ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ
Құрылтайшы жəне
шығарушы:
«Қазақ газеттерi»
Жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi
Редакторлар кеңесiнiң
Төрағасы —
Бас директор
Жұмабек
КЕНЖАЛИН
Бас редактор
Қуандық Түменбай
Бас редактордың
орынбасары –
жауапты хатшы
Жарас Сəрсек
Редакция алқасының
мүшелерi:
Қансейіт Əбдезұлы
Бектұр Төлеуғалиев
Өмірəлі Қопабаев
Əбiш Кекiлбайұлы
Нұрлыбек Нəлібаев
Динар Нүкетаева
Мереке Құлкенов
Арман Қырықбаев
Нұрлан Оразалин
Кенжехан Матыжанов
Əлішер Пірметов
Техникалық редактор
Жұмағазы Омарұлы
№5 (69)
2014
Ўлт таєдыры
О, туған ана тілім! Тас
бұлақтың тұнығы да сенде, ана
сүтінің жұғымы да сенде, рай-
хан гүлдің жұпары да сенде,
қыран құстың жанары да сенде,
назды сұлудың нəзіктігі де сен-
де, сахара даланың жазықтығы
да сенде...
Қазақ тілі – өзінің да-
ласындай кең пішілген жай-
дары да жалпақ тіл. Қазақ
сөзі қашанда даланың қоңыр
желіндей аңқылдап еркін есіп
тұрады. Қазақ тілінің бия-
зы мақамы – домбыраның
күмбір қаққан сазындай. Асқан
əуезділігі – шырқап салар
əндей. Туған тіл біздің бірінші
бақытымыз, бірінші ырысымыз,
біз сондықтан “Ана тіліміз”
дейміз. Қазақтар “Ананың тілі”
деп ерекше құрметтейді. Басқа
ҚАЗАҚ ТІЛІ –
БАРЛЫҚ ҰЛТТЫҢ
АНА ТІЛІ!
тілді білу - əрине, мақтаныш.
Əйтсе де өз ана тілін аяқ асты
етуге болмайды.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бəрін біл,
Өз тіліңді құрметте, –
дейді талантты ақын Қадыр
Мырза Əли ағамыз.
Қазақстан Республикасы
егемен ел атанды. Ана тілімізге
мемлекеттік мəртебе берілді.
Тіл туралы заң қабылданды.
Президентіміздің 2003 жылғы
15 қарашадағы жарлығымен
қыркүйектің үшінші жексенбісі
Қазақстан Республикасы
халықтары тілдерінің күні
ретінде атап өтілетін болды.
Тіл – қай ұлттың болма-
сын тарихы мен тағдыры, тəлімі
мен тəрбиесінің негізі, қатынас
2
* «Үркер»* №5* 2014
құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болма-
са адамзаттың тірлігінде мəн-маңыз болмайты-
ны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше.
Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ой-
лану əрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сай-
ын ана тіліміздің мəртебесі өсіп, абыройы арта
түсуде.
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық
та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында
көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі ал-
дымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым
дəлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы
мəңгүрттіктің басы да өз тілін тəрк етуден туды.
Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани
кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей,
көлденең көк аттының қолжаулығына айна-
лады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте
халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиыр-
масыншы жылдары тіл тəуелсіздігін ту етіп
көтерген Əлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан,
Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында
бостандықтың лебі білінісімен басталған
бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті
тұрғындары қазақтардан басқа Қытай,
Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия
мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан,
Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республи-
каларында тұратын қазақтардың да ана тілі.
Халық тəуелсіздігінің ең басты белгісі
– оның ана тілі, ұлттық мəдениеті. Өзінің
ана тілі, ұлттық мəдениеті жоқ ел өз ал-
дына мемлекет болып өмір сүре алмайды.
Дүниедегі барлық халық тəуелсіздікке ұлттық
қадір-қасиетін, мəдениетін, ана тілін сақтап
қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез-келген
мемлекет өзінің аумақтық салт-дəстүрін, ана
тілін ерекше қорғайды.
Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз
ана тілінде таза сөйлеу жəне оны жақсы
біліп, туған анадай сүю.
Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі –
əлемдегі алты мыңға жуық тілдердің
ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші,
ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы
жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл.
Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша жəне
жазбаша тіл мəдениеті қалыптасқан алты
жүз тілдің жəне мемлекеттік мəртебеге ие
екі жүз тілдің қатарында тұр.
Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт
өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде
қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, əдет-
ғұрпын, мəдениетін, əдебиетін, тілі мен тари-
хын білуге міндетті.
Республикада мемлекеттік тіл ретінде
бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық
мəртебе беріліп отыр.
Қазақстан Республикасында қазақ
тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет
етуінің бірнеше алғы шартты бар. Атап
айтатын болсақ, тілді қолданушылардың
санының жеткілікті болуы, республиканың
барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық
өмірдің барлық саласында ауызша əрі жазба-
ша түрде қолданылуы сияқты факторлардың
болуы жəне қазақ тілінің құрылым-жүйесі
жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса
бай, ежелден келе жатқан жазба жəне ауызша
дəстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретінде –
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет
етуіне мүмкіндік береді.
Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі
қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай са-
лаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат,
білім беру мен тəрбие ісі (мектепке дейінгі ме-
кемелер, бастауыш, орта мектеп, ЖОО), ғылым
мен техника (ғылыми-зерттеу мекемелерде);
қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен
нақты ғылымдар, техникалық жəне қолданбалы
ғылым, экономика, ғылымның жалпыға ортақ
салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары, іс
жүргізу салаларында, мемлекеттік, қоғамдық-
саяси, мəдени мекемелер мен ұйымдарда; дене
3
тəрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен
емдеу мекемелерінде; қоғамдық орындарда;
өнер (театр, кино); дипломатиялық қарым-
қатынаста; əскери-патриоттық тəрбие жəне
білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу жəне
ұйымдастыруда; өндіріс жəне өнеркəсіп орын-
дарында; Қазақстан Республикасында өтетін
республикалық, халықаралық конференция-
лар, мəжілістер, жиындар, семинарлар жəне т.б.
ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы
үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-ба-
баларымыз көксеген, армандаған тəуелсіздікке
қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рух-
ты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық
намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ.
Əр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл
– жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол
барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол
халықтың мəдени əлеуметтік өмірінде өзіндік
мəні бар киелі ұғым.
Тіл – атадан балаға мирас болып қалып
отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің
іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».
Тіл құдіреті – ерекше. Оның бітпесті
бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді
жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық
жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз
орынды айтылған сөз жадында жатталып,
бақытқа жеткізеді.
Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында
қазақ халқының басында талай қиын нəубет,
зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны та-
рихтан белгілі. Сондай ауыр сəттерде, сын
сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан
халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы
– ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана.
Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы
бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат
сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген
мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой
тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей,
ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған
қанатты сөздер.
Үзілмей келе жатқан осындай даналық
дəстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да
көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге бол-
майтын асыл қасиеттерін тап басып танып,
қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз
да баршылық.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен
болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген
жоқ. Сондықтан да болар Елбасының
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»,
«Ана тілі – бəріміздің анамыз, өйткені ол –
ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар.
Ата-бабамыздан қалған асыл қазына
тілімізді сақтаудың тиімді жолы отбасында
ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы
сол тілде айтып, сол тілде қуаныш, ренішіңді
бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады.
Бұл – ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері
даусыз. Ақын Оразақын Асқар «Тəуелсіздік
тартулары» жинағына енген өлеңінде:
Көрінесің көзге шыққан сүйелдей,
Сұрақтар да шаншу болып тиер кей.
Құтылмайсың барлық тілді білсең де,
Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей...
Ана тілінде ата-баба сыры бар,
Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.
Өсе келе құстың тілін білсең де,
Ана тілсіз оның қандай құны бар, – деп
өлең жолдарында өз тілің өзге тілді үйренуге
басты тірек екенін баяндаған.
«Тілден асқан байлық жоқ», тон-
торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы
түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады,
тозады. Халықпен бірге мəңгі жасайтын тіл
байлығы екенін ұмытпайық.
Айгүл ƏБДІҒҰЛОВА,
Алматы қаласындағы
№35 мектеп-гимназиясының мұғалімі
Айгүл ƏБДІҒҰЛОВА. «Қазақ тілі барлық ұлттың ана тілі»
4
Проза
Өрістен қайтқан малдың тұяғынан
көтерілген аппақ шаң ауылды тұмшалап
алған. Ерке Ертістің сол жағалауына, Ашу-
тас жотасының етегіне қоныс тепкен аядай
ауылда қарбалас тірлік басталып-ақ кетті.
Күндіз барлаушыдай қылаң беріп, тек кеш-
ке ашық айқасқа шығатын сайыпқыран
су масаларынан қорғанып, əр-əр жерге
Айзат РАҚЫШЕВА
1983 жылы Шығыс Қазақстан
облысы, Күршім ауданы, Теректі ау-
ылында дүниеге келген. Орта мектепті
бітірген соң, Өскемен қаласындағы
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың
филология факультетіне оқуға түседі.
Оқу орнын 2006 жылы бітіріп, аудандық газетте тілші болып
қызмет атқарады. 2007 жылы Алматы қаласына келіп, мек-
тепке қазақ тілі пəнінің мұғалімі болып орналасады. Содан
бері түрлі республикалық, халықаралық басылым беттерінде
əдеби көркем жəне публицистикалық шығармалары үздіксіз
жарияланып келеді.
будақтатып түтін салып қойған. Əлден соң
шаң да сейілді, мал да қораланды, ауыл
үстіне тыныштық орнай бастады.
Құдіретті Күн тіршілік біткенді
ару Айға аманат етіп, ұясына шомып
кетті. Күннің алтын шапақтарын Айдың
асыл сəулелері алмастырды. Айдың сұлу
серіктері сансыз жұлдыздар да аспан
АУЫЛ
АШЫҚАУЫЗДАРЫ
(әңгіме)
5
Айзат РАҚЫШЕВА. «Ауыл ашықауыздары»
төрінен орын алып, жарқырай төніп тұр.
– Апа, қазір «Гүмүш» басталады! –
Төргі бөлмеден кішкене қызы жүгіріп келіп,
ас үйде жүрген Айша анасының етегіне
оралды.
– Қызым-ау, жағаласпашы! Бүгін кино
көре алмаймын. Оқудағы ағаңа сəлемдеме
жіберейін деп қамданып жатырмын.
– Нұрбол ағам жақсы оқып жүр ме? –
Қызының бітіп болмас сұрақтары басталды.
– Иə, күнім! Одан əрі жақсы оқуы
үшін дəмді тағамдар, аз-маз болса да ақша
жіберуім керек.
– Апа, ал əкем балық аулап ұзақ жүре
ме? – Шолжаң қызы тағы бір сауалдың
шетін қылтита беріп еді, үйге сау етіп бөгде
адамдар кіріп келді. Тосын қонақтардың
сұрқынан қызы түгіл Айшаның өзі сескеніп
қалды. Əйтсе де сыр бермей:
– Түн қараңғысында түртініп жүрген
кім едіңіздер? – деді.
Киген киімдері кір-қожалақ, олпы-
солпы, үстеріне əлдебір заттарды тағып
алған. Онымен қоймай өн-бойларынан
қолқаны қабардай жағымсыз иіс мүңкіп тұр.
Шақырылмаған қонақ болса да, өздері тым
батыл екен, əлі жиылып үлгерілмеген да-
старханды жағалай отыра қалысты. Басына
бір қара шүберекті сəлдеге ұқсатып байлап
алған теке сақал, мосқал еркек сөз бастады:
– Қызым, біз – Құдайдың жіберген
елшілеріміз, ренжітпей күтіп ал! Бізді ырза
қылмасаң, Құдайдың қаһарына ұшырайсың.
Иə, солай!
– Бүгін күн жұма! Жұма намаз қабыл
болсын! – Ертегідегі мыстан кемпірдің бір
елесіндей қап-қара, тарамыс, орта бойлы
əйел үстел үстіне боқшасын қойып, кəкір-
шүкірлерін шығара берді.
Беймезгіл уақытта баса- көктеп
кіргендері аздай қорқынышты үгітке
кіріскен келімсектерге Айшаның
зығырданы қайнап сала берді:
-Болмашы дүниелеріңді жинап ал!
Құдайдың атынан сөйлейтіндей сон-
ша кім едіңдер? Сендердей елді тінткен
тілемсектердің талайын көргенмін.
Үйімнен шығыңдар, кəне! - Айша айғайға
баспай, зілді ызғармен сөйледі.
Сыған əйел мұның айбарынан ыққан
да, тайсалған да жоқ:
- Əй, пақыр! Құдайдан қорық! Бізді
қабыл алмасаң, бүкіл үрім- бұтағыңа жай
оғындай Ажал жібереді!
- Тіліңді бұрап қазақша сөйлегеніңе
мың рахмет. Алайда, мені жасқай
алмайсың. Мен емес, Құдайдың атын
жамылған алаяқ мына сен – пақырсың!
Тез арада табандарыңды жалтыратыңдар!
Қорқытып- үркіту шарғысының іске
аспайтынына көздері жетті ме, кім білсін,
сығандар шұбатыла шығып кетті. Бөлмеде
əлгі бір антұрған иіс қалып қойды. Есік-
терезені ашып, ауаны желдетуге кіріскен
Айша өз- өзінен күңкілдеп, кеюін қояр
емес: «ауылдағының бəрін ашықауыз дей
ме? Əлде «Алланы ауызға алсақ болды,
дəмді-тəттісін де, ақшасын да иеленіп
кетеміз» дей ме? Қаңғыбастарға қағылар
жайым жоқ»
Осыдан бірер апта бұрын ұзын
құлақтан «көрші ауылдарда тəжік,
сығандар қаңғып жүр. Əшекей бұйымдар,
діни заттар сатады екен» деп естіген.
Манағы пысықтарды сығанға жорығаны
да сол себептен еді.
Бұл мезгілде сығандар ит атаулы-
ны абалатып, көрші қысқа көшеге түсті.
6
* «Үркер»* №5* 2014
Ай сəулесінде бозаңдана көзге шалынған
еңселі үйдің ауласына кіріп келді. Ит
көрінбейді, яғни бөгет жоқ. Бір табақ етті
енді алдарына ала берген үй іші дүрк
етіп енген бейтаныс жандарды көріп
аңтарылып қалды. Дастархан басындағы
үш- төрт қара домалақ атып тұрып
бүйірдегі бөлмеге қойып кетісті. Атып
тұрмай қайтсін, «үйге қонақ келгенде да-
старханда орнығып отырып алмай, орын
беріңдер» деп, əке-шешесі құлақтарына
құйып тастаса керек.
Отағасы қонақжай дағдысына ба-
сып, келгендерге төрден орын ұсынып,
«босағада тұрмаңыздар, дəмге келіңіздер»
деп қалбалақтай қалды. Үй бибісі тыққан-
пыққандарын салып, дастарханды лезде
жайнатып жіберді. Мына ілтипатты көріп
аянсын ба, сығандар көсіле жайғасты.
Отағасы ет турайын леп ыңғайлана беріп
еді, сыған еркек жəне өнер шығарды:
«ас ішілмей тұрып, құран оқимын»
деді. Отырғандар қолдарын жая берді.
Отағасының көңілін сан сұрақ түрткілесе
де, тіс жармады. Бір білгені бар болар
деп өзін- өзі тежеді.
Қонақтар дəмге қолдарын соза ба-
стады. Жəне қандай қолдар десеңізші: та-
лайдан бері жуылмаған кір қолдар, күстен
шыт- шыт жарылған ұсқынсыз қолдар,
бар арамды тырнағының астына жинаған
сіңір қолдар.
Үй иелері астан ауыз да тимей, тек
қонақжайлылық білдірумен болды.
-Ұялмай жеп- ішіңіздер!- Бұл мезет-
те жейтін ештеңе қалмаған еді, дастар-
ханды біреу тонап əкеткендей. Тəттілерді
сыған бала етпен бірге қылғытқан бола-
тын. Жүрген жерін жалаңаштап, жайпап
кететін шегірткедей бар мəзірді жалмап
болған сығандар қонақ бөлмеге кірді.
Сыған əйел бөлменің қақ ортасына əкеліп,
дорбасын ақтара салды.
- Бері келіңдер, Құдайына қараған
жандар! Мына киелі бұйымдарды
көріңдер!- Оны-мұныларын араластыра
бере, үйді басына көтере бір кекірді.- Мы-
нау – қасиетті Құран сөздері жазылған
тұмар. Үйіңде сақтасаң, мəңгі бақытты
боласыңдар!
Ұсынылған тұмарды қолына алған
Мирас отағасы қайран қалып, басын
шайқады – осыншалықты кішкентай болар
ма? Мұның қызықтап отырғанын қалт
жібермеген əйел:
-Бағасы 10 мың теңге,- деді. Тұмар
орнына қойылды.
- Ақша – шайтанның серігі. Адамды
аздыратын да сол ақша. Ана бір ауыл-
да бізді тілдеп, тұмарды жыртқан бейбақ
көз жұмыпты.Өзін қойшы, барша баласы
бірдей мерт болыпты.
Мына сұмдық хабардан үй бибісінің
жүрегі атқақтап қоя берді. Бір жамандық
жақындап қалғандай бойы суынды.
Ойламаған жерден ол атып тұрып, жатын
бөлмесіне кірді. Кейінге сақтаған біраз
ақшасы бар-тын.
- Міне, бары осы. Тұмарды аламын.-
Жеті мың теңгені əйелдің алдына та-
стай берді.- Балаларымның амандығының
садағасы.
- Жə, пейіліңе бола берейін. Үш
күн тірі жанға көрсетпей сақта. Ешкім
тақпасын!- Тұмар қолына тисе де,
келіншектің құлағынан шырқыраған бір
үн кетпей тұрып алды. Алғанын сандық
түбіне жасырғанша асықты.
7
Ажарлы Ай қысқа ғана патшалық
құрып, кербез Күнге кезек берді. Алтын
таңды атырған кермиық Күн ең əуелі
дүниені жарық сəулеге бөктірді. Табиғат
тылсым тыныштықтан ояна бастады.
Тұнып тұрған жұпар ауа, жанға жайлы
салқын леп ауыл таңының сəнін келтірді.
Айша бүгін күндегісінен де ерте
тұрды. Келісілген көлікке сəлемдемесін
салып барып, көңілі байыз тапты. Осы
раймен жүріп, сиырларын сауып, өріске
ұзатып салды. Еркетотай қызы жуық ара-
да оянбасы анық. Жалғыз өзі шай іше
алмаған соң, Айша көрші көшедегі əпке-
жездесінің үйіне тартты.
- О, балдызжан! Қайырлы таң! Біздің
шай ішіп отырғанымызды қайдан білдің?
Осы сен түтін аңдығаныңды қашан
қоясың?- Мирас жездесі қалжыңдай құрақ
ұшты.
- Жездеке, əпкемнің қою шай-
ын шайқап бір ішейін деп келдім. Одан
ырысың ортая қоймас.- Айша да қағытып
қалды.
- Кел, дəмге кел! –Əпкесі жік- жапар
болып, кесе толы күрең шай ұсынды.
- Əпкетай, жездемнің алдына сорпа
қойыпсың, Ал, етін маған сақтап отырсың
ба?
- Кеше кешке қарай сығандар келді
ғой. Соларды күтеміз деп, дастарханы-
мыз да жұтаңданып қалды.- Əпкесі еш
қалжыңсыз салмақты тіл қатты.
- Ойпырай, біздікіне де келген. Мен
жуытпай, қуып шықтым. Сендердің қонақ
етіп қарсы алғандарың қалай?
- Елдің бəрі сен сияқты адуын-
ды емес, Айшажан! Əпкеңді білесің ғой.
Соңғы тиынына құртақандай тұмар сатып
алды.- Мирас Айша балдызының шым-
шымасынан басын сауғалап отыр.
-Қойшы, мықты болсаң қуып
жібермедің бе? Төрге шығарып
тайраңдатқан сен бе, əлде мен бе? Тұмарға
саудаласып жатқанымда, отырдың ғой өз-
өзіңнен бүк түсіп!
Мына қызықты қара! Айша сенер-
сенбесін білмей əуре.
- Шынымен- ақ сөйттіңдер ме? Маған
тұмарды көрсетіңдерші!
Əпке- жездесі бірдей безек қақты:
– Жоқ, Айша, болмайды! «Үш күн
бойы ешкімге көрсетпе» деген. Саған
зияны тисе қайтеміз?
-Сендей батыр балдызды қайдан та-
бамын?- деп жездесі қосып қойды.
-Əзіл- қалжыңнан жеңілуді білмейтін
жездемнің сығаннан жеңілгені қиын екен.
Олай болса, мен үйіме қайтайын. Еркем
оянған да шығар.
Əпкесі Айшамен ілесе шықты.
-Үйде ұн бітіп тұр еді. Сенен қарызға
бір шелек ұн ала тұрсам деймін.- Айыпты
адамдай кібіртіктей сөйледі.
-Əй, əпендім-ай, ал, ал! Сенен аярым
жоқ екенін білесің.
Айша қожанасыр қылықты əпке-
жездесіне бір күліп қойып, үйіне келе
жатты.
Көк аспанда ақша бұлттар айқын
бояумен айшықтала қалыпты...
Достарыңызбен бөлісу: |