Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!
Таласбек Әсемқұлов – қазақ руханиятына ӛлшеусіз
үлес қосқан тұлға. Жазушының
қай шығармасын алып
қарасақ та, терең таным мен даналыққа куә боламыз.
Автор ӛз оқырманын әр
туындысында парасат шыңына
жетелейді. Т.Әсемқұловтың «Кәрі аты» да
сондай
шығармалардың кӛш басында.
Тораңғыл қасқаның тағдыры баяндалатын «Кәрі ат»
әңгімесінде автор ӛршіл рухты, қайсар, намысты ұлттық
болмысымызды
танытады.
Аталмыш
шығармада
оқырманын селт еткізетін бұлқынып жатқан мінез бар.
Сондықтан да
туынды адам жанын тебірентіп,
ерекше
сезімге бӛлейді.
Біз қазақ елі ежелден дархан даланы дүр дүлділдің
дүбіріне бӛлеген ержүрек ұлтпыз.
Тарихқа зер салсақ
қазақ халқындағы тұлпар
құндылығы тереңнен бастау
алады. Әдебиетіміздің ӛзінде
жүйрік, асқақ,
сезімтал,
кірпияз, кербез,
киелі тұлпар жайлы жазылған
туындылар қаншама!? «Кәрі ат» әңгімесі де сол қатарды
қапысыз толықтырып тұрған шығарма.
Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:
kitapjaris
https://instagram.com/kitapjaris?igshid=YmMyMTA2M
2Y
=
Кітапgram
https://t.me/kitappgram