Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4



Pdf көрінісі
бет103/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР 
 
Жоспар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Аусыл.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2. Сүтқоректілердің және құстардың шешек ауруы.  
  1.  Аусыл  (Apthtae  epizooticae)    -    өткір  өтетін  контагиозды  инфекция, 
кілегей  қабықтар  мен  теріде  спецификалық  көпіршіктердің(күлдіреуік)  пайда 
болуымен сипаталады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қоздырушысы  -    сүзгіш  вирус.  Аусылға  бейім:  ірі  қара  мал,  ұсақ  малдар, 
түйелер, шошқалар, жабайы бұғы, буйволдар, қодастар, қабандар және басқалар.  
 
Патогенезі: вирустың 7 түрі бар А,О;С sat -1,2,3 және Азия-1. Аусыл вирусы 
күлдіреуіктің  дамуын  шақырып,  теріде  және  кілегей  қабықта  шектейді  және 
көбейеді. Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, буйвол, қодас, түйе, 
бұғы  және  көптеген  тағы  ашатұяқтылар  (сайғақ,  бұлан,  елік).  Бірлі-жарым  бұл 
ауруға  ит  пен  мысық,  қоян мен  егеуқұйрық,  тіпті  кірпі  де  шалдығатыны  туралы 
хабарлар  бар.  Ең  сезімтал  жанурларға  сиыр  мен  шошқа  жатады.  Кей  жағдайда, 
ауру малды бағып күткенде, аусылмен адам да ауырады. Жас малдың бейімділігі 
ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру ауыр түрінде өтеді.  
 
Аусылдың  қоздырушысының  бастауы  –  ауырған,  оның  ішінде  аурудың 
жасырын кезеңіндегі және вирус тасымалдаушы мал. Мұндай жануарлар вирусты 
сыртқы  ортаға  сүтімен,  сілекейімен,  несебі  және  нәжісімен  бөліп  шығарады. 
Бұның нәтижесінде қора-жай, әртүрлі құрал-саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, 
көлік жабдықтары, т.б. ластанады.   
 
 
 
 
 
 
Вирус  жанурлардың  денесіне  негізінен  жемшөп  және  сумен  бірге,  әртүрлі 
ластанған  заттарды жалаған  кезде  ауыздың кілегей қабығы,  желін  мен сирақтың 
зақымданған терісі арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік жолмен 
енеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аусылдың  таралуына  көп  жағдайда  шаруашылық  экономикалық 
байланыстар,  малды  өсіру  ерекшеліктері,  мал  басының  тығыздығы,  халықтың 
жүріп-тұруы,  мал  азығын  дайындау,  мал  өнімдерін  сақтау,  тасымалдау,  өңдеу 
және  т.б.  жағдайлар  әсер  етеді.  Алыстағы  жайылымдарға  малды  айдау  кезінде 
аурудың  таралуы  жылдамдайды.  Ет  және  сүт  өңдейтін  мекемелер  аусылдың 
таралуына көп әсер етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аусылдың вирусын тасымалдауда адамның атқаратын ролі зор. Ол малмен 
жанасады  және  бір  жерден  екінші  жерге  жүріп-тұру,  жол  жүру  арқылы  үлкен 
қашықтықтарға ауру таратады. Вирусты  механикалық жолмен әртүрлі көлік, құс 
пен басқа да оған бейім емес жануарлар, оның ішінде тағы жануарлар мен әртүрлі 
жәндіктер  тасымалдайды.  Таралу  жолдарының  көптігі  аусылдың  әрбір  білінген 
кездерінде  мұқият  талдау  жасап,  одан  ары  тарамауы  үшін  шұғыл  шаралар 


147 
 
жүргізуді талап етеді.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Аусыл  кең  жайылған  індет  ретінде  жылдың  әр  мезгілінде,  оның  ішінде 
күздің  аяғы,  қыстың  басында  жиірек  байқалады.  Әдетте  індет  5-8  жылда,  кей 
жерлерде 2-3 жылда қайталанады.   
 
 
 
 
 
 
Дамыған күлдіреуік(көпіршік) күмбезден, түбінен және құрамынан тұрады. 
Күлдіреуік  күмбезі  мүйізді  торшадан,  жылтырауық,  дәнді  қабаттан  және 
қылтанақты қабаттың беткейінен дамиды.  Күлдеруеіктің түбі -бұл сорғыш қабат, 
біртіндеп, әсіресе, бетінде, бойлық қабат торшасынан босаңған.   
 
 
 
Күлдіреуік  қуысының  құрамы  -  серозды  сұйықтық,  кейде  фибринге  бай, 
онда  өлген  эпидермис  тошаларымен,  полиморфтыядролы  лейкоциттер  мен  жеке 
эритроциттермен тартылған.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Мес  қарында  күлдіреуік  құрамындғы  қан  олардың  құрамына  араласады, 
сондай-ақ    түптік    және  күмбезді  торшада  өте  ұсақ    ацидофильді  түзілістер 
байқалады,  кейбір  ғалымдар  хроматиннің  өнімі,  басқалары  вирусты  табиғаттың 
денешіктері  деп санайды.    
 
 
 
 
 
 
Күлдіреуікте қабырғасы серозды сұйықтықтың көпшілік мөлшері жиналауы 
басталады,  қабырға  жарылып  құрамы  құйылады  және  ашық-қызылтүбімен  және 
жүйкелі  шеттермен  эрозия  дамиды.  Эрозия  тез  сарғыш-қоңыр  қабықшамен 
жабылып, құрғаған бастапқы экссудатта, эпителидің қайта қалпына келуі жүретін, 
сақталған эрозияның түбінің мүйізденген қабатынан, сондай-ақ оның шеттерінен. 
Эрозияның  толық  жазылуы  қолайлы  жағдайлада  5-14  тәулікте  болады,  бірақ, 
эрозияның орны ұзақ сығылған және депигменттелген күйде қалады.    
 
 
Күлдіреуік 
үрдістің 
күрделенуі 
қайталама 
микролорада 
жаралы 
зақымдалулар, бұлшық етті талшықтарға дейін жететін іріңді қабынулар дамиды, 
мұндай зақымдалулар ұзақ емделмейді.    
 
 
 
 
Патологиялық ашып сою.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Аусылда өзіне тән белгілері ауыз қуысының ілегей қабығында, сирек жұлық 
саңылауының  сүйекаралық  терісінде,  желінде,  қаңсарда,  мес  қарынның  кілегей 
қабығында,  сирек  артқы  тесік  пен  қынаптың  күлдіреуіктері  болып  табылады. 
Шошқаларда  ауыз  қуысында  күлдіреуіктер  аз,  жиі  өкше,  жұлық  және 
сүйекаралық  саңлау  терісінде  кездеседі.  Макроскопиялық  күлдіреуік  өзімен 
аумақтық,  сопақша  немесе  жартылай  шар  тәрізді  формалар  түйменің  басындай 
болып тауық жұмыртқасына дейінгі мөлшерде тілдің кілегей қабатында болады.  
 
Бармақ  ұштарында  күлдіреуік  қайталама  микрофлорамен  күрделенген, 
іріңді-флегматозды қабыну болуы мүмкін, және мүйізді кебістің қабықталуы мен 
түзуі  болуы  мүмкін.  Желінде  күлдіреуік  серозды-катаральды,  ал  күрделенгенде 
іріңді мастит болады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Аусыл  қатерсіз  өтуі  мүмкін  -  кәдімгі  форма,  және  қатерлі  өліммен 
аяқталады.  Сондай-ақ  күлдіреуік  зақымдалулар  қатерлі  формада  тек 


148 
 
гистозерттеулерде көрінеді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Негізгі өзгерістер жүрек және қаңқа бұлшық еттерде дамиды(өлім 40-50%). 
Жануарлар жазылу  барысында өледі. Жүректе әртүрлі форма мен мөлшерде жиі 
сол  және  оң  қарыншалардың  қабырғаларында,  қарыншақ  аралық  қалқада, 
көктамырлы бұлшық етте сұрғылт және сұр-сарғыш ошақтар болады.   
 
 
Гистологиялық 
өзгерістер: 
миокардта 
дәндіүйінді 
шығынымен, 
балауызтәрізді некроз және амилиозды, ақуыздық және майлы дистрофия.  
 
Ауырған  жануарларда  тұрақты  ошақты  торшалы  инфильтрат,  склероз, 
миокард  ошақтары  және  өлген  бұлшықет  талшықтарында  тұз  қоспасы.  Қаңқа 
бұлшық еттері осы өзгерістермен.    
 
 
 
 
 
 
 
Қатерлі кезең өзгерістері паренхиматозды мүшелерде дамиды(ішкі секреция 
және жүйке жүйесінің бездерінде). Бауыр мен бүйректе ақуыздық дистрофия. Бас 
және  жұлын  миында  тамыр  гиперемиясы, ошақты  және құйылмалы  қан құйылу, 
қабық сіктері және ми заттары.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Ауыр  өзгерістер  -  тигролиз,  пикнолиз,  вакуолизация.  Іріңді  емес 
лимфацитарлық энцефаломиелит. Жұлымилы түйінде ісіктер. Күлдіреуік үрдістің 
күрделенуі сепсистің дамуына алып келуі мүмкін.    
 
 
 
 
 
Аусылға диагностика жасау қиындық тудырмайды. Күлдіреуік өзгерістердің 
негізі кілегей қабықтарда және берілген инфекция үшін арнаулы теріде.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет