Келген шетелдік ғалымдардың
сапалық деңгейі туралы не
айтасыз?
- Шетелден мамандар мен
ғалымдар шақыру барысында әуелі
әріптестік байланыс орнататын
жоғарғы оқу орнының, сонан соң
келетін ғалымның сапалық деңгейіне
айрықша мән береміз. Сондықтан
әлемнің ең беделді жоғары оқу
орындарына басымдық танытамыз.
Бүгінгі таңда бір жылдық келісім
негізінде келген шетелдік ғалымдар
арасында Гарвард университеті
(АҚШ), Хаджетепе университеті
(Түркияның ең алдыңғы қатарлы
10 жоғарғы оқу орны арасында),
София университеті (Болгария),
Тюлейн университеті (АҚШ), Лион
университеті (Франция), Кардифф
университеті (Ұлыбритания) және
Каир университеті (Египет) сынды
әлемнің алдыңғы қатарлы оқу
орындарының ғалымдары бар.
-
Шетелден ғалым тарту
университеттің зерттеу
Оқу орнымыздың студенттері жаппай қысқы емтихандарын тапсыру үстінде. Сынақ тапсы-
рушылар мен оны қабылдаушы профессор-оқытушылар үшін де осы күндердің жауапкершілігі өте
жоғары. Ұлттық университетімізде өз деңгейінде өтіп жатқан жауапты тоқсан жайлы жуырда ректор
Е.Бәтташұылының қатысуымен өткен ректорат жиналысында жан-жақты талданып, қажетті шаралар
қарастырылды. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Шәмен Балтабайұлы осы
тақырып барысы жөнінде баяндама жасаған болатын. Аталған анықтаманы қаз-қалпында оқырмандар
назарына ұсынуды жөн көрдік.
Қысқы сессия жүріп жатыр
Скоро Новый год, а это значит, что нас ждет много поздравлений,
счастливых улыбок и подарков. По старой, доброй традиции,
ежегодно, в канун Нового года, Профсоюзная организация
студентов и магистрантов «Сенiм» ЕНУ им. Л.Н Гумилева не
забывает презентовать подарки.
В этом году, новогодние подарки получили: 100 малоимущих
студентов, 120 лучших старост из 12 факультетов, 10 магистрантов, и
70 активистов из различных молодежных организации, действующих
в нашем университете. 24 декабря, в главном корпусе, состоялся
новогодний бал-маскарад, организованный Центром Молодежной
политики и Профсоюзной организацией студентов и магистрантов
«Сенiм». Бал-маскарад был поистине интересным, завораживающим
и загадочным. Закончилось мероприятие выступлением «звездочек»
университета.
Профсоюзная организация студентов и магистров «Сенiм» ЕНУ
им. Л.Н Гумилева, от всей души поздравляет Всех с наступающим
Новым 2012 годом! Желает Вам всего самого лучшего! Пусть успех и
благополучие всегда будет с Вами!
Диана СЕЙФУЛЛИНА
Подарки от «Сенім»
университеті дәрежесіне қол
жеткізуіне қаншалықты ықпал
етуде?
- Шетелден ғалымдар тарту
университеттегі магистрант,
докторант және профессорлық-
оқытушылық құрамның импакт-
факторлы ғылыми басылымдарда
жарияланған мақалалар санының
артуына елеулі ықпал етті. Сонымен
қатар, шетелдік ғалымдармен бірлесе
отырып, ғылыми монографиялар
мен оқулықтар дайындау ісі де жолға
қойылды. Мәселен, ядролық физика,
нанотехнология, биология, кванттық
химия т.б. салаларда алға қойылған
ғылыми межелердің үдесінен шығу
үшін Қазақстанда ұлттық грид-
инфрақұрылым жобасы дайындала
бастады. Университетіміздің
бірқатар профессорлары өздері
атап көрсеткендей, шетелден ғалым
тарту профессорлық-оқытушылық
құрамымыздың ағылшын тілін
тереңдете меңгерулеріне де оңды
ықпал етті. Оқытушыларымыз өздері
қатысқан дәрістер мен дөңгелек
үстелдерде шетелдік әріптестерімен
ағылшын тілінде сөйлесу арқылы шет
тілін қолдану тәжірибелерін шыңдай
түсті. Келген шетелдік мамандар
арқылы университетіміздің
рейтінгін көтеріп қана қоймай
қазақстандық оқу жүйесін әлемдік
оқу жүйесіне ықпалдастыра отырып,
еліміздің танылуына да мол үлес
қостық. Енді келген мамандардың
саласына тоқталсақ, жалпы алғанда
шақырылған мамандардың 45%-ы
нақты ғылымдардан яғни, физика-
математика саласынан болса, 20%-
ы әлеуметтік ғылымдар бойынша,
20%-ы гуманитарлық, 15%-ы
жаратылыстану ғылымдары бойынша
шақырылған.
-
Бағдарламаның тиімділігін
әлде де арттыра түсуге бола ма?
- Шетелден ғалымдар шақыру
еліміздегі жоғары оқу орындарының
ғылыми-зерттеу әлеуетін
арттыратын аса маңызды жоба
деп есептеймін. Дегенмен, осы
орайда айта кетерлік бір түйткілді
жайт, Қазақстан Республикасы
Білім министрлігінің осы саланы
реттейтін арнайы құқықтық-
нормативтік базасының немесе
тиісті ережесінің жоқтығы болып
отыр. Бұл жағдай жобаның барынша
тиімді түрде жүзеге асырылуында
бірқатар қиындықтар туындатып
отыр. Осы тұрғыдан шетелдік
мамандар шақыруға байланысты
ортақ бір нормативтік база
қалыптастыруды ұсынып отырмыз.
Бұл үшін министрлік деңгейінде
арнайы сараптау тобы құрылып,
барлық мәселелер ескеріле отырып
арнайы нормативтік құжат дайындау
қажет. Көкейде жүрген тағы бір
мәселе - осы іске университеттің
кафедралары, ғылыми-зерттеу
институттары белсенділік танытып,
ұзақ мерзімге шетелдік оқытушылар
мен зерттеушілерді шақыру және
нақты нәтижеге қол жеткізуге
мүмкіндік тудыратын жобаларды
дамыту арқылы университетіміздің
білім мен ғылым салаларындағы
халықаралық ынтымақтастықты
нығайтуға атсалысса нұр үстіне нұр
болар еді деген ойдамын.
- Бұл бағдарлама отандық
ғылымға, отандық ғалымдардың
кәсіби деңгейінің жоғарылауына
қаншалықты пайдалы?
- Отандық ғылым 1990 жылдары
үлкен құлдырауды бастан өткергені
белгілі. Экономикадағы ауыр
күйзелістің салдары ғылымды да
аяусыз шарпыды. Сол жылдары
білікті мамандар мен ғалымдардың
көпшілігі ғылым саласын тастауға
мәжбүр болды. Дегенмен, еліміз
еңсе тіктеп, қарқынды дамуға
қадам басқалы ғылым саласына да
мықтап ден қойды. Осы тұста едәуір
тұралап қалған Кеңестік ғылыми
дәстүрді бүгінгі әлемдік ғылыммен
интеграциялау аса жауапты міндет.
Ғылым саласына биылдан бастап
бірқатар жаңалықтар енгізіліп, PhD
докторларын дайындау ісі жолға
қойылды. Осы тұрғыдан қарағанда
шетелдік әріптестермен тәжірибе
алмасудың пайдасы мол. Дегенмен,
біздегі көптеген ғылым салалары,
атап айтқанда математика, физика
сынды нақты ғылымдар және осы
саладағы ғалымдарымыз ешкімнен
де кем емес. Сондықтан, ғылыми
институттар мен зерттеулерді
дамыту мақсатымен шетелден
ғалымдар шақырумен қоса отандық
ғалымдарды, әсіресе жас ғалымдарды
қолдап, демеп отыру керек. Ғылымға
көңіл бөлу – болашаққа жасалған
инвестиция екенін ұмытпаған абзал.
- Өзіңіз басқарып отырған
департамент туралы не айтасыз?
- Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-
нің Жоғарғы оқу орнынан кейінгі
білім беру департаментінде бүгінде
ондаған қызметкер жемісті еңбек
етуде. Биылғы жылы шетелден
ұзын саны 262 ғалым шақырылды.
Бұл айтуға оңай болғанымен,
мұның астарында тынымсыз еңбек,
атқарылған қомақты шаруалар бар.
Осы істердің өз үдесінен шығуында
барша қызметкерлер өзіндік
үлесін қосты. Орайы келгенде,
Шаяхметова Жанна мен Тұяқова
Динараның еңбектерін айрықша
атап өткім келеді. Сонымен қатар,
осы іске белсене атсалысқан
университетіміздің бірқатар
кафедраларына да алғысым мол. Атап
айтқанда, математика, теориялық
физика, философия, археология және
этнология, аймақтану, биология
кафедралары айрықша белсенділік
танытты. Жалпы осы бағдарламаның
орындалуын зерттеу университеті
ретінде даму үшін стратегиялық
тұрғыдан мақсат етіп белгілеп, үлкен
маңыз беріп отырған университет
басшылығына, ректор Е.Б. Сыздықов
мырзаға алғысымыз зор.
- Алда жаңа жыл мерекесі келе
жатыр, оқырмандарымыз үшін бір
ауыз тілегіңізді алсақ?
- Биыл тәуелсіздігіміздің 20
жылдық асқаралы асуын еңсердік.
Осы уақыт аралығында еліміз
әлемдік өркениеттің қатардағы
бір мүшесі ғана болып қоймай,
өзіндік орны мен абыройы бар
беделді мемлекетке айналды. Осы
тұрғыдан елдің ынтымағы жарасқан
бірлігі мен ел тізгінін ұстаған
Елбасының парасатын айрықша
бағалаймын. «Бірлік бар жерде
тірлік бар» деген дана халқымыз.
Қазақстанның 20 жылдықтағы
жетістіктерінің барлығы бірлік пен
татулықтың арқасында болды деп
ойлаймын. Сондықтан елімізде
әрқашан тыныштық, татулық және
береке болсын, елорда төріндегі
іргелі оқу ордамыз Еуразия ұлттық
университеті алдағы жылдарда жаңа
биіктерді бағындыра берсін деп
тілеймін!
- Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Г.Шәуенова
Білім мен ғылым
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
4
5
ЖЕЛТОҚСАН
2011
ЖЕЛТОҚСАН
2011
Философия - слово, которое до сих пор
было для меня вопросом, казалось, что это
сложное и необъяснимая наука. Хотя в дей-
ствительности, философия- это необъятная
наука, в которой каждый человек находит
свою истину, в ином смысле, это субстан-
ция, принимающая любую форму. В перево-
де с греческого - «любовь к мудрости», хотя
я её понимаю, как «любовь к мышлению».
Да, конечно, мудрость и мышление, совсем
разные вещи, мудрость-это способность
правильно мыслить и извлекать выводы,
обычно оно приходит через многолетний
опыт, еще одно различие между ними заклю-
чается в том, что мыслить может любой, а
мудрствовать далеко не каждый. Исходя из
этого, философия, как любовь к мышлению
доступна всем и, как правило, двери любой
науки должны быть открыты каждому чело-
веку, а последний сам выбирает в какие во-
рота войти. Для меня философия открыла
широкие горизонты возможности челове-
ческого мышления. Также философия учит
самопознанию, этике, нормам морали, соци-
ологий, для некоторых даже способствует
поддержанию духовного благосостояния. В
силу того, что у всех людей мысли индиви-
дуальны, и у каждого своя истинна, фило-
софию можно назвать особенной наукой по
сравнению с другими. Ведь самое прекра-
сное в философий это то, что если правильно
и логически упорядоченно рассказать твою
точку зрения(мысли, идеи), конечно если
они соответствуют нормам морали, тогда
её воспримут как правильную. Говоря о том,
когда и как меня заинтересовала филосо-
фия, я начинаю понимать, как давно я с ней
столкнулся, причем сам не подозревая этого.
Это было в начале 5-го класса, тогда мои ин-
тересы ограничивались, оценками в школе,
играми во дворе, компьютерными играми
и танцам. И тогда после перевода в другую
школу, я увидел надпись, в кабинете матема-
тики, «Учение - без размышления, ничто»,
я был ошеломлен, меня поразила, истинна
этих слов. В тот момент я впервые задумался
о важности умения размышлять, а не о бага-
же знаний (хотя это тоже немаловажно). И
это был первый шаг в философию, именно
вследствие этого я начал интересоваться
афоризмами и трудами известных авторов,
я начал искать истину во всех процессах на-
шей жизни, и в самой жизни тоже . Те слова
принадлежали Конфуцию, для меня он яв-
ляется не только философом но и учителем,
я истинно благодарен ему. С того времени, я
начал строить для себя некоторые принци-
пы, идеологий, мировоззрения, начал заду-
мываться о духовных и физических потреб-
ностях, понимать важность норм морали,
совести. В итоге моя жизнь пошла совсем
другим путем, я начал больше времени про-
водить за книгами, посещал библиотеки, уде-
лял внимание саморазвитию. Я начал зада-
ваться вопросами: Для чего я размышляю?,
Какая польза от этого?, К чему я приду?. Но
я понял, что человек должен двигаться по
воле своей души, не выходя из рамок свое-
го рассудка, тогда он, действительно, будет
счастливым. И воля моей души - это любовь,
ощущение гармоний, стремление к доброте,
познание нового. А рассудок - логика (парой
математика), философия, этика, культура. И
так, как философия включена в этот список,
я не могу отрицать её влияние на мою жизнь.
Именно по этой причине, я понял её важ-
ность. Теперь позвольте я напишу свои раз-
мышления. До сегодняшних дней никто не
доказал как произошел мир, из материй или
из идеи, есть только теоретические догад-
ки. Думая логически, можно предположить,
чтобы существовала идея, необходима мате-
рия, так, как пустое пространство (идея) не
может образовать материю, идея сама долж-
на принадлежать чему или кому-либо, кото-
рая в свою очередь должна материально из
чего-то состоять, то есть материя необходи-
ма для того, что бы существовала идея. Но
это только логически, к сожалению, этого не
достаточно, что бы уверенно утверждать о
первоначале материй. Предположим обрат-
ное, идея создала материю, значит, сама идея
является чем-то не материальным, следова-
тельно, она умеет создавать материю из ни-
чего, а это сверхъестественно. И тут каждый
выбирает сам. Еще есть другой вариант, что
если материя и идея не появлялись, просто
они существуют бесконечное количество
солнечных лет. Да, это трудно представить,
так как любая вещь, в нашем пониманий,
должна зародиться. А вдруг это не так, вдруг
нет начало отсчета времени происхождения
материй и идеи, как бы время их существова-
ния бесконечно. Думаю, что все эти 3 вари-
анта имеют одинаковое право на существо-
вание. Далее, позвольте рассмотреть жизнь
и его смысл(сущность, суть). В моем пони-
маний, жизнь-это процесс, проходящий в
течений существования субъекта. А суще-
ствование в свою очередь, это период пока
душа находиться в твоем теле. Из этого ясно,
что я верю, в существование души. По моему
только душа способна, задавать личные каче-
ства человеку, и она отвечает за чувства (чув-
ство любви, дружбы и т.д), эмоций, желания.
Возможно, что душа существует дольше, чем
проходит жизнь, если рассматривать жизнь
как промежуток на длинном пути сущест-
вования души. Теперь, по моему, можно
рассмотреть и сам смысл жизни. В разных
религиях этому предназначают различный
смысл. И для каждого человека смысл жизни
индивидуален, так как еще никто не доказал
истину сути жизни, и пока это так, каждый
может предполагать по своему. Мои же рас-
суждения таковы. Суть жизни заключается,
в получении удовольствия от самой жизни,
причем живя, пользуясь, только добрыми
намерениями и справедливостью, можно
сказать прожить достойную жизнь. Как
говорил Диоген, «Зачем жить, если не ста-
раться жить хорошо», это тоже важно, надо
стараться сделать такие условия, после кото-
рых ты будешь наслаждаться жизнью. Мо-
жет быть жизнь-это возможность, которая
дается только один раз. Представьте что это
так, начинаешь сразу дорожить каждым мо-
ментом, стараешься прожить полноценную
жизнь, пытаешься догнать всё, что упустил.
Конечно, всем нам, хочется верить, что мы
вернемся на этот свет. Ну, никто не может
нам это гарантировать. Решайте сами це-
нить вам эту жизнь или надеяться на следу-
ющую...Как говорят в Африке, «философия,
как большой баобаб, который невозможно
обнять», поэтому философствовать можно
долго, но я ограничусь этими мыслями. Все
что тут изложено, только сугубо личное моё
мнение, ни одна из идеи не вычитана и не пе-
реписана из другого источника. Соглашать-
ся или критиковать меня, это ваш выбор…
Абдрахман КАЙЫРОЛЛА
Философия и я
Я всегда с удовольствием читаю университетскую газету «Еуразия
университеті», и тем теплее становится на душе от того, что сейчас
есть возможность опубликовать эссе моего студента 2 курса группы М-22
Абдрахмана Кайыроллы на тему «Философия и я». Название слишком
дерзкое, не правда, ли? Но каждое эссе, сочинение на размышление, кото-
рое чего-нибудь да стоит, играет со своим читателем. Будущий философ,
с которым вы познакомитесь, не соответствует убеленного сединами
старца, изрекающего истины в последней инстанции. Нет, он, как при-
знает Ницше, живет «не по - философски». Пытается все опробовать
и испытать. Фантазировать и дурачиться, идти на риск и как сказал
Ж.Ж.Руссо «Осмелиться мыслить самостоятельно». Мне как лектору,
читающему общий курс «Философии» вдвойне приятно, что студент не
философ, а математик изъявил желание написать такое интересное эссе.
Прочтите, кто возьмет в руки нашу университетскую газету. И помни-
те, верный путь не дается тем, кто не раздумывает.
А.ДАДЫРОВА,
Кандидат философских наук
Удели время мыслям, и ты познаешь себя…
Абдрахман К.
Мышление
Жақында шетелдік бір топ про-
фессорлар қатарында Л. Н. Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық универ-
ситетіне Өзбекстандағы М. Ұлықбек
атындағы ұлттық университетінің жур-
налистика факультетінен де профессор-
оқытушылар құрамы арнайы келген
болатын. Олар журналистика және са-
ясаттану факультетінде 60-қа жуық
дәрістер оқып, факультеттің сту-
денттері мен магистранттарына өте
құнды кеңестер берді, шеберлік класста-
рын өткізді. Теориялық жағынан білімі
терең ғалымдар журналистикада да іс
жүзіндегі тәжірибелері бар екендіктерін
айқын аңғартты. Осы сәтті пайдала-
нып Өзбекстанның атақты ғалымы М.
Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық
университетіндегі журналистиканың
Жоғарғы курсының жетекшісі, та-
рих ғылымдарының докторы, профес-
сор Кудрат Туғанұлы Ирназаровпен
әңгімелесудің сәті түскен еді. Біз ТМД-
дағы әйгілі теоретикке бірқатар сауал-
дар қойған едік. Біздің сұрақтарымызға
майталман маман ықыластана, іркілме-
стен жауаптарын қайтарды.
М. Ұлықбек атындағы Өзбекстан
Ұлттық университеті бүгінде Орталық
Азиядағы белді білім ошағына айналып
үлгерді. Әсіресе мұндағы журналисти-
ка факультеті небір әйгілі қаламгерлерді
тәрбиелеп шығарды. Біз әңгімені осы
жайтты білуден бастадық.
−
Кудрат аға, ең алдымен журна-
листика факультетінің ашылу тарихын
айтып кетсеңіз...
−
Біздің Өзбекстан Ұлттық
университетінің құрылу тарихы тереңде
жатыр. Ол еліміздегі ең алғашқы ашылған
жоғарғы оқу орны болса, Кеңестік кезеңде
Орта Азияда іргетасын қалаған ең бірінші
білім ошағы еді. 1949 жылдары филология
факультетінің жанынан ашылған журнали-
стика кафедрасы ретінде есептелдік. Ал,
1968 жылдан бастап өзіміз жеке факуль-
тет боп қайта ашылдық. Міне, содан бері
көптеген мамандар даярлап, әлем универси-
теттерінен еш қалыс қалмай келе жатырмыз.
Факультетімізде «Қоғаммен байланыс»,
«Баспа ісі», «Телерадио» сияқты кафедра-
лар жұмыс атқарып келеді. Міне, олардың
қатарына жуырда «Интернет-журнали-
стика» сияқты жаңадан ашылған кафедра
қосылды.
−
Бізде Қазақстанда балаларға
жоғарғы оқу орындарына түсу үшін «Ал-
тын белгі» деген төсбелгі және мемле-
кеттік грант айрықша қолғабыс болып
табылады. Өзбекстанда да мұндай көмек
қарастырылған ба?
−
Әрине, біздерде де мемлекет та-
рапынан оқушыларға мұндай жағдайлар
қарастырылған. Бірақ, сәл өзгешелеу.
Мәселен, «Президенттік» стипендия,
«Әлішер Науаи», «Бируни» немесе
«Зульфия» атындағы гранттар бар. Әрине,
бұған әркімнің қолы жете бермейді. Оны
жеңіп алу үшін қойылар талап та осал емес.
Сондықтан, оқушы мыңның арасынан алға
суырылып шығып, түрлі іс-шараларда бел-
сенділік танытып, оқуын кілең «5-ке» оқып,
шетел тілдерін де біршама білуі шарт.
−
Журналистика мамандығы
бойынша оқитын студенттердің талпы-
нысы қаншалықты мықты?
−
Менің ойымша, журналистика
факультетіне келген әр студент өздігінше
талапты. Келген бойда көрсем-білсем
деген мақсатты алға қойып, соған жете
білетін студенттердің жігері мені өте қатты
қуантады. Өйткені, еліміздің болашағы мен
жарқын келешегі солардың қолында. Жа-
сыратыны жоқ, бұл мамандыққа адасып
келгендер де бар. Бірақ, өз басым оларға
түсіністікпен қарап, білгендерімді үйретуден
еш аянып қалмаймын. Өзге оқытушыларға
да сондай уәж айтқым келеді. Міне, сонда
ғана біз атқарылған істің нәтижесін байқай
аламыз.
−
Сіздер журналистикаға түсем
деп келген жастарды қандай тәртіппен
оқуға қабылдайсыз?
−
Журналистика – бұл
шығармашылық мамандық болғандықтан,
бойда туа біткен талант пен қабілеттің бо-
луын қажет етеді. Біз мейлінше арман қуып
келген жастардың ішінен өнерлі әрі білімді
оқушыларды іріктеп аламыз. Оқуға қабылдау
арнайы шығармашылық емтиханның
қорытындысымен анықталады. Бізде бұл
сынақ 3 бөлімнен тұрады: біріншісі, жазба-
ша түрде шығармалар қабылданады; екін-
шісі, оқушының сөйлеу мәнерін, талабын
байқау үшін ауызша бөлімге де тоқталамыз.
Ал, үшіншісі, тест түрінде өтетін байқау
сынағы; Міне, осындай сыннан сүрінбей
өткен жастарды біз оқуға қабылдап, оның
алдағы уақытта дайын маман болып шығуы
үшін аянбай еңбек етуге қашан да дайынбыз.
−
Оқу үлгерімі үздік деп танылған
студенттерге арнайы екі ел арасындағы
бағдарламалар қарастырылған ба?
−
Негізінде, біздің осы Қазақстанға
келген басты мақсатымыздың бірі де сол
еді. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни-
верситетімен студенттер алмасу жөніндегі
бағдарлама алдағы уақытта Үкіметтің
қолдауымен іске асып жатса, бұл екі ел үшін
де игі істің бастауы болар деген зор сеніміміз
бар. Студентке теориялық негізді біз универ-
ситет қабырғасында қалап береміз, ары қарай
оны тәжірибемен қатар ұштастыру оның
еншісінде. Сондықтан, осы мақсатымыз
орындалса, біздің жастар Қазақстанға келіп,
көптеген нәрсені үйренуі мүмкін. Соның
арқасында туыстас екі ел арасындағы қарым-
қатынас одан әрі берік болмақ.
−
Студенттердің талантын
шыңдау үшін қандай істер атқарып ке-
лесіздер?
−
Университет қабырғасында
студенттердің тікелей қатысуымен,
оқытушылардың қадағалауымен арнайы
«Журналист» деген газет шығып отырады.
Мұнда білім ошағының соңғы мезетте болып
үлгерген жаңалықтары назардан тыс қалмай
уақытында жарияланады. Одан бөлек,
поэтикалық, прозалық жанрдағы жазылған
шығармалар жеке кітап болып басылып
шығады.
Студенттеріміздің біразы отандық теле-
арналар мен радиоларда, газет редакцияла-
рында тәжірибеден өтеді, жастарға арналған
телерадио хабарлар жазуда ерекше белсен-
ділік танытып, көзге түсіп жатады.
Заман қарқынды дамып келе
жатқандықтан, күн санап техниканың түр-
түрі даму үстінде. Осының бәрін біздің жа-
стар жетік меңгеріп, бес саусақтай біледі.
Сондықтан да, ұстаздар қауымы студенттер-
ге қойылар талапты күшейтіп отырмыз.
Студенттердің шеберлігін арттыру үшін
семинар сабақтарының арасында арнайы
әзірленген бейнефильмдерді де көрсетіп
отырамыз. Бұл да оқытудағы маңызды
методикамыздың бірі.
−
Кудрат аға, сұхбатымыздың
соңында Қазақстанға айтар уық
лебізіңіз...
−
Өткен аптада сіздер Тәуелсіздіктің
20 жылдық мерейтойын атап өттіңіздер. Аз
ғана жылдың ішінде жеткен жетістіктеріңізге
мен де шын жүректен қуанышты екендігімді
айтқым келеді. Қанша дегенмен туыстас екі
халықпыз ғой. Мақсат-тілегіміз де ортақ.
Қазақстандық жастардың осындай элита-
лы университетте білім алып жүргендері
Тәуелсіздіктің арқасында деп біліңіз. Ал,
студенттерге осы алған бетінен таймай,
мақсаттарына жетіп, жарқын болашақтың
кілті-білімге қарай ұмтыла берсін деген тілек
айтқым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |