46
Геморрагиялық қабыну – тамыр жүйесінің ауыр зақымдалуымен және қызыл
түсті экссудаттың түзілуімен сипатталады, құрамына ақуызға бай сұйықтық және
көп мөлшерде эритроциттер енеді. Себептері: септикалық аурулардың
қоздырушысы (сібір жарасы, шошқа тілмесі, пастереллез, шошқа обасы, иттердің
пароввирусты инфекциясы), жануарлар мен өсімдіктерден бөлінетін токсиндер.
Іріңді қабыну – зақымдалған ошаққа шіріткіш бактериялар түседі және өлік
уының түзілумен бірге іріңді үрдіс жүреді.
Аралас қабыну – ұлпаларда аралас экссудаттардың жиналуымен
сүйемелденеді: серозды – фибринозды, серозды – іріңді немес серозды –
геморрагиялық.
Достарыңызбен бөлісу: