Құрметті оқытушы-профес- сорлар, салалық құрылым қызметкерлері мен студенттер!



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата12.01.2017
өлшемі5,51 Mb.
#1739
1   2   3   4   5   6

Әрбір жылдың аяқталар 

тұсында әркімнің де жыл бойғы 

атқарылған жұмыстар мен 

өзінің кемшін кеткен немесе 

үлгіре алмаған жайларын са-

ралап, өзіне-өзі есеп беретіні 

ақиқат. Бұл жеке адамнан бастап, 

мекеме, ұжым, ең әрісі  мемлекет 

басшыларына тән қасиет. Осы 

тұрғыда, біз де Еуразия ұлттық 

университетіне қарасты «Еу-

разия–ақпарат» оқу–тәжірибе 

орталығының жыл бойғы 

жұмысын ой елегінен өткізген 

болатынбыз.  

Негізгі қызметі халық-

аралық, республикалық БАҚ 

өкілдерімен, электронды 

ақпарат орталықтарымен бай-

ланыс орнатып, университет-

те өткізілген барлық іс–ша-

ралар жайлы материалдар 

ұйымдастырып газет–журнал 

беттеріне шығару, телерадио 

арқылы көпшілікке насихат-

тау болып табылатын «Еура-

зия–ақпарат» орталығының 

жұмысы жылдан-жылға жанда-

нып келеді. 

Ең басты мәселе – Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің демеушілігімен 

жарық көріп отырған «Еура-

зия университеті» газеті айына 

екі рет үзіліссіз шығып келеді. 

Университеттің ресми үні бо-

лып саналатын басылым қара 

шаңырағымыздағы жылт еткен 

жаңалықтан бастап, ауқымы кең 

маңызды оқиғаларды сараптамалық 

топтама, публицистикалық мақала, 

фоторепортаж түрінде үзбей 

жариялап келеді. «Бос орындар 

жәрмеңкесі», «Күлтегін күні», 

«Талапкер – 2011» тағы да басқа 

атаулы күндерге арналған газетіміз 

тек өзімізде ғана емес, Президент 

әкімшілігі мен министрліктерге, 

республика мектептеріне, өндіріс 

орындары мен кәсіпорындарға, 

кәсіпкерлік орталықтары 

өкілдеріне таратылып беріліп жүр. 

Сонымен қатар, оқу ордамызда 

жыл бойы өтіп жатқан ғылыми кон-

ференциялар мен семинарларға, 

халықаралық кездесулерге, мемле-

кеттік, қоғамдық, мәдени және діни 

жиындарға қатысушылар да біздің 

газетімізбен жақын таныс. Демек, 

газет бетіне екі тілде басылған 

ақпараттардың таралу ауқымы 

кең, алып оқитын оқырманы көп. 

Осы орайда, «Еуразия – ақпарат» 

орталығының директоры әрі «Еу-

разия университеті» газетінің 

бас редакторы, тәжірибесі мол 

журналист Жұмағұлов Кенженің  

басшылығымен жұмыс атқарып 

отырған Құндыз Ералы, Қанат 

Махамбет, Жанар Пернебекова 

және тағы басқа журналистердің  

еңбегін атап өткен жөн.      

Орталыққа қарасты телестудия 

мен радиостудия жұмысы жүйелі 

жолға қойылған. Ақпараттық 

орталықтың күшімен биылғы 

жылы университеттің «Еуразия 

ТВ» телеарнасы мен «Еуразия 

FM» радиосы  оқу ордамыздың 

ішінде эфирге шығып отыр. Ен-

дігі жерде орталықта телерадио 

жаңалықтарынан бастап түрлі ха-

барлар жасауға, әсіресе, күні ертең 

журналист мамандығын алып 

шығатын жастардың тәжірибеден 

өтуіне толық мүмкіндіктер 

жасалған. Мұндағы басты мақсат 

– университетте болып жатқан 

жаңалықтардан көпшілікті хабар-

дар ету және студенттер арасынан 

жас таланттарды іріктеп, жарыққа 

шығару, тәжірибе үйрету. Бұл 

тұста университетте құрылған 

«Жастар саясаты» орталығының 

Арман Жанишеев, Айдын Дихан-

баев, Мақсұт Насибулов, Салтанат 

Арапбаева секілді мүшелерінің 

белсенділігін атап өтуге тұрарлық. 

Орталықтың бөлім меңгерушісі, 

телевизия саласының майтал-

ман маманы Есжанов Сейілбек 

Ташкенбайұлының басшылығында 

жұмыс жасап  жатқан монтаж опе-

раторлары  Жандос Дүйсекеев пен 

Марат Жомартовтың, фотосурет-

ші Ағыбай Аяпберген мен теле-

оператор Елдар Сарқытұлының 

еңбегінің арқасында универси-

тетімізде күнделікті болып жататын 

халықаралық ғылыми конференци-

ялар мен түрлі мемлекеттік және 

қоғамдық ұйымдармен кездесулер, 

құрылымдық салалардың, әрбір 

факультеттің өткізген іс–шаралары 

мен мерекелік қойылымдары және 

басқосулары толығымен бейне 

таспаларға және фотоға түсіріліп, 

мұрағатқа жинақталуда. Құнды 

дүниелерден мұрағат жасаудан 

бөлек, түрлі тақырыптар мен атағы 

алашқа әйгілі ғұлама ғалымдар 

мен академиктердің өмірі мен 

шығармашылығынан деректі филь-

мдер жасау да жолға қойылған. 

Биылғы жылғы күзгі маусымның 

өзінде оқу ордамыздың мұрағаты 

«Евразиялық форум», «Тарихи 

конференция», «Педагогикалық 

форум», «Литва елінің білім 

министрімен кездесу» секілді 

деректі дүниелермен толығып 

отыр.  Осы тұста орталықтың 

материалдық–техникалық жаб-

дықталуына жіті мән беріп 

отырған университетіміздің ректо-

ры Ерлан Бәтташұлы Сыдықовқа 

айтар алғысымыз мол. Оқу орда 

басшысының жанашырлығының 

арқасында келер жылы телера-

дио орталығына заманауи үлгідегі 

қажетті  құрал–жабдықтар алу 

жоспарлануда. Бұл түсінікті де. 

Өйткені, қазіргі заман көшінен 

қалмау үшін, әсіресе, телерадио 

орталықтары жыл сайын жаңа 

үлгідегі құрал–саймандармен 

толығып отыруы аса маңызды.    

«Еуразия–ақпарат» оқу–

тәжірибе орталығын сөз еткенде 

мол тәжірибелі маман Телғозы 

Жұманалин басшылық ететін 

«Ақпараттық баспа бөлімінің» 

жұмысына да тоқталып кет-

кен жөн деп санаймыз. Баспа 

өнімдерін шығарумен айналыса-

тын бөлімде 15-ке тарта маман 

еңбек етеді. Олардың қатарында 

Сергей Ысқақов, Сұбхан Ахман, 

Ақтоты Елешева секілді өз ісінің 

білгір мамандары  бар екенін 

мақтанышпен атап өткіміз келеді. 

Университетіміздің оқытушылық – 

профессорлық құрамының жазған 

оқулықтары мен оқу құралдары, 

ғылыми конференцияларда 

жасалған баяндамалар, ғылыми 

мақалалар осы бөлімнен жарық 

көріп келеді. Биылдың өзінде 24 

оқулықтар мен оқу құралдары, 18 

конференция жинақтары, 4 шетел-

дерге тарайтын журнал, сонымен 

қатар, Еуразия ұлттық универси-

«Еуразия-аќпарат» орталыєы Жаѕа жылмен ќўттыќтайды

теті Хабаршысының Гуманитарлық 

және Жаратылыстану–техникалық 

салаларының барлық сандары және 

«Құқықтану», «Экономика», 

«Педагогика», «Халықаралық 

қатынастар» серияларының осы 

жылғы барлық сандары жарық 

көрді. Мұнымен қоса, күнделікті 

қолданыстағы әдістемелік 

нұсқаулар, ережелер, конференция 

бағдарламалары, шақырулар, ди-

пломдар, алғыс хаттар, буклеттер 

мен проспектілер шығарылады. 

Сондай-ақ, университетіміздің 

барлық факультеттері мен ка-

федраларын оқу процесіне 

қатысты барлық қажетті рұхсат 

қағаздарымен, журналдармен, 

сынақ кітапшаларымен қамтамасыз 

ету де осы бөлімге жүктелген. Бұл 

жай айтуға ғана оңай болғанымен,  

табанды еңбектің нәтижесінде 

мүмкін болып отырған жағдай.  

Сонымен қатар, газет және 

телерадио редакциясымен қоян–

қолтық бірігіп жұмыс істеп жүрген 

авторларымыз да жетерлік. 

Университетіміздің профессор–

оқытушылары мен студенттері, 

проректорлар мен департамент 

директорлары, сала қызметкерлері 

біздің тек оқырманымыз ғана бо-

лып қалмай, шағын мақаладан 

көлемді ғылыми шығармаларына 

дейін бізде жариялап келеді. Біздің 

оларға айтар алғысымыз шексіз!             

Биылғы жыл Еуразия ұлттық 

университеті үшін ғана емес, бүкіл 

еліміз үшін айрықша маңызды 

жыл болды. Биылғы жылы оқу 

ордамыз өзінің 15 жылдығын 

атап өтсе, осыдан аттай жиыр-

ма жыл бұрын Тәуелсіздік алған 

мемлекетіміз Тәуелсіздіктің 20 

жылдығын атап өтті, жаңа кезеңге 

аяқ басты. Тәубе дейміз. Өшкеніміз 

жанып, өлгеніміз тірілгендей күй 

кешудеміз. Барлығы да қасиетті 

Тәуелсіздіктің арқасы. Біз де 

жылдың соңғы  мақаласын  осымен 

аяқтай отырып, келе жатқан жаңа 

2012 жылдан жақсылық пен бе-

реке


–бірлік күтеміз. Сөз соңында 

«Еуразия–ақпарат» оқу–тәжірибе 

орталығының заманауи үлгіде 

жабдықталып,толыққанды жұмыс 

істеп тұруы университетімізде 

өткен, өтетін халықаралық кезде-

сулер мен конференцияларды, 

білім мен ғылым саласында болып 

жатқан жылт еткен жаңалықтарды 

көпшілікке жеткізуде, насихатта-

уда ерекше роль атқаратындығы 

сөзсіз. Мұндай орталықтың 

еліміздегі оқу орындары ішінде не-

кен–саяқ екені де ақиқат. Бұл бізге 

қосымша жауапкершілік жүктейді. 

Жауапкершілік жүгін терең сезіне 

отырып, жаңа жылымыз жетістік-

ке, жағымды жаңалыққа, толағай 

табысқа толы болсын деген тілек 

айтамыз! Жаңа жыл құтты болсын! 



Серік – Ибраһим 

ОРЫНБЕКОВ,

«Еуразия–ақпарат» 

оқу–тәжірибе  орталығы  

директорының орынбасары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет