3
№ 60 (10356) сәрсенбі 23 шілде 2014 жыл.
Аягөз қалалық
балабақшаларға кезегі
келген балалар тізімі
Аягөз аудандық білім бөлімі
басшысының м.у.а. Н.Қантаев
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы,
«Аягөз аудандық білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесі азаматтық қызметкер
лауазымының бос орнына орналасуға
конкурс жариялайды
Лауазым: Аягөз аудандық білім бөлімінің «С. Ғаббасов атындағы
жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің директоры, « Айғыз жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Білім мекемесінің орналасқан жері (мекен-жайы): ШҚО, Аягөз
ауданы, Мамырсу ауылы, «С. Ғаббасов атындағы жалпы білім
беретін орта мектеп» КММ, ШҚО, Аягөз ауданы, Айғыз ауылы, «
Айғыз жалпы білім беретін орта мектеп» КММ.
Негізгі қызметі: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
бағдарламаларын жүзеге асыру.
Лауазымдық жалақы мөлшері: 65302-ден 72204 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері:
Білім беру ұйымының қызметін оның Жарғысына және басқа
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқару. Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және
әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.
Бағдарламалар мен жұмыс жоспарын бекітеді. Бекітілген учаскедегі
балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына
сәйкес, жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу – тәрбие
процесін ғылыми әдістемелік және материалдық-техникалық базасын
ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық
технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық
ұйымдар , әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне
ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар,
тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен
тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғайды қамтамасыз етеді. Жетім
және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан
шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке,
мүліктік, баспаналық, еңбек және т.б.) қорғайды, олардың туысқандық
байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.
Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін
белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамсыз етеді. Оқу-
тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің)
және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігіне,
денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды
қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану
және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және
оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру
ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын
құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі
және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу- материалдық
базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі
еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті
қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді
және жұмысқа тартуды жүзеге асырады. Басқару құрылымын,
қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын
бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды
жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар
мен білім беру ұйымындағы қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай
марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің
аясында жаза белгілейді.
Жұртшылықпен,
ата-аналармен
(немесе
оларды
алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік
және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп
беру құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының «Еңбек Кодексін», «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Лицензиялау туралы»,
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан
айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы
әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы
құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңдарын, педагогика және психология негіздері
және аталмыш лауазым бойынша функционалдық міндеттерді
атқаруға қажетті өзге де заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді;
педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартын; педагогикалық ғылым мен практиканың
жетістіктерін,
менеджмент
негіздерін,
қаржы-шаруашылық
қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың,
техника қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен
нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды білуі қажет.
Конкурсқа қатысуы үшін:
1) жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімінің болуы
(педагогикалық немесе бейіні бойынша);
2) педагогикалық жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы немесе
білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында
немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес
жылдан кем болмауы;
3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;
4) үш жылдан кем емес педагогикалық салада әкімшілік жұмыс
тәжірибесінің болуы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес
білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық
қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;
5) облыстық білім басқармасының кандидатура бойынша
келісімінің болуы;
6) сотталмаған болуы тиіс.
Конкурс Азаматтық қызметке орналасу және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 849
қаулысымен бекітілген азаматтық қызметкер лауазымының бос
орнына орналасуға конкурс өткізу ережелерінің, ҚР Білім және
ғылым министрлігінің «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»
21. 02.2012 жылғы №57 бұйрығы негізінде, аудандық білім бөлімінде
өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу
орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен
қоса өтініш;
2) нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын
құжат көшірмесі;
3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;
4) нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
5) бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен
кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6) бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы
жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) нотариалды куәландырылған бар біліктілік санат немесе
ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
9) сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа
қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру
жергілікті бұқаралық ақпарат «Аягөз жаңалықтары» басылымында
жарияланған күннен бастап 15 күннің ішінде
төмендегі мекен-
жайға тапсырылуы тиіс:
Аягөз қаласы, Б.Момышұлы көшесі №58, «Аягөз аудандық білім
бөлімі» ММ, 2- қабат, 26 кабинет, 09.00-12.30, 14.00-18.00 дейін.
Анықтамалар үшін телефон: 2-41-62, 3-25-17, e-mail- ayagoz_roo@
mail.ru
4
№ 60 (10356) сәрсенбі 23 шілде 2014 жыл.
ТОО“Аягөз
жаңалықтары“
аудандық
газеті”
Құрылтайшысы:
Аягөз ауданының
әкімі
Мекен-жайымыз:
Аягөз қаласы, Абай бульвары, 24 а.
Газет “Рекламный Дайджест”
баспаханасында басылды.
070002. Өскемен қ. Абай
проспектісі, 20/1, офис 207.
Тел./факс: 47-23-56, 45-16-17
Таралымы 4843 дана.
Тапсырыс №
Телефондар:
Редактор 3-06-00
орынбасары: 3-34-17
бухгалтер, жарнама
бөлімі: 3-00-53
e-mail:
ayagoz_news@mail.ru
Директор -
Бас редактор
Е.Дайырбаев
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және Ақпарат министрлiгi
2013 жылы 21 мамырда берген тiркеу
куәлiгi N 13627- Г Газет аптасына
2 рет шығады 2 А2 форматына
(420х595 мм) теңестіріліп 2 баспа
табақ
Газеттегі
авторлық пікірі
редакциянікімен
сәйкес келмеуі
мүмкін
Асқар таудай әкеміз
ЖҰМАБЕКҰЛЫ ҚҰЛЫНТАЙДЫ
еске аламыз.
Шілденің шіліңгір ыстығына
сабыр ете жүріп, міне, Оразаның
айтына да келіп жеттік. Ораза
айт – Ислам дініндегі қадірлі
қос мерекенің бірі. Бұл мереке
сонау сахабалар дәуірінен бері
ерекше аталып келеді. Мұсылман
жұртшылығы
бұл
мереке
қарсаңында оразаның біткеніне
емес, мұсылмандық бес парыздың
бірін
аман-есен
атқарғанына
қуанады.Отыз күндік оразаның
соңын ала Айт мерекесінің келуінің
астарында да хикмет бар. Бір
жағынан айт мерекесі оразадан
кейінгі Алла тағаланың құлдарына
берген дүниедегі сыйлығы болса,
ал екінші жағынан нағыз қуаныш пен
ұлы мереке ақыретте екенін еске
салуда.Ардақты пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) бірде «Уа, Әбу Бәкір, әр
қауымның өз мерекесі бар, біздің
мейрамымыз осы» деп, ораза
айттың мұсылмандар үшін ерекше
мереке екенін білдірген . Айт
күні ғұсыл құйыну, айт намазына
барарда үйден бір нәрсе жеп шығу,
әдемі иіс себіну, барған жолымен
емес қайтарда басқа жолмен
қайту, жоқ-жітікке садақа үлестіру –
сүннет істерге жатады.Жабирдың
айтуынша, Расулаллаһ мешіттен
барған жолмен емес, басқа жолмен
қайтатын .Ал Әнастың (р.а.)
риуаятында
«Пайғамбарымыз
ораза айт намазына үйінен құрма
жеп шығатын» делінген Ораза
айты адамдарды бауырмалдылық
пен кішіпейілділікке, кешірімділік
пен сүйіспеншілікке шақырады.
Мұсылмандар бұл күні сүннет
бойынша
мерекелік
көңіл-
күймен мешітке жиналып айт
намазын оқып, одан кейін бір-
бірінің үйлеріне айттап барып
мерекелерімен
құттықтайды.
Бір-бірін құттықтағанда сахаба-
ларымыз «Алла баршамыздың
күнәларымызды кешірсін» деп
дұға еткен. Солар секілді біздің
де өзара дұға тілеп, Алладан
көбірек
кешірім
сұрағанымыз
абзал. Мерекеде ренжісіп қалған
кісілер татуласып, әр үйде сәні
мен салтанаты ерекше мерекелік
дастархан жайылады. Қарияларға
сәлем беріп батасын алу, сырқат
кісілерді зиярат етіп көңілін
сұрау да мереке қуанышына
қуаныш қосады. Күндіз осылайша
Айт
мерекесін
атап
өткен
мұсылмандар кешке қарай да
қарап отырмаған. Дініміз бойынша
айт түндерін құлшылықпен өткізу
сауапты амал. Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) бір хадисінде «Кімде-кім
ораза айтының түні мен құрбан
айтының
түнін
құлшылықпен
өткізсе,
барша
адамдардың
жүректері өлетін күн келгенде, ол
адамның жүрегі өлмейді» деген.
Рамазан айында мұсылмандардың
құлшылыққа ерекше ден қоятыны
белгілі. Отыз күндік оразадан
бөлек
күнделікті
тарауих
намазы мен Құран хатымдары,
ауызашарлардағы айтылған уағыз-
насихаттар қасиетті айдың мәнін
айшықтай түседі. Сол рамазан
айында оқыған намазымыз бен
Құранымызды ораза бітісімен
тастап кету тіптен жөн емес. Адам
баласы Алла тағалаға құлшылық
жасау үшін жаратылғандықтан,
аталмыш
ғибадаттарымызды
бұдан
былай
да
әдетке
айналдырып, келер оразаға дейін
үзбей орындай алсақ, рамазан
айының
біздің
иманымыздың
өсуіне сеп болғаны. Отыз күндік
оразамыздың Алла тағаланың
алдында айтарлықтай мәнге ие
болғаны.
Өйткені
Жаратушы
Иеміз аз да болса тұрақты
істелген амалдарды ұнатады.
Айт мерекесінің келуі қасиетті
рамазан айының аяқталғанын
білдіреді. Айт мерекесі келгенде
біз он екі айдың ішіндегі ең қасиетті
аймен бір жылға, мүмкін өмірлік
қоштасарымызды
ескеруіміз
керек. Алла тағала жүрегімізге
иман, елімізге тыныштық, бірлік-
береке бергей! Рамазан айында
ұстаған
оразаларымыз
бен
құлшылық - ғибадаттарымызды
қабыл етіп, екі дүниенің бақытына
бөлегей! Халқымыздың ынтымақ-
бірлігін арттырып, ырыс - несібесін
адалынан молайтқай! Рамазан
айты қабыл болып дінімізге қуат,
жүрегімізге иман байлығын бергей!
Рамазан айт намазы 28 – ші шілде
сағат 7. 00 – де оқылады. Бала –
шағаларымызбен айт намазына
қатысайық. Тілек дұғаларымыз
қабыл болсын.
Маратхан қажы Мұхтарханұлы
Аягөз қалалық
мешітінің бас имамы
Қадірлі
жамағат!
Республиканың Халыққа қызмет көрсету
орталықтары мүмкіндігі шектеулі адамдарды ХҚКО-
ға жұмысқа тарту бойынша белсенді жұмыстар
жүргізуде. Бүгінде осындай қызметкерлердің
саны 142 адамды құрайды, ал жылдың соңына
дейін оның санын 200 адамға дейін арттыру
жоспарланып отыр.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы
жұмыс- бұл ең алдымен клиенттермен жұмыс жасау.
Мұндай жұмыс жауапкершілік, коммуникабельділік,
ымыраға келу сияқты ерекше жеке бас қасиеттерін
талап етеді. Әдетте, мүмкіндігі шектеулі адамдар осы
барлық қасиеттерге ие жақсы қызметкерлер болып
келеді. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі үш адам ХҚКО-
да басқарушы лауазымда жұмыс жасауда, жүзден
астам адам – ХҚКО мамандары мен инспекторлары.
Болашақта ХҚКО-да осындай қызметкерлер саны
тек қана артады деген үміттеміз» - деп атап өтті
«ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Әсемгүл
Балташева.
Әсемгүл Балташеваның айтуынша, осындай
қызметкерлердің
лауазымдық
міндеттеріне
қызметті алуға өтініштер қабылдау, өтініштердің
дұрыс толтырылуын және құжаттар топтамасының
қалыптастырылуын тексеру, өтініш иелеріне дайын
құжаттарды беру және т.б. жатады. Мүмкіндігі шектеулі
адамдар реттеу залдарында ғана емес, сондай-
ақ жинақтау секторы мен дайын құжаттарды беру
Жылдың басынан бастап Халыққа қызмет көрсету
орталықтарында мүмкіндігі шектеулі 44 адам жұмысқа
орналастырылды
секторында да жұмыс істейді.
Мүгедек қызметкерлерге ХҚКО-да қысқартылған-
аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты
көзделген. Осылайша, мүгедектігі бар ХҚКО
қызметкері жұмыста күніне 6 сағаттан аспайтын уақыт
өткізеді.
Сондай-ақ, Елбасшының халықтың кеңінен
таралған
тобының
мемлекеттік
қызметтерге
қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша алға
қойған міндеттерін орындау шеңберінде Халыққа
қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі
адамдардың мемлекеттік қызметтер алуы үшін
қажетті жағдайлар жасауға баса назар аударылып
жатқандығын атап өту керек. Бұл үшін әр ХҚКО-да
мүмкіндігі шектеулі адамдардан құжаттар қабылдау
үшін жеке жұмыс орындары бөлінді, сондай-ақ
пандустар мен шақырту батырмалары орнатылған.
1 және 2 санаттағы мүгедектерге мемлекеттік
қызметтер көрсету үшін Халыққа қызмет көрсету
орталықтарында арнайы мобильдік топтар жұмыс
жасауда. Осындай мобильдік топты шақырту үшін
адамға 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс
орталығына жүгіну қажет. Айтпақшы, 2014 жылғы 6
айға мобильдік топтар 5 мыңнан астам мемлекеттік
қызмет көрсеткен.
ШҚО бойынша «ХҚКО» РМК филиалының
Аягөз аудандық бөлімі
Байқау
Елбасы жолдауын насихаттау, патриоттық тәрбиені дамыту,
мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуді, халқымыздың ұлт-
тық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау, жастардың біліктілігі
мен шеберлігін сараптау, ауданымыздағы 18-29 жас аралығындағы
шығармашыл, бастамашыл жастар интелегенциясын, ата салтын
ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін
бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу, жастар бастамасын
дамыту мақсатында 2014 жылдың 8-9 тамызында ауданымыздағы
жастар арасында «Аягөз сұлтаны» байқауы өткізіледі.
Осыған байланысты, бағын сынап, өнерін ортаға саламын
деуші азаматтар болса қатысуға шақырамыз. Жарыс
жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Мекен жайымыз: Абай даңғылы 12, тел:3-27-81, 3-28-71.
+77759868366
Электронды адрес: mc6vko@mail.ru
Ұйымдастырушылар:
«Аягөз аудандық жастар орталығы»КММ
Аягөз ауданындағы 18-29 жас
аралығындағы
ер жігіттердің назарына!
Бір жыл өтті асқар тауым
құлағалы,
Бір жыл өтті анам іздеп жылағалы.
Әр күніміз сағынышпен өткенімен
Жүрегіміз әке деп соғады әлі.
Амал не? Сұм ажалға араша жоқ.
Еске алып, бағыштаймыз құранды
көп.
Топырағың торқа боп, жан әкешім,
Биігінде пейіштің шалқыңыз тек.
Марқұм әкеміздің 1 жылдық
асы 24 маусымда сағат 12-00-де
және 15-00-де Мәдениет ауылында
беріледі. Туған-туыс, құда-жекжат,
Мәдениет ауылы тұрғындарын асқа
шақырамыз.
Еске алушылар:
жұбайы Тыныштық,
балалары және немерелері.
Байқауға қатысу
шарттары:
Қазақ тілінде еркін сөйлей
алатын, қазақ дәстүрі мен
тарихынан сусындаған, өнерлі әрі
спортпен шыныққан азамат болу.
1. Қатысушы жайлы нақты
ақпарат (түйіндеме);
2. Жас шамасы 18-29 жас;
3. Қазақ тілін еркін меңгерген,
тілге шешен болуы.
4. Байқауға киетін қазақша
ұлттық нақыштағы костьюмдері
болуы тиіс.
Байқау үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең (Спорттық):
1.Қазақша күрес
2.Гір көтеру
3.Қол күрес
4. Ләңгі тебу
5. Асық ату
Екінші кезең (Атқа қатысты
ұлттық сайыс өнерлері):
1.Ат ерттеу
2.Құрық салу
3.Теңге алу
4.Жамбы ату
Үшінші кезең (Сахналық
сайыс):
1.Өзін–өзі таныстыру
2.Өз өнері
3.Қол өнер
4.Бата беру
Шілденің 20 күні Шыңғожа
ауылында ұлағатты ұстаз, от
ауызды, орақ тілді ақын болған,
«Қазақ ССР-нің халық ағарту
ісінің озық қызметкері», марқұм
Қайырғазы Исалинге балалары
мен туыстары ас беріп, құран-
қатым түсірді.
Қайырғазы Исалин 1930 жылы
осы Нарын ауылында дүниеге
келген.
Алматы
қаласындағы
мемлекеттік қазақ педагогикалық
институтын
география-химия
мамандығы
бойынша
бітіріп,
еңбек жолын туған ауылындағы
орта мектепте бастаған. Сан
жүздеген шәкірттерін білім нәрінен
сусындатқан
ұстаз.
Сонымен
қатар алты кітабы жарық көрген
ақын. Зейнетке шыққанша табан
аудармай осы мектепте еңбек
еткен ардагер.
Марқұмның
қарындасы
Кәмаш апай астың алдында
жиналған қауымға Қайырғазы
ақсақалдың
өмірден
өткеніне
10 жыл толып отырғанына орай
балаларының еске алып, ас
беріп
отырғанына
тоқталып,
ардагер ағаның еңбек жолы мен
шығармашылығынан сыр ақтарды.
Асқа келген ауылдастарына деген
ризашылығын білдірді.
Ауылдастары, бірге қызметтес
болған әріптестері марқұмның
білімді ұстаз, кемшілікті бетке
айтатын турашыл мінезді адам
болғанын естеріне алысты.
Өз тілшіміз.
Ақын
рухына
тағзым
ЕСКЕ АЛУ
ОБЪЯВЛЕНИЕ
Сдается помещение в аренду под офис, магазин или кафе,
площадь 164 кв.м. В центре, возле БТА Банка, сот. 8 778 464
54 54.