1. Қалыптастырушы бағалау нәтижелері күн сайын электрондық/қағаз журналға балл түрінде қойылады



Pdf көрінісі
Дата06.01.2022
өлшемі202,77 Kb.
#15559
Байланысты:
ФБ жадынама



Шектеу шаралары жағдайында оқыту кезіндегі қалыптастырушы бағалау бойынша 

ЖАДЫНАМА 

 

 

1.  Қалыптастырушы  бағалау  нәтижелері  күн  сайын  электрондық/қағаз  журналға 

балл түрінде қойылады.  

2.  Қалыптастырушы  бағалау  үшін  ең  жоғары  балл  2-11  сыныптарда  10  балдан 

аспайды, бұл ретте 1-3 балл төменгі деңгей критерийлеріне сәйкес келеді, 4-7 балл – 

орта деңгей, 8-10 балл – жоғары деңгей. 

3. Мұғалім күн сайын журналда білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін 

келесі саралауға сәйкес балл түрінде белгілейді: 

1 балл-10% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберді, сабақта пассивті, 

мұғаліммен  кері  байланыс  нәтижелері  бойынша  қорытынды  жасамайды,  тапсырмаларды 

орындау кезінде дербестік танытпайды, өткен материалды білмейді

2  балл  –  20%  -  ға  дейін  оқу  тапсырмаларын  орындады,  қателіктер  жіберді,  сабақта 

пассивті,  мұғаліммен  кері  байланыс  нәтижелері  бойынша  әрдайым  тиісті  қорытынды 

жасай бермейді,тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды; 

3  балл  –  30%  -  ға  дейін  оқу  тапсырмаларын  орындады,  қателіктер  жіберді,  қателіктерін 

түзетуге  тырысады,  сабақта  кейде  белсенділік  танытады,  оқу  тапсырмаларын  орындау 

кезінде мұғалімнің/ата-ананың/құрдастарының қолдауын қажет етеді;      

4  балл  -  оқу  тапсырмаларының  40%  -  на  дейін  орындады,  қателіктер  жіберді,  қателерді 

түзету  кезінде  көмек  қажет,  әрдайым  белсенді  бола  бермейді,  кейде  тапсырмаларды 

орындау кезінде дербестік танытады; 

5 балл - 50% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, бес қате жіберді, мұғалімнің көмегі 

қажет,  сабақта  әрдайым  белсенді  бола  бермейді,  кейде  мүмкін  болатын  тапсырмаларды 

орындау кезінде дербестік танытады; 

6  балл  -  оқу  тапсырмаларының  60%  -  на  дейін  орындады,  4  қате  жіберді,  мұғалімнің 

көмегі қажет, сабақта ынталы, орташа күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады



7  балл  -  70%  -  ға  дейін  оқу  тапсырмаларын  орындады,  3  қате  жіберді,  қателіктерді 

уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады; 



8 балл - оқу тапсырмаларының 80% - на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателіктер жіберді, 

мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателіктерін түзетеді, Белсенді, өз бетінше жұмыс 

жасайды;  

9 балл - оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде 

шамалы дәлсіздіктерге жол берді, қателермен жұмыс істейді, Белсенді, өз бетінше жұмыс 

жасайды;  

10  балл-оқу  тапсырмаларының  100%  орындады,  қателіктер  жібермеді,  белсенді,  дербес 

жұмыс жасай алады, өз жауаптарын түсіндіре алады, негіздей алады.   



4.  Кеңейтілген  кері  байланыс  үшін  мұғалім  оқушының  электронды  күнделігі 

арқылы түсініктемелер түрінде ұсынылатын айдарларды қолданады. 

5. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. 

6.  ҚО  режимінің  енгізілуіне  байланысты  енгізілген  электрондық  журнал 

форматындағы  өзгерістерді  түсіндіру  үшін  оқу  жылының  басында  ата-аналар  мен 

мұғалімдерге электрондық журналды пайдалану туралы жадынама беріледі. 


7.  қалыптастырушы бағалау қорытындысы қорытынды баға қою кезінде ескеріледі 

және  жалпы  балдың  ең  жоғары  25%  -  ын құрайды  (1  балл  2,5%  -  ға теңестіріледі). 

Электрондық  журнал  қалыптастырушы  бағалау  үшін  орташа  балды  автоматты 

түрде  шығарады  және  ТЖБ  бағанына  дейін  орналастырылған жеке  бағанға  қояды 

(бұл қалыптастырушы бағалау үшін орташа балды шығаруды жеңілдетеді). 

8.  БЖБ және ТЖБ  есептеу қолданыстағы формула бойынша есептеледі. 

9.  Қорытынды  баға  25%,  25%  және  50%  арақатынаста  қалыптастырушы  бағалау 

үшін орташа баллды ескере отырып шығарылады.  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет