Қ а т ы н а с у ш ы л а р :
Әлім, Е р к і н } — бір кластың оқушылары.
С а л и х а — Әлімнің шешесі.
Б е й с е н — Әлімнің әкесі.
Ж ә м и л а — мұғалима.
О қ у ш ы б а л а л а р .
Бірінші көрініс
Бейсеннің үйі. Салиха үй ішін жинастырып жүреді. Осы
кезде мектептен сумкасын сүйретіп Әлім келеді. Әлім-
нің кабағы салыңқы, көңілсіз. Бірақ оны Салиха бай-
қ амайды .
С а л и х а. Е, Әлім-жан, келдің бе? Хал
қ алай ?
Ә л і м (көңілсіз). Ж а қ с ы .
С а л и х а. Ж а ң а ғана Қайыркен келіп,
саған бір кітап тастап кетті.
Ә л і м (түсінбей). Мені неге тоса тұрма-
ды екен?
С а л и х а. Асықты ғой деймін. Арифмети-
кадан бестік алыпты. Сосын үйіне айтып ба-
рып, ата-анасын қуантпақ көрінеді.
Ә л і м (мырс етіп). Еһе, одан басқа адам
бестік алып көрмегендей...
С а л и х а (сөзін бөліп). Әлім-жан, сен де
бестік алдың ба?
Ә л і м (сасып). Алдым. Ана тілінен...
Ауызшасынан...
С а л и х а (көңілденіп). Несі бар. Ж а қ с ы
болған. Құттықтаймын, құлыным. ( Ә л і м н і ң
83
маңдайынан сүйеді. Әлім ыңғайсызданып
қа-
лады). Ж а р а й д ы , жаным! Ж а қ с ы болған. Мен
ас әзірлейін. Сен әзірше демалып, отыра тұр.
Ә л і м (жасқаншақтап). Апа, кейбіреу-
лер: «Өтірік айтсаң да, орнымен айт», — дей-
ді. Сіз осы сөзді қ а л а й түсінесіз? Өтіріктің
орындысы бола ма екен?
С а л и х а (немқұрайды).
Қ айда н білейін,
балам, болатын шығар...
Ә л і м (қуанып кетіп). Меніңше, болатын
тәрізді. Ал, бола қалса, орынды өтірік деп
қандай өтірікті айтпақсыз?
С а л и х а. «Өтіріктің түймедей — кішке-
несі, түйедей — дәуі болады», — дейді ғой
жұрт. Түймедейі — орынды болатын шығар.
Ә л і м. Солай болар.
Осы кезде Бейсен кіреді.
С а л и х а. Е, міне, әкең де келді... Папа-
сы-ау, сен не білдің? Бүгін біздің Әлім-жан
тағы да бес алып келіпті ғой...
Б е й с е н. Міне, жігіт! (Әлімнің арқасы-
нан қағады.) Д ұ р ы с болған. Папасына тарт-
қан. Айтсам, ма қ танд ы дейсіңдер ғой. Мама -
сы, сен күлме! Расында да, мен мектепте оқып
жүргенде ылғи бестік баға алушы едім. Бірақ
менің Әлім сияқты әке-шешем болмады. Ба-
л а л а р үйінде тәрбиелендім. Сондықтан еш-
кімге айтып мақтанып келе алмаушы едім.
Демек, ешкімді де қуанта алмаушы едім.
Әлімге ж а қ с ы — әкесі бар, шешесі бар. Өзін
де, өзгелерді қуанта алады. Жарайсың, ұлым,
осы бетіңнен тайма! (Тақпақтап.)
84
Ерте окы, кеште оқы.
Б і р а к ылғи беске оқы,—
деген екен бір ақын баласына бата беріп
жатып. Менің де айтарым сол.
С а л и х а. Ж а р а й д ы , сабақтан шаршап
келген баланың басын қатырмайық. Қой, мен
неге тұрмын. Барып Әлім-жанға т а м а қ әзір-
лейін.
Шығуға ыңғайлана береді де, тоқтайды.
Б е й с е н. Тоқташы, мамасы. Тағы да бір
нәрсе есіме түсіп кетті. Б а л а л ы к , шіркін, қы-
зық қой. Талай т а м а ш а л а р ж а с а у ш ы едік.
Бізде Үсен деген бір бала болды. (Әлім де
зейін қоя тыңдайды.) Сол бала есіктен: «Ең-
кейген бестік алдым», — деп айғай сала кіре-
тін. Онысына көбіміз түсінбей, көпке дейін
нанып та жүрдік. Кейін білсек, оның «еңкейген
бестік» дегені — екілік екен. Ал, кей күні үн-
демей келеді. «Не десек?» « Ж а й бестік», —
дейді көңілсіз. Бестік алған бала қуанушы
еді, ал мынаның қабағы неге салбырап кет-
кен деп, бір күні оның күнделігін тексерсек,
үштік алыпты. Бірақ үштіктің жоғарғы мұр-
тын түзетіп, жөндеп қойыпты.
Осы кезде Әлімнің өңі бұзылып кетеді.
С а л и х а (түсінбей). Мұртын жөндегені
несі? Үштіктің мұрты бола ма екен?
Б е й с е н (сабырмен). Болғаны ғой, де-
мек. Былайша айтқанда, үштік цифрін бестік
цифріне айналдырып қойыпты.
С а л и х а (күліп). Қойшы, тәйірі! Оқушы
өз күнделігін жөндегенімен, мұғалімнің қо-
лындағы журналды жөндей алмайды ғой.
85
Б е й с е н. Несі бар. Ж у р н а л д а не болса —
ол болсын. Ал өз күнделігі дұрыс болса —
болғаны.
С а л и х а (таңданып). Сонда ол күнделік
кімге керек? Онымен ол не істемекші?
Б е й с е н (сабырмен). Ж а т а қ х а н а д а бірге
ж а т қ а н біз сияқты өз достарын алдайды да.
С а л и х а (таңданып). Достарын алдай-
ды? Сонда одан не түседі?
Б е й с е н. Түк те түспейді. Аз күн болса
да, ұялмай жүреді.
С а л и х а. Өй, «Өтіріктің өрісі тар» деген
емес пе? Онымен ол алысқа бара алмайды
ғой.
Б е й с е н. Қайтесің... Б а л а болған соң...
С а л и х а. Бұл б а л а л ы қ емес, ш а л а л ы қ
қой.
Б е й с е н. Иә, шалалық. Бірақ кейбір ба-
л а л а р : «Өтірік айтып, оңай құтылып кетуге
болады», — деп ойлайды да, өзінің қ а л а й тор-
ға түсіп қалатынын ескермейді.
Өтірік, өсек, м а қ т а н ш а қ ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес д ұ ш п а н ы ң Білсеңіз,—
деп ұлы Абай айтқан ғой. Көптеген б а л а л а р
өтіріктің дұшпан екенін біле бермейді, білген
күннің өзінде де біреулері байқамай, ал екін-
ші біреулері әдейі айта береді, Сонсоң арты-
нан барып, сол өтірігі үшін өздері опық жейді.
С а л и х а. Папасы, сен осының бәрін неге
айтып тұрсың? Әлде бір нәрсеге күдігің
бар ма?
Б е й с е н (сасып). Ж о - ж о қ ! Олай дей
көрме! Біздің семьяда ондай өтірік айтатын
86
адам жоқ. Демек, біздің үйде тек шындық,
әділдік ж ә н е ақиқат қана орын алуға тиіс.
С а л и х а. Онда ұ з а қ фәлсапаңды қой.
Сабақтан шаршап келген баланың басын
ауыртпа. Отырып, демалыңдар. Мен асхана-
ға барайын.
Шығып кетеді. Әлім әкесіне бірдеме айтпақ сыңайда.
Бірақ айта алмайды. Мұны сезген Бейсен оның қасы-
на келеді.
Б е й с е н (жақындап). Немене, Әлім, ма-
ған бірдеңе айтқың келіп тұр ма?
Ә л і м (сасып). Ж о - ж о қ !
Б е й с е н. Қой, жасырма, көзіңнен көріп
тұрмын. Оның үстіне бірдеңе айтайын деген-
дей, ернің де жыбырлап тұр. Сырды тек дұш-
паннан ғана жасыру керек. Достан ж а с ы р м а с
болар. Ал, баласының әкесінен жасыратын
сыры болмауға тиіс.
Ә л і м (қысылып). Онда сенен бір нәрсе
сұрайын деп едім.
Б е й с е н (тіке). Сұрай ғой.
Ә л і м (қысылып тұрып). Осы кейбіреу-
лер: «Өтірік айтсаң, орнымен айт», — дейді.
Әке, сіз мұны қалай түсінесіз? Өтіріктің орын-
дысы, орынсызы бола ма? Егер бола қалса,
орынды өтірік деп қандай өтірікті айтамыз,
орынсыз өтірік деп қандай өтірікті айтамыз?
Б е й с е н. Өтіріктің орындысы, орынсызы
болмайды. Өтіріктің бәрі — өтірік.
Ә л і м. Ж а р а й д ы , солай-ақ болсын. Ал
кейбіреулер: «Сөздің шынына сенбе, қисыны-
на сен», — дейді.
Б е й с е н. Бұл да бос сөз. Сөздің шынына
нану керек, қисынына сенбеу керек. Рас, өті-
рікті шындай қисындырып соға беретіндер
87
де бар. Бірақ бұл ж а қ с ы қылық емес. Мәсе-
лен, қ а з а қ т а «Қырық өтірік» деген ертегі бар.
Атының өзінен де көрініп тұр. Онда айтылған-
дардың барлығы шылғи өтірік. Бірақ айтушы
қисындырып
қ ұ растырған . Ал соған нануға
бола ма? Әрине, жоқ. Демек, сөздің қисынына
емес, ақиқатына нану керек.
Ә л і м (мойындап). Ж а р а й д ы , солай-ақ
болсын, ал өтіріктің түйедей үлкені, түймедей
кішкентайы бола ма?
Б е й с е н (сәл ойланып). «Түйедей үлке-
ні, түймедей кішкентайы»... Иә, иә, қайда, бір
жерде естігенім бар.
Ә л і м (қуанып кетіп). Демек, өтіріктің
түйедей үлкені, түймедей кішкентайы болады
екен ғой. Ендеше, түйедей үлкені деп қандай
өтірікті, ал түймедей кішкентайы деп қандай
өтірікті айтамыз?
Б е й с е н (тіксініп). Сен не деп тұрсың?
Ә л і м. Менің ойымша, өтіріктің түйедей
үлкені де, түймедей кішкентайы да болады.
Түйедей деп орынсыз айтылған үлкен өтірікті
айтамыз да, түймедей деп орнымен айтылған
кішкентай өтірікті айтамыз.
Б е й с е н (зілді). Ж о қ , өтіріктің түйедей
үлкені де, түймедей кішкентайы да болмайды.
Өтіріктің бәрі — бір өтірік. Түймедей өтіріктің
түйедей өтірікке айналып кетуі оп-оңай.
Ә л і м (мұңайып). Ә, солай ма?.. (Ойла-
нып
қалады.)
Б е й с е н (көңілді). Солай, ұлым. (Шы-
ғып кетеді.)
Ә л і м (жалғыз ойланып). Шынында да,
мен бестік емес, төрттік баға алған едім. Ж а й
төрттік емес, қосу белгісі бар төрттік. (Өкі-
ніп.) Шешеме осы шындықты неге айтпадым
88
екен? Ж а л ғ а н айтатындай жаныма соншалық
не қысым түсті? (Ойланып). Ж а р а й д ы , болған
іс болды, енді ештеңе дей алмайсың. (Өзін-өзі
жұбатып.) Иә, жұрт айтқандай, өтіріктің тү-
йедей үлкені де, кішкентайы да болады емес
пе?! Бестік пен қасында қосу белгісі бар төрт-
тіктің қандай айырмасы бар. Тіпті, ешқандай
да айырмасы жоқ. Демек, менің кішкентай
төрттігім мен шындықтың арасында да еш-
қ анда й айырма жо қ . Түймедей өтірікті кім
байқар дейсің. (Қолына күнделігін алып ақта-
ра бастайды.) Қүнделігім ж а м а н емес тәрізді.
Ылғи бестік баға. Көздері жаудырап тұр.
(Қысылып.) Тек мына ана тілінің ауызшасы-
нан ғана төрттіктің тұрғанын көрмейсің бе...
Кілең бестіктің арасында көзге шыққан сүйел-
дей, ерекше одыраюын қарашы! (Сырттан
дыбыс естіледі.) Қой, күнделігімді әрірек ты-
ғып қояйын. Бұл қалпында біреу көрсе ұят-
ты. (Қүнделігін тығады. Салиха кіреді.)
С а л и х а. Құлыным, кішкене отыра тұр.
Т а м а қ қазір дайын болады. Айтпақшы, босқа
қ ара п отырғанша, сенің күнделігіңді көре оты-
райын. Қәне, маған күнделігіңді берші. Қол
да қою керек шығар. Көптен бері көргем жоқ,
қол да қ ойылға н жо қ .
Ә л і м (жақтырмай). Күнделікті қолымыз-
ға берген жоқ.
С а л и х а (таңданып). Неге?
Ә л і м (сасып қалып). Мұғалимамыз ауы-
рып қалды. (Өзі қызарып кетеді.)
С а л и х а. Ж ә м и л а ма? Оған не болды
екен?
Ә л і м. Көшеде келе жатып... Сүрініп ке-
тіп... Ж ы ғ ы л ы п қалып,.. қолын шығарып
алыпты...
89
С а л и х а (аяп, жаны ашып). Қиын бол-
ған екен.
Ә л і м (қысылып). Иә, солай, қиын бо-
лып тұр.
С а л и х а. М ұ ғ а л и м а ң ж а з ы л а д ы , көңілі-
ңе ештеңе алма, жаным. Қой, мен т а м а қ әке-
лейін. (Кетеді.)
Ә л і м (жалғыз ойланып). Бұл не боп ба-
рады өзі. Бір өтіріктің бетін ж а б а м ы н деп,
екінші бір өтірікті айттым. Бұл өтірігім ал-
ғашқы өтірігімнен әлдеқайда үлкен. Сау
адамды ауру деп айтуға қ а л а й ғана аузым
барды екен. Қайтейін, өзім де сасып қалдым.
Тосыннан қойылған сұраққа бірден жөнді
ж а у а п бере алмадым. Қап, алдын ала ойлан-
бағанымды қарашы. (Өкініп.) Менің өтірігім
барған сайын үлкейіп барады. Ол басында
түймедей еді, ал қазір түйедей болмаса да,
ботадай болып қ а л ғ а н шығар.
Бейсен кіреді.
Б е й с е н. Немене, т а м а қ әлі әзір болған
ж о қ па?
Ә л і м (сасып қалып). Қазір, мамам әке-
леді.
Қ олынд а кеспе к ұ й ы л ғ а н ыдыс ы ба р Салих а кіреді.
Т а б а қ т ы столдын үстіне қ о я д ы . Әлім қасық, пышақ
әкеледі. Үшеуі стол басына отырып, т а м а қ іше бастай-
ды. Әлім шеткерірек отырады.
С а л и х а. Папасы-ау, сен не білдің? Мы-
на Әлімнің мұғалимасы ауырып қалыпты.
Ә л і м (теріс қарап, өзіне-өзі). Бүлдірді-
ау, мына мамам, қ а р а п отырмай, оны папама
айтып несі бар еді?
90
Б е й с е н. Не дейді? Қайсысы?
С а л и х а. Әлгі қ а з а қ тілінен беретін ше?
Аты кім еді? (Әлімге қарап.)
Ә л і м (не істерін білмей, амалсыз). Ж ә -
мила!..
Б е й с е н . Ә, Ж ә м и л а ма? Қап, әттеген-
ай, қиын болған екен. Қай жері ауырады
екен? Көптен сырқат па?
С а л и х а. Тобығы шығып кетіпті. Әлім
айтты.
Ә л і м (өзіне-өзі теріс қарап). Қап, мына
мамамды-ай! Менің атымды қоспаса, сөзінің
дәмі кірмейтіндей, осы ылғи «Әлім, Әлім»
дейді де тұрады.
Б е й с е н ( Ә л і м г е қарап). Р а с па?
Ә л і м (төмен қарап). Рас.
Б е й с е н (ойланып). Иә,
қиын болған
екен. Ж а р а й д ы . Бірақ ештеңе етпес. Ж а з ы -
лып кетер. Қазір ж е р тайғақ. Байқап жүру
керек. (Сағатына қарап.) Қой жұмысқа кете-
йін. Уақыт болып қалыпты. (Бейсен тамақты
ішіп болып, киініп шығып кетеді. Салиха стол
үстіндегі ыдыс-аяқтарды жинастырады.)
Ә л і м (жалғыз). Қап, мына мамамды-ай!
Қарап отырмай, папам а айтып қойды. Менің
екі өтірігімнің екеуін де папам естіді. Бір ғана
мамамның өзі естіп, біліп қана қойса, ештеңе
етпес еді. Қөп болса, бір ұрысар да қояр еді.
Ал, папам... Ол өзі өтірік айтпайды және өті-
рік айтқан адамды өмірі кешірмейді. Енді не
істесем екен? Әлде әзір соңынан барып, шын-
Дығымды айтып, кешірім сұрасам ба екен?
Әлі де кеш емес қой. (Ойланып.) Әлде... Әл-
де... Кім біледі?.. Өтірігім түймедей-ақ қой...
Бәлкім, байқамай кетер. Соңын күтейін...
91
Екінші көрініс
Класс іші. Стол басында Ж ә м и л а , партада о к у ш ы л а р
отыр. Ж ә м и л а орнынан тұрып с а б а қ бастайды.
Ж ә м и л а . Ж а қ а т а е в , кеше үйге қандай
тапсырма беріліп еді. Кәне, соны айтшы!
Е р к і н (орнынан тұрып). Сын есім және
оның түрлері.
Ж ә м и л а . Солай де. Ж а р а й д ы , онда ор-
ныңа отыра ғой. (Еркін отырады.) Ал, Бей-
сенов, сен айтшы, сын есім деген не және оның
қ анда й түрлері болады?
Ә л і м (орнынан тұрып). «Заттардың тү-
рін, түсін, сипатын білдіретін сөз таптарын
сын есім дейміз.» Сын есім қай? қандай? қай-
сысы? деген сұрақтарға ж а у а п береді. Мәсе-
лен, биік мектеп, алтын қ а л а м , қ а р а сия, ақ
қ ағаз .
Ж ә м и л а . Ж а қ с ы , а л сын есімнің қан-
дай түрлері бар? Енді соны айт.
Ә л і м. Сын есімнің екі түрі болады. Бі-
рі — түбір сын есім, екіншісі — туынды сын
есім. Түбір сын есім деп жалғау және ж ұ р н а қ
жалғанбай-ақ, бір заттың түрін, түсін, сипа-
тын көрсететін сын есімді айтады. Мәселен,
ақ, қара, биік, аласа, тағы сол сияқты. Ал, бір
заттың түрін, түсін, сипатын ж ұ р н а қ пен жал-
ғау жалғану арқылы білдіретін сын есімді
туынды сын есім дейміз. Мәселен, үлкенірек,
биігірек, аппақ, қап-қара, тағы басқалар.
Ж ә м и л а. Ж а р а й д ы , жақсы. (Журналға
баға қояды.) Күнделігіңді әкел. (Әлім күнде-
лігін әкеліп Жәмилаға береді. Жәмила күнде-
лікке үңіліп.) Күнделікте неге ата-аналарың-
ның қолы жоқ? Неге қол қойдырмағансың?
Ә л і м (сәл қызарып). Папам үйде бол-
мады.
92
Ж ә м и л а . (таңырқап). Ол кісі қайда?
Ә л і м. Командировкаға кеткен.
Ж ә м и л а. Ал, мамаң ше?
Ә л і м. Ол қол қоя алмайды.
Ж ә м и л а. Неге? Неге қол қоя алмайды?
Ә л і м (төмен қарап). Мамам...
қолын...
күйдіріп...
Ж ә м и л а (үрейлене қарап). Не болды?
Қ алайша ?
Ә л і м (кекештеніп). Кеше кешке... Менің
мамам... кешкі т а м а қ т ы әзірлеймін деп жү-
ріп... қолын күйдіріп алды...
Ж ә м и л а (аяп). Қиын болған екен. Ула-
нып қалған жоқсыңдар ма, әйтеуір?
Ә л і м. М а м а м уланып та қалды.
Ж ә м и л а (аяп, басын ш а й қ а п ) . Апыр-
ай, қиын болған екен... (Жәмила Әлімнің күн-
делігін өзіне береді.) Бар, орныңа отыра ғой.
(Әлімнің екі беті
қызарып, өз орнына оты-
рады.)
Ә л і м (бетін басып жылайды). Ың-
ың-ың.
Ж ә м и л а (тұрып орнынан). Б а л а л а р , ес-
тіп отырсыңдар ма, Әлімнің мамасы ауырып
қ алға н көрінеді. Сендер Әлімнің үйіне барып,
мамасының денсаулығын, көңіл күйін сұрап
қайтыңдар. Бәлкім, дәрігер де ша қ ырт у да
керек болар.
Қ оңыра у
қ ағылады , Ж ә м и л а балаларме н
қ оштасып ,
кластан шығады. Б і р а қ б а л а л а р соның соңынан кетеді.
Сахнада ж а л ғ ы з Әлім ғана қ а л а д ы .
Ә л і м (жалғыз). Не болып барады өзі?
Өтірігім барған сайын өсіп барады. Басында
түймедей ғана еді. Ал бүгін ше? Бүгін дәуде
болса, түйедей болған шығар. (Ойланып.) Ал,
93
ертең
қ анда й болар екен? Папа м маған:
«Түймедей өтіріктің түйедей болып кетуі қиын
емес», — деп еді. Сол рас болды-ау! Мұны
енді кімге айтсам екен, қ а л а й тоқтатсам екен?
Кеше ғой, папамның соңынан қуып барып, ра-
сымды айтқанда, бәрі сонымен тамам болатын
еді. Ал бүгін тіпті өз өтірігіме өзім ие бола
алмай барамын. (Ойланып.) Әлде Еркінге
айтсам ба екен? Дос қой. Түсінер. Б і р а қ мына
қ асындағыла р естіп
қойса, бірден ду етіп,
жұрттың бәріне жайып жібереді-ау. Сонан
соң «суайт Әлім» атанам да кетем. Оңаша бір
шығар, күте тұрайын.
Осы кезде к а с ы н д а бір топ бала бар Еркін сахнаға
қ а й т а шығады . Әлімнің қасына келіп, оны қ ұ ш а қ т а й д ы .
Е р к і н. Ренжімеші, Әлім! М а м а ң әлі-ақ
ж а з ы л а д ы . Дәрігерге телефон соғамыз.
Ә л і м (жақтырмай). Дәрігерді әуре қы-
лып қайтесіңдер. М а м а м өзі-ақ ж а з ы л ы п ке-
тер. Өзін-өзі емдеп ж а т қ а н .
Е р к і н (шошып кетіп). Ойбай-ау, дәрі-
гердің кеңесінсіз өзін-өзі емдеуге болмайды
ғой. Ауруды ушықтырып, асқындырып алады
ғой.
Ә л і м (теріс қарап). Қап, тағы да бүлді-
ріп алдым-ау! Емінде нем бар еді?! Енді
қ айттім ?
Е р к і н. Қайтетін түгі де жоқ. Сен алаң-
дамай, үйіңе бара бер. Біз кейінірек барамыз.
Ә л і м (тағы да теріс қарап). Қап, мына-
ларды-ай! Кенеше жабысып, қалмай қойды-
ау соңымнан... Енді не істесем екен?
Е р к і н. Ештеңе істейтін түгі де жоқ.
Үйіңе бара бер. Иә, айтпақшы, әлгінде Жә-
94
мила апай өрт сөндірушіге де х а б а р л а ң д а р
деп еді ғой. Соларға да ескертеміз.
Ә л і м (шошып кетіп, өзіне-өзі). Тағы да
не пәлені шығарды?
Е р к і н. Түк те пәлесі жоқ. Бұл — қажет-
ті шара.
Ә л і м (тағы да теріс қарап). Мынау енді
өрт сөндірушіні шақырып, шатақ шығара-
ды-ау!
Е р к і н. Түк те шатағы жоқ. Олар келеді
де, сендердің газ плиталарыңды көріп, тексе-
ріп, жөндеп беріп кетеді.
Ә л і м (торығып). Қап мынаны-ай!
Е р к і н. Ал, біз кеттік. Қош-сау бол. Ма-
маңа сәлем айт. Біз келеміз.
Еркін бастаған бір топ бала сахнадан шығып кетеді.
С а х н а д а Әлім ж а л ғ ы з қ а л а д ы .
Ә л і м (түнеріп). Не болып барады бұл
дүние? Бүлінетін болды ғой барлығы. Ж е д е л
жәрдем келеді. Өрт сөндіруші шақырады.
Сонда қалғаны ж а л ғ ы з милиция ғой. Мына
бетіммен ж ү р е берсем, оған да жетермін.
(Ойланып.) Әлде басқа бір ретін табу керек
шығар. (Жадырап.) Қой, Еркінге тезірек же-
тейін. (Сахнадан мойнын созып қараған бо-
лады.)
Қ ап , алыстап кетіпті-ау! (Басылып
қалады. Кенет өзгеріп.) Айтпақшы, олар біз-
дің үйге барамыз деді ғой. Мен мұнда ойла-
нып-толғанып тұрғанда, олар барып та қояр.
Ал олар үйге бара қалса, менің бар сырым
ашылады да қалады. Қой, одан да тезірек ү й
:
ге жетейін. Сонсоң Еркіндерді үйге кіргізбеу-
дің амалын
қ арастырайын . (Жүгіріп сахна-
дан шығып кетеді.)
95
Үшінші көрініс
Бейсеннің үйі. Сахнада Салиха мен Бейсен.
С а л и х а. Ең болмаса, демалыс күні үй-
де отырсаң не етеді? Б а с қ а күндері үнемі жұ-
мыстамыз. Қазір Әлім де келетін шығар.
Оныңды сонда сөйлесерміз.
Б е й с е н (желкесін
қасып). Иә, мұның
жөн. Кейде жұмыс, жұмыс деп жүріп, үй іші-
мізге де, бала-шағамызға да қ а р а м а й кететі-
німіз бар.
С а л и х а. Б і р а қ бұған жұмыс айыпты
емес, өзіміз айыптымыз. Уақытымызды дұрыс
пайдалана білсек, бәріне де, тіпті оқуға да,
демалуға уақыт табылады.
Б е й с е н (Салиханың жанына келіп, ар-
қасынан
қағып). Осы Әлімнің мамас ы да-
нышпан деймін. Айтқандарының бәрі орынды.
Солай ету керек. Уақытты дұрыс пайдалана
білген жөн!
С а л и х а. Мұны екеуміз де ж а қ с ы біле-
міз. Тек іс жүзінде орындамаймыз. Әсіресе,
бала тәрбиесі екі адамға бірдей нәрсе. Ал,
ер бала шешесінен гөрі әкесіне ж а қ ы н тұра-
ды. Менен гөрі сенімен әңгімелескенді ж а қ с ы
көреді. Ал сен болсаң, Әліммен әңгімелеспей-
сің, оның оқуына, тәртібіне, ж а л п ы ішкі сы-
рына көңіл бөлмейсің.
Б е й с е н . Оның дұрыс. Бұдан былай есте
болсын. Ж а р а й д ы , мен бір жерге барып келе
қояйын. (Шығып кетеді. Осы кезде Әлім кіре-
ді. Қолында сумкасы бар.)
С а л и х а. Міне, Әлім де келді. Тоңған
жоқсың ба?
Ә л і м (көңілсіз). Ж о қ , тоңғам жоқ.
96
С а л и х а. Ж ә м и л а қалай екен? Ж а з ы л -
мап па?
Ә л і м. Білмеймін.
С а л и х а. Немене, оның көңілін сұрауға
барған жоқсыңдар ма?
Ә л і м. Ж о қ .
С а л и х а. Оларың ж а р а м а ғ а н екен, қ ұ -
лыным.
Ә л і м (төмен қарап). Есімізге келмепті.
С а л и х а. Ештеңе етпес. Ертең екеуміз
барып көңілін сұрап шығамыз.
Ә л і м. Қазір үйінде жоқ. Қ а л а сыртында-
ғы ауруханаға алып кетіпті.
С а л и х а. Ештеңе етпейді. Сонда да та-
бамыз.
Ауыз белмеге Еркін бастаган бір топ бала кіреді. Ер-
кін рұқсат сұрап, төргі бөлменің есігін қ а ғ а д ы . Әлім
есікке жүгіреді.
Ә л і м (есікті ептеп қана ашып, сыбырлап
қана сөйлейді). Ақырын! Шуламаңдар ! Еркін,
қ азі р кіруге болмайды.
Е р к і н (таңданып). Неге?
Ә л і м. М а м а м а дәрігер келіп: «Үндеме-
ңіз, қозғалмаңыз, үйіңізге ешкім кірмесін»,—
деп кетті. Сендер кірсеңдер алаңдап басын
көтереді ғой. Сонсоң бойына ем қонбай қ а -
лады...
Е р к і н (ыңғайсызданып). Ж а р а й д ы , он-
да кешірерсің. Тек сен ренжіме, көп ойлай
берме. Біз тағы келеміз.
Б а л а л а р кетеді. Әлім ж а л ғ ы з . Ауыр ойда.
Ә л і м. Бір пәледен құтылдым. О л а р ме-
нің сөзіме сеніп кетті. Несі бар? Ертең айтам:
«Дәрігер келіп емдеді, жазылып кетті», —
97
деймін. Сонымен, бұл мәселе басылады: (Өңі
кіріп қуанып.) Әй, шіркін, өзім-ай! Аяқ асты-
нан амалын таптым-ау! (Әлім төргі үйге
кіреді.)
С а л и х а. Келгендер кім екен?
Ә л і м. Еркін ғой.
С а л и х а. Ол неге үйге кірмей кетті?
Ә л і м. Оның етігі ж ы р т ы қ көрінеді.
С а л и х а. Е, немене, етігі жыртық адам
үйге кірмейді ме?
Ә л і м. Оның етігіне қар кіріп кетіпті. Үй-
ге кірсем, еріп, еденді былғаймын ба деп көн-
беді.
С а л и х а . Сен бекер еткенсің. Үйге кір-
гізуің керек еді. Ж о л д а с т ы әрқашан ж а қ с ы
қ арс ы алу жөн. Ж а р а й д ы . Т а м а қ дайын. Бәрі,
әне, ас үйде тұр. Әлгі әкең неге кешігіп ж а -
тыр. Казір ғана келем деп еді. Мен барып,
ертіп келлейін. (Киініп, шығып кетеді.)
Ә л і м (жалғыз,
қапаланып). Не болып
барады өзі? Барған сайын өтіріктің батпағына
батып бара ж а т қ а н сияқтымын. Бұл пәле ба-
сында түймедей-ақ еді, ертеңіне, жоқ, сол кү-
ні-ақ, ботадай болды. Келесі күні тайлақтай
тайраңдап шыға келді. Ал бүгін атандай бо-
лып қ а л ғ а н шығар-ау! Мұның ақыры немен
бітер екен? «Түймедейден түйедей». ...Қалай-
ша түйедей болмақ?,. (Ойланып.) Егер, түйе-
дей болса, қайтпекпін?.. (Осы кезде Жәмила
кіреді.)
Ә л і м (сасып қалып). Апай, амансыз ба?
Ж ә м и л а. Амансың ба, Әлім? Мамаң-
ның денсаулығы қалай? Қөңіл күйі ж а қ с ы ма?
Ә л і м . Мама... Менің мамам... Қазір үйде
жоқ. Оны қ а л а н ы ң сыртындағы ауруханаға
алып кетті.
98
Ж ә м и л а. Қ а п а л а н б а дедім ғой, мен са-
ған, Әлім. Қапаланба, мамаң ж а з ы л а д ы . Мен
бүгін ауруханаға барып шығамын. Егер қала-
саң, бірге барайық.
Ә л і м. Ж а р а й д ы , бірге барайық.
Ж ә м и л а. Сен онда күте тұр. Мен дү-
кенге барып келе қояйын.
Ә л і м. Ж а р а й д ы . (Жәмила кетеді. Әлім
жалғыз. Терең ойда. Көңілсіз.) Не істесем
екен? Папам мен мамам дүкенге кетті. Ал
Ж ә м и л а апай ше? Ол да сонда кеткен шығар.
Өйткені: «Дүкенге барып келейін», — деді
ғой... Енді қайттім, егер үшеуі дүкенде кезде-
сіп қ а л с а ше? Немесе ауырып ж а т ы р деген
екі адамым бір-біріне жол үстінде ұшырасып
қ алс а ше?.. Ой, онда мас қ ар а болдым. Мүм-
кін, Ж ә м и л а апайды қуып жетіп, тоқтатсам
ба екен?.. Қой, сүйтейін, әйтпесе, м а с қ а р а бо-
лармын. (Әлім жүгіріп шығып кетеді.)
Аздаған үзіліс. Ж ә м и л а мен Әлім қайта кіреді. Ж ә м и -
л а н ы ң түсі суықтау, Әлім алқынып тұр.
Ж ә м и л а. Ж а ң а ғ ы айтқандарыңның бар-
лығын бірін қалдырмай жолдастарыңның ал-
дында айтып беруге ерлігің жете ме?
Ә л і м (батылданып). Әбден жетеді.
(Есік
қағылады.)
Д а у ы с т а р. Кіруге бола ма?
Ж ә м и л а. Кіріңдер. (Еркін бастаған ба-
лалар кіреді.)
Е р к і н. Е... апай да осында екен ғой. Сә-
леметсіз бе? (Әлімге.) Ал мамаңның халі қа-
лай? Дәрігер не деді? Тезірек ж а з ы л а д ы дей
ме? (Әлім үндемейді, басы төмен түсіп кет-
кен.)
99
Ж ә м и л а. Б а л а л а р , Әлім өзінің басынан
кешірген бір оқиғасын сендерге айтып береді.
Тыңдаңдар! Сөз Әлімге беріледі. Ал, Әлім,
сөйле! (Дәл осы кезде Бейсен мен Салиха кі-
реді. Балалар таңданып бір-біріне
қарайды.
Салиха мен Бейсен де аң-таң.)
Ж ә м и л а. Міне, ағай мен апай да келді.
Сәлеметсіздер ме? Ж о ғ а р ы шығыңыздар.
Әлім, сен айта бер...
Ә л і м (ортаға шығады. Басы төмен сал-
бырап кеткен. Жан-жағына бір қарап алып,
сөйлей жөнелді.) Ж о л д а с т а р , мен өзімнің
осы ардақты ата-анамның алдында, құрметті
де сыйлы ұстазым — Ж ә м и л а апайдың алдын-
да, өзімнің парасатты достарым сендердің
алдарыңда аса ұяттымын. Мен: «Ана тілінің
ауызшасынан бестік алдым», — деп м а м а м д ы
алдадым. Шынында, мен төрттік алып едім,
қ асынд а қосу белгісі бар...
С а л и х а. Ах! Не дейді?..
Ә л і м. Бұл өтірігімнің ізін ж а б у үшін:
«Жәмила апай ауырып жатыр», — деп ма-
мамды екінші рет алдадым...
С а л и х а (күрсініп). О ! Ж а с а ғ а н ! Сорлы
басым қайдан білейін...
Ә л і м. Ал класта: «Мамам ауырып қал-
ды, ауруханада жатыр», — деп, Ж ә м и л а апай
мен парталас достарым, сендердің алдарыңда
етірікші болдым.
Е р к і н. Мәс-саған, безгелдек!.. Сеніп көр
бұған осыдан кейін...
Ә л і м (жылап). Мен қателестім... Түйме-
дей өтіріктің көзді ашып-жұмғанша түйедей
болатынын, өтіріктің бәрі — бір өтірік екенін
ж а ң а ғана түсіндім. (Өксіп-өксіп жылайды.)
100
С а л и х а . Алда, қарағым-ай, менің сөзім-
ді құп көріп қ а л ғ а н екен ғой...
Б е й с е н . Енді қ а л а й деп ойлап едің?
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген
м а қ а л д ы білмеуші ме едің... Айттым ғой мен
саған, баланың көзінше өтірік айтпа деп.
Ж ә м и л а (Бейсенге). Ағай, тоқтай тұ-
рыңыз. Семьядағы бала тәрбиесі жөнінде ке-
йін сөйлесеміз. Ж ы л а м а , Әлім, айта бер!
Ә л і м (бойын жиып). Құрметті Ж ә м и л а
апай, аса ардақты ата-анам, парталас доста-
рым, менің түймедейден түйедей болған үл-
кен кінәмды кешіріңіздер. Ардақты ата-анам,
құрметті
ұстазым, қ ымбатт ы достарым, сіз-
дердің алдарыңызда бұдан былай мұндай
орынсыз да ұятсыз қылық ж а с а м а у ғ а пионер-
лік сөзімді беріп, оқушылық арыммен ант
етемін. (Салют береді.)
Ж ә м и л а (залға қарап). Міне, балалар,
Әлімнің басынан өткен бір өкінішті тарихы
осындай!
Шымылдық
К Е Л , Ж Ы Р Л А Й Ы Қ
Жас пионерлер жыры
Әні Б. Ғизатовтікі
Біз — Ильичтің ұрпағымыз,
Ұлы Отанның ұ лымыз .
Мойнымызда — от галстук,
Қ олд а — кызыл туымыз. } 2 рет
Шынығамыз шар болаттай,
Өседі ж а с санамыз.
Оқуда да, еңбекте де
Үнемі алда боламыз. } 2 рет
Халық үшін қайрат жұмсап,
Елге арнаймыз өмірді.
Үлкендерден үйренеміз
Күрестерде жеңуді. } 2 рет
Д а қ салмаймыз халқымыздың
Ежелгі ерлік салтына.
Біз пионер, қосамыз даңқ
Коммунистер даңқына! } 2 рет
102
Бұл — Ленин бабамыз
Әні П. Момыновтікі
Үйімізде, төрімізде
Портретте тұрған кім?
Кімнің жүзі таныс бізге,
Бізге жақын, туған кім?
Бұл — Ленин бабамыз,
Бұл — Ленин данамыз!
Бар баланы бауыр басып,
Сонша ж а қ с ы көрген кім?
Б а р л ы қ жерден мектеп ашып,
Б а қ ш а салып берген кім?
Бұл — Ленин бабамыз,
Бұл — Ленин данамыз!
Туған елге шат замана
Туады деп сенген кім?
Елімізге, бар балаға
Бақытты өмір берген кім?
Бұл — Ленин бабамыз,
Бұл — Ленин данамыз!
103
Оқушы жастар жыры
Әні Б. Байқадамовтікі
Б і з — советтің оқушы жастарымыз,
Ғылым шыңы — шығатын асқарымыз.
Ұланымыз Отанны ң еркін өскен,
Игілікке бөленген ж а с жанымыз.
Қ айырмасы :
Советтік Отанда
Ж о л ашық жастарға.
Өсеміз, өрлейміз,
Басамыз тек алға!
Оқумен, өнермен,
Қөңілді өлеңмен,
Ш а р ы қ т а п шығамыз —
Өмірлік кең жолға!
Біз туғанбыз ж а ң а өмір, ж а ң а таңда,
Қ ү н төккенде шұғыласын барлы қ ж а н ғ а .
Б а л д а н тәтті, балалық, ж а с т ы қ дәурен,
Күндей ж а р қ ы н келешек зор одан да.
Қ айырмасы .
Біз өскенбіз бақытты, шат заманда,
Правомыз ж а з ы л ғ а н алтын заңда.
Ж а с т ы қ әнін, жүректің ж а с жалынын,
М а х а б б а т ы н арнаймыз Ұлы Отанға.
Қ айырмасы .
104
Кремлъ жұлдызы
Әні. Т. Тайбековтікі
Күндей күліп Кремльден
Қ ызы л ж ұ лды з қ арайды .
Оның ж а р қ ы н түр, өңінен
Алтын сәуле тарайды.
Осы ж ұ л д ы з сәбилерге
Бақыт нұрын төгеді.
Аялайды, әлдилейді,
Беттерінен өбеді.
Осы жұлдыз ж а с ж а н д а р д ы
Бөлеп шаттық нұрына,
Жетелейді асқарларға,
Бастайды өмір шыңына.
Ж а р қ ы р а с ы н , жайнай берсін
Ұлы өмірдің ж ұ лдызы !
Сол өмірдің гүлі сенсің,
Отанымның ұл-қызы!
105
Менің Отаным
Әні Ө. Байділдаевтікі
Отан — менің ата-анам,
Отан — досым, бауырым.
Отан — өлкем, астанам,
Отан — аудан, ауылым.
Отан — тарих, Отан — тіл,
Ж а с а ғ а н елім, ер халқым.
Отан — өлең, Отан — жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өссін ж а с жаның,
Оны ардақтап, сүйе біл!
106
Достық жыры
Әні Ә. Еспаевтікі
Ш а р л а д ы аспан астын ж а с т ы қ жыры,
Кернеді көкіректі шаттық үні.
Кел, достым, би билейік, ән шырқайық,
Шынайы шын достықты таптық, міне.
Кайырмасы:
Кел, жырлайық, дос, бауыр,
Төгілсін жыр, ақсын күй!
Достыққа — ж о қ тосқауыл,
Шексіз, шетсіз — ән мен би!
Дүние сөйлесе де түрлі тілде,
Бәрінің ойы бірге, мұңы бірге.
Кел, достым, біз де бірге ұмтылайық
Сәнді өмір, бейбіт еңбек, ж а р қ ы н күнге!
Қ айырмасы .
Сүйсең сен өз еліңнің жерін, суын,
Ж а й н а с ы н десең — өлкең, орман-нуын.
Тамырын татулықтың жайып терең,
Ж о ғ а р ы көтерейік достық туын!
Қ айырмасы .
107
Қыста қызу жұмыс бар
Әні Б. Жұманиязовтікі
Көктің жүзін бұлт торлап,
Ж е р д і жапса күміс қар,
Үйде ұ с т а м а қ кім зорлап,
Қ ыст а қызу ж ұ мы с бар!
Көше бойы омбы қар,
Ж и н а л а м ы з топтала.
Деместен бет домбығар,
Соғамыз зор ақ қ а л а .
Ауыл сырты биік қар,
Бізді күтіп тұр қарап.
Шың басына шығып ап,
Жөнелеміз сырғанап.
102
Бағбан бала
Әні Н. Меңдіғалиевтікі
Көрдім бір гүл бақшаны,
Ж а п ы р а ғ ы ж а й қ а л ғ а н .
Ж а з д ы ң ж а й л ы желімен
Ырғатылып, шайқалған.
Б ұ т а қ т а р ы бой түзеп,
Қ а н а т жайған , ұ зарған .
Айдай толып алмасы,
Сарғыштанған, қызарған.
Тал бойында бір мін жоқ,
Ішін таза сақтаған.
Тұмсықтылар шоқымай,
Қ анаттыла р қ а қ паған .
Сұрастырсам: бұл ара —
Бұрын тақыр дала екен —
Мұнда бақша өсірген —
Анау, бағбан бала екен!
109
Ленин туралы баллада
Әні М. Маңғытаевтікі
Нұрын сепсе күміс Күн,
Сәуле шашса алтын Ай.
Ленин дана дидары,
Ж а с а р мәңгі ж а р қ ы р а й .
Мүмкін, мұхит суалар,
Мүмкін, терек қуарар.
Бірақ Ленин тіккен ту,
Мәңгі шалқып тұра алар.
Гүл де солар, ағарар,
Тау да тозар, жоғалар.
Б і р а қ Ленин ұлы ісі,
Мәңгі жасар, ж а ң а р а р .
Достарыңызбен бөлісу: |