10.4.1.4 елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтау(қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін біледі.
Көпшілік оқушылар үшін:
Елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін сипаттап береді.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.