43
бүйрек және т.б.) ұлғайған, борпылдақ, күңгірт, гиперемияланған немесе түзу
емес көрінетін тамыр реакциялы және ала бейнелі (қою-қызыл және сұр-сары
аумақты), кейде жеке қанталаулары болады. Жүрек бұлшық еттерінің беткейлік
кесіндісінде жолбарыс терісінің суретіне ұқсас болады (өткір миокардит кезінд
жолбарысты жүрек). Өкпесі казеозды пневмония жағыдайында. Лимфа түйіндері
– сәулелі казеозды лимфаденитті. Созылмалы ағым кезінде ағзалардың көлемі
ұлғайған, тығыз, капсулалы. Кескен кезде сұр-қызыл және сұр – ақшыл аумақтары
және ұзарған дәнекер ұлпалары байқалады.
Өткір кезеңде гистологиясы байқалады, ең бастысы дистрофиялық
(көмірсулы, түйіршікті және гидротикалық дистрофия, майлы декомпозиция,
кілегей қабықтар эпителилерінің кілегейлі дистрофиясы) және некротикалық
үрдістер, эпители қабаты түсіп қалады. Тамырлы реакциясы қабынған гиперемия
және ісік түрінде әлсіз көрінеді, кейде диапедезді түрдегі қанталаулар байқалады.
Жас дәнекер ұлпалы торшалардың пролиферациясы білінеді. Созылмалы ағым
кезінде паренхиматозды торшалардағы атрофиялық үрдістер дәнекер ұлпасының
паренхимасымен байланысқан.
Ақыры қабынған ағзаның зақымдалу дәрежесіне, ұлпаның зақымдалу
тереңділігіне және оның функциональдық маңыздылығына байланысты. Жеңіл
дәрежелері ешқандай ізсіз өтеді, ұлпалары толық қалыпқа келеді. Жүйке
ұлпаларындағы альтеративті қабыну кезінде және миокардтағы болжамы, әдетте
қолайсыз болады. Одан басқа, қабынудың ақыры зақымдалу дәрежесіне және
зақымдалған ағза түріне байланысты. Әсіресе, жүйке жүйесі мен миокардтағы
альтеративті қабыну қауіпті. Ол жиі, дәнекер ұлпасының өсіумен және оның
паренхимасымен байланысуымен қабыну үрдісінің толық емес түрі бойынша
аяқталады. Егер өлім болмаса, өлі ұлпа дәнекер ұлпасымен бірігеді (склероз).
Достарыңызбен бөлісу: