Сабуроның қатты ортасы (ашытқыға және саңырауқұлаққа). Бұл ортаның негізі – ашытқылы су. 1л құбыр суына 80г пресстелген наубайхана ашытқысын алады (немесе 20г кептірілген ашытқыны) 15 мин қайнатады, қағаз фильтр арқылы өткізеді, флакондарға құямыз және оны 1атм 20 мин стерильдейді. 100мл стерильденген ашытқылы суға 1% пептон, 2% агар қосып, агар ерігенше қыздырады, сосын 4% глюкоза (немесе мальтоза) қосады, фильтрлейді, пробиркаларға құяды және 0,5 атм 20мин стерильдейді. Ортаны тек ашытқы да емес, сондай-ақ 1%-ды пептонды суда дайындауға болады. Пробиркадағы ортаны стерилденген соң, оны қиғаштайды.
Сабуроның сұйық ортасы. Жоғарыда айтылғаннан айырмашылығы, мұнда агар қолданылмайды. Ортаны 150-200 мл колбаларға құйып жоғарыдағыдай стерильдейді. Бұл орта негізінен гемокультураны алуға пайдаланылады.
Сыралы сусла агары. Қызуланбаған сыра суслосын Баллинга бойынша 7-8%-дың қанты болғанша құбыр суымен араластырады. (қант өлшегішпен өлшейді) және 1100С ді 10 мин стерильдейді. Бұл түрде сусло ұзақ уақыт сақталады. Қолданарда тұнба үстіндегі сұйықты ақырын тұнбадан құйып алады. 1л стерильденген суслоға 18г агар қосып, оны ерігенше қыздырады және колбаларға құяды. 1100С-да 10мин стерильдейді. Тұнбадағы алынған сұйықты құйып алған соң, сұйық суслоны пробиркалар мен колбаларға құйып стерильдейді. (сусло-агорға арналған режимде).
Бақылау сұрақтары: Қоректік орталар қандай топқа бөлінеді, оған мінездеме бер.
Қоректік ортаны дайындағандағы агар мен желатиннің ролі.
Қоректік ортаны дайындағандағы негізгі тұздар мен макро, микроэлементтер.
Қоректік ортаны дайындағандағы азық түрлері.
Зертханалық жұмыс № 3. Микроскоп құрылысы және микроскоптау әдістерімен танысу.
Жұмыстың мақсаты: Микроскоп құрылысы және микроскоптау әдістерімен танысу.
Жалпы түсінік: 1.Микроскоптар. Микроскоп / micro – ұсақ, кіші , Scopus- көремін/ оптикалық құрал/ (сурет 1) және негізгі үш бөліктерден тұрады: механикалық, жарық және оптикалық. Микроскоптың бірнеше түрі бар. Зертханада кең қолданылатыны- биологиялық микроскоп.