Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4



Pdf көрінісі
бет75/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126
Ауыз жұтқыншақ аурулары  
 
 
 
 
 
 
 
 
Өткір  фарингит  (Pharyngitis)  –  жұтқыншақтың  қабынуы,  өткір  стомктиттегі 
секілді төгілген катар түрінде кездеседі. Ол механикалық, химиялық, термиялық 
тіткенулер әсерінен дамиды.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бұл  өзгерістер  шырышты  қақырық  пен  қанталаулары  ұлғайған  кілегей 
қабықтың  қызару  мен  ісінуінен  тұрады;  қабынуға  әдетте,  лимфоидты  түзілуілер 


92 
 
ұшырайды.  Кілегей  асты  қабығы  мен  лимфа  түйіндерінде  абцесстердің  дамуы 
мүмкін.  Өткір  катар  өңештің  барлық  бөлігін  қамтуы  мүмкін,  ол  әсіресе 
инфекциялық аурулар кезінде болады.    
 
 
 
 
 
 
 
Мұрын  жұтқыншақ  жолының  өткір  катары  мұрынның  кілегей  қабығының 
қабынуы  салдарынан  дамиды.  Ол  мұрын  жұтқыншақ  жолынан  бөлінетін 
шырыштың жиналуымен және кілегей қабықтың гиперемиясымен сипатталады. 
 
Өткір катаральді ангина бадамша бездердің кілегей қабықтарының ісінуінен, 
қызаруынан  пайда  болады.  Кейін  кілегей  қабықтары  күңгірттенеді,  шырышты 
іріңді экссудатпен жабылады. Қабыну үрдісі крипттерде, лакундарда жеңілдейді. 
Осындау  лакунарлы  ангина  кезінде  бадамша  бездер  ұлғаяды,  крипттерден  сары- 
жасыл сұйықтықттар бөлінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Фибринозды  ангина  өз  негізінде  сұр  фибринозды  дақтардың  бадамша 
бездердің  үстінде  пайда  болуынан  басталады.  Кейде  кілегей  қабықтың 
тереңдігіндегі фибрин экссудациясына тән дифтериялық ангинада кездеседі.  
 
Флегмонозды  ангина  бадамша  бездердің  абынып  ісінуінен  және 
гиперемиясынан  басталады,  олар  ұлпаның  іріңді  инфильтрациясы  салдарынан 
үлкен  өлшемге  дейін  ұлғаюлары    мүмкін.  Нәтежиесінде  абсцесс  қалыптасады. 
Осындай  абцесттер  жарылып,  бадамшалар  арқылы  ауыз  қуысн  жайлауы  мүмкін 
немесе  бұл  үрдіс  жұтқыншақ  абцесінің  қалыптасуы  мен  септикопиемиясының 
дамуы пайда болатын дәнекер ұлпасыны таралуы мүмкін.   
 
 
 
 
Жұтқыншақтың  артқы  абцессі  жұтқыншақтың  дорсальді  қабырғасы  мен 
омыртқаның  мойын  бөлігінің  вентральді  беткейі  арасында  орналасды. 
Жұтқыншақтың  артқы  абцессі  жұтқыншаққа  қарай  жарылуы  мүмкін  немесе 
асфикисия  тудырып,  өлімге  әкелетін,  жұтқыншақтың  маңайындағы  ұлпалардың 
флегмонозды инфильтрациясын беруі мүмкін.   
 
 
 
 
 
 
Некрозды ангина қабыну үрдісінде ұлпа некрозының болуымен сипатталады. 
Бұл  жағыдайларда  ұлпалардың  жаралық  ақаулары  туындайды.  Үрдіске  мойын 
лимфа  түйіндері  қатысады.  Некроздық  ангина  некробактериозге,  лейкозға, 
сальмонеллезге тән. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Анигна тек жергілікті ғана емес. Бадамша бездер жиі инфекцияның қақпасы 
болып  табылады.  Ангина  нәтежиесінде  эндокардит,  перикардит,  плеврит, 
перитонит, артрит, нефрит, сепси дамуы мүмкін.  
 
 
 
 
 
 
Өңештің аурулары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өңештің бітелуі (Obstluctio, obturatio Oesophagi) жиі ірі қара малдарда, сирек 
ұсақ  малдарда  байқалады.  Бітелу  толық  немесе  толық  емес,  біріншілік  және 
екіншілік болуы мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ауыл  шаруашылығы  жануарларда  осындай  бітелулер  тамыр-түйнекті 
жемістермен  азықтану  салдарынан,  жылқыларда  –  құрғақ  сабанды  жарманы 
жегенде, құрысу, өңештің шала салдануы мен тарылу салдарынан болады. Ірі қара 


93 
 
малдарда  өңештің  жоғарғы  бөлігіне,  ал  жылқыларда  кардиальді  сфинктер 
аумағына бөгде заттар жиі жналады. Бөгде заттармен өңештің толық бітелуі мес 
қарын меторизмімен, өңештің кілегей қабығының ісінуі және некрозымен,жарылу 
немесе тесілумен сүйемелденеді.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Өңеш  құрылымының  стенозы,  тарылуы  (Stenosis  oesophagi)  оның 
өткізгіштігінің қиындауын тудырады. Тыртықты дәнекер ұлпасының пайда болуы 
салдарынан жиі туа біткен сипатқа ие болады.   
 
 
 
 
 
 
Өңештің стенозы кезінде өңештің кеңеюуі диффузды болуы мүмкін. Әдетте 
тарылудан  жоғарғы  бөлігі  кеңейеді.  Бұл  кардиальді  сфинктердің  тарылуы, 
өңештің 
рефлекторлық 
құрысуы 
кезінде 
болуады.Өңеш 
саңылауы 
қабырғаларының  қапшық  тәрізді  дүрдиюі  түріндегі  шектелген  кеңеюі 
дивертикула  деп  аталады.  Пульсионды  дивертикулалар  өңеш  қабырғасының 
дүрдеиюінен  пайда  болады,  ал  тракциялық  дивертикулалар  қабырғаның  ұзаруы 
жолымен  түзіледі.  Пульсионды  дивертикулалардың  себебі  жергілікті  орында 
бұлшық  ет  ұлпасының  туа  біткен  жетімсіздігі  болып  есептеледі.  Тракциялық 
дивертикулалар  өңеш  маңында  қабырғаны  созатын  тыртықты  ұлпаның  дамуы 
салдарынан  түзіледі.  Дивертикулаларда  қабыну  үрдісін  тудыратын  азықтық 
массалардың тұрып қалуы мүмкін.   
 
 
 
 
 
 
 
Өңештің  қабынған  кілегей  қабықтары  тітіркендіргіш  азықтарды  жұту 
салдарынан немесе қандайда бір шіріткіш микрофлораның әсер етуі нәтежиесінде 
пайда болады. Үрдістің өткірлігі мен қабыну өзгерістерінің сипатына байланысты 
өңештен  катаральді,  эрозивті,  геморрагиялық,  фибринозды  және  некроздық 
эзофагиттер  бөлінуі  ммүкін.  Өткір  және  ұзақ  өтетін  созылмалы  эзофагит 
салдарынан тыртықты құрылыс пен өңештің қысқаруы дамуы мүмкін.  
 
 
 Өңештің  кілегей  қабығының  жаралануы  қатты  күйдіргіш  заттарды,  әсіресе 
қышқылдар мен сілтілерді жұту кезінде пацда болады. Осыған байланысты, олар 
барлық  өңешке  тарайды,  бірақ  олар  ас  қазанға  кірер  жерде  орналасды.  Өңештің 
төменгі  бөлігінде  жараның  өзіне  тән  формасы  кездеседі  (өңештің  пептикалық 
ойық – жарасы), олар асқазан жарасына өте ұқсас болады. Осындай ойық-жаралар 
рефлюксэзофагит нәтежиесінде, яғни асқазан ішіндегісінің өңешке қарай атқылау 
және ол жерде қабыну үрдісінің дамуы салдарынан туындайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет