Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4


Бауырдың майлы дистрофиясы



Pdf көрінісі
бет22/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126
Бауырдың майлы дистрофиясы  
 
 
 
 
 
 
 
Асқазаннан түсетін қалыпты жағдайдағы бейтараптандырылған май бауыр 
жасушаларына  жиналады,  яғни  ондағы  айтарлықтай  бөлігі,  липотропты 
факторлардың  қатысуымен  фосфолипидтерге  ауысады(холин,  метионин  және 
басқалары).  Май  қышқылдарынан  өт  қышқылдары,  холестерин  және  оның 
эстері түзіледі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бауырдың  майлы  дистрофиясы  әртүрлі  жолдар  арқылы  дамиды.  Ағзада 
липотропты  заттардың  жетіспеушілігінен  бейтараптандарылған    майдағы 
фосфатид  синтезі  бұзылады.  Ол  цитоплазмада  жинақталады.  Жалпы  семіру 
кезінде,  сонымен  қатар,  бауыр  жасушасындағы  май  жиналатын  орынан 
әкелінетін  немесе  тасымалданатын  инфильтрация  нәтижесінде  жұқпалы 
аурулар және май интоксикациясымен пайда болады. Алайда, жұқпалы аурулар 
және  интоксикация  кезінде  бауыр  жасушасындағы  протоплазманың  май 
ақуыздық  кешенінің  ыдырауы  жүзеге  асады,  зақымдалған  жасушадағы  майлы 
заттардың 
өздігінен 
бөлініп 
шығуы,мысалы,  бауырдың 
токсикалық 
дистрофиясы кезінде.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Морфологиялық  түрдегі  майлы  инфильтрация  кезінде  бауырдағы 
жасушалардың ұсақ және ірі май тамшыларының пайда болуымен сипатталады. 
Содан соң олар, ірі бірегей майлы тамшыға жинақталады, торша айқындалып, 


30 
 
көлемі ұлғаяды. Ядро периферияға өзгереді, сақталған цитоплазмада жартылай 
ай түрінде орналасады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әлсіз  дәрежедегі  семіру  кезінде  май  тамшылары  бүйрек  бөлімдерінің 
перифериялық  торша  аймағына  сәйкес  қан  айналымына  бағытталған  күйінде 
айқындалады.  Бауырдың  макроскопиялық  тілімі  тор  үлгісіне  айналып, 
мускатты  жаңғақ  «мускатты  бауыр»  түрінде  болады.  Соған  байланысты, 
перифериялық  бөлік  сарғыш-ақ  түске  боялады,  олардың  орталық  ауданы 
қантолуларға  байланысты,  қызыл-қоңыр  немесе  қара-қызыл  түсін  сақтайды. 
Егер,майлы  инфильтрация  тек  дәнекер  ұлпаның  бөлікаралық  үрдісінің 
тартылуымен  шектелсе,  онда  органның  беткейінде  көбінесе,  үшбұрышты 
формада жарық аумақтар байқалады.    
 
 
 
 
 
 
 
Диффузды  майлы  инфильтрация  кезінде  бауыр  көлемі  ұлғайған,  балшық 
немесе 
сарғыш-қызыл(жосалы) 
түстес, 
жабысқақ, 
қамыр 
тәрізді 
консистенциялы  болады.  Бауырды  кескенде  пышақтың  жүзінде  майлы  қабат 
қалады.  Микроскоппен  қарағанда,  бауыр  торшаларында  майлылық  толық 
көрінеді, арқалық құрылым байқалмайды.    
 
 
 
 
 
 
Кейде,  бауырдың  майлы  нифильтрациясының  ошақтары,  яғни,  ағзаның 
бөлек  аймақтарында  семіздік  кездеседі.  Жай  көзге  ақшыл-сары  аумақтар  мен 
көлемдері көрінеді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Майлы  дистрофияда,  цитоплазманың  декомпозициясының  нәтижесінде 
тарқалған  торшаның  майлануы  бауыр  бөлігінің  орталық  аймағында 
байқалады(мұнда  гипоксия  ерекше  айқындалады),  бірақ,  кейінгі    үрдісте 
барлық  бөлікке  тарқауы  мүмкін.  Цитоплазмада  ұсақ  және  ірі  тамшылар 
көрінеді,  ядро  торшаның  орталығында  орналасады.    Ол  бүрісіп  қалу,  рексис 
немесе  лизис  күйінде  табылуы  мүмкін.  Содан  соң,  тамшылар  бірыңғай  ірі 
майлы тамшыларға құйылады.    
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет