рыммен келгенмін. Шомылғанбыз, күнге қыз-
дырынғанбыз! Өте тамаша болып еді.
X о р л а н. Келер жолы өзіңмен бірге біз-
ді де ала келесің бе?
С а м а т. Әрине, ала келемін. Ал бұл жер-
дің көбелектері қандай көркем, қандай тама-
ша десеңші! Тоты құс тәрізді, түрленеді де
тұрады.
Б и б і г ү л. Гербарий жинайсың ба?
С а м а т (селсоқ). Иә, бастап қойғам...
X о р л а н. Зоология үйірмесі үшін бе?
С а м а т. Ж о қ , өзім үшін.
Б и б і г ү л (таңданып). Тек бір өзің үшін
ғана ма?
С а м а т. Несі бар?
Х о р л а н (көңілсіз). Әншейін... Ж а й ай-
там...
Б и б і г ү л. Біз жинаған гербарийлерімізді
мектепке апарып бергенбіз.
С а м а т. Сендер бүкіл класс болып жина-
дыңдар. Ал мен болсам — ж а л ғ ы з өзім жи-
надым.
X о р л а н. Ж а л ғ ы з өзің жүріп, қ а л а й ішің
пысып кетпеді?
Б и б і г ү л (Саматқа). Сенің мұрныңның
ұ шын а ж а р а шығыпты...
С а м а т. Мен жөнінде сендердің не ой-
лайтындарыңды білемін. Сендер мені өзімшіл
деп ойлайсыңдар, тіпті де олай емес. Мектеп
учаскесінде жұмыс істеймін. Б а с қ а л а р д а н
артық болмаса, кем істеп жүрген жоқпын.
Класс үшін сол да жетеді. Ал мына өзімнің
жеке жүріп жинағандарым — өзімдікі. Оған
ешкімнің де таласы жоқ.
Б и б і г ү л . Ж а л ғ ы з жүріп гербарий жи-
н а м а қ түгіл, ж а л ғ ы з адамның көбелекті кө-
4
ріп,
қ ызы қ тауыны ң өзі ішті пыстыратын
шығар.
С а м а т (мұрнының астынан күңк етіп).
Бұл — менің өзімнің қ а р а басымның ісі. Онда
басқалардың жұмысы болмауға тиіс.
X о р л а н (әңгіменің бетін басқа жаққа
аударып). Ж а у қ а з ы н д а р қандай әдемі!
Б и б і г ү л (қуанышпен). Міне, тағы да
бір жауқазын!..
Х о р л а н . Әкем айтып еді: «Осы түбекке
бара қалсаңдар, өте сақ болыңдар», — деп,
өйткені қар еріп, су жүріп кетсе, түбектің мой-
нағын су басып кетеді.
С а м а т. Географияны ж а қ с ы білетінің
көрініп тұр. Ылғи бес алатын шығарсың. Қо-
рықпа, су басып кетпейді, оған әлі ертерек.
(Хорлан мен Бибігүл жауқазын іздеп жерге
үңіле-үңіле, сахнадан шығады). Ж а з д ы ж а -
ным барынша ж а қ с ы көреді. Менің коллек-
циямда жиырма сегіз көбелек бар. Сәті түссе,
оның санын жүзге жеткіземін. Мұндай көбе-
лектер ешкімде жоқ. (Осы кезде сахнаға ала
қанат көбелек болып 10—12 жасар ұл бала
немесе қыз бала ұшып келеді. Оның екі қолы-
на екі қанат байланған, ал басына түрлі түсті
гүлдері, дөңгелек шарлары бар бас киім ки-
ген. Самат көбелекті ұстамақ болып тұра ұм-
тылады да, оның қанатынан ұстай алады, таң-
данып.) Қандай көркем көбелек! Ерте ұшқа-
ны несі?
К ө б е л е к (тіл бітіп). Мен саған не үшін
керекпін, балақай?
С а м а т (сасып қалып). Коллекция үшін...
К ө б е л е к (жалынып). Мені босатып жі-
бер, балақай! Мен еркіндікте өмір сүргенді
ж а қ с ы көремін...
5
С а м а т (көпшілікке қарап, таңданып ба-
сын шайқайды). Осы мен түс көріп тұрған
жоқпын ба?
К ө б е л е к. Ж о қ , сен ояусың.
С а м а т. Сен қалай сөйлеп тұрсың?
К ө б е л е к. Мен ж а й көбелек емеспін,
ерекше ж а р а л ғ а н сиқырлы көбелекпін.
С а м а т (таңданып). Мұндай д а көбелек
болады екен-ау!
К ө б е л е к. Болғаны ғой. Мен ертегілер
елінен келіп тұрмын...
С а м а т (әлі де сенбей). Ғажап! Өз көзі-
ме өзім сенбей тұрмын.
К ө б е л е к (еркінсіп). Сенбейтін түгі де
жоқ. Пушкиннің алтын балығы, Абайдың қы-
зыл алмасы — бәрі де, тіпті Мыстан кемпір
мен Алдар Көсе де ертегілер елінен келмеп
пе еді?
С а м а т. Өз көзіммен көрмесем, ешқашан
сенбес едім.
К ө б е л е к. Көп сөзді қой, балақай! Одан
да мені босатып жібер. Ж е р бетіндегі ең қым-
бат нәрсе не? Білесің бе?
С а м а т. Қымбат нәрселер аз дейсің бе?
К ө б е л е к. Қымбат нәрселер көп қой.
Б і р а қ мен үшін ең қымбаттысы — еркіндік. Ал
сен үшін ше?
С а м а т. Достық!
К ө б е л е к. Егер сен мені босатып жібер-
сең, екеуміз дос боламыз. Мен саған сиқырлы
ш а қ п а қ тас сыйлаймын. Алғың келе ме? Мә,
ал! Ол менің басымда тұр. (Самат көбелектің
басында, гүлдердің арасында сыммен ұстатып,
бекітіп қойған кішкене тасты алады. Ол оны
көрермендерге білдірмей, оң қалтасына тығып
жібереді де, одан алдын ала дайындап, тығып
6
қойған қалта шамын шығарады.) Бәлкім, се-
нің тәтті тағамға зауқың соғар. Сонда сен
қ олың а ш а қ п а қ тасты аласы ң да, тілеген нәр-
сеңді оған сыбырлап: «Шақпағым менің, шақ-
пағым, керектің маған тап бәрін...» — дейсің.
Сонда сен өз қалағаныңды сол қалтаңның
ішінен тауып аласың. Ал бір ж а қ қ а ұшып бар-
ғың келсе, ұшып бара да аласың.
С а м а т (таңданып). Осындай кішкене
тастың бойында керемет күш ж а т қ а н ы ма?
К ө б е л е к. Сенбейсің бе? Онда өзің сы-
нап көр! Тілегіңді айт!
С а м а т (сенбей). Не тілеуші едім мен?
Мәселен, кәмпит делік.
К ө б е л е к .
Қ алтаңд ы қ ара ! Ішінде түк
ж о қ қой?
С а м а т (қалтасын
қарап). Ештеңе д е
жоқ.
К ө б е л е к. Менің айтқанымды қайталап
айт та тұр.
С а м а т (тағы да сенбей). Менің кәмпит
жегім келеді. «Шақпағым менің, шақпағым,
керектің маған тап бәрін». (Қолындағы қалта
шамы жарқ етеді де, сөне қалады. Бұған таң-
данған Самат сол
қалтасына
қолын сұғып
жіберіп, одан бір уыс кәмпит алады. Самат
қуанып кетіп.) Демек , не тілесем — сол орын-
далады ғой? Ғажап! Мен ертегілер тек кітап-
тарда ғана кездеседі деп ойлаушы едім.
К ө б е л е к. Сен тек ертегімен кездесе ал-
май жүргенсің ғой. Бұл шапшақ тас саған тек
қ ан а қуаныш, шатты қ әкелетін болады. Екеу-
міз дос болдық. Енді маған бостандық бер!..
С а м а т (Көбелекке). Енді басың бос!
Самғай бер жөніңе!
7
К ө б е л е к (сахнадан шығып бара жа-
тып). Тоқтай тұр. Мен саған бір нәрсені ескер-
туді ұмытып бара жатыр екенмін. Есіңде бол-
сын: бұл ш а қ п а қ тас тек сенің ғана тілегіңді
орындайды. Оны сенен басқа адам баласы
білмеуге тиіс.
С а м а т (түнеріп кетіп). Демек, мен мына
кәмпитті ана жүрген қыздарға да сыйлай ал-
майды екенмін ғой? Солай ма?
К ө б е л е к. Иә, солай! Сыйлай алмайсың.
Рас, егер сен жолдастарыңа бірдеңе сыйлағың
келсе немесе олармен бір жерге барғың келсе,
ш а қ п а қ тас бір жолғы сенің тілегіңді орын-
дайды, бірақ бұдан кейін ол сиқырлы қасиеті-
нен айрылып, жабайы, қарапайым тасқа айна-
лады. Ол тек өзің үшін пайдаланғанда ғана
сиқырлы. Ал басқаларға оның сиқырлығы
жүрмейді.
С а м а т (қамығып). Бұл дұрыс болмады...
К ө б е л е к (қоштасып). Менің сөзімді
ұмытпа, бала қ ай ! Қ о ш бол! Ол тас саған ғана
қ уаны ш әкеледі. (Қанаттарын қағып, сахна-
дан шығады.)
С а м а т.
Қош бол, ғажайы п көбелек!
(Ауыр күрсініп.)
Қ уанышт ы бас қ аларме н
бөлісуге болмағаны — өкінішті-ақ! М ы н а л а р
ж а қ с ы қыздар. Бірақ солай екен деп, бұл ға-
жайып тастан айрылып қалуыма болмайды
ғой. Барлығымызға бірдей қызмет істей ал-
майтын болса, онда өзіме ғана қызмет етсін.
(Сүйсініп.) Таңғажайып, тамаша ш а қ п а қ та-
сым! Егер менің жеміс жегім келсе — қайтер
еді... Естіп тұрсың ба, шақпағым? Менің алма
жегім келеді. «Шақпағым менің, шақпағым,
керектің маған тап бәрін». (Саматтың қолын-
дағы қалта шамы тағы да жарқ ете қалады,
8
қалтасына
қолын салып жіберіп, одан алма
суырып алады.) Міне, тамаша! Д ә л ертегінің
өзіндей!..
Сырттан а д а м д а р д ы ң дабыры, балалардың д а у ы с т а р ы
естіледі. Самат с а с қ а л а қ т а п қолындағы алма мен кәм-
питті бұтаның түбіне тастай салады, ал қалта шамын-
оң жақ қалтасына тығады. Хорлан мен Бибігүл сырттан
жүгіріп кіреді, олар өте үрейлі, қ а б а қ т а р ы түсіп кеткен.
Х о р л а н (үрейленіп). Су жүріп кетіпті.
Ж о л д ы басып қалыпты.
Б и б і г ү л . Біз аралда, судың ортасында
қ алы п қойдық!
С а м а т (сабырлы). Ештеңе етпес, бір
нәрсе ойлап табармыз.
X о р л а н. Қайық жоқ. Айқайласаң дау-
сың жетпейді. Ауыл алыста. Енді қайттік?
Б и б і г ү л. Біздің мұнда екенімізді ешкім
білмейді...
X о р л а н. Менің әкем білетін-ді, бірақ ол
қ а л а ғ а кетіп қ алы п еді.
Б и б і г ү л (жыламсырап). Енді шыға ал-
маймыз. Су ортасында қалды деген осы!..
С а м а т (теріс қарап). Егер олар менің
қ алтамд а не бар екенін білсе ғой... Көрсетуге
болмайтыны — өкінішті-ақ! Мен оларды арғы
бетке ұшырып алып барар едім. Б і р а қ осын-
дай ұсақ-түйекке бола, сиқырлы тастан айры-
лып қалуға болмайды ғой.
X о р л а н. Сен өзіңнен-өзің күбірлеп, не
деп тұрсың, Самат? Бір нәрсе істеу керек қой!
Ұлсың ғой! Бірдеңе ойлап тапсаншы!..
С а м а т (сасып
қалып).
Қ азір ,
қ а з і р !
(Жүгіріп сахнаның бір шетіне шығады, көзін
қолымен көлеңкелеп, алысқа
қарайды.) Р а с ,
су басып кетіпті. Одан кешіп өтуге болмайды.
Жүзіп өту де мүмкін емес, су — өте ызғарлы,
9
суық, ауырып қалуымыз ғажап емес. (Қыз-
дар сасқалақтай бастайды, тек Самат қана
сенімді.) Сал ж а с а п аламыз!
Б и б і г ү л (үмітсізденіп). Оны неден жа-
самақсың?
С а м а т (көтеріңкі леппен). Әрине, ағаш-
тан!
X о р л а н. Сал жасайтын балтаң бар ма?
С а м а т (ерсілі-қарсылы жүреді, ойлана-
ды). Мұндай жағдайға тап бола қалса, Ра-
бинзон не істер еді?
Б и б і г ү л Біз бұл жерде аштан. өлеміз.
(Жылайды.)
С а м а т (байқамай қалтасына қолын са-
лып жібереді). Қандай аштықты айтып отыр-
сың өзің? Егер мен бірдеңе ойлап тапсам...
(Осы арда Көбелектің сөзі есіне түсіп кетеді
де, бірден тына қалады.)
X о р л а н. Сөзіңді неге жұтып қойдың?
Айтсаңшы тапқаныңды...
С а м а т (сөзді басқа жаққа бұрып жібе-
ріп). Қайдағы аштық? Оның аулы — әзірше
алыс. Азар болса, балық аулап жерміз.
X о р л а н. Сен де жоқты айтады екенсің!
Осындай тасып ж а т қ а н ағынды суда балық
болушы ма еді? Ал болған күннің өзінде,
о л а р д ы аулайтын қармағың, құратын ауың
қ а й д а ?
С а м а т (мойындап). Солай екен ғой.
(Қатты ойланып.) Енді қайттік? Не істейміз?
(Теріс қарап.) Рас, менің өзімшіл, ж а м а н
адам болғаным ба? Ж о қ , олай болуға тиіс
емес.
Б и б і г ү л . Бәріміз бірігіп, қатты айқай-
л а й ы қ !
10
С а м а т . Сендер айқайламай-ақ қойың-
д а р . Мен өзім-ақ айқайлаймын. Мен — ер
баламын ғой. Сендерден гөрі даусым зор.
(Бар даусымен айқай салады.) А-а-ау! (Құ-
лағын салып тыңдайды.) Ж о қ , даусымыз
жетпейді. Ауыл тым алыс. (Тағы да ерсілі-
қарсылы жүреді.) Не ойлап тапса м екен?
(Қабағын түйіп, бетін тыжырайтып, сол қолы-
мен жағын ұстайды.) Не істеу керек? Қандай
ыңғайсыз тас еді?.. Мен үшін ж ұ м ы с істейді,
ал басқалар үшін аяғын баспайды... (Ойла-
нып.) Әлде менің өзім сондаймын ба? «Өзіме
дегенде — өгіз қ а р а күшім бар, өзгеге деген-
де — оларменен не ісім бар» дейтін м а қ а л д ы
жиі айтатын осы мен емес пе едім? Коллекция
өзім үшін, гербарий де өзім үшін, енді, міне,
сиқыр тас та тек мен үшін ғана ж ұ м ы с істеп
тұр. (Ойланып.) М а қ а л д ы өткен дәуірден
қ алған , ескірген м а қ а л делік, ал мына сиқыр
тас ше? Бұл да ескі ертегілер елінен келдім
деп тұрған ж о қ па? Демек, ол да ескірген,
көне түсінік. (Кеудесін нұсқап.) Ал, мен ше?
Мен осы ж а ң а заманда туып, ж а ң а заманда
өстім емес пе? Әке-шешем де, мұғалімдерім
де, жора-жолдастарым да — бәрі де осы, ж а -
ңа заманның адамдары. Сонда менің санамда,
ісімде ескінің сарқыншағы қайдан жүр? Неге
өзімшілмін? Ж о л д а с т а р ы м а неге көмектескім
келмейді, оларды мына бастарына түскен қи-
ындықтан неге құтқарып алмаймын? Сонда
мен ж а м а н адам, ж а м а н жолдас болғаным
ба? (Өз ойынан өзі шошып кетіп.) Ж о қ , жоқ,
мен ж а м а н адам емеспін, менің ж а м а н адам
болғым келмейді. (Қиналып.) Ай, Көбелек-ай,
бір сиқыр тас берем деп, сау басымды саудаға
салып қойдың ғой... Қайтсем екен?..
11
X о р л а н. Қарным ашты. Т а м а қ ішкім
келеді.
Б и б і г ү л (қиялдап). Май жағылған нан
болса, мен де жер едім...
С а м а т (өзіне-өзі). Қыздарды да аяймын,
сиқыр тасты да қимаймын.
Б и б і г ү л . Тіпті майсыз-ақ жей берер
едім.
С а м а т. Мұндай тас енді қайтып қолға
түспейді. Оны мен ж а қ с ы білемін... (Қина-
лып.) Хорлан, Бибігүл, түсініңдерші мені!.. Ол
екі айналып келмейді.
Б и б і г ү л (түсінбей, Саматқа). Өзің не
деп тұрсың?
С а м а т (көзіне жас келіп). Ж о қ , мен
ж а м а н адам емеспін. Менің ж а м а н адам бол-
ғым келмейді.
X о р л а н (түсінбей, жай ғана). Біз сені
кінәлап отырған жоқпыз, Самат! Судың қа-
лай тасып, қалай көтеріліп кеткенін біз де
байқамай қалдық. (Жұбатып.) Бұған ж а л ғ ы з
сен кінәлы емессің...
С а м а т. Ж о қ , мен кінәлымын... Менің
қ олымна н келіп тұр ғой!..
Х о р л а н (тағы да түсінбей).
Қ азі р не
істей аласың? Өзіңді-өзің босқа қинама! (Сах-
наның сыртына жалт қарап.) Су бетінде бір-
деңе ж а л т ете түсті... Бәлкім, б а л ы қ ш ы л а р
болар... Барып көрейікші.
Хорлан мен Бибігүл шығып кетеді. Сахнаға Көбелек
ұ шы п келеді.
С а м а т (Көбелекке ренжіп). Сен маған
мұндай ыңғайсыз тасты несіне бердің? Не іс-
терімді білмей, әбден басым қатты. Сен маған
мына тас қуаныш, шаттық әкеледі деп едің
12
ғой. Сол қуанышың, шаттығың қайда? Шат-
тық былай тұрсын, әбден шатасып біттім...
К ө б е л е к . Дүние жүзінде е ң қымбатты
нәрсе не деп едік? Сол сенің есіңде ме?
С а м а т. Иә есімде. Азаттық дегенбіз.
Кө б е л е к. Тағы не деп едік?
Самат (ойланып). Достық дегенбіз.
К ө б е л е к . Ал, достықсыз шаттық жоқ.
Мұны әбден біліп қой. (Ұшып кетеді.)
Бибігүл аяғы ауырып қалған адамша, а қ с а н д а п , сахна-
ға шығады, Хорлан оны қ о л т ы қ т а п кіреді.
Х о р л а н (Саматқа). Бибігүл тобығын
шығарып алды...
Б и б і г ү л (кемсеңдеп). Сындырып та
алған шығармын. Ой, ой, ауырып барады.
(Жылайды.)
Бибігүлге көмекке Самат та ұмтылады. Хорлан екеуі
сүйемелдеп, Бибігүлді бір томардың үстіне отырғызады.
Х о р л а н . Бір кезде мен де тобығымды
шығарып алғанмын. Егер тезірек дәрігерге
көрсетпесе, таң атқанша ол аяқ қаптай болып
ісіп кетеді... Шіркін-ай, біреулер кездесіп
қ алып , біздерді мына аралда н ертерек алып
кетсе ғой...
Б и б і г ү л (үрейленіп). Кеш батып бара
ж а т ы р . Ал мен қараңғылықтан қатты қор-
қам...
X о р л а н (жұбатып). Шыдай тұр. Бір ре-
ті болар.
С а м а т (қиналып). Ж о қ , бұдан артыққа
шыдамым жетпейді. (Өзіне-өзі.) Ж е т е р енді!
(Көзін сүртеді.)
13
Б и б і г ү л (Саматқа). Сен, не? Ж ы л а п
тұрсың ба? Мен сені қатыгез деп ойлаушы
едім.
С а м а т (өзіне-өзі ызаланып). Мен жө-
нінде қалай ойласаңдар, солай ойлаңдар. Не
десеңдер, о деңдер! Мен одан ұялмаймын.
(Көпшілікке қарап.) Осы ж о р ы қ кезінде ме-
нің түсінгенім мынау: Басқалармен бөлісуге
болмайтын
қ уаныш- қ уаны ш емес. Адамғ а
қ уаныш , шатты қ әкелетін достық пен бірлік
екен! Халқымыз «Бірліксіз тірлік жоқ, дос-
тықсыз — қуаныш жоқ» деп бекер айтпаған
екен. Соны мен ж а ң а түсіндім...
Б и б і г ү л (түсінбей, Саматқа). Самат,
сен не деп тұрсың?
С а м а т (батылданып). Бір-біріңнің қол-
дарыңнан ұстаңдар!
X о р л а н (түсінбей). Неге, не үшін?
С а м а т (сабырсызданып).
Ұстаңдар де-
дім ғой мен. Ұстаңдар деген соң — ұстаңдар!
(Қалтасынан
қалта шамы н алады, салтанат-
ты түрде.) Біздің ана арғы бетке өткіміз ке-
леді, үйге қайтқымыз келеді. Тек, мен ж а л ғ ы з
емеспін, бәріміздің де өткіміз келеді, бәріміз-
дің де үйге қайтқымыз келеді.
К ө б е л е к (сырттан сығалап қарап тұ-
рып). Б а л а қ а й , кейін б ұ л . і с і ң үшін өкініп
жүрмейсің бе?
С а м а т (үзілді-кесілді). Ж о қ , өкінбеймін!
Енді біз үйде боламыз. (Қолындағы қалта
шамына үңіліп.) «Шақпағым менің, шақпа-
ғым, керектің бізге тап бәрін?..» (Үшеуі қол
ұстасқан күйі,
ұшып бара жатқандай,
қолда-
рын сермей береді.)
К ө б е л е к. Қаласаң, тағы бір сиқырлы
тас берейін.
14
С а м а т (сақтанып). Менің ж а л ғ ы з өзім
үшін бе? Ондай тастың керегі жоқ.
К ө б е л е к. Сен өзіңе қуаныш, шаттық
таптың ба, балақай?
С а м а т (айғайлап). Таптым. (Дауыс
жаңғырады.)
К ө б е л е к. Қайдан?
С а м а т. Достықтан, бірліктен!.. (Дауыс
тағы да жаңғырады.)
К ө б е л е к. Ендеше, жолың болсын ба-
лақай! (Көбелек даусы жаңғырып барып, кө-
ңілді, салтанатты әуенге ұласады.)
Шымылдық
Жиһангез
Қ а т ы н а с у ш ы л а р:
С ә р с е н — 5 «А»-класының оқушысы.
М а р ж а н — 5 «Б»-класының оқушысы.
Екеуі көрші тұрады.
Сәрсеннің үйі. Қабырғада географиялық карта. Сәрсен
екі қолын төбесіне қойып, кереуетте шалқасынан ж а -
тыр. Қолына кітап ұстап М а р ж а н кіреді.
М а р ж а н. Сәрсен, немене, ауырып қал-
дың ба?
С ә р с е н (қынжылып). Бөгет ж а с а м а ш ы !
Ж ұ м ы с істеп жатырмын.
М а р ж а н (таңданып).
Қ анда й ж ұ мыс ?
С ә р с е н. Ой ойлап дегендей.
М а р ж а н (кекетіп). Ж ұ м ы с ы ң тым қат-
15
т ы - а қ екен! Түу, Сәрсен, тыңдашы, сен карта-
ны ж а қ с ы білесің ғой осы?
С ә р с е н (басын көтеріп). Білгенде қан-
д а й ! Бізге география сабағын директор ағай-
д ы ң өзі береді.
М а р ж а н. Ендеше, сен мұхит, теңіз де-
гендерді ж а қ с ы білесің ғой. Солай ма?
С ә р с е н . Мұхит дейсің бе? (Ойланып.)
Қ а л а й еді? Е, былтыр біздің Мұхит деген көр-
шіміз болған.
М а р ж а н. Сен ойынды қойшы, мен саған
шын айтып тұрмын. Мұхит дегеніміз не, оның
теңізден қандай айырмасы бар? Маған соны
айтып берші!
С ә р с е н (төсектен тұрады). Мұны жұрт-
тың бәрі біледі. Теңіз дегеніміз — теңіз. Ал,
Мұхит деген кәдімгі өзіміздей адам. Өзің оп-
оңай нәрсені білмейді екенсің ғой!
М а р ж а н. Өй-дөйт дерсің, білгішім!
С ә р с е н. Кекетпей-ақ қой! Менің не бі-
ліп, не ойлап жүргенімді саған айтсам да, сен
түсінбессің.
М а р ж а н. Не ойлаушы едің сен! Азар
болса, тағы да бір қисыны ж о қ қиялға шомып
жүрген шығарсың.
С ә р с е н. Қисыны жоқ! Мүмкін, сеніңше,
қисыны ж о қ шығар. Ал, меніңше, бұл өте
орынды және болатын нәрсе. Бұл ісім үшін,
мүмкін, маған « Ж а ң а заманның жиһангезі»
деген атақ берілер, атым газет-журналға ба-
сылар. Д а ң қ ы м дүние жүзіне ж а й ы л а р . Мүм-
кін, мені директор ағай оныншы класқа бір-ақ
көшірер.
М а р ж а н (нанып). Сәрсен, сен ж а ң а за-
манның жиһангезі болсаң, мені өзіңмен бірге
а л ы п жүресің бе?
16
С ә р с е н. Әрине, алып жүремін. Б і р а қ сен
бұдан былай өзіңнің мұхит-сұхитыңмен маған
бөгет ж а с а м а .
М а р ж а н (қызығып). Ал, сен не ойлап
шығармақсың? Соны айтшы!
С ә р с е н . Қ а л а й айтамын! Сенің басқа
б а л а л а р ғ а айтып қоюың мүмкін. Кім біледі,
әлде бұл соғыс құпиясы шығар?
М а р ж а н (шошып кетіп). Соғыс
құ-
пиясы!
С ә р с е н. Иә, соғыс құпиясы!
М а р ж а н. Ендеше, мен ешкімге тісімнен
шығармаймын, айтшы!
С ә р с е н. Ж а р а й д ы , айтайын. Бірақ, сен
ең алдымен айтпаймын деп уәдеңді бер.
М а р ж а н. Пионерлік шын сөзім! (Салют
береді.)
С ә р с е н (жан-жағына қарайды, төсектің
астына үңіледі, есікті ашып, қарап, қайта жа-
бады). Ешкім ж о қ екен. Енді тыңда, мен ке-
менің ж а ң а түрін ж а с а п шығарғалы жүрмін.
М а р ж а н (таңданып). О л қандай кеме?
С ә р с е н. Кәдімгідей кеме! Ол ешбір
отынсыз-ақ, күн сәулесінің күшімен суда жү-
зетін болады. Кеменің ішінде су толтырылған
үлкен қазан тұрады. Оның түбіне затты үл-
кейтіп көрсететін шыны орнатылады. Ол шы-
ны күн сәулесін өзіне тартады да, суды жы-
лытады. Ал, қазанның үстіне затты кішірейтіп
көрсететін шыны орнатылады. Ол суды суы-
тып тұрады. Демек, қазандағы су астыңғы
жағынан қайнап, буға айналып, ж о ғ а р ы көте-
ріледі. Одан барып суып, суға айналып, қайта
төмен түседі.
М а р ж а н. Сонан соң?
С ә р с е н. Сонан соң бу үнемі қозғалып
тұрады да, моторға қуат беріп, жұмыс істете-
ді. Содан барып кеме ешбір жанармайсыз су-
да жүзетін болады.
М а р ж а н. Сен затты кішірейтіп көрсете-
тін шыныдан су суиды дегенді қайдан таптын?
С ә р с е н. Өзім ойлап таптым. Егерде
затты үлкейтіп көрсететін шыны күн сәулесі
арқылы суды жылытатын болса, затты кіші-
рейтіп көрсететін шынының суды суытатыны
өзінен-өзі белгілі емес пе?
М а р ж а н. Дегенмен, бір тексеріп шығу-
ың керек екен. Өзің барлық жағынан да есеп-
тедің ғой, әйтеуір?
С ә р с е н . Әрине! Міне, жазғандарым,
есептегендерім. (Бірнеше парақ
қағаздарды
көрсетеді.)
М а р ж а н (қағаздарды ақтарып). Мұның
бәрін қашан жазып, сызып үлгердің?
С ә р с е н. Мен көп жазамын. Мектепте
де, үйде де ж а з а беремін.
М а р ж а н. Ал, сабаққа қашан дайында-
ласың?
С ә р с е н. Міне, қызық! Егер мен кеменің
ж а ң а түрін жасап шығарсам, маған сабақ не-
ге керек?!
М а р ж а н. Сонда не істемексің?
С ә р с е н. Мен бе? Мен өзімнің ойлап шы-
ғарған ж а ң а кемеммен дүние жүзін аралай-
мын.
М а р ж а н. Қалай аралайсың?
С ә р с е н. Мен әуелі өзіміздің осы Іле
өзенімен жүзіп отырып, Б а л қ а ш қ а барамын.
Б а л қ а ш т а н Аралға, Аралдан Каспийге, Кас-
пийден Қара теңізге, сонан соң әрі қарай кете
беремін. (Маржан сықылықтап күле береді.)
Неменеге күлесің?
18
М а р ж а н (күлкісін тыйып). Балқаштан
Аралға қайтып бармақсың? Кемеңе төрт дөң-
гелек қондырып аласың ба?
С ә р с е н. Ешбір дөңгелексіз-ақ, сумен
жүземін де отырамын.
М а р ж а н. Қай сумен?
С ә р с е н. Шу өзені ше?
М а р ж а н. Шу өзені Балқаш пен Арал-
дың арасын қоспайды ғой?
С ә р с е н (кекетіп). Өй-дө-ит дерсің! Бі-
леді екенсің! (Картаны нұсқап). Қара, ана
картаны!
М а р ж а н. Қарасаң қара! (Екеуі картаға
үңіледі.) Міне, көрдің бе, Шу өзені басын
Тянь-Шаньнан алып, Қарақұмға қарай ағады.
Ол Б а л қ а ш қ а да, Аралға да соқпайды.
С ә р с е н (желкесін қасып). Солай екен
ғой. Оқасы жоқ. Бәрібір, ендеше, мен Қара
теңізден Жерорта теңізіне қарай бір-ақ
тартам.
М а р ж а н . Оныңның қисыны бар. Бірақ
мен сенің осы ж а ң а кемеңнің жүзуіне күмән-
данамын.
С ә р с е н. Қалайша?
М а р ж а н. Кемең кенеттен жүзбей қалуы
мүмкін?
С ә р с е н (таңданып). Қалайша, кенеттен
жүзбей қалады дейсің?
М а р ж а н. Несі бар! Есебіңде бір сан
қате кетсе болғаны. Міне, мысалы, сен мұнда
жетіні сегізге көбейтіп, қырық сегіз деп қо-
йыпсың.
С ә р с е н (үрейленіп). Сонда қанша?
М а р ж а н. Қанша болушы еді! Жеті жер-
де сегіз — елу алты болады да. Міне, тағы
19
мұнда сен төрт шаршы метрді үш метрге кө-
бейтіп он екі болады депсің.
С ә р с е н. Ал, сеніңше, қанша?
М а р ж а н. Меніңше де, он екі, бірақ он
екі шаршы метр болады.
С ә р с е н (қағаздарды жұлып алып). Ж а -
райды, жетер енді, көп шұқшия берме. Мен
байқамай, қателесіп кетіппін. Үйдің шамы сө-
ніп қалып, қараңғыда жазып едім.
М а р ж а н. Неліктен?
С ә р с е н. Ж а й , пілтесі төмен түсіп ке-
тіпті.
М а р ж а н. Өзің жөндей салсаң етті.
С ә р с е н. Мен жөндей білмеймін. Апам
келіп жөндер.
М а р ж а н. Шамыңды мұнда алып келші!
С ә р с е н. Оны қайтесің?
М а р ж а н. Жөндеп көрейік.
С ә р с е н. Жөндей алмайсың, сен түгіл
мен де...
М а р ж а н. Сонда да.
С ә р с е н (қиналып). Түу, болмайды екен-
сің өзің! (Сәрсен шамды әкеледі. Маржан
пілтесін инемен көтереді.)
М а р ж а н. Сіріңкең қайда?
С ә р с е н. Оны қайтесің?
М а р ж а н. Ш а м д ы ж а ғ а м ы з .
С ә р с е н. Мен айттым ғой, жағылмай-
ды деп.
М а р ж а н. Сонда да көрейік. (Сәрсен сі-
ріңке әпереді. Маржан шамды жағып жатып.)
Мен сені аяп тұрмын.
С ә р с е н. Неге?
М а р ж а н. Өйткені, кемең жүзбей қ а л а
ма деп қорқамын.
С ә р с е н. «Жүзбейді, жүзбейді!» Ал, мен
20
жүзеді деймін. Қателер ме? Оларды түзетуге
болады.
М а р ж а н. Егер сенің барлық қателеріңді
түзетсе, онда іс басқаша...
С әр с е н. Қәне, тағы қай жерде қатесі
бар? (Қағаздарын ақтарады.) Айтшы?
М а р ж а н. Қ а ғ а з д а р ы ң д ы қоя тұр, мен
саған онсыз да айтамын.
С ә р с е н. Ал, айт!
М а р ж а н. Біріншіден, сен құр қиялмен
ж а ң а л ы қ аша алмайсың, даңқыңды да дүние
жүзіне ж а я алмайсың. Ал ж а ң а л ы қ ашып,
атыңды әлемге шығарғың келсе, әуелі бұрын-
ғы ашылған ж а ң а л ы қ т а р д ы жете білуің ке-
рек. Ол үшін қ а ж ы м а й - т а л м а й оқуың керек.
С ә р с е н. Немене? Оқу дейсің бе? (Ыза-
ланып.) Тағы не айтпақсың?
М а р ж а н. Тағы айтарым: тек ақылды
басың ғана болмай, іскер қолың да болуы
керек. Ең болмаса, өз шамыңды өзің жөндеп,
өз түймеңді өзің қадай білуің керек.
С ә р с е н . Өй-дөй-ит дерсің! Сонда мен
ж а л ғ ы з түймеден ж а ң а кеме ж а с а м а қ п ы н ба?
М а р ж а н. Ж а ң а кеме болмаса да, әйтеу-
ір, керекке жарайтын бір зат ж а с а р едің ғой.
Ж а р а й д ы , мен кеттім. С а б а қ оқимын. (Кеке-
тіп.)
Қ о ш бол, Ж а ң а заманны ң жиһангезі !
(Кетеді.)
С ә р с е н (жалғыз, ойланып). «Кеме бол-
маса да, керекке жарайтын бір зат»,— дейді.
Сөзінің қисыны бар. Қ а р а ш ы өзін: кішкентай
болса да, қандай ақылды! (Жан-жағына қа-
райды, кітапты алады.) Айтпақшы, бізге гео-
графиядан қандай тапсырма берілді екен?
(Беттерін ашып.) «Мұхит және теңіздер...»
Қ алай ? Бізге де мұхит пен теңіз тапсырылға н
21
екен ғой. (Айқайлап.) Маржан, М а р ж а н , тоқ-
та!.. Кел, сабақты бірге оқиық! (Жүгіріп шы-
ғып кетеді.)
Шымылдық
Жақсылық
пен жамандық
Достарыңызбен бөлісу: |