Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4



Pdf көрінісі
бет20/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   126
 
 
2. Нәруыз алмасуының бұзылуы.    
 
 
 
 
 
 
Глюкопротеидтер  –  күрделі  ақуыздар,  құрамына  күрделі  көмірсулар 
кіретін,  әртүрлі  гексоздардан,  гексозамин  және  гексурлы  қышқылдардан  
құралған.  Глюкопротеидтердің  құрамына  кіретін  мукополисахаридтер, 
мукопротеидтер деп аталады. Оған  муциндар мен мукоидтар кіреді.  
 
 
Муциндер,  темірде  және  шырышты  қабықтарда  эпителиалды  торша 
жасайтын шырыштың негізін құрайды . 
Организмде 
механикалық 
зақымдалудан  және  химиялық  заттармен  тітіркенуден  шырышты  қабықтарды 
қорғауына байланысты, шырыш маңызды рөл атқарады.  
 
 
 
 
Мукоидтар, 
немесе 
шырыштәріздес 
заттар, 
әртүрлі 
жасушаларда(сүйекте,шеміршекте,  байламдарда,  жілік  майында,  жүрек 
клапандарында,  артерия  қабырғаларында  және  т.б.)  кездеседі.  Мукоидтердің 
биологиялық мәні толық зерттелмеген.  
 
Шырыш 
және 
мукоидтар(псевдомуцин)  физикалық  қасиеттеріне  байланысты  ұқсас  келеді. 
Муциндар  мен  мукоидтар  әртүрлі  бояғыштармен  метахромазия  реакциясын 
береді. Мысалы, бұл заттардың тионины қызыл түске, ал жасушасы – көк түске 
боялады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мукоидтерге  қарағанда  шырышта  сірке  қышқылының  немесе  спирттің 


26 
 
әрекеттесуінен жіңішке талшықты байланыс түзіледі.    
 
 
Эпителийдің  шырышты  дистрофиясы  жоғары  секрецияда  немесе 
шырыштың сапалы өзгергіштігінен пайда болады. Шырышты гиперсекрецияда 
көптеген  эпителиалды  жасушалар  өледі,  шырышты  массамен  шығады  және 
араласады,  катаральды  қабынуларда  және  шырышты  қабықтардың  тітіркенуі, 
әсіресе,  тыныс  алу  және  ас  қорыту  трактатында  байқалады.  Шырышты 
қабықтар ісінген, ал ауруда, сонымен қатар қызарған, қан кетулермен, олардың 
беткейі  біршама  шырышпен  жабылған.      Кисталар  әдетте,  шырыш  бездерінің 
өзегінің  бітелуінің  немесе  қабыну  үрдісінде  дәнекер  ұлпасының  өсуінің 
қысылуы кезінде немесе эпителиалды ісіктердің нәтижесінде дамиды.  
 
 
Әдетте,  кистаның  шырышты  қабығында  бүйрек,  жұмыртқалықта  және 
кистоаденомаларда псевдомуцин жиналады. Егер мукоидты заттар тығыздалса, 
консистенциясы  іркілдек  сұйықтық  немесе  жартылай  мұздатылған  желімге 
айналғанда,  оны  коллоид  (гр.kollа  -  желім),  ал  патологиялық  үрдісті  – 
коллоидты дистрофия деп атайды. Мысалы, коллоидты жемсауда фолликулалар 
созылуының  шектен  тыс  коллоидты  массаларына  байланысты  қалқанша  безі 
айтарлықтай өседі.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Дәнекер ұлпаның шырышты дистрофиясы(талшықты, шеміршекті, сүйекті 
және  майлы).  Осы    дистрофияда  дәнекер  ұлпасының  торша  аралық  заттары 
шырыш  тәріздес  массаға  айналады.  Осыған  байланысты  мукополисахаридтер 
кешенді  қосылыстар  шығарады.  Талшықты  құрылымдар  нәтижесінде, 
шеміршекті  ұлпа  капсулалары  және  негізгі  заттар,  сүйек  торшасы  ериді. 
Нәтижесінде  муциннің  қасиеттерімен  жартылайсұйық,  тұтқыр  масса  дамиды. 
Дәнекер  ұлпалы  жасушалар  жұлдызшалы,  үшбұрышты  немесе  ұршық  тәрізді 
ұзын  өсінділер  түрінде  пайда  болады.  Ұқсас  өзгерістер  майлы  торшада  да 
байқалады.  Терінің  макроскопиялық  дәнекер  ұлпасы  және  жүрек  майы 
домбыққан күйінде болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Арықтау  жағдайы  және  эндокринді  бездердің  бұзылуы,  дәнекер 
ұлпасының шырышты дистрофиясының ауру себебі болып табылады.  
 
 
Нәтижесі:  зақымданудың  әлсіз  дәрежесінде  және  уақытылы  жоюында 
шақырылатын шырышты дистрофия,қалыпты түр көрсетеді. Кей жағдайларда, 
ұлпаның  ыдырауы  нәтижесінде  шырышты  қуыс  дамиды.  Шырышты 
дистрофияда,  сонымен  бірге,  дәнекер  ұлпалы  ісік(фибромдар,  остеомдар, 
хондромдар, саркомдар және остео-хондромдар) болады.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет