қытығына тимеуге тырысатын.
Бірақ бір ауылда тұрып қалай көрмей, бармай,
көріспей тұра аласың. Үлкен қала емес шанда
бір көрісіп, шанда бір қауышатын. Қыртыңның
тілі удай ащы. Бейсен қырттың шаққанынан
гөрі шаянның шаққан жері жылдам жазыла-
тын шығар. Шаян шақса, ажалың жетіп тұрса
Достарыңызбен бөлісу: |