91
күйдіргіш заттардың әсер етуі салдарынан, тіпті ешқандай себептерсіз пайда
болуы мүмкін. Кілегей қабығы гиперемияға ұшырайды. Тіл қатты ісінеді, ауызға
симауы мүмкін, жұтқыншақ пен тістердің арасында қысылады. Сілекейдің
жиналуы, сондай-ақ тілдің қандайда бір бөігінде абсцесстардың пайда болуы
байқалады.
Гангренозды стоматит. Сулы рак (Stomatitis gangrenos, Noma). Іріңді немесе
ойық-жаралы стоматиттің ауыр ормасына ұлпаның өлуі де қосылуы мүмкін.
Әдетте, жақтың кілегей қабығында кездеседі. Үрдіс жақтың ішкі беткейінде
жараларды пайда болуынан басталады және олар іріңді ыдыраумен тез таралады.
Инфильтрат жақтың терісіне дейін жетеді, жара сыртқа шығады және бас пен
мойынға жанасқан бөліктеріне өтеді.
Афтозды стоматит (Stomatitis aphtosa). Афта деп ісінген, сары және сары –
жасыл түсті, іші суға немесе қанға толған, көлемі 5 мм-дей шырышты қабык
үстінде кездесетін қотырлар. Олар қызыл қабықшамен жабылған және ойық –
жара тудырмай жазылып кетеді. Афталар кейбір өткір инфекциялық аурулар
(мысалы, аусыд) және химиялық тітіркенулер салдарынан түзіледі.
Ауыздың уылуы (Soor). Candida albicans ашытқы саңырауқұлақтарымен
тудырылады., жиі жаңа туған төлдердің кілегей қабықтарында пайда болады. Ақ
немесе сарғыш қотырлар түзіледі, көбінесе еріннің алдыңғы бөлігінде немесе
таңдайда. Олар дақ түрінде болуы мүмкін. Ауыщ уылуының дамуына стоматит
әсер етуі мүмкін.
Тістің босауы.
Әр түрді зат алмасудың бұзылулары кезінде тіс ұяшықтарының
атрофиясының дамуы салдарынан болады, әсіресе анемия, диабет аурулар
кезінде, буаздылық мерізімінде және кәр жануарларда.
Сілекей безінің қабынуы (Sialoadenitis).
Қабынуға жиі құлақ маңы безі ұшsрайды (Parotitis). Қабыну себептері болуы
мүмкін: сілеке тұздарының түзілуі кезінде шығару жолының бітелуі,
маңайындағы бөліктерден қабынудың өтуі, сепсис, сальмонеллез, пневмония
кезіндегі метастатикалық қабынулар. Сілекей бездерінің серозды қабынуы абцес
немесе флегмонаның дамуымен іріңді түрге өтеді. Созылмалы сиалоаденттерде
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: