Тұрсынбек БАШАР. «Күзден кейін, қыс келмек»
жылады, жалынды – бəрібір бұл бас бермес
асаудай алған бетінен қайтпады.
Отағасы бүгін: «түзелемін, өмірді қайта
бастаймын» деп өзіне серт берді. Əйелін, ба-
лаларын қуантайын деп, кешкі асты жайраң
қағып отырып ішпекші болып, үйді жина-
ды, терезелерге тор құрған өрмекшілерді
тазалады, үйді желдетті, сыпырды, мейлі
ол еркектің ісі болмаса да арланбады.
Жұбайыма көрсеткен қорлығымның өтеуі
болсын деп ойлады. Жинап, сыпырып-сы-
дырып: «барлық қайғы-қасірет осы күл-
қоқыспен кетсін», – деп пешке салып,
ішінде жиналған қоқыстармен қосып от
қойды. Қызыл жалындаған от пеш ішін əп-
сəтте алып кетті. Ал, пеш ішінде, қоқыстар
арасында, қорапта отананың қанша күн
тірнектеп жиған ақшасы бар-тұғын. Жүк
арасынан не басқа жерден күйеуім тауып
алар деп сақтанып, əдейі пешке отананың
өзі жасырған-ды. Ал бұл пешті күздің орта-
ларына таман тек өзінің жағатынына сенімді
еді.
Қораптағы ананың үмітін – жалаңдаған
жалмауыз жалын əп-сəтте орап алған-ды.
Ақшаның шеттерінен қызыл-жасыл жа-
лын атып, қиыршықталып жануда. Ананың
үміті жануда. Біраздан соң жел жұлмалаған
жалаудай жалп-жалп етіп өшіп қалмақшы.
Ананың үміті сөніп қалмақ.
Бұл кезде үйіне жақындап қалған ана,
мұржадан ирелеңдеп шыққан түтінді көріп,
көзі қарауытып жүрелеп отыра кетті...
***
Аулақта балалардың асыр салып
ойнаған дауысы, сықылықтаған күлкісі
естіледі. Бұл балаға тəн балауса, риясыз,
бейғам күлкі. Көп өтпей күңіреніп күз кел-
мек, содан соң бір қадам жерде кəріне мініп
қаһарлы қыс тұр.
Айтулылар айтқан сөз
Тіл – жұрттың жаны. Тілінен
айырылған жұрт – жойылған жұрт.
Халел ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ
20
Айтарым бар...
«Үркердің» өткен санында əнші,
сазгер Ержан Белғозиевпен журналист Гүлім
Рысқұлованың сұхбатын оқыған соң қолыма
қалам алып отырмын. Əлімсақтан өлең, əн
ата-бабамыздан бері келе жатқан асыл мұра.
Халық əндерінен бастау алған бұл тамаша
туындылар күні бүгінге дейін өзінің асыл
қырларын жоғалтпай келген өнердің мөлдір
көзі. Сондықтан да болар біз тыңдаушы
қауым сахна төрінен, радио желісінен,
көгілдір экран бетінен əнші көрсек, əсем
əуен ести қалсақ, елең ете қаламыз.
Құдайға шүкір, тап қазір əнге де,
əншіге де кенде емеспіз, екінің бірі, егіздің
сыңары «жұлдыз», таспаға жазып, компью-
термен көркемдеп алған əн-жырларымен
жұртты ығыр қылуға жақындады. Ертелі-
кеш етектері жасқа толып, сай-сүйегіңді
сырқырататын жылауық əуендерге
құлағымыз сарсып кеткелі қашан.
Дауыстары да, өздері де бірінен- бірі аумай
қалған қазақ балаларының боздап тұрғанын
көргенде жаның ауырады екен. Сол кезде
баяғы Ғарекеңдер, Жүсекеңдер, Дəнекеңдер,
Ерекеңдер еске түседі. Ағайынды
Абдуллиндер, Суат, Мұрат, Жұмат сияқты
əншілердің дауысымен жылап көрісуге əзір
екеніңді сезінесің.
Ия, Е.Белғозиев айтса айтқандай, қазір
аузын ашқандардың бəрі əнші, қолынан
келгендердің бəрі композитор атанып
алды ғой. Бүгінгі күннің талап талғамы
Е.БЕЛҒОЗИЕВТІ
түсінемін...
сондай болып кетті ме, бір құдайым білсін.
Дейтұрғанмен ,біз сияқты аға буын өкілдері
талай саңлақтарды көріп өскендіктен киелі
де қасиетті сахна төрінен халқымыздың
саф таза, сұлу өнерін көргіміз келетінін
қалай жасырайық! Сондықтан да болар
кейде сахна төріне түбіт мұрт, оңды-солын
əлі айыра білмеген бала-шаға шыққанда,
күдікпен қарап, қарнымыз ашып қалатыны
бар. Əрине, көш жүре түзелетінін де
жақсы білеміз. Бірақ сол кəкір-шүкірлердің
көпшілік алдына шықпай жатып «жұлдыз»
атануы, көкірек керіп, дандайсып кетуі
келіспейтін көрініс.
Жоғарыда айтып кеттім, сахна киелі
орын деп, оның өзіндік сəн-салтанаты
бар, əдеп-ғұрпы бар жер. Жүріс-тұрысың,
ким киісің көпшіліктің сын тезіне түседі.
Жалпақ тілмен айтқанда өнер адамы сахнаға
барын киіп, байлауышын тағып шыққаны
абзал. Обалы не керек, бұрын солай
болған. Сол салтымыздан соңғы жылда-
ры айрылып қалдық. Оған себеп те жаңағы
айтқан шала жұллдыздардың белең алып
кетуі. Көңілге келсе де айтайық, көпшілік
жас əншілер көшеде жүрген қалпында
сахнаға шыға салады.Мүмкін керемет
мода болар, дегенмен жыртық джинси
шалбар киіп, красовкамен халық алдына
шығу дегеніңіз көрерменді сыйламайтын,
мəдениеттен мақұрым жанды көз алдыңа
елестетеді. Бөтен елдің жұлдыздарына
21
еліктеудің жолы осы екен деп, алқам-салқам
жүрудің не сəні бар?! Оның үстіне көгілдір
экран арқылы көрген кезде, үсті басыңдағы
жамау-жасқауың, майысқан-қайысқан жаға
–жеңің, тазаланбаған туфлиің көзге ұрып
көрініп тұрмай ма! Бұл менің көпті көрген
көрермен ретінде кейбір өнерпаз жігіттер
жайлы айтқан жеке пікірім.
Ал енді бір-екі ауыз əнші арулар
жайында айта кетсем деймін.Ең алдымен
көңіл қуантарлығы əнші, күйші, биші
қыз-қарындастарымыз сахнаға жайнап,
құлпырып, бар əшекей-мүшекейлерін
тағынып-ақ шығады. Құп делік! Бұл
жағынан келгенде əйел заты өзінің
нəзіктігін, паңдығын дəлелдей түседі. Менің
қарнымды ашыратыны қыз-келіншектердің
сəн-салтанаты емес, тіпті орындау
шеберліктеріне де өкпем жоқ. Айтпағым
сол əнші қыз-келіншектердің тамылжыта
салған əндерінің мəтіні (текст) не туралы?
Кім соған көңіл аударады? Байқасаңыздар
көпшілік əннің мəтінін де, əуенін де (музы-
касын) ер азаматтар жазады. Сондықтан əн
сөздері жігіттің атынан айтылады. Мəселен,
«сəулем-ай, қалқатай,асылым, қарғам-ау
т.б.» Осындай жігіттің аузынан шығатын
қып-қызыл сөздері бар əндерді аңыратып
аруларымыздың айтып тұрғаны құлаққа ерсі
естіледі.
Бұл ұсыныс, пікірлерімнің жүзеге
асып кете қоюы неғайбыл, дегенмен, айтып
қалғанның айыбы жоқ сияқты. Қашанда
қазақ əнінің қадір-қасиетін жоғалтпасақ
екен деген ниет ғана менікі.
Шашубай МАЛДЫБАЕВ,
Қаскелең қаласы
Айтулылар айтқан сөз
Әдебиеттің алтын дәуірінен соң, оның
құлдырау, тоқырау кезеңі басталып,
дарынсыздардың бағы жанады. Халық
сөзден шаршап, өмір өлі ұйқыға батқан
күйді еске салады. Римде Горациден,
Испанияда Сервантестен кейін дәл осы-
лай болған.
Василий РОЗАНОВ, орыс жазушысы.
Шашубай МАЛДЫБАЕВ. «Е.Белғозиевті түсінемін...»
22
Бїгінгі спорт
–Жансая, сенің алты жасыңнан бас-
тап шахматқа ден қойғаныңды білеміз...
–Иə, шахмат ойынын отбасымызбен
ойнаймыз. Тіпті, ата-əжелерім де шахматқа
əуес. Осы спорт түріне келгенде бəріміз ішер
асымызды жерге қоятын жандармыз. Алты
жасымда шахматпен таныстым. Бастапқыда
шахмат үйірмесіне ағам Санжармен бірге
бардым. Ол Алматы қаласының екі дүркін
чемпионы жəне ел біріншілігінің күміс
жүлдегері атанған. Кейін ағам спорттың басқа
түрін таңдады. Бүгінде ол – жеңіл атлетика-
ӘЛЕМДЕГІ
ЖҮЗДІҢ БІРІ
дан Қазақстанның чемпионы. Ал мен шах-
мат əлеміне терең бойлай бердім. Əлі есімде,
алғашқы үш айда қарсыластарымнан көп
жеңілгенім жаныма қатты батты. Үйге жы-
ларман болып келетінмін. Кейін ағам екеуіміз
жарыстарда бірінші жəне екінші орындарды
бөлісетін болдық. Шаршы тақтадағы фи-
гураларды күнбе-күн серік етуді дағдыға
айналдырдым. Əкем Данияр Əшіров пен
ағам Санжардың менің ақыл-ой жарысы-
на айтарлықтай көңіл бөлуіме көп көмегі
тиді. Қабілетімді байқаған əкем мені білікті
Қазақстандық шахматшы Жансая
Əбдімəлік 2000 жылы Алматыда дүниеге
келген. Он екі жасында гроссмейстер
атанған. 2011 жылы 20 жасқа дейінгі са-
натта Азия чемпионатында екінші орын
алды. 2012 жылғы жастар арасындағы
əлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Сəйкес жасы бойынша қыз балалар ара-
сында төрт дүркін чемпион атанған.
Биылғы жылқы жылы Алматыда Жансая
Əбдімəліктің атындағы шахмат академия-
сы ашылды. Сонымен қатар таяуда Жан-
сая əйелдер арасындағы халықаралық
гроссмейстер атағына ие болды. Бұл
туралы шешім FIDE-нің президенттік
кеңесінде қабылданған еді.
23
жаттықтырушыға тапсырды. Алғашқы
жаттықтырушым халықаралық гроссмей-
стер Николай Перегудов əркез шағын тур-
нирлер ұйымдастырып, сыйлықтармен мара-
паттайтын еді.
–Шахмат ежелден зияткерлік қызмет
дегенге қалай қарайсың?
–Сөз жоқ, шахмат – күрделі ойын.
Оны біреулер ғылымға, біреулер өнерге,
енді біреулер спортқа теңейді. Шахмат
адамдардың қалай ойлайтынын көрсетеді
жəне шығармашылық бастаманы туында-
тады. Бақталастарыңызға қалай тойтарыс
беруге, қатты бəсекелестік жағдайында
қалай табысқа жетуге болады? Қарсыластың
қатесін дəл тауып, ойын барысында өзің
жаңсақ жүріс жасамауға, өзіңнің ой-пікіріңді
басқаруға, шешім қабылдаудың үдерісін
бақылауда ұстауға үйрететін ойын – шахмат.
Өйткені, ол қабілетімізді барынша дамытуға
көмектеседі. Мəселен, мен жаттықтырушым
грузиялық Давид Арутюнянмен күнбе-күн
«скайп» арқылы байланысып, дəріс аламын,
демек, 3-4 сағат бойы небір жаттығуларды
үйренемін.
–Шахмат ойыны көп уақытты алады
ғой, мектептегі оқуыңа кедергі келтірмей
ме?
–Шахматтан ешуақытта жалықпаймын.
Ал сабақты ғаламтор арқылы «оқимын».
Яғни, үй тапсырмаларын интернет арқылы
орындап, білім аламын. Маған əсіресе, қазақ
тілі, математика жəне дене шынықтыру
пəндері қатты ұнайды. Ата-анам дер кезінде
ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беріп отыра-
ды. Алға ұмтылу үшін үнемі ізденіс пен
талпынысқа арқа сүйеймін.
–Тағы қандай іспен айналысқанды
ұнатасың?
–Шахмат тақтасына үңіліп, 3-5 немесе
8 сағат уақыт бойы бір орында отыруға тура
келеді. Ондайда миың қыз-қыз қайнайды. Ой
еңбегі адамды қатты шаршатады. Сондықтан
да күнделікті дайындықтан немесе турнир-
лерден кейін бассейнге барғанды ұнатамын.
Суда балықша жүземін. Сондай-ақ сурет са-
луды, мультфильмдерді жақсы көремін. Кей-
де аулаға шығып, серуендеп, сергіп қайтамын.
Киноға барамын, құрбыларыммен ойнай-
мын. Фантастика жанрындағы шығармалар
мені қызықтырады. Жуырда Клайв Стэйплз
Льюистың «Хроника Нарнии» атты жеті
бөлімнен тұратын кітабын аяқтадым.
Көбінесе шахматқа қатысты əдебиеттерді
оқимын. Əттең, менің бос уақытым көп бола
бермейді.
–Əлемдегі ең жас гроссмейстер деген
атаққа 14 жасыңда жеттің...
–Маған бұл атақ бұрынырақта
беріліп қойған еді. Тек оны қағаз жүзінде
рəсімдеу ғана қажет болғандықтан,
шешімнің шығуын күттік. Биылғы жылы
ФИДЕ-нің рейтингісінде менің əлемдегі
100 шахматшының бірі екендігім айқын
көрсетілді. Сөйтіп, қыздар арасындағы
халықаралық гроссмейстер атағына ие бол-
дым. Болашақта ерлер арасында да дəл осын-
дай атаққа ие болсам деймін. Бүгінгі таңдағы
əлем чемпионы қытайлық Хоу Юфаньның
рекордын жаңарту да – арманым. Ол 16 жа-
сында əлем чемпионы атанды. Мен бұл
мақсатқа 15 жасымда жетсем деймін.
–Барлық шахматшы қыздар секілді
Полгарға еліктейтін шығарсың...
–Əрине, əлемнің үздік шахматшылары
ішінен мажарлық Юдит Полгарды ерекше
құрметтеймін. Ол – менің кумирім. Ю.Полгар
дүниежүзінің ең үздік гроссмейстерлері Гар-
ри Каспаровты, Анатолий Карповты жеңген.
Біріккен Араб Əмірліктерінде əйелдер ара-
Нұрлан ҚҰМАР. «Əлемдегі жүздің бірі»
24
* «Үркер»* №5* 2014
сында Азия біріншілігіне қатыссам деймін.
Сондай-ақ мамырдың соңына қарай Иранның
Тебриз қаласында өтетін Азия біріншілігіне
қатысуды ұйғарып отырмын. Онда мен
командалық құрамда ойнайтын боламын.
Жалпы, Азия чемпионатында тəжірибелі
де, мықты шахматшылар жиі қатысады.
Сондықтан Азия чемпионаты кейде Əлем
чемпионатынан да күрделі болып жатады.
–Жансая, жарыстарда əділетсіздіктер
бола ма?
–Араб елінің баласымен ойнағанда мен
оған белсенділігі жақсы деген баға бердім.
Бірақ ол: «-Сен компьютерлік бағдарламаға
сүйеніп ойнадың», – деген сияқты сөздерді
маған бағыттап айтты. Алайда, мен келесі
ойында жеңіске жетіп, өзімнің жақсы ой-
ыншы екендігімді дəлелдей алдым. Ал
Моңғолия елінен келген бір қыздың ойынын
жоққа шығарғысы келген төрешілер де бол-
ды. Сонда тағатын айыптары, Моңғолиядан
келді, оның бұлай ойнауы мүмкін емес
дейтін пікірлерді естідім. Осы жəй мені
қатты алаңдатады. Алдағы уақытта біздің
елімізден де шахматпен тұрақты айналыса-
тын адамдар көп шығатынына сенгім келеді.
Ми қатпарларын қозғап, озық ойлауға жол
ашатын шахматтың адамзатқа берері көп.
Көптеген балалар шахматқа келеді де, ұзақ
уақыт ойланып отыруға шамалары келмей
тастап кетеді. Шахмат партиясын апталап,
тіпті айлап ойнауға болады. Бұған шахмат
майталмандары Гарри Каспаров жəне Ана-
толий Карповтың тарихта қалған ең ұзақ
шахматтық партиясы мысал бола алады. Ол
тура 5 айға созылған болатын.
–Болашақта кім болғың келеді?
–Мен шахматты ешқашан тастамай-
мын. Он бір жасымда мені Қазақ-Британ
техникалық университеті оқуға шақырды.
Болашақта депутат болғым келеді. Жағдайы
нашар кедейлерге, балалар үйіне көмек
көрсеткім келеді. Мүмкіндігі шектеулі
жандарға қамқорлық жасау үшін бөлінген
қаржының басқа жаққа кетпеуін өзім
қадағалайтын боламын. Осыған қоса ата-
ана қамқорлығынсыз қалған балалардың
мəселесін шешуге, отандық шахмат ойынын
дамытуға үлес қоссам деймін.
–Өзіңнің атындағы шахмат акаде-
миясында кімдер жаттығады?
–Қазақстан Республикасы Тұңғыш
Президенті қорының қолдауымен ашылған
«Жансая Əбдімəліктің шахмат академиясы»
еліміздегі беделді орталыққа айналады деген
үмітім бар. Академия балаларды 4 жастан
бастап қабылдайды. Зайырлы ойынның қыр-
сырын меңгергісі келгендерді қазақстандық
жəне шетелдік бапкерлер үйретеді. Шахмат
академиясы салтанатты түрде ашылған кезде
Алматыға халықаралық гроссмейстер Ана-
толий Карпов арнайы келді. Қазір академия-
да 200-ден астам бала шахматпен əуестенуде.
Оларға 6 жаттықтырушы дəріс береді.
Менің Жəңгір дейтін інім де шахматтың
таңғажайып құпияларына қызығып, осы ака-
демияда жаттығып жүр. Грузиядан арнайы
келісімшарт арқылы келген халықаралық
дəрежедегі шахматшы, гроссмейстер Да-
вид Арутюнян балалардың шеберліктерін
шыңдауда.
–Əңгімеңізге рахмет!
P.S. Жансая, сені үнемі жеңіс
тұғырынан көретін болайық. Шахмат
деген өмірдің нақ өзі емес пе?! Қазақ
қызының білімдарлығы мен алғырлығын
əлемге таныта беруіңе тілекшіміз!
Сұхбаттасқан Нұрлан ҚҰМАР
25
Əдеби зерттеу
Қазақ əдебиеті тарихында XVIII
ғасырдан бастап көнеден қалыптасқан
жыраулық дəстүрмен бірге ақындар поэзия-
сы кеңінен тарала бастағаны белгілі. Осы
кезеңде өмір сүрген Тəтіғара, Шал, Көтеш
шығармаларында жыраулық поэзияға
қарағанда ақындық сипаттардың басым
болуы осыны көрсетсе керек. Халықтың
мұң-мұқтажын, қуанышы мен қайғысын,
арманы мен тілегін айта білген ақындар
шығармашылығы қазақ сахарасында
кеңінен өріс ала бастады. Бірақ бұл ақындар
шығармашылығы тек осы кезеңде пайда
болды дегенді білдірмесе керек. Бұл мəселе
жөнінде көптеген əдебиет зерттеушілеріміз
өз пікірлерін білдірген болатын. Əдебиет
зертеушілерінің тұжырымдарына қарағанда,
«қазақтың ақын дегені – жыраудың кейінгі
Батырлан САҒЫНТАЕВ
Ы. Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институтының
3 курс студенті
ТОРҒАЙ АҚЫНДЫҚ
МЕКТЕБІНІҢ ДӘСТҮРІН
ЖАЛҒАСТЫРУШЫ
кезде шыққан атауы»(Н.С.Смирнова), «та-
рихи деректерге қарағанда, жырауларды
ақындардың ең көне типі деп есептеуге
болатын сияқты»(Е.Ысмайылов)[1,87 б].
Мейлі қайсысы қай кезеңде пайда болса да,
жыраулық та ақындық та қазақтың қанына
сіңген өнер. Қош, сонымен 18 ғасырда жаңа
қарқынға ие болған ақындар поэзиясы ұлан-
ғайыр қазақ даласының түкпір-түкпірінде
өзіндік мектептер қалыптастыра бастады.
Солардың бірі – осы өңірде қалыптасқан
Торғай ақындық мектебі. Бірақ өз дəуіріне
ашық үн қосып, замана шындығын айта
білген бұл ақындық мектептің өкілдері ұзақ
уақыттар бойына ескерусіз қалып келді.
Кеңестік кезең түгелі тəуелсіздік алғаннан
кейінгі жылдарда да бұл ақындық мектептің
өкілдері толық зерттелмей келе жатыр. Осы
26
* «Үркер»* №5* 2014
өңірден шыққан С. Кенжеахметов, С. Оспа-
нов, Н. Бектемісов, Б. Əлмағанбет, А. Қалиев
сияқты жергілікті зерттеушілердің бірен-
саран еңбектері болмаса, бұл тақырыпта
қалам тартқандар аз. Біздің осы еңбегімізді
жазудағы басты мақсатымыз да осынау
кемшіліктің орынын азда болса толтыру бо-
лып табылады.
Торғай ақындық мектебінің белгілі
бір өкілі - Мəтібай Сарбасұлы 1843жылы
Қостанай облысының аумағындағы
Ақмешіт деген жерде дүниеге келген. Ұзын
қыпшаққа жататын Тілеулі руының Жар-
басты атасынан шыққан. Осыған орай ел
ішінде «Жарбасты Мəтібай ақын» атанған.
Патшалық Ресейдің отарлау саясатының
барысында ақын əулеті 1868 жылдардың
шамасында Торғай бойына қоныс аударады.
Ескіше хат таныған Мəтібайдың əкесі Сар-
бас Сүйіндікұлы əнші, домбырашы, ақын
болған. Оның Қошқар батырдың баласы
Аяпберген биге айтқан:
Айеке не сұрайсың ауған елден,
Баспана күйкене қып қаздым жерден.
Еліңнің бір əдетін жақтырмадым,
Мал келсе маңайына қуа берген[2] –
деген шағым өлеңі бүгінгі күнге дейін ел
есінде сақталып жетіп отыр. Осындай əкеден
тəлім алған Мəтібай ескіше хат танығанмен
өлеңдерін суырып салып айтқан - импрови-
затор ақын. Оның «Жалғыз атым жоғалды»,
«Масайраған байларға», «Ел аралау сапа-
ры», «Қыздың қарсы сөйлеуі», «Мекеден
оралғанда айтқаны» т.б. толғаулары ел ара-
сында кеңінен таралған.
Ақын шығармаларының зерттелуіне
келер болсақ, Мəтібай зерттеушілер наза-
рынан тыс қалып келген ақындардың бірі.
Ақын жайындағы ең алғашқы көлемді
зерттеу мақала Аманкелді аудандық
«Тың шұғыласы» газетінің 1989 жылғы
қаңтардағы 10-11-12-14 сандарында «Асыл
мұра» айдарында «Мəтібай ақын» аты-
мен жарық көрді. Авторы белгілі журна-
лист – Бөгетбай Əлмағамбет. Кейінірек
бұл мақала толықтырылып аталмыш
автордың «Торғайдың топжарғандары»
кітабына енді. Сонымен қатар ақынның
ұрпағы Қ. Əубəкіров Аманкелді аудандық
«Ақ жол» газетінің 1992 жылдың 19 шілде
күнгі санында жариялаған «Мəтібай қажы
Сарбасұлы» мақаласында ақын өмірі жай-
ында жаңа мəліметтер айтып, тың деректер
келтіреді. Ақын шығармашылығына на-
зар аударушылардың бірі Ж. Сүлекешев те
облыстық «Торғай таңы» газетінде «Мəтібай
ақын туралы сөз» атты мақаласын жарияла-
ды. Ақын шығармашылығын жинап, зерт-
теу жайын айтқан автор қателіктерге де
ұрынған. Мысалы:
...Атамыз бəріміздің Анас болса,
Нəсілі үш ағайынды Алаш болса,
Есенжол ата жөнін айтар еді,
Мүбаба бір бас қосқан талас болса[3,22
б]- деп келетін Есенжол Жанұзақұлының
шежіре өлеңін
Мəтекең аты-жөнін айтар еді,
Егерде бір бас қосқан талас бол-
са [4,103 б] - деп жазып, аталмыш
ақындардың өлеңдерін шатастырып ала-
ды. Осы аталғандардан басқа жазылған
еңбектер де жоғарыда аталған авторлардың
деректерін қайталаумен шектелген.
Енді Мəтібай шығармаларына
тоқталсақ ақынның бізге жеткен өлеңдері
санаулы ғана. Бұл өлеңдерінде ақын ел ішін
жайлаған парақорлық, жағымпаздық, ұрлық-
қарлық сияқты жағымсыз қылықтарды өткір
27
сынға алып, қулық-сұмдықты серік еткен би-
болыстарды, надан байларды уытты жырла-
рымен жасқап отырады.Мысалы Бисарыға
арнаған өлеңінде:
Бисары би емессің би дейтұғын,
Қаратабан қашаннан құл дейтұғын.
Түбінде бір шатағың болмаса егер,
Жай адам асқа өкпелеп жүрмейтұғын.
...Қой айдап қорасымен асқа бардың,
Бұл күнде алпыс үш жасқа бардың.
Сиырдай тірсегіне жүре тышқан,
Түсіне ұқсамайсың басқа малдың –
десе, ел ішінде зорлық-зомбылық жасап,
пара алатын Рахмет болысты
...Дара көз Шашамбайдан тажал
туып
Жалмады болмай жатып жұрттың
бəрін.
Немесе:
...Қарсы келер жан бар ма бұл өңірде
Қара жүрек аямас кетер шауып – деп
сынға алады. Мекеден оралғанда айтқан
өлеңінде қажылықты мансап көріп,халық
арасында жалған тақуасып жүрген дін бұзар
дүмшелерді Ыстамбұл базарын аралағанда
«қажылар қылады екен сауда-саттық» деп
əшкерелейді. Мəтібай өз заманына ашық
үн қоса біледі. Билікке, əкімдікке таласып
«алдауыш ақ таяғын жылмаңдатқан» атқа
мінерлердің қыңыр мінез, қисық істеріне на-
лиды. Өзі
Момынға айып-анжы салық салып,
Рақымсыз байтақ елді жатыр талап
– деп, шенділердің қиянатына күйінеді.
Өзінің тағы бір өлеңінде ақын сөзге
тұрлаусыз, іске олақ Кенжебек дегенді:
Кенжебек қақ төрімнен келдің жетіп,
Не болар қудың қуы сенен өтіп.
Сырдағы етікшінің тазысындай,
Байлаусыз сөз сөйлейсің сүмеңдетіп
– деп сынайды. Осы өлеңдегі «Сырдағы
етікшінің тазысындай» деген бір теңеудің
өзінен қанша уытты мысқылды байқауға
болады. Жə, несіне таңқаламыз. Сөзі байлау-
сыз, өзі қудың қуынан өткен мұндай адамның
ісінде не мархадам болмақ. Бұл Абай айта-
тын «мал бағуға, мал табуға пысық кісіге
қосылмайтын, өзі пəле шығаруға пысық, я
сондайлардың сөзін «естігенім, білгенім»
деп елге жайып жүріп, ырбаңдауға пысық
өнерлілердің» айқын бейнесі емес пе? Осын-
дай қушыкештерді көре білген ақын оларды
сынап қана қоймай
...Ерінбей еңбек жаса терің төгіп,
Болуға жұрт қатарлы талап етіп –
деп өз нəсібін кəсіптен табуға шақырады.
Адал еңбекке үндейді.
Ал, туысқандарына арнаған өлеңінде
бірінің айтқанына бірі көнбейтін, тықылдап,
құр пысықсып сөйлейтін, бір жеңнен қол бір
жерден сөз шығара білмейтін ағайындарына
бірліктің болмауы елдің бұзылуына
əкелетінін тілге тиек етеді:
Ағайын ала болса бірлік кетер,
Дəулетің басыңдағы бір күн өтер.
Бірлікті сақтамасаң ағайындар,
Ел болудың түбіне сол-ақ жетер.
Ақын да пенде. Жұмыр басты пенде
пендешілігін жасамай қоймайды. Мəтібайда
өзінің кей өлеңдерінде бай-манаптарға
мақтау мен мадақ айтады. Бұл ақынның
Аяпберген би мен Бектастың Бірəлісіне
айтқан өлеңдерінен көрінеді. Бірақ қазіргі
кездегідей кең мүмкіншілігі жоқ заманда
ақындардың белгілі бір беделді кісінің жа-
нында жүріп өз тұрмысын түзеуі, сол адамды
өзіне қорған тұтуы заңды құбылыс. Мысалға
Достарыңызбен бөлісу: |