Құрметті қазақстандықтар!



Pdf көрінісі
бет16/16
Дата03.03.2017
өлшемі11,84 Mb.
#7543
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Ханзада ДОШАН.

ТАЗАЛЫҚ ПЕН 

ТӘРТІП. БҰЛ 

ҚОС ҰҒЫМ 

ШИПАЖАЙДАҒЫ 

ӘРБІР ЖАННЫҢ 

ӨМІРЛІК 

ДАҒДЫСЫНА, 

СҮЙІКТІ 

ҰСТАНЫМЫНА 

АЙНАЛҒАН. СЕБЕБІ, 

ТАЗАЛЫҚ БАР ЖЕР-

ДЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР 

САЛТЫ, АЛ ТӘРТІП 

БАР ЖЕРДЕ ЖҮЙЕЛІ 

ЖҰМЫС БАР. РА-

СЫНДА ДА, АТҚАН 

ТАҢЫН ТАЗАЛЫҚТАН 

БАС ТАЙТЫН 

ШИПАЖАЙЛЫҚ 

АҚ ХАЛАТТЫЛАР 

ТӘРТІП АТТЫ КЕМЕЛ 

ҚАСИЕТКЕ КЕҢІНЕН 

ҚАНЫҚҚАН. 

ЕҢБЕКТІҢ ҚАДІРІН 

БІЛІП, МАҢДАЙ 

ТЕРМЕН ТАПҚАН 

НӘПАҚАНЫ 

БАҚЫТПЕН 

БАЙЛАНЫСТЫРҒАН...

ТАЗАЛЫҚ

 

ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ



ТАЗАЛЫҚ

 

ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ



Сәуле АБДУЛЛАЕВА,

кезекші медбике.



Кезекші редактор Мақпал ПӘТЕНОВА.

Ақүйіктегі  ақжарқын  ағайындармен  жүздесу 

үшін Қаратауды бетке алдық. Межелі мекенге жет-

кен соң, мәдениет үйіне табан тіредік. Клубтың кең 

залында  халық  лық  толы.  Аудан  басшысы  Ғалым 

Әміреев  өткен  жылы  өңірде  атқарылған  бірқатар 

жұмыстар жайында есеп берді. Әрі ағымдағы жылға 

жоспарлаған  ауқымды  жобаларды  халыққа  та-

ныстырды.  Мұнан  кейін,  ауыл  өмірінің  қоғамдық 

тыныштығы  жайлы  жергілікті  полиция  қызметі 

басшысының  орынбасары  Бауыржан  Сопбеков  сөз 

алып,  қоғамдық  тәртіп  жайында  мәлімдеді.  По-

лиция  капитаны  сөзіне  қарағанда  өткен  жылы 

54  әкімшілік  құқық  бұзушылық  көрініс  тапқан. 

Тарқатып  айтқанда,  үш  азамат  алкоголь  өнімін 

пайдаланған,  екі  тұрған  қоғамдық  ортақ  пайдала-

ну  орнын  ластаған,  бес  адам  ит-мысықты  асырау 

және  серуендету  қағидатын  бұзған.  Сегіз  азамат 

белгіленбеген  орында  сауда-саттық  жасаған.  Сөз 

соңында  полиция  қызметкері  ауыл  тұрғындарына 

мал жайылымы мен пада ұйымдастыру ісін жетілдіру 

керектігін де басты назарға салды.

Жалпы, Ақүйік ауылында 416 отбасы, 2610 адам 

тіршілік етуде. Халық тау етегінен несібе ырзығын 

теріп,  қыр  басынан  төрт  түлігін  қайырып  отырған 

жайы  бар.  Бір  сөзбен  айтқанда  төрт  түліктің  ба-

сын көбейтіп, мал шаруашылығын өркендетіп отыр. 

Бүгінде  Ақүйіктің  «Ақсеңгір»,  «Жәния»,  «Берді», 

«Қоспанбай»,  «Байқұтан»,  «Мұрат-Қ»  секілді 

шаруақожалығы сапалы өнімдері мен асыл тұқымды 

мал асырау бойынша елге танылып келеді.

Кезекті сөзді алған Ақүйік ауылдық округі әкімі 

Әскербек  Мырзанұлы  2016  жылда  атқарылған 

жұмыстарын  тізбектей  келе,  Ш.Нарымбаева 

көшесінде 400 метр көлемінде суағар жасалғанын, 

тұрмыстық  қалдық  тастайтын  арнайы  орын 

ашылғанын  және  323  мың  600  теңге  иегерілмей 

қалғанын сөз етті. 

Рахым ҚОЖАНҰЛЫ, зейнеткер:

– Менің тұтас ғұмырым Ақүйікте өтіп жатыр. 

Елмен бірге қиындық та, қызықшылық та көріп 

келемін. Біздің ауыл соңғы жылдары өркендеу 

һәм даму жолына түсті. Олай деуге негіз бар. Ау-

ылда 11 көше бар болса, соның 7-жетеуіне ас-

фальт төселіп, көк желекпен көркейтілуде. Қазір 

кешкі мезгілде алты көшеде жарық жағылып, 

жаяу жүргіншілерге қолайлы қимылдауға жағдай 

жасалған. Табиғатты аялап, жүрген жолымызды 

таза ұстауға жастарды баулып келеміз. Қоғамдық 

көліктер шешімін тапқан. Монша аптасына екі күн 

жұмыс істейді. Сонымен қатар үш мейрамхана 

халыққа қызмет етеді.



***

Келесі  бағыт  Шалқия  кентіне  беттедік.  Халық 

саны 3088-ге жеткен кенттің тіршілігі өзге өңірлерге 

қарағанда қарбалас. Себебі мұнда, «Шалқия–ЦИНК 

ЛТД»  АҚ  мен  бес  ірі  тас  зауыттары  жұмыс  жасай-

ды.  Зауыттарда  ауыл  азаматтары  басым.  Қысқаша 

айтқанда, жұмыс істеймін деген жанға екі қолға бір 

күрек табыла кетеді. Тіпті, көрші ауылдардан да келіп 

іс  істеп  жүргендерді  кезіктіруге  болады.  Кеншілер 

қалашығының  тұрғындары  ауылшаруашылығымен 

де  айналысады.  Қысқасы,  жеті  гектар  көкөніс,  бес 

гектар  бақша,  төрт  гектар  жүгері,  екі  гектар  кор-

топ егіп, халық сұранысын қанағаттандырады. Оған 

қоса төрт түлігі түлеп, мал басын көбейтуде екен. 

Ауыл  орталығындағы  №86  орта  мектебінде 

өрбіген жиында кент әкімі Молдахмет Ауанов жыл 

бойы  атқарылған  істер  жайында  тізбектей  келе, 

алдағы айларға жоспарлаған міндеттерімен бөлісті. 

Ең  бірінші  кезекте  Шалқия-Құттықожа  аралығын 

жалғайтын  жолды  асфальттауды  қойыпты.  Екінші, 

Шалқия  кентінен  клуб  үйін  салуды,  үшінші, 

Құттықожа ауылындағы ескі екі мектеп ғимаратын 

жеке  балабақша  етіп  қайта  ашуды,  төртінші,  Аль-

фараби,  З.Мұсаханов,  А.  Қошқаров,  Жібек  жолы 

көшелеріне қиыршық тас төсеу жоспарда бар. 

Түйіндей  айтқанда,  Ақүйік,  Шалқия,  Жайыл-

ма  және  Сүттіқұдық  тұрғындары  билік  өкілдеріне 

су мәселесін алға тартты. Себебі, ауыл тіршілігінің 

негізгі көзі – су. Бірі – таза су тапшылығын сөз етсе, 

енді  бірі  –  ауылды  жасыл  желекке  көмкеру  үшін 

аяқ  судың  берілуін  өтінді.  Тіпті,  төрт  түлік  ішетін 

суаттардың  жеке  меншік  иелігіне  өтіп  кеткенін, 

осындай  мәселелерді  шешіп  беруін  аудан  әкімінен 

сұрады.  Ауыл  тұрғындарының  сөзіне  құлақ  асқан 

Ғалым  Әміреев  түйіткілдерді  шешуге  жеке-жеке 

жұмыс жасалатынын жеткізді.



Абзал ҚҰНАНБАЕВ, Шалқия кентінің тұрғыны:

– Кенттің ажары кіре бастады. Тұрғындар 

жұмыспен қамтылып, әлеуметтік ахуал түзеле ба-

стады. «Шалқия-ЦИНК» АҚ-да 156 ауыл жаста-

ры орналасқан. Одан өзге де жұмыс көздері бар. 

Алайда ауылда кәріздер мен аяқ су мәселесі 

шешілмей тұр. Мал ұстайтын жандардың түйіткілі 

шешілсе, мүйізді ірі қара өсіруге кент аймағы 

қолайлы. 

Кәріз сулардың ескеруі салдарынан су жер бетіне 

шығып, мал ішуде. Осыны жаңартатын кез келді 

деп есептейміз. Кенттің тамырына нәр берерлік 

аяқ су берілсе де жаман болмас. Есік алдандағы 

бау-бақша көгеріп, тіршілік жанданар еді. 

Көшелердің жарықтандыруы жалғасын тапса игі іс 

болары сөзсіз.



***

Кестеге сай келесі ауылға бет түзедік. Ғасырға 

жуық  тарихы  бар,  аудан  орталы ғынан  бөлек 

Қазақстанның  түкпір-түкпіріне  қауын-қарбызымен 

белгілі,  ырысы  мен  ынтымағы  жарасқан  Жай-

ылма  ауылына  келдік.  Округ  әкімі  Талғат  Зей-

далиев  былтырғы  атқарған  жұмыстары  жайын-

да  баяндады.  Баяндамадан  белгілі  болғандай, 

«Өңірлерді»  дамыту  бағдарламасына  сәйкес  ауыл 

көркейіп,  Б.Жүсіпов  көшесінің  бойына  екі  жер-

ден  арка  қойылған.  Тағзым  алаңы,  «Тәуелсіздік» 

саябағы,  Қаратау  бойындағы  Қақпа  өңіріндегі  6 

гектар жерге абаттандыру жұмыстары жүргізілген. 

Осы  жылы  №195  орта  мектебі  мектеп-гимназияға 

айналған.  Сонымен  қатар,  әкім  округте  21  шаруа 

қожалығы мен бір селолық тұтыну және бір су пай-

далану  кооперативтері  жұмыс  жасайтынын,  «Ас-

хат»,  «Өтеш»,  «Ақбота»  шаруа  қожалықтарына 

«Сыбаға»  бағдарламасымен  малды  асылданды-

ру негізінде жұмыс жүргізіп, 2 млн. 907 мың теңге 

мемлекеттік  субсидия  төленген.  Егіспен  айналы-

сатын  шаруашылықтарға  мемлекет  тарапынан 

барлығы 1 млн. 843 мың теңге субсидия, суға 137 

мың  теңге  жеңілдіктер  берілген.  Ал,  «Жұмыспен 

қамту-2020»  бағдарламасымен  ауылдан  бір  аза-

мат 3 млн. теңге несие алып, кіші наубайхана ашып 

тұрғындарды  арзан  нан  өнімдерімен  қамтамасыз 

етіп  отыр  екен.  Оған  қоса,  ауылда  2017  жылғы 

жоспарға  «Тәуелсіздік»  саябағының  ішкі  ауданына 

тұғырлар орнату, ардагерлер аллеясын жасау, мал-

шылар  слеті  өтетін  Қақпа  өңіріндегі  ұлттық  спорт 

шаралары  ұйымдастырылатын  орынды  абаттанды-

ру, жарықтандыру жұмыстары кірген.

Дегенмен,  шешімін  таппай  тұрған  мәселе  де 

баршылық.  Оны  ауылдың  зейнеткерлері  мәселе 

етіп  көтерді.  Олар:  ауылды  аяқ  су  және  электр 

жарығымен  толықтай  қаматамасыз  ету,  көше 

бойындағы  жарықтарды  көбейту  және  ауыр 

жүк  көліктерін  орталық  көшеден  өтпей  айналып 

өтуін  қадағалау.  Жалпы,  есеп  беруде  көтерілген 

ұсыныстарға  аудан  әкімі  Ғалым  Махмұтбайұлы 

алдағы  уақытта  талдап-саралап  жазбаша  жауап 

беретінін жеткізді.



Мәлік ӘБУОВ, Жайылма ауылдық округі 

ақсақалдар кеңесінің мүшесі:

–  Өздеріңізге  белгілі  ауылдың  90  жылдық  ме-

рейтойы  кең  көлемде  аталып  өтті.  Бұл  да  бол-

са  әкімдердің  жүйелі  жұмыс  жасауының  нәтижесі 

деп  ойлаймын.  Аудан  әкімінің  «бір  жылда  ау-

дан  көлемінде  6  мектеп  салынады»,  –  дегені 

жақсы  жаңалық.  Өткен  жыл  ауыл  үшін  нәтижелі 

жұмыстарға  толы  болды.  Атап  айтқанда,  бірнеше 

шаруа  қожалықтары  мемлекеттен  қолдау  тау-

ып,  істерін  өркендетті.  Абаттандыру  жұмыстары 

жүргізіліп,  Тағзым  алаңы,  «Тәуелсіздік»  саябағы 

көркейді.  Басшылардың  жұмысына  жақсы  деген 

баға беремін.



***

Сүттіқұдық  -  ауызбіршілігі  мол,  құт  қонған 

елді  мекені.  Ауылдың  былтырғы  көңіл  қуантарлық 

жаңалығы  -  ауыл  кіре  берісінде  мен  мұндалап 

тұрған дәрігерлік амбулатория. Ол қазір халықтың 

игілігіне жұмыс жасауда. Өңір әкімі Мақсат Абдулла-

ев өткен жылы жасаған жұмыстар мен биылғы жылы 

атқаратын  істер  жайында  есеп  берді.  Былтырғы 

жылы  жаяу  жүргіншілер  жолы,  ардагерлер  аллея-

сы салынып, 3 көшеге тас төселіп, клуб жөндеуден 

өткен.  Округте  жалпы  22  шаруа  қожалығы  мем-

лекеттен  3929,5  теңге  субсидия  алған.  Оның  12-і 

1089  бас  малдың  селекциясына  19602,0  теңге 

қаржы  алса,  10  шаруа  қожалығы  жем-шөпке 

26994,5  теңге  мемлекет  қолдауын  пайдаланған. 

Өткен жылы округ бойынша жалпы 122 гектар жер-

ге  егіс  егіліп,  оған  мемлекеттен  2200,0  теңге  суб-

сидия  төленген.  Жұмыссыздықты  азайту,  шағын 

кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Жұмыспен қамту 

2020»  бағдарламасымен  3  ауыл  тұрғыны  11млн. 

теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, ірі қара 

мал басын бордақылауда. Жасалған игі істер 2017 

жылы  жалғасын  тауып,  ауылды  аббаттандыру-

көгалдандыру жұмыстары мен шағын кәсіпкерлерге 

қолдау көрсету одан ары дами түспек.

Десе де, ауылда шешімін таппай тұрған мәселе 

де  жоқ  емес.  Ол  –  аяқ  су  тапшылығы.  Ауыл 

ақсақалдары аяқ су тапшылығының себептерін ай-

тып, аудан әкімінен каналдарды ашып беруін өтінді.



Рахманберді МӘДӘЛИЕВ, Сүттіқұдық 

ауылының тұрғыны:

–  Ғалым  Махмұтбайұлының  бастамасымен  ау-

даннан көп қабатты тұрғын үй салынып жатқандығы, 

болашақта ол үйлер халыққа ипотекамен берілетіні 

көңіл қуантады. Келешекте сол үйлерде біздің ба-

лаларымыз  тұрса,  ауданға  жұмыспен  барған  жа-

стар баспаналы болса нұр үстіне нұр. Өткен жылға 

өкпе  жоқ.  Әкім  ауылды  абаттандырып,  жолдар-

ды  жөндеп,  Майтөбеден  мектепке  дейін  бара-

тын  жүргінші  жолын,  екі  электр  трансформатрын 

жаңадан  ауыстырып,  ардагерлер  аллеясын  салды. 

Әкімдердің атқарған жұмыстарына өте жақсы деген 

баға беремін.



Мақпал ПАТЕНОВА,

Айсұлу АЛДАНАЗАР.

ҚЫРДАҒЫ АУЫЛДЫҢ ҚАРҚЫНЫ

ҚЫРДАҒЫ АУЫЛДЫҢ ҚАРҚЫНЫ

ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 

«ҚАЗАҚСТАН 2050» СТРАТЕГИЯСЫН-

ДА: «МЕН ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫ 

ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН 

БЕКІТТІМ. ОЛ АУЫЛДЫҚ, СЕЛОЛЫҚ 

ДЕҢГЕЙДЕ БАСҚАРУ САЛАСЫН 

АРТТЫРУҒА МҮМКІНДІК ЖАСАЙДЫ 

ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ 

МАҢЫЗЫ БАР МӘСЕЛЕЛЕРГЕ 

ҚАТЫСУЫН КЕҢЕЙТЕДІ» ДЕП, АУЫЛ 

АҒАЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ 

БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУҒА СЕРПІН 

БЕРГЕН ЕДІ.  ПРЕЗИДЕНТТІҢ 

ПӘРМЕНДІ СӨЗІН ҚУАТТАҒАН АУ-

ДАН БАСШЫСЫ МЕН АУЫЛ ӘКІМДЕРІ 

ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЖЫЛДЫҚ 

ЕСЕП БЕРУ НАУҚАНЫН ӨТКІЗУДЕ. 

ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК ПЕН ҚАРАПАЙЫМ 

ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА ЕРКІН 

ПІКІР АЛМАСЫП, АУЫЛ ӨМІРІНЕ 

ҚАТЫСТЫ ТҮЙІТКІЛДЕРДІҢ ТҮЙІНІН 

ТАРҚАТУҒА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫН-

БАСАРЛАРЫ, САЛА БАСШЫЛАРЫ, 

КӘСІПОРЫН-МЕКЕМЕ  МЕҢГЕРУШІЛЕРІ 

КӨПШІЛІКТІҢ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН 

САУАЛҒА ЖАУАП БЕРДІ.

БІЗ АУДАН ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ 

ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ КЕЗІНДЕ 

ОСЫ СҰРАҚҚА ЖАУАП ІЗДЕДІК.

Келер күннен тек жақсылықты сабырмен күте 

білетін  Қосүйеңкі  ауылдық  округінде  өткен  жыл 

табысты  болғанын  ауыл  әкімі  Жанай  Жанпейісов 

кезекті  есеп  беруінде  нақтылай  кетті.  Негізінен 

егіннен гөрі  мал  шаруашылығына  қолайлы  аймақ 

болып  есептелетін  округте  шаруа  қожалықтары 

мен 18 дара кәсіпкер бұл күндері мал тұқымдарын 

асылдандыру  бағытында  қарқынды  жұмыстар 

жүргізуде.  Яғни  олар  осы  жұмыстарды  игергені 

үшін  мемлекеттен  25234,7  мың  теңге  субсидия 

алған.  Бұл  шаруашылығын  жолға  қоямын  деген 

талапкер  үшін  қомақты  көмек.  «Жұмыспен  қамту 

– 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 

бір кәсіпкер мал басын көбейту мақсатында 1.500 

млн.  теңге  жеңілдетілген  несие  алып  нәтижелі 

жұмыс жүргізуде. 

Ауылда  екі  ауылшаруашылығы  өндірістік 

кооперативі  құрылып,  онда  40  қызметкер  еңбек 

етуде.  Ауылдың  әлеуметтік  ахуалын  жақсарту, 

көркейту – көгалдандыру жұмыстары үшін бөлінген 

бюджет қаржысы толығымен игерілген. «Өңірлерді 

дамыту»  бағдарламасына  сәйкес  орталық  көше 

жанынан  жаяу  жүргіншілер  жолы  салыныпты. 

Сондай-ақ,  жұмыссыздық  мәселесі  бірізге  түсіп 

келеді. Мәселен, жыл бойына аудандық жұмыспен 

қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  және 

азаматтардың  хал  актілерін  тіркеу  бөлімінде  26 

адам  жұмыссыз  ретінде  тіркелген  болса,  соның 

тоғызы  тұрақты  жұмысқа  орналасқан.  Ал,  12 

жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға тартылған. 



***

«Бір  жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас  шығарып», 

қай бір істі болмасын көпшіліктің көңіл таразысы-

на салып, ортақ мүдде жолында еңбек ете білген 

ауылдың  тынысы  тарылмайтыны  белгілі.  Осы 

мақсатты  жолды  бағдар  еткен  Манап  ауылдық 

округі  үшін  де  өткен  жыл  табысты  болғанын 

ауыл  әкімі  Ербол  Әлменов  есеп  беруінде  тілге 

тиек етті. Жалпы, жергілікті тұрғындардың негізгі 

еңбек  көзі  мал  шаруашылығы  мен  ескі  тоғанға 

су  мол  жиналған  жылдары  шамалап  егін  егу-

мен айналысады. Қалған жұмысқа жарамды ауыл 

тұрғындарының 20 пайызға жуығы бюджеттік ме-

кемелер мен кәсіпорындарда еңбек етуде екен.

Округте  соңғы  жылдары  мал  басының 

артқандығы  анық  байқалады.  Әсіресе  мүйізді  ірі 

қара басы 10 пайыз, ал, қой мен ешкі 10 пайыздан 

15 пайызға артқан. Ауылдағы шаруа қожалықтары 

«Сыбаға»  және  «Алтын  асық»  бағдарламасы  ая-

сында  қолдағы  малдарын  асылдандырумен 

тұрақты айналысуда. Жыл аяғында «Талап бекеті» 

ауылшаруашылығы  кооперативі  ашылды.  Коо-

перативке  бүгінде  бекеттің  18  тұрғыны  мүше  бо-

лып  тіркеліпті.  Қазірдің  өзінде  67  ірі  қара  асы-

рап  отырған  кооперативтің  болашағы  жарқын 

екендігіне көпшілік сенім білдіріп отыр.

Білім  саласында  да  оң  өзгерістер  жетерлік. 

2016  жылы  №254  негізгі  мектеп  құрылысы 

аяқталып,  ауыл  балаларына  білім  алуына  зор 

мүмкіндік  туып  отыр.  Сонымен  қатар,  «Батыс 

Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік дәлізінен Талап 

бекеті аралығындағы жеті шақырым жолға орташа 

жөндеу жұмыстары жүргізіліп, екі көше асфальтта-

лып саябақ салынған.

***

Тұрғылықты халқы негізінен теміржол саласын-



да еңбек  ететін  Талап  ауылдық  округі аудандағы 

егін және мал шаруашылығы дамымаған бірден-бір 

елді мекен.

–  Ауылдық  округте  «Өңірлерді  дамыту» 

бағдарламасы  шеңберінде  ауылдың  әлеуметтік-

экономикалық  жағынан  дамуына  жәрдемдесу 

мақсатында  бюджеттен  1069,0  теңге  қаралыпты. 

Оның  419,0  мың  теңгесі  игерілді.  Бесарық 

бекетінің  тау  жақ  бетінің  тұрғындарының  «Батыс 

Қытай  –  Батыс  Еуропа»  автокөлік  дәлізіне  дейін 

баратын  ешкімнің  теңгерімінде  жоқ  3  шақырым 

тас жол сот шешіміне сәйкес аудандық тұрғын үй, 

коммуналдық  шаруашылығы,  жолаушылар  көлігі 

және  автомобиль  жолдары  бөлімінің  теңгеріміне 

алынды.  Үш  көшені  асфальттау  үшін  жобалау 

сметалық  құжаттары  жасалды,  –  деді  Әбдісаттар 

Шаханов.

Ауыл тұрғындарының малдарының ұрлануының 

алдын  алу  мақсатында  малдарды  сырғалау, 

таңбалау  мен  олардың  құлақтарына  ен  салу, 

бақташы шығару туралы жиын өткізілген. Мал ба-

сын  бірдейлендіруді  уақтысында  бітіру  мәселесі 

күн  тәртібіне  қойылған.  Дегенмен  есепті  жиын 

кезінде ауыл тұрғындарының ұсынысын ескере от-

ырып  Ғалым  Махмұтбайұлы  аудан  әкімі  аппарат 

басшысы  Бахтияр  Ахметовке  қызметтік  тексеру 

жүргізіп, қорытындысын беруді тапсырды. 

***

«Бесарық» су қоймасының 90 пайызын пайда-

ланып отырған Бесарық ауылдық округі егіске де 

малға да қолайлы аймақта орналасқан. Ауыл әкімі 

Әлібек  Абдуллаевтың  баяндамасынан  2016  жылы 

біраз істің атқарылғандығы байқалады. 

Ауылшаруашылығы саласында өткен жылы 530 

гектар жерге егіс егілген. Яғни 100 гектарға дәндік 

жүгері, 30 гектар жаздық бидай, 51 гектарға бақша 

өнімдері  егілсе,  қалған  жерге  көкөніс,  жоңышқа, 

мақсары мен картоп егіліп, одан мол өнім алынған. 

Округте мал басын аман сақтау және мал аурула-

рына қарсы егу, бірдейлендіру мен құжаттандыру 

жұмыстары  жолға  қойылған.  Мал  тұқымдарын 

асылдандыру мен көбейту тұрғысында «Көбелдес» 

шаруа  қожалығы  «Құлан»  бағдарламасы  аясын-

да 130 бас жылқы малын алып, мал басын асыл-

дандыру  мақсатында  жұмыс  жасауда.  Округтегі 

42  шаруа  қожалығы,  23  жеке  кәсіпкер  мен  3 

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  түрлі салада 

кәсіппен айналысады.

Ауылдық округ орталығын абаттандыру  және 

көгалдандыру мен аллея жасау мақсатында 12879,3 

мың теңгенің жобалау сметалық құжаттары жасал-

ды. Өткен жылы бюджеттен бөлінген 4879,3 мың  

теңгеге  қоршаулар  жасалып,  түрлі  саялы  ағаш 

көшеттері  егілді.  Үш  көшенің  жарық  бағаналары 

ретке келтіріліп, бір көшенің шамдары ауыстырыл-

ды.  «Жұмыспен  қамту  –  2020»  бағдарламасына 

сәйкес бір азамат 2,0 млн. теңге көлемінде несие 

алып, мал шаруашылығымен айналысуда. 

***


Қарт  Қаратаудың  батыс  сілемінде  орналасқан 

Қыраш  ауылдық  округі  әуел  бастан  мал 

шаруашылығына  бейімделген.  Есепті  жыл  ішінде 

ауылда  жұмыссыз  жүрген  азаматтарды  ішінара 

жұмыспен  қамту  жұмысы  тұрақты  бақылауға 

алынып  6  азамат  қоғамдық  жұмысқа  тартылса, 

«Жұмыспен  қамту  –  2020»  бағдарламасы  бойын-

ша    екі  азамат  6800,0  мың  теңге  жеңілдетілген 

несие  алып,  шаруашылығын  жүргізуде.  Ауылдың 

бас  жағындағы  жаңадан  салынған  үйлерге  2,5 

км  электр  желісі  тартылған,  «Өңірлерді  дамыту» 

бағдарламасы бойынша қаралған 793,0 мың теңге 

толық игерілген. Баға ұсынысы бойынша «Қайнар 

бұлақ» су жолдарын жөндеуге  байланысты  дара 

кәсіпкер «Мүсірепов Е» жеңімпаз болып табылып 

290000  теңгенің  жұмысын  атқарғанын  ауыл  әкімі 

Сәруар Биімбетов есеп беруінде мәлім етті.

Экономикалық  әлеуеттің  артыумен  қатар 

мәдени-рухани    шаралардың  да  мән  мазмұны 

артып  келеді.    Бұл  тұрғыда  ауылдық  округ 

аумағындағы  Тоқтамыс    елді  мекенінде  облыс 

басшысы  Қырымбек  Көшербаевтың  қатысуымен 

«Тоқтамыс батыр» кесенесі ашылды. Мұның келе-

шек ұрпаққа тәлімдік маңызы зор екені айқын. 

Ауыл ахуалы 

ҚАЛАЙ?


Гүлдана ЕЛЕУСИЗОВА, 

«Гальван» 



тоғымен емдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет