Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4



Pdf көрінісі
бет110/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   126
2. Бабезиоз  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бабез  (ТМД  елдерінің  солтүстік-батыс  және  батысында  таралған). 
Қоздырушысы - ұсақ қанпаразиті(Babesia bovis).  
 
 
 
 
 
Патогенезі: барлық пироплазмоздар  үшін берілген үрдістерден басқа ішек-
қарын  жолының,  қарыншаның  тығындалуымен  болатын,  алдыңғы  қарында 
көрінетін  атониясы  байқалады(химостаз).  Төлдер  эритроциттердің  үлкен 
зақымдалуында(80%),  тіпті,  аз  мөлшердегі  эритроциттердің  зақымдалуында  да 
өліп кетеді(1%).    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Патанатомиялық  өзгерістері.  Көздің,  мұрынның  және  ауыздың  кілегей 
қабықтары  алғашқы  күндері  әлсіз  гиперемирленген,  соңынан  қан  азайған  және 
сарғайған. Желінің тері аймағы қызаруы мүмкін.  
 
 
 
 
Мойынасты  және  қарынның  теріасты  өзегі  ауыр  жағдайда  ісіктері  сарғыш 
түстес  болады.  Қаңқа  бұлшықеттері  қызарған,  құрғақ,  күңгірт,  созылыңқы 
болады. Құрсақ қуысының серозды қабығы сарғайған, соқыр және тоқ ішектерде 
бірыңғай нүктелі қан құйылу болуы мүмкін.    
 
 
 
 
 
Талақ  1,5-2  есе  үлкейген,  доғал  және  дөңгелектенген,  капсуласы 
геморрагиялық  нүктемен  байланысқан,  тығыздығы  жұмсақ,  қою.  Талақтың 
жарылуы белгілі жағдай. Ұлпасы тілген кезде ісінеді, қызыл-қошқыл, ауада кенет 
алқызыл түске еніп, қырындысы жеткілікті, кірлеген, ботқа тәрізді болады. Бауыр 
көлемі  ұлғайған,  созылыңқы,  күрең-сарғыш  түсте,  тілгенде  сулы,  толық  қанды, 
жиі  өт  қабы  "жұпарлы"(жарғақтылық  көрінеді)  сәл  созылған,  оның  қабырғасы 
қалыңдаған,  ісінген,  тамырдың  серозды  қабықшалары  айдалған,  өті  қара-қоңыр, 
кейде іркілдек, қою.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Бүйректің  көлемі  сәл  үлкейген,  капсуласы  оңай  алынады.  Аурдың  жіті 
түрінде олар қызғыш-қоңырға, ал жітілеу түрінде  - ашық-қоңыр немесе сарғыш-
сұр  түске  боялады.  Қабыршақтанған  қабатында  жиі  нүктелі  қанқұйылу 
байқалады. Милы қабат қабыршақтанғанға қарағанда ашықтау, кейде ол радиалды 
иректелген(каналаралық капиллярлардың гиперемияға қатысына байланысты).  
 
Несеп  көпіршігі  әдетте  өте  үлкейген,  нүктелі  геморрагияның  кілегей 
қабығына,  жіті  түрінде  несеп  біршама  қызарады  немесе  қызғыш-қоңыр  реңде 
болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алдыңғы  қарындар  (жалбыршақтан  басқа)  ешқандай  ерекше  өзгерулерсіз 


158 
 
қалады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жалбыршақтың  көлемі  ұлғайған,  ұстағанда  тығыз,  құрғақ,  тығыздалған 
азықтық  массамен  толған.  Жұмыршақ  пен  ішектің  кілегей  қабығы  ісінген, 
кілегейленген, қалың бөлігінің қатпарларында қан құйылулар байқалуы мүмкін.  
 
Кеуде қуысы 2-4 литрдей қызғыш сұйықтыққа толы.  
 
 
 
Өкпеде гиперемия мен ісік байқалады.    
 
 
 
 
 
Оң  жүрекшенің  қуысының  созылуына  байланысты,  жүректің  көлемі 
ұлғайған, кесіп қарағанда жүрек бұлшықеті созылыңқы, күңгірт.  
 
 
Лимфа  түйіндерінің  көлемі  біршама  ұлғайған,  тілгенде  сулы,  кейде 
гипермирленген.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ми қабықшаларының тамыры созылған.   
 
 
 
 
 
Қан сулы болады, бірақ жақсы қозғалады.  
 
 
 
 
 
Созылыңқы  ауруда  өзгерістері  әлсіз  көрінеді,  майлы  атрофия 
жиындысының және қаңқа бұлшықетінің және миокард дистрофиясының  жалпы 
қан  азаюы  көрінеді.  Талақтың  көлемі  біршама  ғана  үлкейген,  тілгенде 
бұлшықеттің әлсіз көрінісі пайда болады.  
 
 
 
 
 
 
Қалған мүшелер өзгеріссіз қалады.  
 
 
 
 
 
 
Гистологиялық өзгерістері:   
 
 
 
 
 
 
 
Талақ  тамыр  эритроциттерімен  толып,  көп  мөлшері  гемосидериннен 
тұрады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аурудың 
жеңіл 
сатысында 
бауыр 

іркілдек 
гиперемия, 
перикапиллярлыкеңістігі  ісінген,  бүйрек  торшалары  бұлыңғыр  ісінеді.  Ауыр 
сатысында - орталық жарғақша некробиозы байқалады.    
 
 
 
Аурудың  жеңіл  сатысында  бүйрек  -  дәнді  пайда  болу,  интерстициялық 
ісік,мальпигий  түтігінің  гиперемиясы,  ал  ауыр  сатысында  -  несеп  каналдары 
эпителиінің  дәнді-майлы  дистрофиясы  және  гемоглобинді  цилиндрлермен 
геморрагиялармен,  торшалар  тамыр  айналасында  ретикулоэндотелиалды  жүйеде 
болады.  Эпителидің  диффузды  гемосидорозы  олардың  құралуы  мен  қатпарлы 
каналдарынан тұрады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әдетте,  жүректе  бұлыңғыр  ісік  немесе  серозды  миокардты  күй  болады. 
 
ОЖЖ-де гиперемия, милиарлы геморрагия, цитоплазманың вакуулизациясы 
және тигролизі және еруі байқалады.  
 
 
 
 
 
 
Ағзаның  қайта  қалпына  келетін  қызметінің  созылыңқы  кезеңі  жүйке 
жүйесінің өзгерістерінде түсіндіріледі.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет