Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Ұларбек Нұрғалымұлының «Қараманнан шыққан қайыршы»



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата14.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#107305
1   2
 
 
 
Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Ұларбек Нұрғалымұлы – қазақ прозасын тамыры тереңнен 
бастау алған, тұнығы лайланбаған ерекше қазақы әңгімелермен 
байытқан қаламгер. Жазушы шығармалары ӛзіндік шұрайлы 
тілімен, әсерлі оқиғаларымен, шынайылығымен оқырманды тәнті 
етпей қоймайды.
Мәселен, автордың «Қараманнан шыққан 
қайыршы» әңгімесін оқыған жан еріксіз езу тартып, туындыдан 
қазақы дархан пейіл мен ақ жүректілікті, жалпы алғанда қазақы 
болмысымызды тани түседі. Тіпті, аталмыш шығарманы оқыған 
қазіргі қазақ әдебиетінің алыптарының бірі Тыныштықбек 
Әбдікәкімұлы жазушыға «кӛзі тірі классик!» деп баға берген екен. 
«Қараманнан шыққан қайыршы» әңгімесі – шынында да 
шағын да болса шымыр жазылған ӛзгеше туынды. Шығарманың 
ӛзегі «құдайы қонақ» деген ұғыммен астасады. «Құдайы қонақ – 
күтпеген жерден келіп түскен қонақтың аты. Құдайы қонақ деп 
арнайы шақырылмаған, жол-жӛнекей келе жатып түстеніп немесе 
бір күн түнеп шығатын бұйрықпен келген қонақты айтады. Қазақ 


мәдениетінде үйге келіп түсетін кӛп қонақтың ішінде осындай 
қонақ түрін ерекшелеп бӛліп алып, оған айрықша құрмет кӛрсетіп, 
қадірлеуінің маңызы зор». Сонымен қатар, әңгімеден сыйластық, 
мейірім, жомарттық, жайсаңдық сынды адами қасиеттерді 
аңғарамыз. 
Қорыта айтсақ, туынды қапысыз қазақ руханиятының 
кемелдігін танытып, оқырманын даналыққа жетелейді. 
Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:
 
 
kitapjaris 

https://instagram.com/kitapjaris?igshid=YmMyMTA2M2Y

 
Кітапgram 
 
https://t.me/kitappgram
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет