Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4



Pdf көрінісі
бет102/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126
 
 
 
 


145 
 
 
Вирус кілегей қабықтарға тропизмге ие және патология туғызуға қабілетті. 
Алғашында  негізі  дәнекер  ұлпалы  тамырлар  жағынан  дамитын  өзгерістер,  кейін 
олар  кілегей  қабықтардың  эпителиальді  қабаттарына  өтеді  және  дегенеративті 
үрдістермен  сүйемелденеді.  Кеш  сатыларында  ссептикалық  генерализделген 
септикалық  инфекция  көрінісі  байөалады,  ол  кезде  тек  бастың,  ьыныс 
жолдарының,  ішек-қарын  жолының,  несеп,  өт  қаптарының,  қынаптың,  терінің 
кілегей  қабықтары  зақымдалады.  Өткір  ағымы  кезінде  жануарлар  бірінші 
апталарда  өліп  кетуі  мүмкін,  ал  өткірлеу  ағымы  кезінде  үшінші  апталарда  (80% 
летальді).Белгілері бойынша 1)бас 1) ішектік формаларға бөлінеді. 
 
 
 
Патанатомиялық ашып сою:   
 
 
 
 
 
 
 
Әлсіреуі(тіпті өткір кезеңіндеде), артқы тесік және құйрық асты аумағының 
нәжіспен  ластануы.  Танау,  қапсардың  айналасында  іріңді-шірік  байқалады, 
олардың  астындағы  тері  шытырап,  түседі.  Ісінген  қабақтар,  қан  құйылу  және 
іріңді  қабыну  конъюктивті,  қасаңқабақ  түнеріңкі,  ондағы  жаралар  уақыт  өте 
көзбұршағына түседі. Көзі торы астында қан құйылу байқалады. Ауыз қуысының 
кілегейі  қызғыш,  ісінген  онда  сарғыш-серозды  фибринозды-некротикалық 
қабаттасу  көрінеді(астында  қызыл  эрозиялар  мен  жаралар).  Жұтқыншақ:  қан 
құйылу,  фибринозды-некротикалық  қабаттасу.  Жалбышақ:  құрғақ  азықтық 
массамен  толған.  Жұмыршақ:  әдетте  бос,  кілегейлі,  қан  құйылулар  мен 
жаралармен  ісінген.  Ішектің  жіңішке  бөлімі:  кілегей  қабық  ісінген,  тамырлар 
қанға  толған,  тазалағанда  ішек  сұр  жабысқақ  массалы.  Ішектің  жуан  бөлімі: 
күптенген 
және 
фибринозды-дифтереритикалық 
зақымдалуы. 
Бауыр: 
гистологиялық:  қабыну  ошақтары  интерстициалды  ұлпа  және  дифтериялық 
паренхима  зақымдалуларымен.  Мұрын  жолдары  қанды  немесе  кілегей-іріңді 
экссудаттың фибриннің жұқа қабығының қосындысымен бітелген, шірік иісімен. 
Маңдайлық  қуыс  қабынуы(іріңді  экссудатпен  толған)  мүйізді  омыртқа 
сабағы(мүйіз  біртіндеп  мүйізді  негізбен  байланысын  үзеді  және  ортаяды). 
Көмекей,кеңірдек:  кілегей  ісік  нүктелі  қан  құйылумен,  кейде  фибринді  таңу. 
Бронхтар:  ісінген,  оларда  іріңді  толулар  болады.  Өкпе:  іріңді-катаральды 
бронхопневмония. Талақ: капсула астында қан құйылу. Бүйрек: гломерулонефрит. 
Бас  миы:  қатпарлары  тегіс,  шеткі  қарында  бұлыңғыр  ашық-қызыл  сұйықтық 
көп(диффузды  іріңсіз  қабыну).  Диагнозды  эпизоотологиялық  клиникалық  және 
патанатомиялық берілгендердің негізінде қояды.  
 
 
 
 
Дифференцианальды  диагноз:  обадан(өткірлеу  кезеңінде  эпизоотия,  ал 
қатерлі  катаральды  қызу  -  энзоотия  сияқты  өтеді),  зақымданған  көз  обасында 
қатерлі  катаральды  қызумен  сипатталады.  Қатерлі  катаральды  қызу  аусылда  тек 
күлдіреуіктің  пайда  болуына  дейін  ұқсас,  және  қатерлі  катаральды  қызудың 
фибринозды-дифтеритикалық  және  күптенген  зақымдалулардың  пайда  болуына 
дейін.   


146 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет