89
бөлінетін ферменттердің әсерінен еріп кетеді. Экссудат бронхлар бойынша
жойылады немесе жеке – жеке лимфа жүйесімен сорылады, альвеолалар ауға
толады – жою сатысы. Бірақ, ақыры қолайлы болған кезде, өкпе толық қалыпқа
келмейді, себебі, бөлік аралық және альвеола аралық бағаналардан ұзарған
дәнекер ұлпасы өкпе ұлпасын серпімді етеді, өкпенің индуоһрациясы болады,
нәтежиесінде секвестр әктенуі мүмкін.
Паталогиялық ашып сою:
1. Кескен кездегі түсі мраморлы, бөлік аралық дәнекер ұлпалық қабатпен тез
кеңейген, сұр және қызыл гепатизация сатысында лобулярлы, лобарлы
зақымдалу.
2. Фибринозды немесе фиброзды плеврит немесе перикардит.
3. Тері асты клечаткасының ісігі, бауырдың некроздық ошақтары және ішек
пен ұлтабардың кілегей қабығының катаральді қабынуы.
Созылмалы формасы кезінде:
1. Секвестр жуандаған және бөлік арасындағы дәнекер ұлпалық қабат тығыз,
перибронхиттер және периваскулиттер, сонымен қатар тыртықтар.
2. Өкпе аумақтарында созылмалы үрдістің ассқынуы кезінде сары немесе сұр
гепатизациялы қабыну үрдісі байқалады. Үлкен аумағы зақымдалған кезде
өттектік ашығу, интоксикация дамиды, өлімге ұшырайды.
Перипневмония
кезінде
диагнозды
эпизоотологиялық
жағыдайын,
клиникалық белгілерін, КБР нәтежиелерін есепке ала отырып қояды. Негізгі
белгілері: өкпенің мраморлығы және секвестрдің болуы.
Гистологиясы: бронх аумақтарында, бөлік арасындағы дәнекер ұлпалық
қабат пен альвеола шеттерінде (шектеулі пролиферация) фибробласттар мен
ретикулоэндотелиальді жүйе торшаларының көбеюі анықталады.
Ажыратып балау: Геморагиялық септицемия өткір, жиі трахеяда, бронхтарда
және басқада ағзаларда жиі қанталаулар түрінде өтеді. Қабыну үрдісі өкпенің
барлық аумағын бірден қамтиды. Бактериологиялық зерттеу кезінде өкпеден ғана
емес, басқада ағзалардан пастереллаларды анықтайды.
Спонтанды фмбринозды пневмония кезінде дәнекер ұлпалық қабат
зақымдалады, сирек бейнесінің ала түсі мен ретикулогистоциттерінің
пролиферациясы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: