Құрметті оқушылар!
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша зерттеу жұмыстарын
жүргізуге арналған сұрақтар. Әрбір сұрақты мұқият оқып шығыңыз және сұрақтарға дұрыс
жауап беріңіз.
Аты-жөні: ________________________
Жасы:______ Сыныбы__________
1. Сендердің мектептеріңде сыныптастардың арасында үлкен сыныптардың оқушылары немесе бөтен жақтан үлкен адамдар келіп ақша жинау немесе қорқыту, қиянат жасау іс-әрекеттері болды ма?
а) иә б) жоқ
Бар болса қандай? ______________________________________________________
2. Сендердің мектептеріңде оқушыларға немесе жеке өзіңе күш көрсету, бопсалау, зорлық-зомбылық (әлімжеттік, қорқыту, ұрып-соғу т.с.с) сияқты әрекеттері орын алды ма?
а) иә б) жоқ
3. Егер орын алған болса күш көрсету әрекеттерін (қалай, қашан, қандай мақсатпен, кімге негізделіп) жазып көрсете аласың ба?
__________________________________________________________________________________
4. Көшеде, мектептен тыс жерлерде достарыңыздан, Сізден басқа балалар қандай да бір затты
ақша, телефон, т.б.) тартып алады ма?
а) иә б) жоқ
5. Сіз балаларды қорқытып ақша жинайтын топтарды білесіз бе?
а) иә б) жоқ
Бар болса қандай? ______________________________________________________
6. Әлеуметтік желі арқылы WhatsApр, Instagram, VK, Facebook т.б мессендерлер, парақшалар арқылы саған кибербуллинг жасау жағдайлары орын алды ма?
а) иә б) жоқ
7. Сенің ұялы телефоның ата-ана тарапынан бақыланады ма?
а) иә б) жоқ
Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін РАХМЕТ, сiздiң дербес пiкiрiңiздiң құпиялығына кепiлдiк берiледi!!!
Достарыңызбен бөлісу: |