Құрметті тұтынушылар!



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата19.01.2017
өлшемі6,63 Mb.
#2225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ 

Энергетика  саласының  қызметкерлері 

кәсіби  мерекелерін  қалалық  мәдениет 

үйінде  атап  өтті.  Салтанатты  жиында 

«Жамбыл  электр  жүйесі»  ЖШС  бас  ди-

ректоры  Әлихан  Жарболов  сөз  сөйлеп, 

әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. 

-  Халықты  жарықпен  қамтамасыз  ету 

барысында 2000-ға жуық жұмысшы аян-

бай еңбек етуде. Олар жұмыс барысында 

тапсырманы  орындап  қана  қоймай,  со-

нымен  қатар  энергетика  саласының  ма-

маны ретінде бар күш-жігерін салып,  тер 

төгуде. Осы жылы болған дауылда қиылған 

жарық жүйелерін аз ғана уақыттың ішінде 

жалғап, бар күшін жұмсауда алдарына жан 

салмады. Энергетика саласында жанкешті 

еңбек етіп,  зейнетке шыққан ардагерлерді 

де  осынау  мерекемен  шын  жүректен 

құттықтаймын, - деді Әлихан Жарболов.

Сонымен  қатар  жиын  барысында  сала 

мамандарын облыс әкімінің бірінші орын-

басары Бекболат Орынбеков  те құттықтап, 

өңір халқын жарықпен үздіксіз қамтамасыз 

етуде  ерен  еңбек  сіңіргендерді  арнайы 

Алғыс  хаттармен  марапаттады.  Сондай-

ақ  энергетика  саласы  мамандарының 

кәсіби мерекесіне орай Жамбыл облысы 

әкімдігінің    энергетика  және  тұрғын  үй 

шаруашылық  басқармасының  басшысы 

Ерік Көшербаев та сөз алып,  ізгі тілегін 

арнады. 


Мерекелік  іс-шарада  энергетика  сала-

сынан нәсібін көріп отырған  200-ге жуық 

қызметкер Құрмет грамотасымен марапатта-

лып, 7 мыңнан 12 мың көлемінде сыйақыға 

ие болды. Жыл қорытындысы бойынша сала 

үздіктері анықталып, 1-орынды Красногор 

электр  жүйесі,  2-орын  Тараз  қаласының 

электр  жүйесіне,  ал  3-орын  Т.Рысқұлов 

ауданына берілді.

 

„

22 желтоқсан - Энергетиктер күні. жаңа дәуірдің күш-қуаты мен жаңалығы жарқыраған 



электр қуатында екені анық.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Қалалық  мәслихаттың  депутаты,  Қоғамдық  кеңестің  төрағасы 

Қаржаубай  Бекболатовтың  төрағалығымен  өткен  басқосуға  қала 

әкімдігінің бөлім басшылары мен кеңес мүшелері қатысты. Жиын-

да әуелі «коммуналдық меншікке түсті» деп танылған иесіз қауіпті 

қалдықтарды басқару қағидаларына сараптамалық қорытынды беру 

туралы қала әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Жеңіс Пәрімбеков 

хабарлама жасап, сот шешімінің құқықтық акт жобасын таныстырып 

өтті. Экологияның бұзылуы мен оның алдын алу әлемде ең өзекті 

мәселелердің бірі екендігін атап өткен бөлім басшысы Экологиялық 

кодекске өзгерістер енгізілгендігін жеткізді. Ол өзгерістер бойынша, 

қалдықтарды коммуналдық меншікке беру тек сот шешімінің негізінде 

жүзеге асырылады екен. Басқосуда қала әкімдігінің жұмыспен қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі  басшысының  орынбасары 

Райкүл Талқанбаева халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік 

саясатты жүзеге асыру мақсатында пробация есебінде тұрған адамдар, 

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар және 

ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-

анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері 

болып табылатын жастар мен мүгедектерге бос жұмыс орындарына 

квота беру туралы хабарлама жасады. Оның сөзінше, биылғы жылы 

пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан 

босап шыққан азаматтардың 116-сы жұмыспен қамту орталығына өтініш 

білдіріп, олардың 80 пайызынан астамы тұрақты жұмыспен қамтылыпты. 

Ал мүгедектігі бар 119 азамат арнайы квота бойынша өздеріне жұмыс 

тапқан. Сонымен қатар  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімі кәмелеттік жасқа толмаған 32 жастың тұрақты жұмысқа орна-

ласуына ықпал еткен. Сондай-ақ бөлімнің өңірдегі кәсіпорындармен 

жасаған келісімшарттары негізінде алдағы жылы да жоғарыда аталған 

санаттағы азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылу шаралары күн 

тәртібінен түспейді. 

Жиында мұнан өзге қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жос-

парлау бөлімінің басшысы Қайсар Сарытай Тараз қаласының 2017-2019 

жылдарға арналған бюджет жобасын таныстырды. 2017-2019 жылдарға 

арналған қалалық бюджеттің кірістері ҚР Салық кодексіне, қаланың 

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне, 2016-

2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы мен 2016 жылғы 

салықтық және басқа да міндетті төлемдердің нақты түсіміне негізделіп 

анықталған. Мәселен, 2017 жылға арналған қала бюджетінің кіріс бөлігі 

37 млрд. 764 млн. 282 мың теңгені құрап отыр. Келер жылғы бюджеттің 

бүге-шүгесіне дейін кеңінен тоқталып өткен Қайсар Амантайұлы әр 

салаға бөлінген қаржының барлығында өсімнің бар екендігін атап өтті. 

Басқосуда  Тараз  қалалық  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау 

басқармасы және қала әкімдігінің білім бөлімі мамандарынан құрылған 

топ өкілдерінің оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі бойын-

ша жасаған сараптамасының қорытындысы тыңдалып, аталған мәселеде 

салғырттыққа жол бермеу керектігі баса айтылды. 

 

„

Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен Қоғамдық кеңесте күн тәртібіне бірқатар мәселелер 



шығарылып, талқыланды. 

бюджет жобасы таныстырылды

дәуір ҚуаТы - ЭлекТр кӨЗіНде

Арайлым ШАБДЕНОВА

Жиынды Партиялық бақылау комиссиясының 

төрағасы Жақып Жексембиев ашып, жүргізіп 

отырды. Күн тәртібінде бес мәселе қаралды. 

Әуелі мінберге көтерілген қалалық білім бөлімі 

басшысының орынбасары Уәлихан Байдуанов 

Тараз қаласы мектептеріне оқушыларды жаңа 

оқу жылына қабылдау туралы баяндама жасады. 

Бүгінде қала бойынша білім бөліміне қарасты 44 

балабақша мен 58 мектеп бар. 2016-2017 оқу жы-

лында мектептерде білім алып жүрген оқушылар 

саны    64063  болса,  оның  ішінде  1-сыныпқа 

қабылданғандары  –  8543  және  9  сыныпта  – 

4621, 11 сыныпта  2205 оқушы білім алуда. 

Оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 

3475-ке  артқан.  Білім  саласындағы  жеткен 

жетістіктер  мен  атқарылған  жұмыстарға 

жіті  тоқталған  Уәлихан  Боларбекұлы  ко-

миссия  мүшелерінің  сұрақтарына  жауап 

берді. Сұрақтардың бірі мектепте ақша жинау 

мәселесі, бірі  оқушыларды тасымалдау жөнінде 

болса, енді бірі 1-сыныптарды қабылдау үшін 

орынның  неге  жетіспейтіндігін  алға  тарт-

ты.  Білім  бөлімі  басшысының  орынбасары 

№№8,45,41,1,40 гимназияларына ата-аналардың 

балаларды  оқытқысы  келетіндігінің  себебін 

былай деп түсіндірді. «Жалпы кез келген мектеп 

оқушыларын аймаққа сай орналастыру керек. 

Бүгінде гимназия мектептерінде 1-сыныптың 

бір сыныбында 35-38 баладан білім алуда. Бұл 

нормадан тыс. Жалпы гимназия мектептеріне 

ата-ананың қызығатыны – баланың бос уақытын 

қосымша сабақтармен және тереңдетіп оқумен 

шұғылдануын қадағалайтындығында. Мұнда 

мектеп  педагогтарына  қосымша  сабақтар 

саны бөлінсе, орта мектепте арнайы сағаттар 

ғана  оқытылады.  Жалпы  «Самал»  ықшам 

ауданындағы №45 гимназияға биыл 1-сыныпқа 

700 бала келген. Оның 255-і ғана қабылданып, 

қалғаны жақын маңдағы мектептерге орналас-

тырылды. Шөлдалада 2085 бала 3 ауысымда 

оқиды. Негізі мектеп 600 орындық. 550 орындық 

№24 мектепте  1100 бала білім алуда. Жалпы 

біздің өңірде мектеп табалдырығын аттайтын 

бүлдіршіндер  саны  жыл  санап  өсуде»–  деді 

Уәлихан  Байдуанов.  Комиссия  отырысында 

жөндеу  жұмыстарынан  кейінгі  қолданысқа 

берілген мектептердің бүгінгі хал-ахуалымен 

қатар, Елбасы ашқан №54 мектептің бүгінгі 

мүшкіл халі сөз болды. Аталмыш мектеп жаңа 

болса да, сапасыз құрылыстың кесірінен бүгінде 

қаладағы ең суық білім ордасы болып тұр екен. 

Жаңа нысан болғандықтан, мектептің жөндеуіне 

қаржы қарастырылмайтын көрінеді. Десе де 

комиссия отырысында бұл мәселе мәслихаттың 

отырысына жіберіліп, өз шешімін табатын бол-

ды. Мектепке барушылардың санының көбеюін 

ескерген білім бөлімі «Бәйтерек» ықшам ау-

данында 1200, «Арай» алабы мен «Барысхан» 

елді мекенінде 600-1000 орындық мектептің 

сметалық құжаттарын дайындап жатыр. Алдағы 

уақытта әр аймақ өзінің өңіріне қарасты мектеп-

ке балаларын беретін болады. 

Отырыста  екінші  мәселе  «Нұрлы  жол» 

инфрақұрылымды  дамытудың  2015-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 

аясында  бөлінген  қаражаттың  мақсаты  мен 

тиімді  жұмсалу  барысы  туралы    бойынша 

қала  әкімдігінің  экономика  және  бюджеттік 

жоспарлау  бөлімі  басшысының  орынбасары 

Талғат  Мақанов  хабарлама  жасады.  Талғат 

Нұржанұлының берген мәліметтеріне сүйенер 

болсақ, 2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік 

бағдарламасы  аясында  Тараз  қаласында  17 

жобаны іске асыруға 8 млрд. 53 млн. 386 мың 

теңге  бөлінген.  Бүгінгі  таңда  17  нысанның 

5-і құрылысын аяқтап, пайдалануға берілсе, 

жыл  соңына  дейін  3  нысан  аяқталады  деп 

күтілуде. Қалған 9 нысанның құрылысы ке-

лер  жылға  жоспарланған.    Сондай-ақ  жиын 

барысында  комиссия  мүшелері    Партиялық 

бақылау комиссиясының 2016 жылы атқарған 

жұмыстары мен 2017 жылға арналған жұмыс 

жоспары мен медиа жоспарына арналған хабар-

ламаны тыңдап, оны бірауыздан бекітті. 

 

„

«Нұр отан» партиясы 



Тараз қалалық филиалының 

партиялық бақылау 

комиссиясы мен сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

жөніндегі қоғамдық кеңестің 

бірлескен отырысы өтті.

 комиссия 

жоспары бекітілді

сала үздіктері.   суретті түсірген Ю.ефимов.



//   «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн  2016 ЖЫл  //

ТаразЫ


5

оТШаШу оТ басу болмасыН!

 

„

жаңа жыл қарсаңында  қара базарлардың қазаны қайнап, оған бас сұқпай халықтың көңілі 



көншімейтіні рас. бірі сыйлық іздеп сандалса, енді бірі дастарханның қамымен аяғы жерге тимейтін 

көпшілік отшашу бұйымдарын сататын орындарды да айналып өтпейтіні белгілі. жер-жаһанда қонақ 

күтуден алдына жан салмайтын халқымыз осы мерекеде от басып, отбасына, бауыр еті баласына 

төнген қауіпті өз ақшасына сатып алатынын елеп-ескере бермейді-ау?!

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Шаһар  басшысы  Нұржан  Календеровтің 

қатысуымен өткен қалалық мәслихаттың кезекті он 

үшінші сессиясында бюджеттік және криминогендік 

жағдай  жан-жақты  талқыланды.  Сессия  күн 

тәртібіндегі ең бірінші мәселе 2017-2019 жылдарға 

арналған қалалық бюджет туралы қалалық экономи-

ка және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы 

Қайсар  Сарытайдың  баяндамасы  талқыланып, 

депутаттар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар 

айтылды. Атап айтқанда, халық қалаулылары №54 

орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу 

бойынша мәселе көтерді. Қалалық білім бөлімі 

басшысының орынбасары Уәлихан Байдуановтың 

айтуынша, аталған мектеп нақты уақытта ағымдағы 

жөндеу жұмысына емес, күрделі жөндеуге мұқтаж 

екен. Нысанның жобалық сметалық құжаттамасы да 

дайындалып, ұсынысқа жіберілгенімен, мектептің 

пайдалануға берілгеніне бес жыл толмағандықтан, 

ол ұсыныс кері қайтарылыпты. Ал қазір  білім 

ғимаратының пайдалануға берілгеніне 7 жыл. Бұл 

мәселе бойынша қайтадан ұсыныс жасалатын бол-

ды. Бұдан кейін депутаттар мектеп оқушыларын 

оқулықпен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. 

Қайсар Амантайұлының айтуынша, оқушыларды 

оқулықпен  қамтамасыз  етуге  қарастырылған 

қаражат келер жылы екі есеге артпақ. Яғни  оқулық 

тапшылығы    азаятын  болды.  Депутаттардың 

ұсыныстары мен шешімі қабылданып, қаланың 

2017 жылғы бюджеттік жоспары бекітілгеннен 

кейін, күн тәртібіндегі екінші басты мәселе бойынша 

қалалық жергілікті полиция қызметі басшысының 

есебі тыңдалды.  

-  Жергілікті  полиция  қызметі  өз  қызметін 

бастағалы бір жыл ғана уақыт болды, сондықтан 

бүгінгі  таңда  көшелер  мен  қоғамдық  жерлер-

де  құқық  тәртібін  және  құқық  бұзушылықтар 

профилактикасын  қамтамасыз  ету  үшін  оның 

тиімді қызмет етуі бойынша әлі де шешілмеген 

мәселелер  көп.  2016  жылы  қоғамдық  тәртіпті 

және  құқық  бұзушылықтар  профилактикасын 

күшейтуге бағытталып қабылданған басқарушылық 

шешімдердің арқасында, қылмыс туралы барлық 

арыздар мен хабарларды тіркей отырып, тіркелген 

жалпы қылмыстық ахуалдың 6,2% (10030-дан 9406 

дейін) кемуі байқалады. Қылмыстың ашылу пай-

ызы 36,7%-дан 35,6%-ға, яғни 1,1% төмендеген. 

Оның ішінде, ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 

5,6%, яғни 645-тен 609-ға дейін, ауырлығы орташа 

қылмыстар 2,3%,  6867-ден 6709-ға дейін, жеңіл 

дәрежедегі қылмыстар 21,3%, 1415-тен 1114-ке 

дейін  азайған.  Жергілікті  полиция  қызметінің 

қызметкерлерімен  1123 қылмыс дерегі ашылды. 

Өткен жылмен салыстырғанда, қала аумағында 

жалпы қылмыстардың саны азайғанымен, қоғамдық 

орындарда жасалған қылмыстар саны 13,7%, көшеде 

жасалған қылмыстар саны 3,1%-ға өсіп отыр. Ал  

ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстар саны 0,9%-

ға, яғни 321 деректен 324-ке дейін, бұрын сотты 

болғандармен жасалған қылмыстар саны 6,6%-ға, 

яғни 394 деректен 420-ға дейін өсті, жасы кәмелетке 

толмағандармен жасалған қылмыс саны 18,5%, яғни 

81 деректен 96 дерекке көтерілді,-деген қалалық 

жергілікті полиция қызметінің басшысы Талғат 

Сәулебаев  ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық, 

денсаулыққа ауыр зиян келтіру, жалған айғақ беру  

секілді қылмыстық жауапкершілікке тартылған  

№№7,10,12,13,17,19,29,33,36,38  орта  мектеп 

оқушылары мен «Астана», Тараз гуманитарлық 

колледжі, «Білім» колледжі, «Болашақ» колледжі, 

Жамбыл  политехникалық  колледжі,  Тараз 

мамандандырылған колледжі, АЭСТ, медициналық 

колледж, №12 және №13 кәсіптік лицейлері мен 

Тараз политехникалық колледжі, КИСТ, «Қайнар» 

колледжі,  Темір  жол  колледжі,  Тараз  химия-

техникалық колледжі мен Қазіргі гуманитарлық- 

техникалық колледжінің студенттерін айтып өтті.

 

„

Өткен жылмен салыстырғанда, қала аумағында жалпы қылмыстың 



саны азайғанымен, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 13,7%, 

көшеде жасалған қылмыстар 3,1%, ал ұйымдасқан топпен жасалған 

қылмыстар 0,9%, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар 6,6%-

ға және жасы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны 18,5%-ға 

артып отыр.  

жастар қылмысы алаңдатады

басты назарда - халықтың қауіпсіздігі.   суретті түсірген Н.Тұрғынбек.



Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

ҚР  Үкіметінің  2011  жылғы 

7   қ а р а ш а д а ғ ы   « А з а м а т т ы қ 

пиротехникалық  заттар  мен  олар 

қолданылып  жасалған  бұйымдарды 

сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымал-

дау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту 

туралы» №1303 Қаулысына сәйкес, Тараз 

қаласының аумағында жарылғыш және 

пиротехникалық  заттарды  белсенді 

пайдаланатын балалар мен ересектердің 

қайғылы оқиғаға ұшырамауының алдын 

алу мақсатында  қалалық жергілікті по-

лиция қызметі мен төтенше жағдайлар 

басқармасының мамандары шаһардағы 

халық көп шоғырланған сауда орын-

дарында рейд  жүргізді. Нәтижесінде, 

мөлтек  аудандардағы  шағын  сауда 

орындары мен базарлар маңында са-

удасын  дөңгелетіп  отырғандардың 

басым көпшілігінде пиротехника сатуға 

рұқсаты жоқ болып шықты. Кейбірінің 

сертификаты бойынша сатылымдағы 

тауары тек Қытайда ғана пайдалануға 

рұқсат етілсе, енді бірінің рұқсат қағазы 

бірер жыл бұрын мерзімінен өтіп кет-

кен. Ал ең көбі - алыпсатарлар. Олар 

тауардың  қай  елге  тиесілі  екендігін 

өздері де білмейді. Тіпті  өз бағасынан 

үш есе пайда көріп, дайын асқа дәнігіп 

алғандар  халықтың  қауіпсіздігіне 

қолдарын  бір-ақ  сілтегені  соқырға 

таяқ  ұстатқандай  айқын.  Осы  күнге 

дейін  аяқ-қолынан  айырылып,  күйік 

шалып немесе зағиптың күйін кешіп, 

өмірінің соңына дейін мүгедек болып 

қалған қарадомалақтардың жағдайына 

көздерінің  қырын  да  салмайтыны 

байқалып тұр. Адамдықты ақшаға, намы-

сты нәпақаға айырбастаған ондайлардың 

шоғырын жұмыс тобы «Ауыл Береке» ба-

зарында құрықтады. Қолға түскендердің 

кейбірі  «көке,  жәкелеріне»  жүгінсе, 

енді  бірі  пәремен  құтылғысы  келді-

мыс. Дегенмен  олардың ешқайсысы 

да жауапкершіліктен жалтара алмады. 

Заңсыз тауарлары уақытша тәркіленіп, 

аталған  базар  маңындағы  полиция 

пунктінде әкімшілік хаттамалар тол-

тырылды.   

-  Қазіргі  таңда  Тараз  қаласы 

аумағында  тиісті  талапқа  сай  емес, 

яғни  заңмен  рұқсат  етілмеген 

пиротехникалық бұйымдардың өтуі мен 

сатылымының алдын алу мақсатында 

нақты іс-шаралар жүргізу туралы ІІБ 

және  ОІІД  бұйрығы  шыққан.  Осы 

бұйрыққа сәйкес, ағымдағы жылдың 

20-31 желтоқсан аралығында «Пиро-

техника» жедел-профилактикалық іс-

шарасын ұйымдастырудамыз. Аталған 

іс-шара шеңберінде пиротехникалық 

өнімдерді  сақтау  және  сату  тәртібі 

сақталмай,    заң  бұзушылыққа  жол 

берілген  жағдайда  жауапкершілікке 

тартылатындығы  жөнінде  халыққа, 

сатушыларға  ескертілді.  Сату  бары-

сында заң бұзушылықтар анықталған 

жағдайда  ҚР  Әкімшілік  құқық 

бұзушылық  кодексінің  436-бабының 

2-бөлігі,  аталған  баптың  3-бөлігі, 

483-бабы 1 және 2-бөлігі, 196-баппен 

әкімшілік хаттамалар толтырылады. Осы 

баптарға сәйкес, заңсыз пиротехникалық 

өнімдерді  халыққа  сатқандығы  үшін 

әрқайсысына 5-10 АЕК дейін және сот 

құзырына жататын айыппұлдар салына-

ды. Ал егер мұндай әрекеттер қайталанса, 

жоғарыда  айтылған  баптардың  2,3 

бөлігі бойынша хаттамалар толтыры-

лып, іс сотқа жолданады, - деді  Тараз 

қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметі 

басшысының  орынбасары,  полиция 

майоры Ерсайын Рысқұлбеков.

Ә кім ші л ік   ж ауапкерш ілі кке 

тартылғандардың көбі пиротехникалық 

бұйымдарды  автокөлікке  артып 

саудалағанға әдеттеніп алған. Тексеріс 

барысында  кейбірінің  пиротехника 

сату  тұрмақ,  автокөлігіне  қатысты 

құжаттары да жоқ болып шықты. Ал 

арнайы мамандардың қарасын алыстан 

байқап қойғандары бұйымдарын буып-

түйіп,  тым-тырақай  қаша  жөнелді. 

Тауары заңды болса, қашуына не себеп? 

Бұл да өз алдына ойланарлық мәселе. 

Айта  кетсек,  қалада  заңсыз 

пиротехникаға қарсы рейд жұмыстары 

2017 жылдың қаңтар айының 15-не дейін 

жалғасатын болады. 

-  Осы  аталған  жасөспірімдер  арасындағы 

құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдыр-

мау  мақсатында,  күнделікті  оқу  орындарында 

қылмыстың алдын алу, заң талаптарын танысты-

ру туралы лекциялар  оқылуда және күнделікті 

түнгі уақыттарда рейдтік іс-шаралар күшейтілген 

түрде  жүргізілуде.  Сонымен  қатар,  білім  беру 

мекемелеріне бекітілген инспекторлардың жұмыс 

атқару уақыттары да ұзартылып, түскі үзіліс уақыты  

сағат 15:00-ден басталатын болып ауыстырылды. 

Кәмелетке  толмағандар  арасында  орын  алатын 

тонау, ұрлықтың алдын алу бойынша  білім беру 

мекемелеріне бекітілген инспекторлармен, білім 

ордаларына әкелінетін қымбат ұялы телефондарды 

білім ордаларына алып келмеу туралы білім бөлімі 

басшылығымен келісіліп, мектеп жарғысына осы 

ереже енгізілді. Қымбат ұялы телефондарды білім ор-

даларына алып келген оқушылардың, студенттердің 

1500-ге жуық ұялы телефондары уақытша алынып, 

олардың ата-аналарымен (заңды өкілдеріне) бұл 

бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 

қолхат  арқылы  білім  ордаларына  қымбат  ұялы 

телефондармен  келмеулері  туралы  түсіндіріліп 

қайтырылып берілуде. Бүгінгі күні жасөспірімдер 

арасындағы қылмыс пен заң бұзушылықтар өзекті 

мәселе болып табылады. Құқық қорғау органда-

рына  әртүрлі  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу 

мен түрлі заң бұзушылықтар үшін 3994 кәмелетке 

толмағандар  жеткізілді,  оның  ішінде  қылмыс 

жасағаны - 186 жасөспірім. Арнайы мектепке 20 

кәмелетке толмаған орналастырылды, 34 ата-ана 

немесе заңды өкіл қамқоршылық ата-ана құқығынан 

айырылды. Іс-шаралар өткізу барысында, әкімшілік 

құқық бұзушылықтар үшін  3103 жасөспірім мен 

басқа да тұлғалар жеткізілген, оның ішінде спирттік 

ішімдіктерді ішкені үшін  148, кәмелетке толмаған 

бейімделу орталығына 419 жасөспірім орналасты-

рылса, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген 

1646 жасөспірім ата-аналарына немесе арнайы 

орындарға тапсырылды, - деген Талғат Бахытұлы 

өзінің ұсыныстарын да ортаға салды. 

-  Қылмыстар  санының  артуына  себеп  бо-

лып  жатқан  жағдай  -  қоғамдық  көліктерде 

соңғы  уақыттары  жиілеген  қалта  ұрлығының 

үлесі.  Жартыжылдық  қорытындысы  бойын-

ша,  қоғамдық  көліктерде  барлығы  649  қалта 

ұрлығы дерегі тіркелген. Осыған орай, қоғамдық 

көліктерде  қылмыстың  алдын  алу,  болдырмау 

және қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында 

ІІБ ЖПҚ ЖППБ арнайы взводының құрамынан 

7 топ құрылып, ағымдағы жылдың осы мерзіміне 

74  қылмыс  дерегі  ізін  суытпай  ашылды.  Және 

де    қалта  ұрлығымен  айналысатын  9    топ  

анықталып, олармен профилактикалық жұмыстар 

жүргізілуде. 2017 жылдың 1  жартыжылдығында 

қала аумағында қылмыстың  деңгейін төмендету 

үшін    жергілікті  полиция  қызметі  келер  жылы 

жұмысты негізгі сегіз бағытта ұйымдастырамыз. 

Бірінші  –  ұялы  телефон  ұрлықтарының  про-

филактикасы.  Екінші–  қалта  ұрлықтарының 

профилактикасы.  Үшінші–  жалпы  ұрлықтар 

профилактикасы. Төртінші – жасөспірімдер ара-

сында құқық бұзушылық пен қылмысты болдыр-

мау профилактикасы. Бесінші – қоғамда тәртіп 

бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын 

басты  ұстанымда  қамтамасыз  ету  мақсатында, 

әкімшілік құқық бұзушылық деректерін анықтау 

жағын қатаңдату және жазаның болмай қоймайтын 

жағын,  яғни  бұлтартпау  шарасының  орында-

луын  бақылауға  алу.  Алтыншы  –  жол-көлік 

оқиғаларының  алдын алу мақсатында, жиі жол 

апаты орын алатын көшелер мен қиылыстарға на-

рядтар қою үшін жол-патрульдік полициясының 

орнықтыру кестесіне өзгерістер енгізу. Жетінші– 

Тараз қаласы ІІБ Жергілікті полиция қызметінің 

қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа 

жол бермеу мақсатында, қызметкерлер арасында 

қызметіне адалдық, патриоттық сезімін нығайтуға 

бағытталған лекциялар мен сабақтар өткізу, алдын 

алу және жолын кесу. Сегізінші – маскүнемдік, 

рецидивтік  қылмыстардың  алдын  алу,  жолын 

кесу  мақсатында  профилактикалық  жұмыстар 

жүргізілетін  болады,  -  деді  қалалық  жергілікті 

полиция қызметінің басшысы. Бұдан әрі қалалық 

мәслихат  депутаты  Марат  Мырзахметов  сөз 

алып, жергілікті полиция қызметінің жұмысын 

жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар айтты. 

Ал  депутат  Эльмира  Мырза-Ғали  халықтың 

басына  іс  түскенде  жүгіре  жүгінетін  полиция 

қызметкерлерінің, ең біріншіден, материалдық-

техникалық  базасын  нығайтуды,  оған  қаражат 

қарастыруды, қажетті жағдай жасалғаннан кейін 

ғана нәтижелі жұмысты талап етуді және поли-

ция  инспекторларының  кәсіби  имиджін  көтеру 

мақсатында әр тоқсанның қорытындысы бойын-

ша «Үздік полиция инспекторы» секілді арнайы 

номинациялар тағайындап, мамандардың кәсіби 

мәртебесін  арттыру  мәселесін  көтерді.  Жиын 

соңында барлық айтылған ұсыныстар қызу талқыға 

түсіп, бірауыздан шешім жобасы қабылданды.   



орТа

6

//   «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн  2016 ЖЫл  //




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет