5.Бруцеллез –адам мен жануарлар үшін тән – антропозооноздық ауруларға
жататын, инфекциялық–аллергиялық ауру.
Этиологиясы:Бруцеллездің қоздырғышы–бруцеллалар. Бруцеллалардың үш
түрі болады: B.melitensis қойлар мен ешкілерді зақымдайды, B.abortus ірі қара
малдардағы және B.suis шошқалардағы бруцеллез ауруын тудырады. Барлық үй
және жабайы жануарлар сезімтал келеді. Әр түрге жататын бруцеллалармен
зақымдалулары мүмкін. Адам үшін B.melitensis ең патогендісі болып табылады.
Зақымдалудың негізгі көздері – ауру жануарлар және шикі өнімдер. Бірақ ауру
адам айналасындағылар үшін жұқтыру көзі болапы саналады.
Клиникалық белгілері әр түрлі: түсіктер (ұрықтың өлі түсуі), түсіктен
кейінгі асқынулар (метрит, эндометрит), қағанақтың зақымдалуы, желін сау,
бурсит, себепсіз ақсақтық, аналықтарында – орхит және т.б.
Жануарлар арасында эпизоотологиялық ошақтың пайа болуы табындағы
жануарлардың жаппай түсік тастауына алып келеді. Бруцеллезбен ауырған
жануарлар (3-5 жылдан кейін) ақырындап жазылады – бруцеллездің түсіктік
формасы.
Патогенезі: Аурудың ерте фазасында бруцеллезге жүргізілген АР
күмәнділік туған кезде морфологиялық өзгерістеріне,ретикуло – эндотелиялардың
пішініне назар аударады. Экссудативті және дегенеративті өхгерістер болмайды.
АР бруцеллезге оң болған кезде бұл өзгерістер анық көрінеді. Буаз емес
жануардарға өткір формасының ағымы кезінде бруцеллезге АР мен КБР түседі
және патологиялық үрдістері өшеді.
Ірі қара малдарда бруцеллелардың таралуы және патологиялық үрдістің
дамуы зақымдалудан кейін пайда болады. Бруцеллалар лимфа тогымен ағзаға түсе
отырып, аймақтық лимфа түйіндеріне енеді және ол жерде қабыну өзгерістерін
тудырады (лимфаденит). Аймақтық лимфа түйіндеріне жақын жатқан
бруцеллалармен зақымдалу орындарын 3 күннен кейін анықтауға болады. АР
және КБР 7-11 күндері қолданылады.
Кейін зақымдалудан кейін 3 және 4 апталарда патологиялық үрдістің
генерализациясы жүреді, АР және КБР анық көрінеді және ағзалардағы
патологиялық үрдістер анық болады. Бруцеллалар біріншілік ошақтардан қанға
түседі және қан токымен барлық ағзаға тарайды, жаңа ошақтар құрылады,
олардан бруцеллалар қанға түсіп, аурудың жаңа асқынулары мен рецидивтерін
тудырады. Ішкі ағзаларда гранулемалардың түзілуі, ұсақ қан тамырларының
қабынуы
(васкулит),
синовиальді
қабықшалардың
зақымдалуы,
буын
қалташасының қабықтары, сіңірлер, жүйке өткізгішінің қабынуы (нефрит)
130
байқалады. Зақымдағаннан кейін 1,5 – 2 ай өткен соң буаз жануарларда АР мен
КБ реакциялары төмендейді және теріс нәтежие береді, патологиялық үрдіс
өршіп, бірте – бірте жойылады. Буаз жануарларда керісінше дами береді.
Алғашқы патологиялық үрдістер буаз жатырда және түсік тастағанға дейін
ұрық қабықшасында пайда болады және дамитын, анық көрінетін, қабынулы-
некроздық өзгерістермен сипатталады. Олар ұрықтың аналық бөлішімен табиғи
байланыстың бұзылуын тудырады, жатыр карбункулалары әсерінен ұрықтың
нашар қоректенуі, оның өлімі кейін жатырдан түсіп қалуы мүмкін.Шудың кешігуі
өсіп кетуімен, тығыздалуымен және ұзақ қабыну үрдісінің нәтежиесінде
карункулалардағы крипт қабырғаларының гиалинозына байланысты.
Кейбір жануарларда катаральді іріңді эндометриттерде және метриттерде
түсіктен кейін дамитын жатырдың секундарлық іріңді инфекциясы асқындырады
және генерализделген патологиялық үрдісті тереңдете түсіреді, оған
спецификалық инфекцияның келбетін береді.
Созылмалы ағымы кезінде бруцеллезге АР мен қалдық, әлсіз патологиялық
үрдістерді анықтайды. оЛра бауыр гранулемасы, лимфоидты ұлпалар мен лимфа
түйіндеріндегі плазмоцелюлярлы айналулардың формасында болады.
Аурудың патогенезінде жүрек – тамыр және жүйке жүйелері негізгі орын
алады.
Ағзалардағы бруцеллезге иммунологиялық үрдістердің өшуімен қатар
морфологиялық өзгерістердің инволюциясы байқалады. Ол өзінің сауығу фазасын
сипаттайды және жануарлардың бруцеллезден өзінен – өзі сауығуын дәлелдейді.
Паталогиялық диагноз. Бруцеллез (түсік тасталған ұрық)
Геморрагиялық диатез. Серозды – гиперпластикалық спленит. Серозды –
гиперпластикалық лимфаденит (жүйелік). Бауырдағы түйіршікті дистрофия және
миллиардты некроздар. Кіндік қанатшасының серозды ісігі. Басы, мойын, аяқ –
қол, дене аумақтарындағы тері асты клечаткасының серозды – геморрагиялық
ісігі.Серозды – геморрагиялық, фибринозды плеврит, перитонит. Серозды –
геморрагиялық абомазит және энтерит.
Сиырлар бруцеллезі.
Шуы кешігетін іріңді – катаральді эндометрит. Іріңді – фибринозды
плаценит. Аймақтық лимфа түйіндерінің серозды гиперпластикалық лимфадениті.
Ен қабының және қынаптың кілегей қабығының серозды қабынулы ісігі. Ошақты
продуктивтік, катаральді – іріңдік, іріңді – продуктивті желін сау және
галактофорит. Фибринозды – іріңді артриттер.
6.Некробактериоз (necrobacteriosis) – терінің және маңайындағы ұлпалардың
іріңді – некротикалық зақымдалуымен сипатталатын созылмалы инфекциялық
ауру. Ол артқы аяқтардың дистальді бөліктерінде орналасады, ал жеке
жағыдайларда – ауыз қуысында, жыныс ағзаларында, желінде, бауырда, өкпеде,
131
бұлшық еттерде және басқада ұлпалар мен ағзаларда болады. Негізінен
созылмалы түрде өтеді. Оған тән белгілері – ұлпалардың ошақтық
колликвациялық некрозы.
Ауру әлемнің барлық елінде, соның ішінде Қазақстан Республикасында
таралған.
Некробактериоз ірі қара малдар үшін аса қауіптілік танытады. Ауру
сиырлар тірі салмағының 50-100 кг-ына дейін жоғалтады, сауын мөлшері екі және
оданда көп есе азаяды, 40 пайызға дейін оларды жарамсыздандыруға тура келеді.
Этиологиясы.Ауру қоздырғышы (Fusobacterium F.Necrophorum) – грам теріс
анаэробтар, қозғалмайды, спора және капсула таяқшаларын түзбейді,
полиморфты. Топырақ пен қида 60, су мен несепте 15 күнге дейін сақталады.
Некробактериозға көптеген үй және жабайы жануарлар, құстар, сондай-ақ
адамдарда сезімтал келеді. Ең сезімталдары бұғылар, кейін ұсақ және ірі қара
малдар.
Инфекция қоздырушысының көзі ауру және ауырып жазылған жануарлар6
сондай-ақ мес қарыны мен ішектерде ауру қоздырғыштары бар сау жануарлар
болып табылады. Бактериялар қимен, некроздалған ұлпалармен және сілекеймен
бірге бөлінеді. Зақымдалу тері және кілегей қабықтары арқылы жүреді. Аурудың
пайда болуына жануарларды салқын, едені қиға тол немесе ылғалды аумақтарда
жануарларды бағу секілді факторлар мүмкіндік туғызады. Некробактериоз қысқы
кезеңде жиі байқалады (наурыз - сәуір), ауру үшін стационарлық тән, ол жиі
энзоотия түрінде өтеді.
Патогенезі: Қоздырушы ағзаға жара арқылы немесе кілегей қабықтары
арқылы
енеді.
Инфекциялық
үрдістің
даму
сипаты
қоздырғыштың
вируленттілігіне, ағада оның дамуы үшін анаэробты жағыдайларға,патологиялық
үрдістің орынында патогенді және шартты – патогенді микрофлораның болуына,
жануар ағзасының иммундық дәрежесіне және сыртқы орта жағыдайларына
байланысты. Біріншілік орналасу орындарынла қоздырғыштың көбеюі қабыну
үрдісінің дамуына алып келеді және қоздырғыштың гемагглютиндеуші және
дермо – некротикалық қасиеті есебінен ұлпа некрозы болуы мүмкін.
Инкубациялық кезеңі 1-3 күн. Аурудың ағымы жиі созылмалы, сирек өткір және
өткірлеу.
Ірі қара малдарда, бұғыларда және қойларда жиі артқы аяқ терісінің
дистальді бөліктері зақымдалады.
Қоздырғыш енген орында терінің гиперемиясы, іріңді – некрозды
қабынулар дамиды. Жұмсақ ұлпалардағы үрдіс сүйек ішіне өтеді, сүйекке,
байламдарға, сіңірге өтеді және кейде сауасақ фалангтарының түсіп қалуына
әкеледі. Жылқыларда шат буындарының терісінде дамиды (гангренозды
дерматит). Шошқаларда денесінің әр түрлі аумақтарында дерматит және некрозды
132
стоматит, кейде энтерит және пневмония болады.
Патдиагноз: Өлік жедеу, зақымдалу орындарында сасық иісті, ойық –
жаралы және қаяулы ірімшікке ұқсас үйінділері бар ұлпа некрозы. Бұзаулардың,
торайлардың, қозылардың некробактериозы: Ауыз қуысыны, ішек – қарын
жолыны кілегей қабықтарның (дифтерикалық формасы) және бас және аяқ-қол
аумағындағы терінің іріңді – некрозды қабынуы. Жергілікті лимфа түйіндерінде
іріңді – некрозды лимфаденит. Іріңді – некрозды пневмония. Іріңді – фибринозды
перитонит, гепатит, плеврит, нефрит (генерализделген формасы). Жалпы анемия
мен жүдеу белгілері.
Диагнотикасы: Эпизоотологиялық мәліметерді, клиникалық белгілерін,
патологиялық өзгерістерін есепке алады. Қиын жағыдайларда бактериологиялық
зерттеулер жүргізеді және қояндарға биосынама қояды.
Дифференциальді диагностикасы: Ірі қара малдарда некробактериозды
обадан, қауіпті катаральді қызбадан, аусылдан, пастереллезден, инфекциялық
ринотрахеиттен, парагрипптен (өкпенің метастаикалық зақымдалуы кезінде),
хламидиоздвн, листериоздан және бруцеллезден (жыныс ағзаларының
зақымдалуы кезінде),этиология инфекциялық емес стоматит пен дерматиттен
ажырату қажет. Қойларда – тұяқ шірігінен, контагиоздық дермтен, аусыл мен
шешектен ажыратқан жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |