Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4



Pdf көрінісі
бет21/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   126
3. Майлы дистрофия   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Барлық  майлар  –  липидтер,  бейтарап  майлар  мен  липоидтарға 
ажыратылады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бейтарап майлар глицериннің күрделі эфирін және жоғары май қышқылын 
көрсетеді.  Олар  май  жиналатын  орын  деп  аталатын:  теріасты  клетчаткасында, 


27 
 
іш  майында,  шажырқайда,  құрсақ  қабырғасының  серозды  қақпағында,  ми 
сүйегінде  және  бауырдың  эпикартастының  айналасында,  сонымен  қатар, 
шамалы  мөлшерде  –  бауырда  және  бүйректе    шоғырланады.  Бейтарап  май 
микроскоп астындағы сияқты анық және  көрінуі мүмкін.  
 
 
Көрінетін  майлар  зат  алмасуға  қатысады,  олардың  мөлшері  үнемі  өзгеріп 
отырады, сол себепті оларды тұрақсыз(шығысты) майлар деп атайды. Мысалы, 
аштық кезінде май жиналатын орында олардың құрамы азаяды, ал жануар мол 
азықтанғанда    немесе  әр  түрлі  патологиялық  жағдайда  артық  салмақтылыққа 
жиналады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Лироидтер(май тәрізді заттар) сондай-ақ, бейтарап майлар секілді күрделі 
эфирлер  болып  табылады.  Оның  құрамына  спирттің  әртүрлі  мөлшерімен 
көміртегі  атомы  кіруі  оның  ерекшелігі  болып  саналады.  Липоидтардың 
арасында  фосфатидтер,  стериодтер,  стеариндер  және  цероброзидтер 
ажыратылып,  ақуыз  дәнекерінің  тұрақсыз  түрінде  әртүрлі  цитоплазмалық 
құрылымы  құрамында  иайлы  ақуыздық  кешендер(липопротеидтер)  дамиды. 
Липоидтардың  ішінде  морфологиялық  жағынан  тек  холестерин  көрінетін,  ал 
қалған липоидтар тұрақты «көрінбейтін» липидтар болып табылады.  
 
 
Майдағы  сары  пигменттер  липохром(гр.  Lipos  –  май,  chromos  –  бояғыш) 
және  лютеиннің(гр.  Luteus  –  сары)  байланысуына  байланысты,  майлар 
жасушалар мен организмге сарғыш түс береді.  
 
 
 
 
 
Бейтарап көрінетін май торшада тамшы және астық түрінде көрінеді. Жиі, 
майлы  заттар  бір  үлкен  тамшыға  құйылып,  ядросы  торшаның  шетіне 
ығыстырылады.  Ол  жерде  олар  сақталған  цитоплазма  түрінде  жартылай  ай 
формасында(сақиналы  торшалар)  орналасады.  Миокардтың  бұлшық  ет 
талшығының  саркоплазмасында  ұсақ  май  тамшылары  дамиды.  Май  алмасу 
бұзылғанда,  липидтердің  шамадан  тыс  шоғырлануы,  жасушалар  мен 
организмдердің  құрамының  азаюына  байланысты,  майлардың  шоғырлануы 
физиологиялық  жағдайда  кездеспейді,  олардың  құрамының  сапалылығының 
өзгеруі  және  өнімдердегі  майлардың  ыдырауы  пайда  болады.  Басқа 
жасушаларда  бейтарап  май  алмасуының  бұзылуын  май  клетчаткалары  және 
цитоплазматикалық май деп ажыратады.     
 
 
 
 
 
 
Май клетчаткасында бейтарап май алмасуының бұзылуы.  
 
 
 
Май  клетчаткасында(май  жиналатын  орында)  бейтарап  майдың  құрамы 
күрт ауытқиды және түріне, малдың дене бітімі және қоректену шартына және 
олардың құрамына байланысты.   
 
 
 
 
 
Патологиялық үрдісте май алмасуының бұзылуы әлсіреуде және семіруде 
пайда  болады.  Әлсіреу(жүдеу)  май  клетчаткасында  май  мөлшерінің  құрамы 
жалпы азаюымен сипатталады. Осы бойынша соңғы ісік іркілдек түрде болады, 
серозды  сұйықтықты  сіңіргеннен  кейін  сары-сұрғылт  түске  ауысады(майдың 


28 
 
серозды  атрофиясы).  Атрофильденген  майлы  жасуша  әдетте,  шырышқа 
айналады(шырышты  дистрофия).  Гистологиялық  түрде  майлы  жасушаларда 
кебу  байқалады,  ал  олардың  арасында  серозды  сұйықтық  немесе  шырышты 
заттар жиналады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ағзаның  ақырғы  әлсіреуі  эпикард  майының  серозды  атрофиясы  болып 
табылады,  соған  байланысты  жүрек  айы  соңғы  кезекте  таралады.  Ересек 
жануарларда,  әсіресе,  ірі  қара  мал  мен  жылқыларда,  майлы  жасуша  дәнекер 
ұлпаның  және  липохромның  жоғарғы  концентрациясының  сары-қара  түске 
интенсивті түрде боялуына байланысты тығыздалады.    
 
 
 
Ашығудың  (алиментарлық  жүдеу)себебі  жүдеу,  малдардағы  шектен  тыс 
қан 
кету, 
әртүрлі 
инфекциялық,инвазиялық 
және 
жұқпалы 
емес 
аурулардың(мысалы, 
туберкулез, 
гельминтоздар, 
гастроэнтериттер, 
гормональді құрылымдық ісіктер және т.б.) әсерінен болуы мүмкін.   
 
 
Май клетчаткасы құрамының мөлшерінің жергілікті азаюы липодистрофия 
деп аталады, олар эндокриндік ауруларда және липогранулемаларда кездеседі.  
 
Липогранулемалар  –  қабынған  ошақтар,  тері  асты  май  қабатында  май 
торшасының  шөгуімен  май  қышқылдарын  және  сабынды,  жарақаттар  кезінде, 
көптеген  аурулар  кезінде  түзілетін  өабыну  көздері.  Май  жиналатын  орында 
майдың жоғарғы құрамы жалпы және жергілікті сипаттарға ие бола алады.  
 
Май клетчаткасындағы және басқа ағзалардағы липидтердің жалпы көбею 
санын  семіру  деп  атаймыз.  Артық  жиналған  май  тек  қана  май  жиналатын 
орындарда  емес,  сонымен бауырда, бүйректе, бұлшық  етті дәнекер ұлпасында 
және ішкі ағзалар құрылысында кездеседі.    
 
 
 
 
 
Аса клиникалық мағынасы жүрек жұмысында тартылады. Бұл органда май 
бастапқыда  эпикард  астында  майлы  қабат  түрінде  содан  соң  миокард 
құрылысына  жиналады.  Содан  соң  бұлшық  ет  талшықтары  атрофияға 
айналады. Бұл жағдайда жүрек бұлшық еті, әсіресе, жүректің оң жақ бөлігінің 
консистенциясы салбырап тұралы; миокард тілігінің беткі бөлігі және эпикард 
астында  май  жасушасының  ақ-сары  жолақтары  көрінеді.  Клиникалық  түрде 
бұл, жүрек жұмысының әлсіздігімен сипатталады.  
 
 
 
 
 
Жалпы семіру малдар мен құстарды интенсивті түрде қоректендіру кезінде 
де  байқалады.  Себеп  болатын  факторлар  болып,  бұлшық  ет  жұмысының 
әлсіреуі,  ағзадағы  қышқылдану  үрдісінің  төмендеуі  болып  табылады.  Одан 
басқа жалпы семіру себебі, эндокриндік бездердің жұмысының бұзылуы болып 
та табылады(гипофизарды семіру).  
 
 
 
 
 
 
Жергілікті  артық  май  жиналуы  –  липоматоз,  атрофильді  ұлпа  және 
органдардағы  майлы  клетчатканың  өсуімен  сипатталады(бос  орында  майдың 
таралуы).  Физиологиялық  жағдайдағы  майлы  ұлпа  атрофильденген  қалқанша 
безіне  айналады.  Регионарлық  липоматоз  бүйрек  атрофиясы  кезінде,  бөлек 


29 
 
лимфа түйіндерінде және қаңқа бұлшық ет бөлімдерінде байқалады.  
 
 
Ұлпалар  мен  ағзалардағы  жалпы  цитоплазматикалық  майдың  бұзылуы  –
ұлпалар мен ағзалардың  цитоплазмалық май алмасуының бұзылуы салдарынан 
болатын  майлы  дистрофияны  айтамыз.  Олар  бауырда,  бүйректе  және 
миокардта, сирек жағдайда қантамырлар қабырғасында, шырышты қабық және 
бездердің  эпителиалды  қабатында,  альвеоларлы  эпителий  және  орталық  және 
перифериялық жүйке жүйесінің жасушаларында байқалады.  
 
Цитоплазмада  майдың  пайда  болу  нәтижесінде:  инфильтрация(қан  мен 
лимфа  арқылы  келетін  жасушада  майдың  жиналуы),  майдағы  ақуыздар  мен 
көмірсулардың жоғары алмасуы майлы заттардың босауы болып табылады.  
 
Майлы  дистрофияның  себебі  төмендегі  жағдайлар  бола  алады:  жалпы 
семіру,  ақуыздық  ашығу,  әсіресе,  рационда  липотропты  факторлардың 
жеткіліксіздігі,  бүйректің,  бауырдың  және  миокардтың  майлы  дистрофиясы 
көптеген  инфекциялық  және  интоксикация  кезінде,  көп  дәрежелі  қансыраулар 
кезінде, жүрек және өкпе ауруларында, жергілікті қан айналымының бұзылуы 
кезінде болатын созылмалы анемия ауруларында байқалады. Осы жоғарыдағы 
аурулар  кезінде,  ағзалардың  майлы  дистрофиясы  толығымен  зат  алмасу 
процесінің  бұзылуы  немесе  ұлпалардың  оттегі  жетіспеушіліген  туындайды. 
Бауыр,  бүйрек  және  миокард  майлы  дистрофия  жағдайында  өзінің 
морфологиялық ерекшеліктеріне ие болады.   
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет