Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4



Pdf көрінісі
бет96/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126
2.Ауески ауруы.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ауески ауруы (morbus auyeszki) жалған құтырық, инфекциялық бульбарлы 
салдану, инфециялық менингоэнцеофалит, спецификалық фильтрлеуші вируспен 
тудырылады. 
Өткір 
ағымымен, 
қысқа 
уақыттық 
сүзекпен, 
менигоэнцеофаломелиттің  болуымен  сипатталады.  Олар  қозу,  құрысуы, 
депрессия,  салдау  және  өте  жиі  терінің  қышуы  түрінде  пайда  болады.  Барлық 
сүтқоректі жануарлар, кейбір құстардың түрі сезімтал келеді. 
 
 
 
 
Патогенезі:  вирустың  ену  орыны  жұтқыншақтың  кілегей  қабықтары, 
бадамша бездері және өкпе болып табылады.   
 
 
 
 
 
 
Патологиялық өзгерістері:жануарлардың біразында терінің зақымдалуы тән, 
себебіқышыған  кезде  оны  қасып,  жараға  айналдырады.  Осындай  белгілер 
байқалмаған кезде тұрақсыз морфологиялық белгілер байқалады. Оларды, әсіресе 
Ауески  ауру  басқада  инфекциялармен  бірге  асықынған  жануарлардың  өліктерін 
ашып сою кезінде анықтау мүмкін емес.   
 
 
 
 
 
 
 
Ірі  қара  мен  ұсақ  қара  малдарда,  иттерде  және  мысықтарда  тұрақты 
морфологиялық  белгілер  қбас,  сирек  басқада  аумақтардағы  қышыған  жерлерді 
қасу  болып  табылады.  Бұл  орындаржа  жүн  қабаты  болмайды,  эпидермис 
зақымдалып,  жыртық  жаралар  пайда  болады.  Қатты  соққылар  кезінде  дерматит, 
кейде  миозит  дамиды.  Терісі  қызы  түсті,  жараның  шеттері  ісінген.  Маңындағы 
ұлпалар  ісінген,  қан  талаған,  әсіресе  кескен  кезде  анық  көрінеді.  Кейде  бұл 
жерлерден  күңгірт  ірің  тәрізді  сұйықтықтар  табылады.  Басқа  ағзалардағы 
өзгерістер  әлсіз  байқалады.  Өкпе  ісігі  мен  гиперемиясығ  жұмыршақ  пен 
асқазанның  кілегей  қабықтарындағы  қан  талаулар  көрінеді.  Иттерде  құтырық 
кезіндегіге ұқсас геморрагиялық эрозиялар кездеседі. Сирек геморрагиялық және 
катаральді өзгерістер, түйіршікті дистрофиялар болады.    
 
 
 
 
Шошқаларда  ауру  қышымасыз  өтеді,  терінің  зақымдалу  болмайды.  Бірақ, 
шошқаларға  келесі  морфологиялық  белгілер  тән:  түсік  тасталған  ұрықтар  мен 
жаңа  туған  2  апталық  торайларда    өткір  септикалық  –  токсикологиялық  үрдіс 
дамиды.  Олардың  біразы бауырда,  көкбауырда,  жұтқыншақ  пен  өңештің кілегей 
қабықтарында,  әсіресе  бадамша  бездерде,  сирек  өкпеде,  бүйректе,  лимфа 
түйіндерінде,  бүйрек  асты  бездерінде  көптеген  сұр  немесе  сұр  –  жасыл  түсті 
ошақтар анық көрінеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Гистологиялық  зерттеу  кезінде  әр  түрлі  ағзалар  мен  ұлпалардың 
микронекрозы байқалады. Осындай некроздар үшін ұлпаның құрғақ ыдырауы тән. 
Өкпеле гиперемия, імінулер, катаральді бронхопневмония. Жиі катаральді немесе 
ұсақ  ошақты  некрозды  түйіндері  бар  дифтероилты  лангофарингит,  жоғарғы 
тыныс  жолдарының  кілегей  қабықтарында,  плевра  астында,  эпикардта, 
көкбауырда және бүйрек пен катаральді гастроэнтеритте қан құйылулар кездеседі. 
Қабақтың ісінуі мен конъюктивит болуы мүмкін. 
 
 
 
 
 


136 
 
 
Үлкен  жастағы  өлген  торайларда  патологиялық  –  анатомиялық  өзгерістер 
ұқсас,  жаңа  туғандарда  милиарлы  некроздар  сипатталады.  Катаральді 
бронхопневмония мен серозды – катаральді гастриттер болады.   
 
 
 
Үлкен  шошқалар  мен  торайларда  жұтқыншақ  пен  бадамша  бездердің 
кілегей қабықтарының крупозды – дифтериялық эәне ойық-жаралы некротикалық 
зақымдалулар  анық  көрінеді.  Бадамша  бездерде  некроз  ошақтары  немесе  кратер 
тәрізді жаралар орналасқан, жиі өткір серозды рини пайда болады. 
 
 
 
Ашып  сою  кезінде  пневмония  байқалады  (жиі  аспирациялық  асқынған 
гангрена).  Олар  тыныс  жолдарында  тұрақты  қоректенетін  микрофлораоар  мен 
сыртқы орта факторларының әсерінен негізгі үрдіс нәтежиесінде болуы мүмкін.  
 
Бас  миында    ми  қабықшасы  мен  ми  тамырларының  қанға  толуына  назар 
аударады.  Мидың  ісінуі  біркелкі  емес,  ми  қарыншасында  аздаған  мөлшерде 
ликвора болады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Гистологиясы: 
өткір 
іріңсіз 
энцефалитн 
энцефаломелит 
және 
менингоэнцефаломиелит  құбылыстары.  Мидың  қабынуы  жас  торайларда 
кездеседі.  Ганглиозды  торшалардың  дистрофиясы  фонында  муфт  тәрізді 
периваскулярлы  жиналулар  (тамырлардың  айналасында)  мен  экстраваскулярлы 
торшалық инфильтраттар (тамырлар аралығында) дамиды.  
 
 
 
 
Диагнозды көкбауырдың, бауырдың және басқада ағзалардың макро  және 
микро–  некроздарының  морфологиялық  өзгерістері  негізінде    болжамды  түрде 
қояды.  Түсік  тасталған  ұрықтарда  және  жаңа  туған  торайларда  өткір  іріңсіз 
энцефалмиелит  және  энцефаломенингит;  катаральді,  дифтероидты  және 
некротикалық ларингофарингит.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Еске  сала  кету  керек,  өткір  іріңсіз  энцефаломиелитті  шошқа  обасы  және 
Ташен аурулары кезінде байқауға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
Іш  сүзегі  мен  листериоз  кезінде  бауыр  мен  көкбауырда  ошақты  некроздар 
көрінеді. Ауески ауруы кезінде түсік тасталған төлдер мен жаңа туған торайларға 
тән белгілер олардың ареактивті сипаты болып табылады.   
 
 
 
 
Ақырғы  балауды  ұлпа  културасынан  вирустың  бөлінуі  негізінде  немесе 
тәжірибиелік жануарларға жұқтыру нәтежиелері негізінде қояды (биосынама). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет