Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.
Ұжымдық жұмыс.
10 мин.
“Бір минут” әдісі
|
Оқушылармен бірге сабақ мақсатын ашу;
Комплекс сандар жиыны нақты сандар жиынын кеңейту болып табылатынын,комплекстік жазықтықта екі түйіндес сандар қалай орналасатынын білеміз.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Комплекс сан мен нақты санның айырмашылығы?
Комплекс санның модулі нені білдіреді?
Комплекстік жазықтық деген нені білдіреді?
Оқушылар сұрактарға жауап береді
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.
Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Дескриптор:
-1-ші сұраққа жауап береді. 1-балл
-2-ші сұраққа жауап береді.1-балл
-3-ші сұраққа жауап береді.1-балл
Бағалау
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|